Сәбит Дөнентаевтың қазақ әдебиеті мен рухани әлемін дамытудағы тарихи ролі. Қазақ әдебиетіндегі фельетон, сықақ, әзіл-қалжың, мысал жанрының дамуына үлкен үлес қосты. Сонымен қатар сатира жанрында айрықша тұлғаланған талант иесі болып табылады. Ол әдебиет әлеміне татар классигі Ғабдолла Тоқайдан "Рамазан айында" деген сатиралық өлеңі мен " Бір көлдегі үш балық", "Бит пен бүрге", "Бозторғай" мысалдарын қазақ тілініне еркін аударды.
Сәбит мысалдары көңілге қонымды, әрі терең мағыналық, күлдіргілі болып келеді. Мұны оның «Бозторғай» деген мысалының сюжет мен мазмұнынан көруге болады. Бозторғай тұрымтайдан әбден зорлық, қорлық көреді. Соны қырғиға шақпақшы болады. Қырғиды ол бір бөденені жеп қойып,тағы бір бөденені аңдып отырған жерінде кездестіреді. Қырғи бозторғайдың шағымына құлақ қоймайды. Қазір қолым бос емес, күт,төз, жаның шықпайды деп ұрсады. Бозторғай мұны енді қаршығаға айтпақшы болып, соны іздейді . Оны іздеп келе жатыр, көлде қырылып жатқан үйректерді көреді, оларды қырған қаршыға екенін біледі. Сонан ол қаршыға мен сияқты зәбір көргеннің мұңын тыңдамайды екен,бұл да момынға зәбір көрсетуші екен деп түйеді. Ақын мұнда патша үкіметінің әкімдерін келістіріп сынаған. Оның басқа мысалдары да осылай болып келеді.
Жүрекке Жалқау жүрек,
Тіле тілек,
Тартынба!
Тән өлгенде,
Жұрт көмгенде,
Не қалмақшы артыңда?
Шын жыласаң,
Мың сұрасаң,
Жетерсің бір мақсатқа.
Харекет қыл,
Шамаңды біл,
Салып қабақ, ұртыңды.
Қайда барсаң,
Ойыңа алсаң,
Қор болмассың, жұртыңды.
Тым қарайма,
Жолдан тайма,
Ел мұнда.
Кетпей алысқа,
Түс жарысқа,
Кел мұнда!
Әріп Тәңірбергеновтің өмірі мен шығармашылық өнері, ақын шығармашылығының шығыс әдебиетімен байланысы. Ұлы Абайдың ақындық мектебінің талантты түлектерінің бірі Әріп (Мұхаметғарып) Тәңірбергенов 1856 жылы бұрынғы Семей обл. Жарма ауданындағы Жыланды ауылында дүниеге келген. Тәңірберген кедей, момын шаруа болған. Абай шәкірті, қазақ ақыны Әріп 9-10 жасынан бастап өз еліндегі ауыл мектебінде оқып білім алады, ол 1878 жылы Семейдегі уездік училищені үздік бітіреді. Зерек Әріп мұсылманшылыққа да, орысшаға да жүйрік болады, қазақ, шығыс, орыс әдебиеттерін жақсы біледі. Сондықтан да «Ғылым» деген өлеңінде ақын:
Ғылымға жас күнімнен қылдым талап,
Талпынып, төрт лұғаттан тағылым ап.-дейді.
Орыс мектебін бітірген Әріп әуелі өз елінде бірнеше жыл мұғалім болып істейді, осы кездс Абаймен жиі-жиі кездесіп, тәрбие мектебінен өтеді. 1882-1883 жылдары Жетісу обл. Сергиополь уезінде тілмаш, почта қызметкері болады. Ал 1884-1887 жылдары Шәуешек қаласында (ҚХР) орыс консулының тілмашы болып істейді. Қазан төңкерісінен кейін Әріп Алматыда, өз елінде сот қызметінде болады, тергеуші, адвокат болып та істейді. Ақын 1924 жылы күзде туған елінде қайтыс болады.
«Өзі ақын және қазақша, орысша оқыған адам. Шешендігі, тапқыр тілдігі бар ірі ақынның бірі» деп М.Әуезовтың сүйсіне бағалайтын Әріп ақыны 15-16 жасынан бастап ақындығымен аты шыға бастайды. Абай алдынан өтіп, ақыл кеңес алып отырған.
Талантты, суырыпсалма жас бірнеше рет ақындар айтысына түсіп, жеңіске жетеді. Оның Көкбай, Әсет, Сәдір, Боранбай, Қуанышбай, Қаумст т.б ақындарымен айтысқаны тарихтан мәлім. Көп ақындар секілді Әріптің де алғашқы ақындық қадамы - жастық-махаббат, әзіл-қалжың, айтыс өлеңдермен басталады.
Ол Шығыс елінің қызықты хикаяларына еліктеп, "Зияда-Шаһмурат"(1884), "Қисса-и-Баһраш" т.б. ғашықтық дастандар жазады. 1889 жылы Абай алдынан өткенде Абай Әріпке ренжіп Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін өлеңі арқылы көптеген ақын жазушыларға әсіресе Әріпке сынын айтып ренішін жеткізеді. Алайда 1889 ж айтылған сыншы Абайдың әділ сынынан кейін қисса жазуын тоқтатып, өз заманындағы әлеуметтік өмір шындығын жырлауға бет алды, еңбекші елдің жаршысы бола бастайды.
Әріп ақынның "Зияда" поэмасы кітап болып басылғанда қисса "Зияда-Шамрат" деген атпен басылып шыққан. Ол поэмаға ақын өзінің аты-жөнін ашық жазбаған. Жасырып ат қойған. Поэма-қиссадағы Мысыр патшасынан ұлы Шамрат, қызы Хуралы, Бағдат патшасының жалғыз ұлы Зияда - бәрі де ізгі жүректі, махаббатқа, достықты қастерлейтін жандар.
Бұл поэмада өлеңдер көп ретте диалог, монолог, айтыс, беташар тәртібінде келеді. Мұнан қисса авторының қазақ ауыз әдебиетімен, еуропалық әдебиет салт ережесімен таныс екені байқалады.
Ел қанаушыларды әшкерелейді ("Серікбай қажыға "Қабдолла биге", "Тәуірбек болысқа", "Байларға" т.б.). Сонымен қатар әйел теңдігі, адал еңбек, ғылым-білім туралы өлеңдер жазады. Әріп Тәңірбергенов Жетісу жерінде қызмет істеп жүрген кездерінде жыр алыбы Жамбылмен, оның "пірі" Сүйінбаймен және Жетісудың саңлақ ақыны Сарамен жақсы таныс болған, көңілдері жарасып, Сараға арнап ұзақ өлең де жазады. 1895 жылы "Біржан-Сара айтысын хатқа түсіріп, үлкен, тарихи маңызы зор іс істейді. 1913 жылы 'Тәуке-Үрқия" атты айтыс-дастанын жазады.
Әріп АС.Пушкиннің "Евгений Онегин" романын өлеңмен еркін аударма жасайды және Лермонтовтың Пушкин өлгенде жазған "Ақын өліміне " деген өлеңін де қазақ тіліне аударады.