Оқушының танымдық қызығушылығын арттыру Бержембаева Нағима-№223 орта мектеп мұғалімі6 Қызылорда , Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы
Қоғамдағы өзгерстерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп,танымдық белседілігін арттыру үшін олардың әр пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру-мектептің басты міндеті.Сол себепті білім мазмұнын жетілдіреп,оқу әдістерін, түрлері мен құралдарын жаңа спалық негізде қайта құру қажет.
Мектепте білім мен тәрбие алу барысында бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы дамиды,адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ойлау сезімі артады.Осы міндеттерді жүзеге асыруда әр пәннің өз орны бар. Соның бірі –ана тілі .Ана тілін оқытудағы негізгі мақсаты-оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту арқылы сөздік қорын,ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін сабақ барысында мәтін мазмұнына сәйкес проблемалық сұрақ қойып отыру тиімді.Мысалы: «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш» әңгімесін өту кезеңінде мұғалім адам еңбегі және басқа жәндіктердің,құстың тіршілігі туралы сұрақ қойып,оған оқушылар өз пікірін білдіреді .
Сонымен қатар «Ойлап тап», «Мәтін мазмұнынақарап сурет сал», «Суретке қарап әңгіме кұра» т.б ойындар сойлеуге төселдіріп,сөздік қорын молайтып,тілін дамытуға арналған.
Күзге байланысты тарауда «Кім тапқыр» ойнын өткен тақрып пен жаңа тақрыпты байланыстыру мақсатында қолдануға болады.Оқушылар топ бойынша:І-топ күз ерекшеліктерін,ІІ-топ күзгі еңбекті,ІІІ-топ табиғаттағы өзгерістерді әңгімелеп беру тиіс.
Әңгіме,ертегі,аңыз әңгімелер оқытуда жаңа сабақ тақырыбына байланысты мақал-мәтел,жұмбақ-жаңылтпаш пайдаланудыңмаңызы зор.Баланыңтанымдық қозғаушылығын арттырып ,тілін дамытады.
Ана тілі сабағында мақал-мәтелдер мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
-Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтелдер айтқызу,мәнін ашып өз ойын жетілдіру.
-Суретке қарап тақырыпқа сай жұмбақ-жаңылпаш айту.
-Мқал-мәтелдердің жалғасын айтқызу.
-Топқа бөліп мақал-мәтелдер сайысын өткізу.
Қазақ тілі,Ана тілі сабағында уақыт тауып шығармашылық жұмыс жүргізу де баланың қызығушылығын арттырады.Ол үшін мұғалім мәтіннің,жаттығудың өн бойынан шығармашылық тақырыптарға лайықты жағдайларды іздеп табады.
Оқушыны шығармашылық жумысқа баулып,қызығушылығын арттыру ушін әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдануға болады.
1.Мәтін,ертегіні,әңгімені өз ойларымен аяқтау.Мысалы:Қайсар атасымен қыдырап жүр еді.Кенет қора жақтан түтін исі келді.Қараса қой қора өртеніп жатыр екен .Қайсар не істеді?
2.Ақан жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.Мысалы: «Тәкаппар» Ш.Смаханұлы.
3.Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
4.Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5.Шығарма бойынша сурет салғызу,ауызша суреттеу,қиялдау арқылы суреттеу.
6.Логикалық ойлану дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу(анаграмма,сөз жұмбақ,ребус,құрастырмалы ойындар),
7.Белгілі ақын,жазушы шығармаларына еліктеп әңгіме,ертегілержазғызу.
8.Қайталау сабақтарында оқыған мәтіндері бойынш өз бетінше тест тапсырмаларын құрастыру.
Ал математика сабақтарында білім шыңдаудың басты бір жолы-кері есептерді шығару әдістерін пайдалану.Оның бірнеше ерекшеліктері бар:
А) «Бірдей сандар», «Фигуралар», «Шамалар» ұғымдары әр қырынан талқыланып,түрлі әдістермен шығарылады.
Б)Шамалар арасындағы өзара кері байланыстар анықталады.Есептің тура мағынасында заттың құнын тапса,кері есеп жағдайында оның бағасы және заттың саны анықталады.
В)Кері есептерді шығару оқушылардың өз беттерімен есеп шығаруға дағдыландырады.
Г)Оқушылар 2-3 амалды бір мезгілде орындайды. Мысалы: 3-сыныптағы «1000 көлемдегі сандар» тарауындағы «Қосу мен азайту» тақырыбанда алынған есептің дұрыстығына көз жеткізу үшін №1 есеп былай талданады: І-қосылғыш-300, ІІ-қосалғыш-200,қосынды мәні-500.Есептің дұрыстығына көз жеткізу үшін қосу амалына кері амал азйтумен тексереміз.Бірінші Қосылғышты табу үшін қосынданың мәнінен екінші қосылғышты азайтамыз.Егер екінші қосылғыш белгісіз болса,онда қосындының мәнінен біріншіқосылғышты айтамыз.
300+200 500-200 500-200
Бұл дегеніміз-өзара бірдей 3 санының арасында тығыз байланыс бар екенін көрсетеді.Көбейту мен болу амалдары жөнінде де осыны айтуға болады.
Ойын-ойды өсіреді.Оқушыныңойын оятып,қиялына қанат бітірер пән аралық байланыс құрып «Кім жылдам», «Ғажайып шаршы» ойындары өз нәтижесін көрсетеді.
Қорыта келгенде.бастауыш сыныптың қай пәнде болсын оқушының танымдық,шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып,өз ойын ашық,қысылмай жеткізе білуін,ынтасын дамыта түседі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы.
2. «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі»,2008жыл.