Методика и технология


ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата22.12.2022
өлшемі0,78 Mb.
#58927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Tayelsizdik zhildarindagi kazak angimelerinin korkemdik ereksheligi

ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ
ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН 
88 
Махаббат – мәңгілік тақырып. Бірақ осы бір тақырыпқа әр жазушы өз стилімен келеді. 
Бірі оны идеал ретінде пайымдаса, екіншісі өмірдің өзінен мысалдар келтіре отыра дәлелдей-
ді. Махаббат қандай жағдай болмасын өз болмысын сақтайды. «Намыс, адалдық басқа да 
ұғымдар оның алдында кішірейіп кетуі мүмкін. Кішірейгенде ол ұғымдар өз бағасын түсір -
мейді, керісінше, махаббатқа кешіріммен қарайтын сияқты» (
Тоқсамбаева А. «М.Мағауин 
хикаяттарындағы ұлттық характер» Автореферат. Алматы: 2007ж. -54 б.
). Тәуелсіздік жылдары да 
осы тақырып кеңінен, жан-жақты түрде жазылды. Тақырып бір, тағдырлары әр түрлі.
Тәуелсіздік жылдары қазақ әңгіме жанры ерекше дамығанын жоғарыда тілге тиек 
еткен болатынбыз. Бұған дейінгі кезеңде қалыптасқан тақырыптар өздігінен дамып отырды, 
сонымен қатар, еліміздің егемендік алуы қаламгерлерге жаңа, тың бағыттар әкеліп, бұл 
кезеңде, яғни тәуелсіздік кезеңінде жазатын тақырыптар ауқымы кеңейді. 
Шағын жанр түрлiк, формалық жағынан да жаңарып, жасара түскендей. Шығармалар-
дың көпшiлiгiнде оқиға қуалап, қызыл сөздiлiкке салынып кетпей, адамның iшкi жан-дү-
ниесiне бойлап, ой-санасындағы өзгерiстер мен құбылуларды аша түсуге деген құлшыныс 
байқалады. Әрине, жаңашылдық, түр, көркемдiк әдiс-тәсiлдердi жетiлдiре түсуге талпыну-
шылық, жаңа өрiстер iздеу, түрлi эксперименттер жасау, шығармашылық iзденiстерге бару, 
дәстүрсiздiкке ұрыну емес, қайта сол дәстүрдi байыту болмақ. 
Дәстүрлi эпикалық әдебиет өз шабысынан жаңылған жоқ. Ал әлемдiк ауқымдағы соң-
ғы мәдени-танымдық, эстетикалық қозғалыстарға үн қату, олармен ортақтасу тiлегiнен туын-
дап, тебiндеген модернистiк және постмодернистiк поэтика заңдылықтары қазақ прозасында 
да өзiне тиiстi өрiс тауып, әдеби-көркемдiк, интеллектуалдық даму игiлiктерi жаңа құнды-
лықтармен жаңғыруы заңды (
Мағауин М. Он үш томдық шығармалар жинағы. 7 -том. Алматы: 
Қағанат, 2002. 
329 
б)

Шағын жанр түрлiк, формалық жағынан да жаңарып, жасара түскендей. Шығармалар-
дың көпшiлiгiнде оқиға қуалап, қызыл сөздiлiкке салынып кетпей, адамның iшкi жан-
дүниесiне бойлап, ой-санасындағы өзгерiстер мен құбылуларды аша түсуге деген құлшыныс 
байқалады. Әрине, жаңашылдық, түр, көркемдiк әдiс-тәсiлдердi жетiлдiре түсуге талпыну-
шылық, жаңа өрiстер iздеу, түрлi эксперименттер жасау, шығармашылық iзденiстерге бару, 
дәстүрсiздiкке ұрыну емес, қайта сол дәстүрдi байыту болмақ. 
Дәстүрлi эпикалық әдебиет өз шабысынан жаңылған жоқ. Ал әлемдiк ауқымдағы соң-
ғы мәдени-танымдық, эстетикалық қозғалыстарға үн қату, олармен ортақтасу тiлегiнен туын-
дап, тебiндеген модернистiк және постмодернистiк поэтика заңдылықтары қазақ прозасында 
да өзiне тиiстi өрiс тауып, әдеби-көркемдiк, интеллектуалдық даму игiлiктерi жаңа құнды-
лықтармен жаңғыруы заңды (
Мағауин М. Он үш томдық шығармалар жинағы. 7-том. Алматы: 
Қағанат, 2002. 
329 
б)

М.Мағауиннің «Ұлт аралық жанжал» атты туындысының қаны қазақ, рухы қазақ сүй-
сініп оқитын шынайы әңгіме екендігі көркемдік қуатының кемелділігінен көрінеді. Шығар-
мада сатиралық фон, емеурін, тұспал, символ, күлкі қатар өріліп отырады. Күлкі болғанда, 
гротеск, ирония мен ащы әжуа. Әңгімедегі Алматы маңындағы кішкентай Рахман ата ауылы 
– Қазақстан мемлекетінің моделі тәрізді. Шығарманың басында-ақ автор өзінің танымын 
айқындау үшін «жол» мотивін таңдап алады. Автор «Анау Марат сияқты бұралқыны төрге 
шығарудың зардабын да көрсетеді, ұлтаралық келісім дегенді желеу етіп, ата жұрт иелерінің 
бөтендерге есесі кете беруінің қаупін де алға тартады автор. Тілді, елді, рухты қорлағысы ке-
ліп, менсінбеу, қазақтың кеңдігін ұдайы бас пайдаларына пайдалану, қазақтың қашан да ерен 
төзімділігі, балақтағы биттің басқа шығуы – бәрі сатиралық уытты тілмен әшкерелеген. Әңгі-
меде ирония құралын ұтымды пайдаланған. «Ал, қазақ... Тәуелсіздік алдың, енді атаң ның 
басы керек пе?! Ел иесі екені
ңді қашан ұғасың?» Әңгіме соңы осылай аяқталады. Оқыған 
жанның ұлттық намысының оянуына түрткі болатын бұл риторикалық сауал саналы әрбір 
қазақ жүрегіне ой салады. Демек, ұлттық идея қазіргі прозамызда жанама сипатта көркемдік 
мән иеленеді. «Ұлттық идея біздің ортақ тағдырымыздан туындайды. Ол ащы болсын, тәтті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет