Методика и технология


ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата22.12.2022
өлшемі0,78 Mb.
#58927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Tayelsizdik zhildarindagi kazak angimelerinin korkemdik ereksheligi

ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ
ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН 
89 
болсын-біздің бүгін де, ертең де өмір сүруіміздің бірден-бір шарты», – деп түйіндейді 
Ш.Елеукенов (
Елеукенов Ш. Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері. «Ақиқат» 2004 ж. №1.44 б).
[34]. «Ұлт аралық жанжал» қазақ халқы тәуелсіздік алса да құлдық психологиядан 
құтыла алмай отырғандығын шынайылықпен бейнелеген әңгіме. Отарлау саясатымен қазақ 
жеріне басқа ұлт өкілдерінің көптеп қоныстанғандығын бүгіндері ғана айтып жүрміз. Әңгі-
меде ең жақсы қонақжайлық қасиеті өзіне сор болып жабысқан қазақтың өз елінде жүріп ке-
лімсектерге жалтақтап, солардан асып кете алмай, жетім баланың күйін кешіп жатуы ащы 
болса да ХХІ ғасыр шындығы. Қоғамдағы өзекті мәселелерді көтере білген жазушының атал-
ған әңгімелерінің негізгі өзегі – тәуелсіз қазақ халқының жері мен еліне өзі ғана ие болуы. 
Еліміз тәуелсіздік алғасын, өткенімізге көз жіберу мақсатында бұрын айтуға тыйым 
салынған, «жабық» тақырыптардың бірі 
− Желтоқсан көтерілісі. 
Прозалық туындыларда жаңаша мән иеленіп отырған фольклорлық образдар жүйесі – 
қасқыр-тотемі, ағаш-дүние тірегі, су-өлім, т.б. қазіргі тәуелсіздік тұсындағы өмір шындығын 
танытудың тәсілі ретінде тексерілді. 
«Тәуелсіздік жылдары» деп аталатын кезеңнен басталған жаңашыл пайымдаулар ру-
хани түлеудің жаңа бір кезеңі болды да, қазақ әдебиетіне көркем ойлаудағы жаңа ұстаным-
дарды алып келді. М.Мағауиннің «Құмырсқа қырғын», «Коммунистік реализм», «Қасқыр – 
Бөрі», «Қисық ағаш» шығармалары әлеуметтік өмірдің ең бір өзекті мәселелерін, сыншылық-
философия саралайды. Жазушыларымыз өз шығармаларындағы айтар ойын, суреткерлік көз-
қарасын тұспалдап, психологиялық тұрғыда жеткізуі немесе әлеуметтік символикаға ден 
қоюы – заңдылық. «Астарлап, ишарамен сөйлеу, сөзге сараңдық, үкім айтудан, соңғы ақиқат-
пен кездесуден қашу – постмодернистік рухтағы бүгінгі қазақ прозасына тән басты қасиет-
тердің бірі» (
Мағауин М. Қазақсыз Қазақстан (ғылыми мақала)//ABAI.KZ ақпараттық порталы 16-
20. 09. 2013 ж.) 
Қазақ прозасында символды қолданудағы шеберлікті М.Мағауиннің «Құмырсқа қыр-
ғын» атты әңгімелерінен көруге болады. «Құмырсқа қырғын» атты философиялық ойға 
құрылған әңгіме табиғат құдіретіне бас июді ғана емес, өмір үшін күрес, қазіргінің жалғасы, 
болашақтың тұтқасы – жас ұрпақ пен ертеңіміздің кепілі – жер-анамызды қастерлеу туралы 
сыр десе де, болады. Автор-кейіпкер құмырсқа илеуін көркемдік деталь ретінде ала отырып, 
оны бір қауым елдің, тіпті мемлекеттің символдық (рәміздік) белгісіне айналдырады. 
М.Мағауиннің бұл әңгімесіндегі көзге түсетін, көңілге ұялайтын ерекше жәйттар – символи-
калық пен философиялық сипаттардың берік жымдасып, табиғи кіріге түсуі. «Құмырсқа қыр-
ғынындағы» өзгешеліктің бір ұшығы осында. Қаламгер бұл шығармасында тырнақ ұшындай 
көзге көрінер-көрінбес құмырсқалар тіршілігін адамдар өмірімен қатарластыра алады. «Же-
келеген құмырсқалар ішке кіріп, тары дәнінен сәл ғана үлкен, сопақша жұмыртқаларды тіс-
теп алып шыға бастады. Мұндағы ең үлкен олжа – болашақ ұрпақ өндімек панасыз жұмырт-
қалар. Өз илеуіне апарады. Шайқап шығарады. Содан соң... ата-тегін білмейтін жетімдерді 
түгел жұмыскер – мұндағы билеуші жұртқа тегін азық -түлік жинайтын құл-құтан немесе 
басқа бір, жат әулетпен соғысқа, тіпті, кешегі өз нәсіліне қарсы майданда алға салатын жан-
кешті жауынгер етіп шығарады. О, құдірет! Тура өзіміздің мәңгүрттер!» (
Жұртбай Т. Қос Ағаш 
// Орталық Қазақстан.– 2008. – 26 қараша, № 48, 7 б.)
– деп, терең философиялық тұжырымның 
да мәнін ашады. Дүниедегі ең кішкентай жәндіктер тіршілігіндегі әділетсіздік, теңсіздік 
арқылы адам баласына ой салу, мәңгүрттік сананың тамыр-тегін ұқтырудағы авторлық қол-
таңба барлығы да бүгінгі прозаның ерекше бітімі ретінде зерделенді. Қазақ халқының ғасыр-
лар бойғы жаратқан ең аяулы қасиеті – өзара ауызбіршілік пен өзін-өзі құрметтеу, жатқа бе-
рілмеу, ұрпақ болашағын ойлау мұраты тұспалданғандығы талданды. 
Ұлт әдебиетіне ортақ жаңа сапалар, өлшемдердің елеулісінің бірі – қазіргі қазақ проза-
сының символикалық сипаты. Біздің басты назар аударатынымыз да бұрыннан бар тәсілдің 
қазіргі заманғы жаңа болмысты прозадағы өзгеше жаңғыруы мен түрленуі болмақ. Осы тұр-
ғыдан алып қарағанда, М. Мағауиннің тағы бір алып отырған символикасы – Қасқыр – Бөрі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет