Мұхамеджан Сералиннің Гүлкашима дастанындағы махаббат тақырыбы және қазіргі дәуір шындығы



бет2/16
Дата16.10.2023
өлшемі237,46 Kb.
#116506
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
65-82 емтихан жауаптары

Гүлкашима (1 бөлім)
Сөз басында,
Бастайын бір кеңесті алып қалам
Қашаннан көңіл жүрген болып алаң.
Біреуін баян етсем бекер болмас
Іс өткен неше түрлі заманадан
Боқыраудан бес күн бұрын бардым қала,
Қаладан керек-жарақ нəрсе ала.
Ауылдан шыққан күні Тобылдағы
Үңгітке келіп қондым, бұған қара.
Мейман боп бір үңгітке қона қалдым,
Үй екен бəрі тегіс дүние-малдың.
Ішінде көп қыпшақтың жалғыз үйлі,
Бар екен жалғыз ұлы кемпір-шалдың.
Сұрасаң Тілеуберген шалдың аты,
Жаппастай ай таңбалы Үңгіт заты.
Баласы Баймұхаммет – ақын жігіт,
Белгілі ел ішінде жазған хаты.

Мұхамеджан Сералин және қазіргі қазақ баспасөзінің жай-күйі, өзекті мәселелері.
М.Сералин қазақтың тұңғыш журналисі және қазақ тілінде тұңғыш рет "Айқап" атты журнал шығарды. Ол журналдың кейбір кемшілігі болса да, жалпы алғанда, ағартушылық-демократтық бағытта болды.
Мұхамеджан Сералин патша әкімшілігінің көптеген ұйымдарына барып, «Айқап» журналын шығаруға рұқсат сұрайды. 1910 жылдың аяғында үкімет М. Сералиннің өтінішін қанағаттандырып, алғашқы қазақ журналының шығаруына рұқсатын берді. Рұқсат қағазында былай деп жазылған: «Қостанай уезінің №5 Шұбар болысының қырғызы М. Сералинге өзінің жауапкершілігімен Троицк қаласында ай сайынғы «Эй-Кафь» журналын шығаруға рұқсат беру. Журналдың бағдарламасы: озық мақалалар, шетел жаңалықтары, мұсылман ғұмырындағы мәселелер, жылнама, фельетондар және өлеңдер, библиография мен ғылыми мақалалар, редакцияға жазылған хаттар». Журналистика саласында еңбек өтілі жоқ болғанымен, Сералин өзінің өмір тәжірибесін пайдаланып, халық арасындағы кедейшілік жағдайын ескеріп, іске кіріскен.
Мұхамеджан Сералин тілшілер және ақпарат беретін адамдарды жинады. «Айқап» журналы қызметкерлерінің қатарына көрнекті тұлғалар кірді: Жиһанша Сейдалин, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбт Майлин, Сәбит Дөнентаев, Молдағали Жолдыбаев, Есенғали Хасболатов және басқалар.
«Айқап» журналы байтақ саха­раға кеңінен тарады. Жұртшылық оның әрбір санын сағына, асыға тосатын. Себебі басылым бет­те­рінде көп­шілік көкейінен шы­ғатын түрлі сипаттағы материалдар жарық көретін. Әр материалдың тақырыбы ойлас­тырылып қойы­латын, бәрінде қазақтың мөп-мөлдір судай тұ­нық, таза сөздері қолда­ны­ла­тын. Мұхамеджан осылайша халқымызды қазақша ойлап, қазақша жазуға, қазақ тілін қадірлеп, сүюге үйретті. Журналға Семейден, Ақтөбеден, Шымкенттен, Қарқаралыдан, Зайсаннан, Торғай, Қостанайдан, Астрахань губерниясынан, Бөкей ордасынан, Тараздан, бір шеті Мәскеу, Санкт-Петербургтен хаттар толассыз келіп тұрған. Жер-жердегі тілшілер елдің жай-күйін білдіретін хабарлар жолдаған. Сералин бірде-бір хатты елеусіз қалдырмай, ұқыптылықпен қа­рап, сергектік танытқан. Сөйтіп ол журналда сол кездегі қазақ да­ласының тыныс-тіршілігін бейнелейтін кең ауқымды, тұтас панорамасын дүниеге әкелді, ХХ ғасыр басындағы езгіде бол­ған, азаттықты көксеген хал­қы­мыздың ауыр халін, әйел тең­сіздігін және асыл армандарын көрсететін жылнамасын жазды..Сералин қазақтың алғашқы кеңестік баспасөздеріне "Ұшқын", "Еңбекші қазақ" газеттерінің журналистік ісіне араласты. 1921-26 жылдары "Ауыл" газетінің редакторы болып қызмет етті. Дәуір қоғам алға тартқан міндеттері кеңінен насихаттап отырды.
Сөз түйіні М.Сералин - қазақ халқының ХХ ғасыр басында ірі көрнекті қоғам қайраткері, әрі журналисі, зор ақыны болып саналады. Оның ақын, аудармашы, журналист жайында халқына сіңірген еңбегі қазақ әдебиеті тарихында жасай береді.
Бүгінгі таңда Республикамызда қазақ тілінде 144 газет, 32 журнал шығады. Республикалық қоғамдық саяси басылымдар «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» , «Ана тілі», «Түркістан» газеттері, «Ақиқат» жураналы негізінен мемлекетіміздегі қоғамдық саяси, әлеуметтік мәселелерге көбірек назар аударса, “Жұлдыз” “Парасат” журналдары мен “Қазақ әдебиеті газеттері” мәдениет, өнер, әдебиет салаларын кеңінен қамтиды. Соңғы жылдары халқымыздың ислам дініне қарай бет бұруының өсуіне байланысты діни басылымдар да көбейіп келеді.
“Шапағат нұр”, “Ислам әлемі”, “Алдаспан”, “Ясауи”, журналдары мен “Имандылық” “Заман және иман”, “Әл хабар”, “Ислам және өркениет” газеттерінің басты мақсаты халық арасында ислам дінін уағыздау, насихаттау, дініміздің жөн жобаларын халыққа түсіндіру болып табылады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі газет — журналдар шет мемлекетте де жарық көруде. Қазақтардың ең көбірек тұратын жері Қытай мемлекетінде алты газет, сегіз журнал шығады. Моңғолияда, қазақ тілінде “Жаңа өмір”газеті мен “Шұғыла” журналы жарық көрсе, Өзбекстанда “Достық туы” газеті жарық көріп келеді.
Алғашқы тәуелсіз газеттерге: «Азат», «Желтоқсан» жатады. Одақтың шаңырағы шайқалып тәуелсіз алуға мүмкіндік туғалы тұрған шақта бұл газеттердің басты тақырыптары Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі, халқымыздың бостандығы болатын. Бұл алғашқы тәуелсіздік Еліміздегі сөз бостандығының арқасында 90 жылдардан бастап ана тіліміздегі тәуелсіз басылымдар жарық көре бастады. Идеяларын насихаттаудағы басылымдардың рөлін айта кеткеніміз жөн. Ал соңғы жылдар ана тілімізде жарық көріп келе жатқан тәуелсіз “Aйғақ”, “Қызық газет”, “Күн мен Tүн”, “Барыс” басылымдарының тақырыптары мүлдем басқа арнаға үсақ түйекке, күн көріс мәселесіне ауысты. Жалпы алғанда қазіргі қазақ баспасөзі өркендеп өсуге ұмтылыс үстінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет