Методическое пособие для педагогов психологов Павлодар 2009 1 (07) ббк 88. 5 я 7 а 99



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата03.03.2017
өлшемі469,36 Kb.
#5972
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ми   штурмы.  Ми   штурмы   ол   топтық   пікірталастың   құрылымы 

процедурасының   бір   әдістің   бірі   болып   табылады.   Ми   штурмының   басты 

функциясы – ойларды генерациялауды қамтамасыз ету. Бұл әдістің негізінде 

бақылаушылық   жатыр,   сонымен   қатар   адамдардың   жеке   дара   жұмыс 

жасауларына қарағанда, топпен бірігіп жұмыс жасау барысында көп идеялар 

пайда болуы мүмкін. Себебі бұл, көп өзара әрекет ету деңгейілері барысында 

жақсы   стимулдау   мен   қосымша   ойлардың   жүзеге   асуына   мүмкіндік   береді. 

Сонымен қатар идеяның машықтанбауы, жоққа шығу мүмкіндігі қайта өнделіп, 

жақсаруы   және   ол  жарамды   болуы   мүмкін.  Сонымен   бірге   бұл   жерде   мына 

негізгі   ережені   ұстану   қажет   -   идеялардың   генерация   процесіндегі   оның 

алдынға   уақытындағы   субъективті   бағалауын   тоқтатуға   болмайды.   Егер 

ұсынылған  идея  бағалау   пікірімен соқтығысатын  болса,  онда  «аналитикалық 

паралич» пайда болады да, ұсыныстар лектерінің тез төмендеуі пайда болады. 

Сондықтан   бағалауды   ұсынылған   барлық   шешімдердің   вариантарынан   кейін 

және   талқылау   кезіңде   айтылуына   болады.   Әрекет   келесім   бойынша   болуы 

мүмкін.   Қатысушылар   ми   штурмының   процедурасын   лайықты   төменде 

берілген   ережелер   бойынша   жазады.   Қатысушылар   алдарына   міндеттер 

қойылады,   яғни   бұлар   шешімдерге   лайықты   болулары   қажет.   Міндеттерді 

филп-чартеке (немесе ватман қағазына) жазған жақсы. Барлық атылған идеялар 

17


бағалаусыз   филп-чартеке   жазылынады.   Қорытынды   кезеңде   идеяларды 

талқылау   бойынша   критерийлердің   алғашқы   жағдаймен   сәйкестенуін   және 

олардың   ішінен   тиімділігін   алу.   Ми   штурмды   жүргізу   барысында   келесі 

ережелерді ұстану қажет:

1. Қандай да болмасын критиканың болмауы. Критика бұл жағдайда кең 

мағынада   қолданылады.   Критикалықты   және   бағалауды,   сонымен   қатар 

айтылған   ойларға   критикалық   қатынасты   көрсету,   басқа   сөзбен   айтқанда: 

иықты көтеру немесе қысу, қабақты көтеру, бетті тыжырайту және т.б. қолдану 

мүмкін емес. 

2. Идеяларды қолдау. Айталған идеялар санына акцент жасау және жаңа 

идеяларды мадақтау, қолдау көрсету. 

3.  Қатысушылардың   тең   құқықтылығы.   Әр   қатысушы   оның   идеясы 

қарауға тұратындығын сезінуі қажет. 

4. Еркін ассоциация. Идеяларға ешқандай шектеу болмау керек. Әр идея 

комментариясыз  қабылдану   қажет,  ол  соншалықты  маңызды   болмаса   да,  тіл 

тигізседе немесе жұмысқа қатысты болмаса да. 

5. Барлық идеяларды жазу. Жазу - бұл маңызды ұсыныстарды тіркеу ғана 

емес,  сонымен   қатар   жаңа  идеялардың   тууына   мүмкіндік  береді.   Сондықтан 

барлық   идеялар   автордың   ұсыныстарын   түзетусіз   және   көрінетін   орында 

жазылуы крек. 

Ми  штурмы  креативті  ойлау  тренингінде  кең  қолданылады.   Ол  жалпы 

ойлау   шаблоны   мен   стандарттарынан   шығуға   көмек   береді.   Сонымен   қатар 

мозговой штурм тыңдау дағдысын дамытып және топтың құрылуын, топтың 

бірігуінде маңызды элемент ретінде қолдануы мүмкін. 

Ситуацияны талдау.

 

Бұл әдіс жұмысы пікір-таластың туындысы болып 



табылады. Ол жүргізуші жағынан процедураға көп зейінділік бақылауды және 

абай   талдауды   талап   етеді,   егер   ситуациялық   талдануға   қатысушылардың 

тәжірибесінен   алынған   болса   және   олар   үшін   тұлғалық   маңызды   болып 

табылған   болса.   Кейбір   жағдайларда   ситуациялық   тапсырманы   үйге   берген 

дұрыс. Мысалы: сенде болған сәтсіз жағдайлар немесе сен жеңімпаз кездерді 

ситуацияларды  жазу. Бұл  ситуациялық  проблемаларды  жазу  процессі  адамға 

өзінің   қиындықтарын   нақты   құрастыруға,   болған   ситуацияда   өз   рөлін 

анықтауға, өз әрекетін бағалауға мүмкіндік береді. 

Бұнда ситуацияның екі типі қолданылады:

- «осында және қазір» — топта не және не үшін болды немесе оның кез келген 

қатысушысымен;

-   «сонда   және   ол   кезде»   —   кәсіби   тәжірибесінен   немесе   тұлғалық   өмірі 

жағдайынан. 

Талдау   әдісі   арқылы   жұмыс   жасайтындар   Балинтовты   топ   болып 

табылады,   бұнда   өзінің   кәсіби   проблемасын   талқылау   үшін   мамандар 

жиналады. Процедура келесі сценарийлер бойынша құрылуы мүмкін: 

- бір қатысушы кәсібилікке қатысты өз проблемасын, қиындығын ұсынады; 

- қалған қатысушылар оның ситуациясын анықтау үшін оған сұрақтар қояды;

- әр қатысушы бұл ситуациядан шығу үшін өз сценарийін айтады. 

 

18



ТРЕНИНГТІ ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ

Психологиялық тренингті өткізушінің өз бетінше тренингті құрастыруы 

негізгі жұмысының элементі және оның кәсібилік шеберлігінің даму көрсеткіші 

болады. 


Өзінің   тренингтік   тәжірибесін   бастайтын   психолог   басқалармен   жасаған 

тренингтік бағдарламасын орындаушы функциясын өзіне ал қақпасына түсуі 

мүмкін.   Психолог-тәжірибеші-   орындаушы   емес,   ол   шығармашыл   өндіруші. 

Оның   жұмысының   мақсаты-   жақсы   маман   болу   және   тұлға   дамуына 

бағытталған. Оған нақты білу керек: кіммен, немен жұмыс істеп жатыр, қандай 

өзгерсітер енгізейін деп жатыр, қандай тәсілдерді иленеді және қалыптасқан 

жағдайға сай келуі, өз жұмысының нәтижелігін қалай бағалайды және т.б. 

Мамандық   сферасында   жұмыс   істей   отырып,   психолог-тәжірибеші 

берілген мамандық іс-әрекетінің ерекшелігін айыра білуі керек. 

Тұлғамен жұмыс істеу барысында, ол адам тұлғасының табиғаты жөнінде 

өзінің   теориялық   ойларына   айқындық   енгізуі   керек,   тұлғалық   проблемалар 

ерекшеліктеріне   және   тұлға   дамуының   ерекшеліктерінде   бағытталып 

қалыптасады. 

Сонымен   қатар   психологиялық   тренингке   қатысушыларда   болатын 

барлық   өзгерістер   тек   тренинг   процесінде   болатын   және   сақталатын,   не 

өршитінін   жалған   түсіну   керек.   Т.В.Зайцеваның   әділ   белгілеуі   бойынша, 

тренингке   қатысушыларда   өзгерістер   тек   оның   аяқталысымен   болады. 

Психологиялық   тренинг   процесінде   нақты   өзгерістер   болып   қоймайды, 

сонымен   бірге   болашақта   өзгеру   жөнінде   үлкен   потенциал   қалыптасады. 

Өзгеріс   потенциалы   көбіне   болашаққа   бағытталған.   Сондықтан   тренинг 

жүргізушінің   жұмысы   қатысушылардың   нақты   өзгерулерінің   жүруіне 

бағытталуы   керек,   сонымен   бірге   олардың   даму   аймақтарының   бергі 

зоналарының қалыптасуына және болашаққа бағытталуға ынталықты қамту. 

ТРЕНИНГТЕ МАЗМҰНДЫ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛУ КЕЗЕҢДЕРІ

Әр   түрлілігіне,   мазмұнына   қарамастан   психологиялық   тренингтің 

бағытталуы   мінез-құлықтың   өзгеруіне   бағытталған   ұқсас   топтық   процес 

құрылуының логикасы қолданады. Т.В.Зайцева мазмұнды тренинг жұмысының 

құрылуына негізгі 3 кезеңді бөліп көрсетеді, оларды когнитивті мінез-құлықтық 

моделіне   нақтыланбаған   модификация   кезінде   төмендегідей   түрде   көруге 

болады: 

1.  Жұмыстың   бірінші   кезеңі   диагностикалық   сипат   ұстанады   және 

құрастырылмаған   элементтер   мен   мінез-құлық   модельдерін   ішкіден   сыртқы 

жаққа   шығару.   Сонымен   бірге   ұғынудың   когнитивтік   таптаурындары   мен 

қоршаған ортаны интерпретациялауға бағытталған. Мысалы, бұл кезең мінез-

құлық моделінде дағдылармен құрастырылмаған мінез-құлық таптаурындарын 

ашады. Психоаналитикалық моделде - өзінің аутентивтілігінің болмауын ұғыну 

үшін. 


19

Когнитивті   мінез-құлықтың   моделінде   адамның   мінез-құлығы   оның 

берілген мінез-құлықты ұғу және интерпретациялауының байланыстылығымен 

қарастырылады.   Сондықтан,   құрастырылмаған   мінез-құлықты   өзгерту 

мақсатын   қоя   отырып,   берілген   мінез-құлықты   интерпретациялау   және 

қоршаған   орта   құрастырылуын   анықтап   өзгертуі   керек.   Тренингтік   топта 

құрастырылмаған   мінез-құлық   моделдері   және   оларды   қамтамасыз   ететін 

когнитивті   құрылымдар   топтық   іс-әрекет   процесінде   қатысушылармен 

байқалады. Оларды сыртқы жаққа шығару тек рөлді ойнау және бағытталған 

жаттығуларды   орындау   процесінде   ғана   емес,   сонымен   бірге   вербализация 

процесінде жүзеге асады. 

Өкінішке   орай,   адамның   проблеманы   ұғыну   оның   автоматты   түрде 

шешуіне әкелмейді. Нақты адамның кез-келген тұлғалық шектеулігі өзгеруді 

керек   ететін   шығарылған   және   үйреншікті   мінез-құлық   таптаурындарымен 

бекітіледі. Бірақ мінез-құлықтың құрастырылмаған қылықтың үлгісін алу және 

үйрену керек.

2.  Екінші кезең - сыртқы жақта мінез-құлықтың идеалды моделін және 

когнитивті   құрастырылуды   құру.   Сыртқы   жақта   мінез-құлықтың   идеалды 

моделінің   көрінуі   келесі   демонстрациямен   іске   асады   (аналогтарды   іздеу, 

комбинациялау, құрастыру және т.б.) 

Кейбір   бағдарлама   -   оқытушылық   тренингтерде   қатысушыларға   мінез-

құлықтың   идеалды   тренингті   жүргізушімен   көрсетіледі.   Құрастырушылар 

мінез-құлықтың   көбіне   адекватты   когнитивті   құрастырушылардың 

интерпретация   өзгерістері   тренингті   өткізуішімен   немесе   топтың   ішінді 

ойларын бөлісу процесінде болады. 

3. Соңғы кезең қатысушылар мінез-құлығының модификациясы этолонға 

максимлады   жақындау   жағына   және   ішкі   жақта   бекіту   жүреді.   Бұл   кезеңде 

бұрыңғы   жағдайларды   ойлауға,   өз   мінез-құлығымен   басқалардың   мінез-

құлығына жаңа мінез-құлық моделдерін үйренуге, қоршаған ортаны ұғынуға 

бағытталған жұмыс жүреді. 

Тренингке   дайындық.  Тренингке   дайындалудың   әртүрлі   екі   тәсілін 

көрсетуге   болады.   Бұл   варианта   тренингтің   алғашқы   моделі   анықталып, 

проблеманың ерекшелігіне байланысты жұмыс бағдарламасы жасалынып, оған 

сәйкестендіріліп   топ   жинақталынады.   ӘПТ-тік   бағдарлама   ереже   бойынша 

құрылымды және пәндік бағытталған (мысалы, коммуникативті компетентілікті 

дамыту тренингі, тұлғалық жетілу тренингі, ұйымшылдық тренингі т.б.), тек 

психологтан   өнделінетін   саладағы   проблема   мен   оның   өзгешелігіне 

байланысты компетентіліктіктің құрылуын талап етеді. Басқа вариант топтың 

әлеуметтік және кәсібилігіне қатысты проблема алдын – ала анықталып оған 

сәйкес   тренинг   құрылады   және   жоспарланады.   Бұл   жағдайда   тренингті 

ұйымдастыру алгоритмі келесідей болуы мүмкін: 

- тапсырысты дайындау;

- ұсынылынған проблемамен жұмыс. 

Белгілі   проблемалар   оның   шешілуін,   себебін,   сонымен   қатар   бұл 

проблема бойынша деректерге талдауды кіргізеді;

20


1. Тұлғамен танысу, демографикалық және тренингке қатысушылардың 

басқа да ерекшеліктері, олардың саны және т.б.; 

2. Бұл прорблеманы шешу үшін, тренингтік форманың сәтті қолданылуын 

анықтау мүмкіндігі

3. Күтілетін нәтиже және бекітілген мақсатты анықтау (тренингті жүргізу 

барысында біз қандай нәтижеге келеміз);

4. Міндеттерді қою;

5.   Тренинг   барысында   қолданылатын   ең   тиімді   әдіснамалық   тәсілдер 

анықтау;

6. Тренингтік сабақтың ұйымдастыру формасын анықтау;

7. Тренингтің бағдарламасын жоспарлау;

8. Сабақтың жоспарын құру.



ТРЕНИНГТІК САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫ

Жүйелі сабақ - әдетте жұмасына 1-2 рет, күніне 3-4 сағат жүргізіледі. Ол 

өзгерудің   бірізгілігін   және   жүйелілігін   көрсетеді.   Сонымен   қатар   жүргізуші 

сабақты   бірізділігі   мен   сабақтастық   принципін   қолданған   дұрыс.   Сабақтың 

басында   өткен   кездесуде   болғандарға   талқылау   жасап,   еске   түсіруіне   уақыт 

беру қажетті. 

Эпизодтық   кездесу   -   тренингтің   ұйымдастырудың   басқа   формаларына 

қарағанда  еркіндірек ең көп.  Сабақ айына 1-2 рет жүрілуі мүмкін. Эпизодтық 

кездесу   тәртібінде   топтың   ұйымдасуы   клубтық   формада   болады,   бірақ   ол 

тренингтік   топтық   принциптің   ұйымдасуы   мүмкіндігін   жоймайды.   Сонымен 

қатар   жүргізуші   әр   кездесудің   дербестігін   және   жағдайдың   аяқталуына 

ұмтылуы   керек.   Бұл   топта   қатысушылардың   құрамы   мен   сабақтың   жалпы 

бағыттары өзгерілуі мүмкін. 



Жаттығуларды   таңдау   ерекшеліктері.  Жұмыс   сәтті   болуы   үшін,   ең 

алдымен дұрыс жаттығу таңдалып алынып оны қолдана алу қажет. Жаттығуды 

өз уақытында дұрыс қолдана алмау кері әсер тигізуі мүмкін Мысалы, адамның 

құндылық   жүйесіне   қатысты   физикалық   контак   немесе   жақындасу 

қатысушыларды   дұрыс   ашылмауына,   жоғары   қысымдыққа,   дискомфортқа 

әкелуі   мүмкін.   Әр   таңдалған   жаттығудың   бірізді   болуы   үшін   мыналарды 

анықтау қажет: 

1. Сіз немен жұмыс жасағыңыз келеді?

а) объект ретінде топтың сипатталуы;

б) қатысушылардың жеке даралық ерекшеліктері.

2. Қандай өзгерістерді алғыңыз келеді?

3. Қандай жаттығуды қолдану арқылы, сіз өзгерте аласыз?

4. Берілген жаттығуды орындау үшін топ қаншалықты дайын?

5. Берілген жаттығуды орындау үшін топты қалай дайындауға болады.

6. Мазмұнды жоспар бойынша процедураны орындағаннан кейін алынған 

нәтижеге байланысты топтың барысы қандай?

7. Бұл нәтижелермен сіз не істей аласыз?

21


Жаттығуларды   таңдағаннан   кейін   және   басқада   тренингтік 

процедураларда   жаттықтырушы   мыналарды   есте   ұстанғаны   дұрыс:   ол   өзіне 

қаншалықты қызықты, оның стиліне, манерасына сәйкес келе ме? Тренер өзі 

жаттығуды толық түсініп оның мақсатын дұрыс ұғынуы қажет. Сонда ғана ол 

өзіне сенімді жұмыс істеп, қатысушыларға тиімді бола алады. 

ТРЕНИНГТІҢ ҰЙЫМДАСУЫ МЕН ЖҮРГІЗІЛУІ. 

ТАНЫСУ ПРОЦЕДУРАСЫ.

Танысу кез келген тренингтің мақсат  - міндетіне тәуелсіз басты кезеңі 

болып табылады. Ол бір-бірінің есімін біліп қана қою емес, сонымен қатар өз 

кезегінде   өзін   басқаларға   таныстыру   болып   табылады.   Тренингте   танысу 

процедурасын   дұрыс   қолдана   білу   тренингтік   жұмыс   жалпы   ырғағын 

жақсартады. Егер қатысушылар ары қарай жұмыс жасауға қызығушылықтары 

мен құштарлықтары артқан сәтте байқаған кезде бұл прпоцедураның мақсатын 

сәтті   деп   айтуға   болады:   Танысу   процедурасының   сәйкесті   ұйымдасуы 

қатысушылардың өздері туралы ойлауларына әкеліп және өздерін тануға деген 

ұмтылысты   стимулдайды.   Танысу   сәтін   асықтырмау   керек,   қатысушыларға 

уақыт   берген   дұрыс   кейбір   жағдайларда   тренер   бір-біріне   аттарын   айтып 

танысқаннан кейін бірден қыздыратын ойындарға көшіп кетеді ол дұрыс емес. 

Ең алдымен топты шеңбер бойынша өздері туралы, айналысатын әрекеттері, 

қызығушылықтары,   мақсаттары   және   тренингтен   не   күтетіндіктері   жөнінде 

айтқандарын   сұрау   керек.   Кейбір   топта   адамдар   бір-бірлерін   жақын 

танымағандықтан  немесе алғаш  көргендіктерінен бастаулары қиынға  соғады, 

мүмкін бір-бірінен ұялуы да ғажап емес, сондықтан тренер өзінен бастағаны 

дұрыс   және   топқа   не   жөнінде   айту   керектігі   туралы   ақпарат   береді.   «Мен 

сияқты   жаса»   деген   принцип   жай   айтылған   сөз   емес,   ол   топтық   қарым-

қатынастың сенімді болуын қалыптастырады. 



ТОП НОРМАЛАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Кез   келген   топтың   белгілі   бір   нормасы   мен   ережесі   болуы   тиіс. 

Сондықтан   тренингтік   топта   да   ол   болады.  Топта   танысу   процедурасы 

басталысымен   оның   топ   аралық   нормасы   және   ережесі   қалыптасады.   Ереже 

жүргізушінің   алғашқы   бастамасы   бойынша   топта   кезең   арқылы   өтіледі.   Әр 

топта ол әртүрлі жүргізілуі мүмкін яғни жүргізушінің басқару стиліне немесе 

мақсат,   міндеттерге   байланысты   болып   ажыратылуы   мүмкін.   Көптеген 

тренерлер танысудан кейін топтық жұмыстың ережесін арнаулы процедуралар 

арқылы ұйымдастырады. Қай жағдайда болмасын ереже анықталған, түсінікті 

және қатысушылардың шешімдері бойынша болуы шарт. 

Ал нормаға келетін болсақ, бұл ереже сияқты емес. Норма - бұл осы топта 

не жарамды, не жарамсыздығын қатысушылар шешеді, яғни топта не істеуге 

болады   нені   қабылдауға   болады,   не   жөнінде   айтуға   болады,   нені   айтуға 

болмайтындығымен ажыратылады. 

Төменде практика барысында жиі қолданылатын ережелер көрсетілген. 

22


1. Тұрақтылық. Әр қатысушы топтық жұмыстың басынан аяғына дейін 

қалмай жұмыс жасайды.

2.  Құпиялық. Топта болған ақпараттар топтың сыртына шықпауы керек. 

Бұл топтық процесс барысында, қатысушылардың ашылуын, қабілеттенулеріне 

мүмкіндік   береді.  Қатысушыларға   олардың   қарым-қатынас   жасауларының 

мазмұны ешкімге жарияланбайтындығы жөнінде қорықпауларына көмек беру 

керек. 

3.  Белсенділік.   Әр   топ   мүшесі   белсенді   қатысушы   болуы   қажет   және 



болып жатқан жағдайларға қатысулары керек. 

4. Қарым-қатынаста адал және «жоқ» деп айтуға құқықты. 

Әр топ мүшесі адал және «жоқ» деп айтуға құқылы. Бұл ереже мүмкіндігі 

бойынша өз ойы мен сезімін ашудың мүмкіндігін көрсетеді.  Егер бір ақпарат 

берген   болса   ол   онда   анықты   болуы   керек.   Сонымен   бірге   әр   қатысушы   өз 

шешеді бұл жағдайда қалай жасау керектігін, егер айтуға немесе әреке етуге ол 

дайын болмас, онда ол «жоқ» деп айтуына болады. 

5.  Есімдері   бойынша   атау.   Топта   қатысушыларды   өз   есімдерімен   атау 

қажет, үшінші жақтан айтуға болмайды. 

6.  Сенімді   қарым-қатынас   стилі   және   «сен»   деп   үндеу   жасау. 

Жүргізушінің сенімді климатты құруы үшін сенімді қарым-қатынас жасаудың 

алғашқы қадамының сапасы ретінде «сен» деген үндеу формасын қабылдауды 

ұсынуына болады. 

7.  Адамды   тікелей   бағалауды   жібермеу.  Топта   талқылау   кезінде 

қатысушыны   бағаламай   оның   әрекеттерін   бағалау   керек.  «Сен   маған 

ұнамайсын...», деген айтылуларды қолданбай оның орнына «маған ұнамайды, 

сен айтқан .... немесе әрекет еткен ....» қолдануға керек. .

  8.  «Осында   және   қазір»   принципі.  Кейбір   қатысушылар   талқылауды 

басқа адамдардың жағдайлары арқылы талқылауға ұмтылады. Психологиялық 

айнаның өзіндік бейнесі ретінде әр қатысушы әртүрлі көріністерде және өзінің 

тұлғалық ерекшелігін жақсы білуге, ӨЗІН көруі мүмкін бұл тренингтік топтың 

негізгі функциясына қарама-қайшылықты көрсетеді. 



Инструкция мен жаттығулар. Жаттығулардың тиімділігі мен орындалу 

сәттілігі   инструкцияның   дұрыстылығына   байланысты   болады.   Инструкция 

нақты, түсінікті және анық болуы керек. 

Егер инструкция айтылғанан кейін қатысушыларда сұрақ болмай не істеу 

керектілерін түсінген болса онда, жаттығуды орындауға көшкен дұрыс. Кейбір 

жатығуларға демонстрация көрсетілуі мүмкін. 



Процедураны   аяқтау.  Тренингтің   процедурасының   тиімді   әсері   оның 

қосылуы   адекваттылы   ғана   емес,   сонымен   қатар   оның   инструкциясының 

дұрыстығы мен аяқталуында. Кейбір жаттығулар логикалы аяқталады. 

Талқылау.  Жаттығуды   орындағаннан   кейінгі   ойлану   мен   талқылау   ең 

маңызды   болып   табылады.   Ол   үшін   жеткілікті   уақыт   қалдырған   жөн. 

Жаттығуға   қарағанда   талқылауға   екі   есе   артық   уақыт   қалдырған 

дұрыс.Қатысушыларға жаттығуды орындау барысында не болғандарын айтуға, 

талдау   жасауға   және   өз   тәжірибесін   түсінулеріне   мүмкіндік   берген   жөн. 

Талқылауды схема түрінде құрастыруға болады:

23


1) орындалған әрекеттерді сипаттау және оны интерпретациялау;

2)   орындалған   жаттығуларды   интерпретациялағанда   оның   немен 

байланысын анықтау, сезімдерді сипаттау;

3) жүргізуші мен топтың кері байланысы.



Тренингтік   топтағы   кері   байланыс.  Психологиялық   тренингте   кері 

байланыс   ең   маңызды   элемент   болып   табылады,   ол   қатысушылардың   өзін 

тануы мен өзіндік дамуының сәттілілігін анықтайды. Тренингтік топтағы кері 

байланысты жүргізуші ұйымдастырып оны бақылау қажет. Тиімді эфектіне алу 

үшін ол қанықты және сындарлы болуы керек. 

Қанықты   кері   байланыста   барлық   формалар   мен   ұйымдыстырылудың 

барлық түрлерін қолданылады. 

Сындарлы (Конструктивті) кері байланыста келесі жағдайларды байқау 

қажет: 

-   сипаттамалы   мінез.   Кері   байланыстағы   бағалау   формасы   не 



ақпаратталынбайды   не   қабылдауға   кедергі   жасайтын   қорғаныс   механизміне 

әкеледі; 

- Өзгешелік. Кері байланыс көп пайдалы, егер, қатысушылардың жалпы 

мінез-құлықтарына емес, әрекеттері немесе нақты көріністеріне қатысты болса;

-   позитивті   бағыттылық.   Кері   байланыс   қылықтарға,   сипаттамаларға, 

тұлғаның   пайда   болуындағы   қандай   да   өзгерілудің   шынайы   болуына 

байланысты болуы керек. 

Тренингті   аяқтау.  Тренингті   аяқтау   оның   сәттілігін   анықтайтын, 

маңызды кезең болып табылады. Тренингте алған өзгерістерді сақтау, оларды 

қатысушыларға   бекіту   және   алған   дағдыларды   шынайы   өмірде   қолдануға 

ауыстыру   проблема   болып   табылады.   Жүргізуші   қатысушыларға   жағымды 

өзгерістерді алуларына көмектесіп қана қоймай сонымен қатар осы өзгерістерді 

сақтауға қамтамасыз етуі қажет. 

Жұмыстың   соңғы   күнінде   тренингтің   аяқталуына   қатысты   жаттығуды 

жасаған   дұрыс.   Филип   Бурнард   аяқтаушы   жаттығудың   келесі   типтерін 

көрсеткен: 

- Жаттығу тренингті бағалау үшін қолданылатын;

-   Жаттығу   қатысушыларға   жасалынған   жұмыстың   сапасын   бағалауға 

мүмкіндік береді;

-   Жаттығу   қатысушыларға   сабақта   және   тәжірибеде   алғандарымен 

оларды шынайы өмірдегі жағдайлармен байланыстыруға көмек беру;

- Жаттығу қатысушыларға бір-бірімен қоштасуларына мүмкіндік береді. 

ЖАЛПЫ ӘПТ –ТІҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы әпт –тің келесі жұмыс бағыттары мен міндеттерін бөлуге болады: 

Коммуникативті   компетенттілікті   дамыту.   Мысал   ретінде   «қарым-қатынас 

тренингі», оның негізгі міндеттері:

- қарым-қатынаста   психологиялық   контакты   қолдау   және   орнату 

қабілеттерін дамыту;

-

басқа адамдармен қатынаста өзінің мүмкіндіктері мен шектеулерін тану;



24

- тиімді   коммуникацияға   кедергі   жасайтын   ішкі   кедергілерді   алу   және 

түсіну;


- басқа адамның мінез-құлқын болжамдау қабілетін дамыту және т.б.

Тұлғааралық   сезімділікті   дамыту.   Мысал   ретінде   «сенситвті   тренинг», 

оның негізгі міндеттері: 

- Басқаларды түсіну, өзіндік талдауға қабілеттілікті дамыту;

- Басқа   адамды   қабылдауда   бақыланатын   және   уайымдалатын 

компанеттерді бөлісу;

- Нақты бір жағдайға байланысты адамның жағдайын, сезімін, қатынасын 

түсіну және болжамдауға қабілеттілікті дамыту;

-

Басқалардан   алынатын   коммуникативті   стилдерді   қабылдаумен 



байланысты топтық процеске қатысушылардың сезімін дамыту.

Қатысушылардың жалпы тұлғалық дамуы. Мысал ретінде «тұлғалық өсу 

тренингі». Оның міндеті:

- өзі туралы адекватты көріністің қалыптасуы;

- әлеуметтік-психологиялық   жағдайлардың   және   өзінің   тұлғалығын 

психологиялық қажетті ұғымдар мен көріністердің жүйесін меңгеру;

- бейімделмеген тұлғалық бағытын түзету;

- тұлғаішілік қысым мен қақтығысты жою;

-

жағдайдағы   психологиялық   анализдің,   қарым-қатынастағы 



қақтығыстың   құрылымды   шиеілінісуінің   оңтайлы   қарым-қатынасты 

ұйымдастырудың дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі танудың дамуы. Берілген бағыттағы жұмыс тиімді көрінеді:

- өзіндік қабылдауды түзетуде және дамытуда;

-

өзіндік талдауға және рефлекцияға қабілетін дамытуында;



- интерпретациялық   шектеулерді   жеңу   және   түсіну,   санадағы 

таптаурындар фрагметтерінің жиынтығы және т.б.;

ӘПТ-ның   қосымша   бағыттары   ретінде   келесілерді   көрсетуге   болады. 

Танымдық процестердің дамуы: 

- ойлаудың дамуы (шығармашылық ойлау, ойлаудың шапшандығы);

- естің дамуы (мнемотехникалықты меңгеру);

-

сенсорлы бақылаушылықты дамыту (сигналдардың барлық бірлігін қалт 



жібермеу қабілеттілігінің кеңеюі);

Психологиялық   денсаулықты   бекіту   және  өзіндік   сезімінің  субъективті 

жоғарлауы:

- эмоционалды өзіндік реттеу қабілетінің дамуы;

- бұлшықет тонусын басқару және релаксация дағдысын меңгеру;

- сана қалпының өзгеруін уайымдайтын және оны тәжірибелік мақсатта 

қолдану барысында өзіндік тәжірибені ашу;

- ресурстық қалыптармен жұмыс және т.б.

Сонымен   қатар   ӘПТ-ті   берілген   топтағы   және   топты   (қызметтік   және 

шаруашылық  ұжым,  оқытылатын   топ)  оңтайлы   қалыптастыруды   қамтамасыз 

ету   үшін   қолдануға   болады.   Берілген   бағыттағы   тренингтік   топ   жұмысы 

мынаған бағытталады:

- ұжымның бірлігі;

25


- топ ішілік қақтығыстарды шешу;

- жаңа   келгендердің   жаңа   іс-әрекет   шартына   бейімделу   процесін 

жеңілдету;

- әлеуметтік және кәсіби рөлдерді меңгеру.

Бұл   сонымен   қатар   төменде   көрсетілген   түзету   жұмыстарымен   қатар 

дамыту жолдарында бөледі:

- танымдық процестердің және кәсіби мағаналы қасиеттердің дамуы;

- өзіне сенімділіктің, коммуникативті компетентілікті дамыту;

- эмоционалды табандылықты, Q өзіндік реттеу дағдылары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет