Мұхамеджан Сералиннің Гүлкашима дастанындағы махаббат тақырыбы және қазіргі дәуір шындығы



бет9/16
Дата16.10.2023
өлшемі237,46 Kb.
#116506
түріПоэма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
65-82 емтихан жауаптары

Мен кетемін,
келеді тағы өмірге мендей,
Олар мінді көреді,
қисық жерін жөндей.
Бара-бара айқындалып ақтық істің анығы,
Адасқанмен, хақиқатқа қоймақ емес сенбей.
Ақ жүрек пен таза ақыл,
Қылсаң Адал еңбек,
Бәрінен де сол мақұл –
Артқыға жол бермек.
Арсыздардың түкке тұрмай арам ойы жойылып,
Аяғында хақиқатты бұл үшеуі жеңбек.

Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы адамгершілік, философия және имандылық мәселелері
Абайдың ізбасары, қазақтың кәсіби философы, ислам ілімі мен мәдениетінің терең білгірі діни философ Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. 
Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегі үш ақиқат: сенім ақиқаты, ғылым ақиқаты мен ар-ұжданды көрсетіп, адам үшін маңызды сұрақтарды көтеріп, оған өзінше жауап қатып, адамның рухани дамуының жолдарын тереңінен көрсеткен. 
Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегі ұждан мәселесін талдауға арналған. Адам үшін екі дүниенің бақыты жақсылық пен ізгілікті ұстану екендігі туралы: «Екі өмірге де керекті іс – ұждан, ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім» – деп исламның мейірімділік пен әділеттлікті, сабырлылық пен қанағатшылдықты атап көрсетеді. Бұл ислам ілімі мен әдептілік қалпын терең білген ғалымның сөзі. Осы еңбегінде ойшыл: «Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол – мұсылман жолы» деген сөзінен ислам дінінің жалпы адамзатқа тән құндылықтарды ұстанатын дін екендігін және адамдарды бауырластыққа шақыратын айқын жол екендігін көрсетеді.
Шәкәрім адам бойындағы құмарлықтардың ішіндегі нәпсіні - адамның тек бас көзбен көріп бой алдырып, ақыл-ойынан бағындырып, санасын улайтын қауіп-қатер екендігін түсіндірді. Осы өлеңінің басқа жолдарында адамның нәпсіден құтылатын жолы - нәпсіні тыю болып табылады. Нәпсіні тыю оның құрығында жатқан ынсапты босату, яғни адам өз бойын ынсапқа басқарту. Ынсап барлық істе не кем немесе артық қылмай, адамды теңдікте ұстап, бәрінің дұрыс жолын көрсететін қасиет ретінде ұсынады. (онымен ынсап Шәкәрімде адам бойындағы әділ, асыл қасиеттер қатарының алғашқысы болып көрінеді, адамның ақиқатқа ұмтылуы, қанағатшылдық, басқаларды дұрыс түсіну, барлығын салмақтай білу сияқты қасиеттерін білдіреді.
Шәкәрімнің рухани ізденістері діни-ағартушылық бағытта екендігі Бұл оның мұрасын зерттеушілердің ортақ тұжырымдамасы. Ойшылдың «Мұсылмандық шарты» еңбегі мен көптеген өлеңдерінде діндегі рухани тазалықты дәріптеп, адамды арсыздықтан сақтау діннің ақ жол ұстану арқылы мүмкін болатындығын пайымдайды. «Иманым» атты өлеңінде әлем мен адамды жаратқан Аллаһ екендігін айта отырып, сенімсіздік адам жанын тұмшалап тастайтындығын, сондықтан иман адамның рухани жан дүниесіне сәуле түсіріп, оған жан бітіріп, сөйтіп оның көкірек көзін ашатындығын жазады.
«Шошыма, ойым, шошыма»
Бұл өлең жолдарында имандылық пен тән және жан тазалығының адам өміріндегі маңыздылығын айқындай келе, дені таза, жаны пәк, иманды жаннан қандай жағдайда да Аллаһтың нұры жауып, бақытқа кенелетіндігіне сенімін білдірді. Осы жолдарда діндегі адамның өз ажалымен бақилық болу мен өзіне қол жұмсау мәселесін көтеріп, адам өмірінде қиындыққа ұшырасқанда барлығын сабырға жеңдіріп, ақ жолдан таймаған жағдайда ғана бақыттың төрі алыс емес екендігін тағы да көрсетеді. Өзі жасынан Ислами құндылықтарды бойына сіңіріп, имандылықтың, сабырлықтың, адалдықтың мәні мен маңызын діни тұрғыдан терең түсінген ойшыл, адамдарды имандылыққа, жақсылыққа, сабырлыққа, білім мен ғылым білуге шақырды.
Шәкәрім шығармашылығының негізгі тақырыбы адам болып табылады. Шәкәрім - адам бойындаы танымдық мүмкіндіктерін, арұжданын жоғары бағалай отырып, адамды жанжақты жетілдірудің жолдарын іздеген гуманист. 1911 жылы шыққан «Қазақ айнасы» жинағы адамгершілік, мораль, этикалық мәселелерге арналған шығарма болды. Бұл шығарма адам бойындағы адамдықтың белгісі болып табылатын, адамзатқа пайдалы іс жасау, жақсылық ойлау, жақыныңа қамқор болу сияқты асыл қасиеттерді көрсетеді. Ойшыл адамгершілік, әдептілік, мораль мәселелерін көтерген өлеңдерінің көпшілігін жастарға бағыттап жазған. Оның себебі жас буынның қоғам болашағы екендігін көріп-біліп, олардың санасына өз өлеңдерімен әсер етіп, оларды оқуға, өнер үйренуге, ғылым меңгеруге шақырды. Туған елінің дамуын, күш-қуаттылығын көргісі келген ойшыл халқына тек оңды пікірлерін ұсынып, қоғамды дамыту жолында өзі де көп тер төгіп, артынан мол рухани мұрасын қалдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет