Методикасы кафедрасы


  Бастауыш  сыныптарда  зат  есімді  оқытуда  жиі  қолданылатын



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#21642
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
3.2 

Бастауыш  сыныптарда  зат  есімді  оқытуда  жиі  қолданылатын 

тиімді әдістер мен жаттығулар, оқыту эксперименті қорытындысы 

 

 

Бастауыш  сынып  оқушылары  қазақ  тілінің  жүйелі  курсын  дайындап 

боларлықтай  мөлшерде  грамматикалық  түсінікпен  толық  өтілген  тақырып 

материалдарын  өз  сөйлемдерінде  дұрыс  пайдалана  білетіндігі  дағды  алулар 

қажет екендігін айта кеткен қажет.  

Зат  есімді  оқыту,  оның  грамматикалық  заңдылықтарын  үйренуде 

оқушылар  сол  зат  есімдерін  дыбыс  құрылысын,  құрамын  біліммен  қатар  сол 

сөздерді  бір  –  бірімен  қазақ  әдебиет  тілі  нормаларына  сәйкес  байланыстарын 

сөйлем құрап негізгі айтылмақ ой – пікірге бағындыра байланыстырып сөйлеу 

дағдысын  қалыптастыра  барады.    Айылған  тіл  қабылеттерін  қалыптастыру 

барысында  оқушылар  жай  және  құрмалас  сөйлем,  сөйлемнің  тұрлаулы  және 

тұрлаусыз мүшелері жайында түсінікке ие болады.  

Грамматикалық  ұғым  мен  емле  ережелерін  оқушылар  санасында 

қалыптастыру  барысында  байланыстырып  сөйлеуге  жаттықтыру  жұмыстарын 

ұйымдастыруды  бастауыш  мектеп  бағдарламасында  мектеп  оқушылар 

тәжірибесін бақылап үйрену нәтижесінде төмендегі әдістемелық принциптерге 

көңіл бөлу қажеттілігін анықтап береді [26].  

1. 


Оқыту  әдістерін  дұрыс  іріктеп  алып,  оларды  тиімді  пайдалану  бұл 

әдістер  оқушыларға  саналы  білім  мен  ерік  дағды  беруі  олардың  ой  -  өрісін 

дамытып, ақылын жетілдіре түсуі қажет.  

2. 


Оқыту барысында қолданылатын әдістер оқушылардың нрамматикалық 

ұғымдары  мен  орфографиялық  ережелерді  толық  түсініп  жете  меңгеретінін 

қамтамасыз етуі керек.   

3. 


Оқыту  барысында  оқушылар  өздерінің  жас  ерекшеліктерін  қабілетіне 

сай  тіл  туралы  фактілер  мен  мәліметтерге  ие  болу  қажет.  Ол  үшін  оқыту 

материалдары 

мен 


жаттығулар 

оқушыларды 

қызықтыратындай, 

ойландыратындай  өздігінен  орындауға  талпындыратындай  мазмұнды  да 

қызықты болуы талапқа сай келеді.  

4. 


Барлық оқу тақырыптары мен материалдары оқушының тілін дамытуға 

бейімделген  болуы  тиіс.  әдеби  тіліміздің  нормаларын  сақтау  дағдысы  бірдей 

дәрежеде жүзеге асуы мәселесін әрдайым есте сақтаған жөн.  

5. 


Грамматика  сабақтарында  түрлі  жаттығуларды  орындау  барысында 

оқушыларды  байланыстырып  сөйлеуге  жаттықтыру,  дағдыландыру  басты 

мақсат болып қалуы тиіс.  

Көздеген  мақсат  оқу  мен  грамматика  сабақтарында  оқушылар  тарапынан 

өздігінен  өз  ойын  бірнеше  сөйлемнен  баяндау,  қысқа  әңгіме  құрау,  сұраққа 

көлемді де толық түрде жауап беру, шағын, қысқа көлемде мазмұндама мен  

шығармалар  жазу  (ауызша  және  жазбаша  түрде)  сияқты  жұмыстарды 

орындау арқылы жүзеге асыру керек екендігін ұмытпау қажет.  

Зат  есімдер  бала  тілінде,  байланысқан  текстерде  өте  жиі  кездесетінін 

ескерсек, олар үстінде (дұрыс айта, жаза білу, септей білу, түрлей, жіктей білу, 




 

42 


сөйлем құрамында орынды қолдана білу) неғұрлым көп жұмыс істеу керектігі 

өз-өзіне белгілі.  

Оқыту  үшін  бейімделген  текстермен  оқушылар  тілі  құрамының  30  –  40 

проценті  зат  есімдер  құрайтын  байқау,  талдау  нәтижелерін,  қасиеттерін 

көрсетіп  отыр  (Зат  есімдер  орнына  қолданылатын  есімдіктерді  ескермегенде). 

Мысалы, 3 сынып «Қазақ тілі» оқулығындағы  487 жаттығудағы текстің көлемі  

47 сөзден тұрады. Оның 27-сі зат есімдер (60 процент). 

Сол  оқулықтың 225  жаттығудың  34  сөздің  16-сы,  287  жаттығудағы  34 

сөздің 22-сі, 491 жаттығудағы 75 сөздің 37-сі, 519 жаттығудағы 50 сөздің 23-сі 

зат  есмдер  екендігі  бұл  сөздер  үстінде  жүйелі  түрде  жұмыс  алып  бару  қажет 

екендігі дәлелденеді.  

 

ІҮ-ші сынып оқушыларына мазмұндама үшін төмендегі  



тақырыпты ұсындық 

Ұжымдағы қысқы жұмыс 



 

Даланы  қар  қаптаған.  Жер  ұйқыда.  Жұмысшылар  да,  егін  даласында 

жұмыс жоқ сияқты. Бірақ олай емес. Қыс ертенгі мол өнім үшін қамдану кезеңі. 

Мастерскойда  трактор,  сеялкалар  жөндеуден  өтуде.  Олар  жаз  бойы  тоқтамай 

жұмыс істеуі қажет.  

Егіндерге  ылғал  керек.  Сондықтан  егін  алқаптарына  қысқы  су  қойылуда. 

Бұл  су  жердің  сорын,  тұзын  да  жуып  кетеді.  Жерге  ттыңайтқыш  салынып 

жатыр.  Қысқы  күн  қысқа.  Ауа  райы  суық,  бірақ  ұжым  теплицаларында  қияр, 

пияз,  помидор,  капусталар  өсіп  жатыр.  Ал,  фермаларда  қыс  бойы  жұмыс 

тоқтамайды.  

Мазмұндаманы үйрету барысында, мына төмендегідей дайындық жұмысы 

жүргізіледі:  

1. 

Кіріс  сөз.  Мазмұндаманы  жазудағы  мақсат  түсіндіріледі. 



Оқушылар  текст  мазмұнын  түсініп  қабылдауға  бейімделген, 

кейін  әңгіме  өткізілді.  Текстің  мазмұнын  игерумен  қатар 

грамматикалық тапсырма барлығы айтылды.  

2. 


Текст әдеби тіл нормаларына сәйкес оқып берілді.  

3. 


Текст мазмұны үстінде жұмыс істеу.  

А) Қысқы ауа райын сипатта? 

Б) Қысқы күндері ұжымда не істпеліп жатыр? 

В) Қысқы суару не үшін керек? 

Г) Теплицаларда не өсіп жатыр? 

4. Тексті мазмұны жағынан бөліктерге бөлу, әр бөлікті жоспарлау: 

1. 

Қысқы дала. 



2. 

Қыс ертегі мол өнім үшін қолай мерзім. 

3. 

Егін даласына ылғал мен тыңайтқыш керек. 



4. 

Теплицада жұмыс қызғын. 

5. 

Мал фермаларында жұмыс тоқтаған емес. 




 

43 


5.  Тіл  мәселесі  бойынша  дайындық.  Мына  сөздер  мен  тіркестер 

тақтаға жазылады:  

Егін  даласы,  қамдану  кезеңі,  мастерской,  сеялка,  жөндеу,  ылғал,   

қысқы ауа, тыңайтқыш, теплица, қияр, помидор, капуста, ферма т.б. 

6. Текст қайта оқылады.  

Сонымен қатар текстке қосымша грамматикалық тапсырма берілді: 

1. 

Зат есімдердің астын сызыңдар. 



2. 

Асты сызылған сөздердің қай септікте, көптікте, жіктікте 

екендігін сұрау беру арқылы анықтағдар. 

Оқушылармен  әр  түрлі  тақырыпта  шағын  көлемде  шығарма  жазу 

жұмыстарын  ұйымдастырдық,  шығарма  тақырыптары  таңдалып  белгілі  бір 

сұрақтар беру арқылы шығарма жазуға үйреттік.  

   

 

 



Менің анам (шығарма) 

Сұрақтар: Сенің анаңның аты кім?  

      

Анаң туралы не айта аласын? 



      

Анаң қайда жұмыс істейді? 

      

Оқудан тыс уақытта анаңмен не жұмыс істейсін? т.б. 



Менің досым (шығарма) 

Сұрақтар: Досыңның аты кім? 

        

Онымен қай уақыттан доссыңдар? 

        

Досыңның несі саған ұнайды? 

        

Сен оған ұқсағың келе ме? 

Бірнеше суреттен құралған қысқа әңгіме түзу жұмысында жиі өткізу тиіс. 

Әңгіме құрауда мынадай мақсат белгіленеді: 

1. 

Хабарлас сөйлемнен құралған әңгіме түзу; 



2. 

Әңгімеге жоспар түзу; 

3. 

Әңгімеге негізгі өзек болатын сөздерді анықтау (негізінде зат 



есімдер мен етістіктер); 

4. 


Әңгіменің тақырыбын белгілеп, анықтап мазмұнын белгілеу; 

5. 


Сөздерді дұрыс та, орынды қолдана білу; 

Картиналарда  бірнеше  оқушының  жеміс  ағаштарын  егіп,  баптап,  өнім 

жинауы суреттелген. 

І. Оқыту мақсаты. 

Суретші  3  картина  сызған,  өздеріңіздің  міндеттеріңіз  осы  картиналар 

көмегімен әңгіме құрау. 

ІІ.  Сүреттерді  мұқият  көру,  тақырып  қою,  жоспар  түзу.  Оқушылар  әр 

картинаның тақырыбын анықтауы қажет. мысалы: 

1. 

Жеміс ағаштарын отырғызу; 



2. 

Ағаштарды баптау керек; 

3. 

Жеміс ағаштары өнім береді. 



ІІІ. Негізігі тақырып пен мазмұнын анықтау. 

• 

Не жөнінде әңгіме жазу керек? Тақырыбы қалай? (Балалар не 



істеді? Қандай ағаштар екті?)  

• 

Әңгіменің негізгі кейіпкері кімдер?  




 

44 


• 

Сәкен картинада қандай бейнеленген? 

• 

Кім оған көмектесті?  



• 

Балалар жеміс ағаштарын қалай баптады, өсірді?  

• 

Жеміс ағаштары қандай өнім берді? 



• 

Мол өнім алу үшін нелер қажет? 

• 

Текстің  негізгі  мазмұны  қалай?  (Мол  өнім  алу  үшін  аянбай 



еңбек ету керек, жеміс ағаштарын баптай білу керек). 

• 

Текстің атын атаңдар?  



ІҮ. Сөздер мен емле үстінде дайындық жұмыстарын ұйымдастыру керек. 

Оқушылар  әңгімеге  өзек  болатын  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  анықтайды, 

олардың  мағынасына  мұқият  көңіл  бөледі.  Кейбір  сөздерге  мағына  жағынан 

тектес  сөздерді  анықтайды  (Жеміс  ағаштарын  баптау,  гүлдеді,  жеміс  берді, 

аянбай  еңбек  ету  т.б.).  Кейбір  сөздердің  жазылу  емле  ережелерімен 

таныстырдық.  

Ү.  Әңгіме  жазу.  Оны  тексеріп  бақылау,  қателер  үстінде  жұмыс  жүргізу. 

Осы  сияқты  шағын  әңгімелер  құрай,  шығарма  жазу  үстінде  зат  есімдер  мен 

олардың грамматикалық формаларын қолдануына баса назар аударып отырған 

жөн.  


Бастауыш  мектептердің  төртінші  сынып  оқушыларымен  өткізілген 

мазмұндама,  шығарма  жазу,  әңгіме  құрастыру  сияқты  жұмыс  барысында 

оқушылардың  зат  есімдер  мен  олардың  грамматикалық  формаларын  дұрыс 

пайдалана білу қабілеті едәуір өсті, тіл байлығы нығайды.  

Сайхунабад  ауданының  24  мектебінің  4  сыныбында  өткізілген  тәжірибе 

нәтижелері де осы пікірлерді дәлелдеп отыр (Кесте 2). 

 

Кесте 2 


Зат есім мен олардың грамматикалық формаларын оқушылардың қолдана 

білу қабілеті 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет