ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН 90
«Қасқыр – Бөрі» атты шағын әңгімесі өзінің құрылымдық жағымен ерекшеленеді. Шағын
әңгіменің «Қазақтың қасқыры – қасқыр емес, шене, құрт кезінде, яғни бағзы заманда әлемде-
гі ең айбарлы аң болған» дейтін бастауынан бастап бабамыздың байрағына түсіп, жүрек пен
рухтың, қайтпас ерліктің ұранына айналған боз құрт, шене туралы толғанысы назар аударта-
ды. Бөрінің орнына қасқыр келді, бірақ шын мәнісінде екеуі – бір-ақ аң: бөрі деген – қасқыр,
қасқыр деген – бөрі. Сырттай қарағанда, атау ғана ауысқан тәрізді болып көрінеді. Ал, шын
мәнісінде... бәрі өзгерді. Кейінгі қасқыр бұрынғы бөрідей бола алмады. Абыройсыз істің бәрі
қасқырға телінді. Баяғы құрт пен шенеден, кешегі бөріден қалған бақ, көшкен рух қасқырға
қонбапты. Бұрын батырды бөріге теңесе, енді қадыр-қасиеттен ада зұлым адамды қасқырға
теңейтін болыпты. Дегенмен, қасқыр мен бөрі – атауы бір, түп негізі ортақ, бір -ақ мақлұқ
емес пе? Қасқыр қанша азса да, оның бөрі атауының ескірмеу себебі неде, қасқы рға қашан,
қалай айналғаны туралы ой толғайды. «Ал мен көрген сияқтымын. Бөрінің қасқырға емес.
Қасқыр атанған бөрінің қайтадан әуелгі – бөрі кейпін тапқанын» (
Мағауин М. Он үш томдық
шығармалар жинағы. 7-том. Алматы: Қағанат, 2002.
330
б)
– деп әңгіменің ішіндегі әңгімені бас-
тайды. Ырсиған, арық, қу сүйек қасқырдың жалаңаш денесі мен иленген теріні бір -біріне
антитеза пішінінде қарама-қарсы алады. Ырсиған қасқырдың жалаңаш денесі қандай аяныш-
ты болса, жаны жоқ, тіпті ішкі мүрдесі де жоқ иленген тері сондай. Мұхтар Мағауиннің
«Қасқыр – Бөрі» атты әңгімесі қазіргі қазақ әңгімесіне құрылымдық, түрлік өзгешелік әкел-
ген соны туынды болып табылады. Сондықтан бұл әңгімені – аманат әңгіме деп пайымдауға
толық негіз бар.
М.Мағауиннің «Қисық ағаш» повесі «...Міне қызық. Оң қанат – аллеяның парк жақ бе-
ті – биік, сымбатты қарағай. Самсай тізіліп тұр. Сол қанат – Дзержинский көшесіне қараған
беті – қиқы-жиқы, қисық-қыңыр қара ағаш» (
Мағауин М. Он үш томдық шығармалар жинағы. 7-
том. Алматы: Қағанат, 2002.
247
б)
– деп авторлық пайымын осы бір көшенің екі жақ бетінде
өскен ағаштардың екі бөлектігін суреттеу арқылы, бір елдің басынан өткерген екі түрлі бір-
біріне кереғар екі өмірін алып көрсеткендей. Бірі қазіргі түзу жолдың бойындағы сымдай
тартыла самсаған қарағай тәрізді тәуелсіздік алып, еңсесі биіктей түскен елдің рәмізін білдір-
се, екіншісіне өкінішті өткені бұлыңғыр елеске айналса да, көлеңке құсап арыла алмай келе
жатқан кеңестік солақай саясат ізіне қиқы-жиқы, қисық-қыңыр қара ағашты алып отыр. Жа-
зушының қарағай мен қисық өскен қарағашты біріне-бірін қарама қарсы алуының да өзіңдік
мәні бар. Қисық өскен қара ағаш – оңынан емес, қисық қыңыр келген заманды бір кезең си-
патындай. Бұл повестегі жағдай. Ал, автор «Қос ағаш» әңгімесі мүлде басқа ойды қозғайды.
Ұлттық, ұлттық рух тұрғысынан киелі ағаш культін ұсынады. Автор кейіпкерінің Қосағашты
көрген кездегі алған әсерімен суреттейді. Суреткер осы бала көзімен берілген Қос Ағаштың
портретінің әсем көрінісін градация әдісімен бейнелейді. Қаламгер бала көңілімен, бала қа-
былдауымен танылған алтын мен күміске малынған Қос Ағаш бейнесі – қазақтың құт-бере-
кесінің символын берген тәрізді. Ары қарай жазушы осы бала танымындағы Қос Ағаш бей-
несінің жомарттығы мен паңдығын, бірегей қасиетті Қос Ағаштың енді құлдырау үрдісі де
градациямен беріледі. Зәулім бәйтерек өткен мен бүгінді және ертеңді жалғастырып тұрған
көркемдік образ түрінде де алынған. Жазушы әңгіменің сюжеттік құрылымын шиеленістіру
арқылы ауыл маңындағы алдыңнан асқар таудай менмұндалап тұратын Қос Ағаштың жоқты-
ғы кейіпкеріне қаншалықты ауыр тигендігін психологиялық талдау жасай отырып суретте-
ген. Шегініс жасау арқылы әңгіменің ішіндегі әңгіме шертіліп, Қос Ағаштың жоқ болу себебі
кейіпкер ойымен қорытылып, түйінделіп отырады. Асқар таудай деталь қылып алған Қос
Ағаш ақыры ұсақталған, азып-тозған ұрпақтың символына айналған. Көбіне қаламгерлер
ұсақ нәрсені деталь ретінде алады да, оны үлкен, кең мағыналы символға айналдырады. Ал,
мына шығармада бір кездегі бүкіл мұсылманның, қазақ түгілі, қалмақ сыйынған биіктіктің,
алыптықтың, асқақтықтың символы, белгісі болған Қос Ағаш ұсақталып, қарапайым отынға
қажетті ағаштың қатарына енген. Бұл да болса автор шеберлігінің бір қыры дер едік.