Мұхамеджан Сералиннің Гүлкашима дастанындағы махаббат тақырыбы және қазіргі дәуір шындығы


Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» атты кітабының тарихи маңызы, қазақ елінің азаттық жолға, тәуелсіздікке жетуіне тигізген ықпалы, ұлттық рухты оятудағы ролі



бет13/16
Дата16.10.2023
өлшемі237,46 Kb.
#116506
түріПоэма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» атты кітабының тарихи маңызы, қазақ елінің азаттық жолға, тәуелсіздікке жетуіне тигізген ықпалы, ұлттық рухты оятудағы ролі
1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы "Оян, қазақ!" деген атпен басылып шықты. Бұл кітап жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Жазушы сол үшін тергеу органдарының бақылауына алынды, ал "Оян, қазақ!" кәмпескеленді. Екі жылдан кейін осы жинақ қайтадан басылып шықты. Оян, қазақ!» мазмұнына келгенде, бұл – қазақ ұлтшылдарының сол кездегі пурграмы деуге болады. Қазақ ұлтшылдары ұлт туын қолға алып, патша үкіметіне қарсы шыққанда осы «Оян, қазақты!» өздеріне пурграм ретінде қолданылды.
«Оян, қазақ!» жарыққа шыға сала, қазақ зиялыларының жəрдемімен, қазақ елінің түкпір-түкпіріне аз уақытта тарап, тіпті, сол кездегі ұлт туын ұстауға ынталы оқығандар «Оян, қазақты!» ел аралатып сатты. Оян, қазақ!» көп кешікпей қуғынға ұшырады. Жер-жердегі патша үкіметінің полициялары «Оян, қазақты!» іздеп, оны ұстаушыны қузап, сатушыны абақтыға жаба бастады. «Оян, қазақ!» үшін Міржақып абақтыға түсті. Бұл туралы өмір тарихында толық айтылды. Ахмет Байтұрсынұлының «Масасы» ұлтшылдықты қазақ даласына ызыңдаған маса ғана болса, «Оян, қазақ!» аттан салып, айғайға басқан ащы ұран болды. Бұлай болған себебі, XX ғасырдың басынан бастап қазақ даласы отаршылдық қысымға қатты түсті. Сол қысылған даланың «Оян, қазақ!» қайдағы қышыған жеріне барып тиді.
Міржақып Дулатұлы қазақ халқының көзін ашуға талпынып «Оян, қазақ» деген кітабын шығарады. Ақын «Оян қазақта» патша өкіметінің қазақтардың малға жайлы шұрайлы жерлерін тартып алып, не тіліне, не діліне, не жеріне иелік етуге мүмкіндік бермей, әбден езіп, жаншығаны ашық айтылады. Осы өлеңі арқылы халықтың ауыр тұрмысын ойлап, сынға алады.
Бұл кітап Ресей патша өкіметінің шымбайына тисе керек, артынша, М.Дулатұлы қамауға алынады. Міржақып Дулатов 1911 жылы маусым ішінде "Оян, қазақ" атты кітабын таратқаны үшін Семейде абақтыға жабылып, 103 һәм 129 статъялар бойынша айыпталып, Окружной соттың үкімі бойынша 19 ай қамауда отырды. Орал губернаторының телеграммасы бойынша Дулатовтың үйіне және редакцияда тінту болды, бірақ ештеңе табылмады.
«Оян, қазақ» сол кездегі қазақ зиялыларына ұнады. Қарапайым халықтың да, дін адамдарының да ойынан шыққан. «Оян, қазақтың» елге ұнағаны соншалықты, кітапты мешіттер, молдалар елге таратты. Осыдан-ақ, бұл кітаптың мән-мағынасын, маңызын байқауға болады. Алайда патша өкіметі ол кітапты оқуға тыйым салған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет