ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН 91
Суреткердің бұл туындысын – М. Мағауиннің қазақылықты жоқтауы дер едік. Бұл
туынды турасында Т. Жұртбай: «Қос Ағашта» бүкіл дала философиясының тамырының үзі -
луі мен қазақтың тағдыры тұспалданған», – деп тұжырымдайды» (
Жұртбай Т. Қос Ағаш //
Орталық Қазақстан.– 2008. – 26 қараша, № 48)
.
«Образ сомдауда да, характер ашуда да түрлi көркемдiк әдiс -тәсiлдердi қолдана оты-
рып, жаңа бейне жасауда жазушылар бiршама жетiстiктерге жеткен. Мұхтар Мағауиннің,
Қабдеш Жұмадiловтiң, Бексұлтан Нұржекеевтің, Шерхан Мұртазаның шығармаларынан бү-
гiнгi күн адамдарының бейнесiн ғана емес, қазiргi өмiрдiң бүкiл болмысын, тыныс-тiршiлiгiн
кескiн-келбетiн толық танып, таразылауға болады. Рухани тереңдігімен қазақ әдебиетінің
тағы бір сатыға жоғарылауына септіктерін тигізген жоғарыда аты аталған жазушылар шоғы-
рының шығармашылығын танып білу барысында оның астарында көптеген ізденіс, талап пен
талғам, жігер жатқанын аңғарамыз. Тәуелсіздік кезіндегі ел жағдайына үңіле отырып, жазу -
шылар идеясының өміршеңдігіне, дұрыстығына, дәлдігіне көз жеткізе аламыз» (
Ержанова Г.
Қазіргі қазақ әңгімесі. Ф.ғ.к. дәрежесін алу үшін қорғалған диссертация. Алматы, 1999.-125 б.)
.
Филология ғылымдарының докторы Смағұлова Нұргүл Қайырбекқызының пікіріне
сүйенсек «Әдебиеттану ғылымында тартыс эстетикалық категория ретінде өз орнын алып
отыр. Себебі, көркем тартыс проблемасы құлашы кең, өрісі үлкен мәселе. Ол суреткердің та-
лант даралығы мен өмір шындығын көркемдік тұрғыдан тану қыры бола тұра, мән-маңызы
жағынан идеялық-философиялық міндеттерді де қамтиды» (
Смағұлова Н. Қ. Қазіргі қазақ әңгі-
мелеріндегі тартыс табиғаты. Ф.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияның авторефе-
раты. – Астана, 2006. – 24 б)
. Өмірдің өзі күрес деп түсінсек, көркем шығармадағы тартыс мәсе-
лесі қашан да болмасын сарқылмайтын қазына болып қала бермек.
Тәуелсіздік жылдарындағы әңгіме жанрының да ең басты көркемдік құндылығы осы
тартыс сипатымен тығыз байланысты. Ажырамас бртұтас дүние. Көркем тартыс мәселесі кө-
біне көп сюжет пен характерге байланысты қарастырылады. Тартыс – сюжеттің жаны, оның
қозғаушы күші, сюжетте баяндалатын оқиғаның да, характер тағдырының шешімі де осы
тартысқа, оның сипатына тікелей қатысты екендігі зерттеу еңбектерде айтылып жүр. Тәуел-
сіздік жылдарындағы әңгіме жанрында әдеби тартыс мәселесі бұған дейінгі кезеңдерге қара-
ғанда күрделенді және дараланды. «Жазушылар адам іс-әрекетінің қозғаушы күшіне оның
рухының өздігінен ашылуына көңіл бөле бастағаны байқалады». Характерді әр қилы сыннан
өткізу, алдына таңдау қою, пікірталасқа түсіру, өзіне -өзі есеп беру сияқты әдіс-амалдардың
қолданылуы осы кезең прозасына, оның ішінде әңгіме саласына етене тән екенін атап өткен
жөн» (
Балтабаева Г. С. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әңгімесінің көркемдік көрінісі // ҚазҰУ Хабар-
шысы №2, 2009)
.