Мұхамеджан Сералиннің Гүлкашима дастанындағы махаббат тақырыбы және қазіргі дәуір шындығы


Шәкәрім құдайбердіұлының қазақ әдебиеті мен рухани әлемін дамытудағы тарихи ролі, шәкәрімтанудың қилы тағдыры мен соқпақтары



бет11/16
Дата16.10.2023
өлшемі237,46 Kb.
#116506
түріПоэма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Шәкәрім құдайбердіұлының қазақ әдебиеті мен рухани әлемін дамытудағы тарихи ролі, шәкәрімтанудың қилы тағдыры мен соқпақтары.
Өткен ғасырдың аяғы мен жаңа ғасырдың бас кезінде шығармашылық дәуірді бастан кешірген Ш.Құдайбердіұлының ақындық мұрасы бай, нәрлі, әрі құнарлы. 1931 жылдың 2 қазанында нақақтан жала жабылып, әлдебір зұлымның, сұмның қолынан асыл адам қаза тапты. Талай аумалы-төкпелі заман өткен соң 1958 жылы ССРО Прокуратурасы ақын есімін толық ақтады. Бірақ ақынның есімін, мұрасын елге қайтару оңайға түспеді, бұл саяси ақтау емес деп қыңырлық көрсеткендер көп болды.
1966-1969 жылы Әдебиет және өнер институты үш жыл бойы Шәкәрім шығармаларын зерттеп, үлкен ғылыми кеңесте мәжіліс болып, пікір алысты. Мәжіліс бастығы С.Мұқанов, сөйлегендер С.Кеңесбаев, М.Ғабдуллин, Ы.Дүйсенбаев, Ж.Молдағалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, С.Қирабаевтар болды. Мәжіліс шешімі ҚКП Орталық комитетінің хатшысына табыс етілді, бұл хат жауапсыз қалды.
1985 жылы 14 мамырда Д.Қонаев атына үлкен хат жазылып, ол да жауапсыз қалды. Араға аз уақыт салып Қаз КП Орталық комитетінің бюросында "Ақын Шәкәрімнің творчестволық мұрасы жөнінде" мәселе қаралып, құптау хабары жарияланды. («Социолистік Қазақстан», 1988 ж. 14 сәуір)
Кеңес дәуірінде Шәкәрі шығармаларына тиым салудың басты себебі - оның Алашордаға қатысуы, оның Семей басшылығына мүше болуы еді. 1918 жылы бір алаш азаматы большевик үкімет әскері қолынан қаза болады.
Шәкәрімді кеңес милициясы адамдарының тау арасында атып өлтіруі - ақынның кейінгі тағдырын қаралы етіп, есіміне күйе болып жағылды. Екі ғасыр тоғысында өмір сүрген, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық, идеяларды уағыздаған, мол көркем мұра қалдырған Ш.Құдайбердиев. Ол - әрі ақын, әрі прозаик, әрі аудармашы, философ, тарихшы, біршама журналистикаға да араласты. Шәкәрім әдеби өмірге құлшына араласып, ұлт әдебиетінде Шоқан, Абай, Ыбырай сияұты үш алып орнықтырған арна-дәстүрді өнімді жалғастырушы бола алды.
Оның шығармаларының дені төңкеріске дейін жазылып, бірнеше кітаптары жарық көрді: "Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі", «Мұсылмандық шарты", 1911ж. Орынборда басылды. "Қазақ айнасы" өлеңдер жинағы, "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек" поэмалары 1912ж. Шәкәрімнәң өз басы да, шығармашылығы да қазақ әдебиеті тарихындағы айтарлықтай көрініс. Ғажайып поэзиясынан ләззат алған адам, оның ойланып, толғануы көп, уайым, қайғы басқан, жалғыздық жапасын мол тартқан жан екеніне көз жеткізеді. Әсіресе бұл сыр лирикалық өлеңдерінде айқын көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет