Методика и технология



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата22.12.2022
өлшемі0,78 Mb.
#58927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3. 
Қорытынды
Тәуелсіздік тұсындағы шығармалар тек тақырыптық, образдық тұрғыдан ғана емес
көркемдік ерекшелік, поэтикалық стиль тұрғысынан да жаңарып, түлегені байқалады. Жаңа 
тақырып пен өмір құбылыстарын бейнелеудегі тілдік айшықтар (орнаментальді) арқылы да 
қаламгерлердің даралық қолтаңбасы айқындалады. Адам және оның өмір сүріп, тіршілік етер 
ортасындағы заттық әлем арасындағы қарым-қатынасты суреттеу көркем әдебиетте үзіліп 
қалған үрдіс болатын. Бұл кемшілік, әсіресе, ұлттық әдебиеттерде туған жер, өскен орта, ұлт-
тық ерекшеліктерін тануды тұмшалау салдарынан орын алды. Біз осы олқылықты жоюға ты-
рысқан қазіргі қазақ прозасындағы «үй мотивінің» көркемдік мәнін қарастыруға талаптан-
дық. Нәтижесінде бұл мотивтің өзі түрлі сипатта: «киелі орын, адам баласының жалпы меке-
ні» дейтін оң бағытпен қатар, гротескілік, аллегориялық, сатиралық фон ретінде де алына-
тындығы мәлім болды. Қазақтың жаңа прозасындағы жиі кездесетін жалғыздық, айқай, айна 
сарынының қолданысына, тақырыптық ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы философиялық 
және психологиялық ой-түйіндер мен дәстүр жалғастығы жөнінде ой қорытындылары жасал-
ды. Сонымен қатар, тәуелсіздік кезеңіндегі әңгімелеріндегі «өлім» концептісінің көркем су -
реттелу ерекшелігіне назар аударылды. 


ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ
ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН 
92 
Қорыта келгенде, тәуелсіздік тұсындағы қазақ прозасы жаңа көркемдік белеске көте-
ріліп, өзгеше өрнек қалыптастыру жолына түсті деп ой түйіндеуге болады. 
Әдебиет тізімі 
Балтабаева Г. С. Т
әуелсіздік кезеңіндегі қазақ әңгімесінің көркемдік көрінісі // ҚазҰУ 
Хабаршысы №2, 2009. 
Жұртбай Т. Қос Ағаш // Орталық Қазақстан. – 2008. – 26 қараша, № 48. 
Зайкенова З. Зарлы шындық жаршысы//«Жұлдыз» журналы. 1987 ж, №11. 
Елеукенов Ш. Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері. «Ақиқат» 2004 ж. №1. – 44 б. 
Ержанова Г. Қазіргі қазақ әңгімесі. Ф.ғ.к. дәрежесін алу үшін қорғалған диссертация. Алматы, 
1999. – 125 б.
Мағауин М. Он үш томдық шығармалар жинағы. 7-том. Алматы: Қағанат, 2002. – 454 б. 
Смағұлова Н. Қ. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі тартыс табиғаты. Ф.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу 
үшін қорғалған диссертацияның авторефераты. – Астана, 2006. – 24 б. 
Орда Г. «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік көкжиегі»//Ақиқат. 29.11. 
2011 ж. 
Тоқсамбаева А. «М. Мағауин хикаяттарындағы ұлттық характер» Автореферат. Алматы: 2007 
ж. – 54 б. 
Мағауин М. Қазақсыз Қазақстан (ғылыми мақала)//ABAI.KZ ақпараттық порталы 16-20. 09. 
2013 ж. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет