МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет108/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
тізе бүктірді. Хауазиндықтарға да келіп, оларды да 
бастан-аяқ мойынсындырды. Сендер қазір мынандай 
жағдайда тұрсыңдар, расулаллаһ сендерге ерік берген 
күннің өзінде маңайларыңдағы адамдар сендерді түгел 
қырып тастамақ. 
Осыншама ашық әрі шынайы айтылған насихатқа 
олар: 
– Біз ешқашан дінімізді тастамаймыз, – деп 
соғыстан басқа баламаға көнбейтіндіктерін ашық 
білдірді. Осыны естігенде Халид ибн Уалид қосынына 
қайтты. 
Хазірет Халидтың алған керітартпа жауап-
тан кейін мұсылман әскері Тайыфқа қарай бет алды. 
Хүнейіннен жолға шыққан Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
Тайыфқа қарай кетіп бара жатып, Нахлатул ямания, 
Қарн, Мүләйх пен Лиядағы Бұхратур-руға бекеттерін 
бақылап отырды. Бұхратур-руғаға келгенде, сол жерде 
аялдады. Бір орынды мешіт ретінде дайындап, саха-
баларына намаз оқытты. Осы кезде төрелік айтатын 
бір іс қозғалды. Ләйсұлдарынан бір кісі Хүзәйлден бір 
кісіні өлтіріп, куәгерлермен бұл іс нақтыланған еді. Бір 
адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен тең күнә еді. 
Қоғамда кісі өлтірулер кездеспеуі үшін жазықтыны 
өлтіру қажеттігі анық. Жазықсыз адамды өлтірудің 
жазасы ретінде өлтірген кісіні де өлім жазасына кесу 
керек. Расулаллаһ Аллаһтың түсірген осы үкімін орын-
дап, өлтірген кісінің өзін дарға асуға үкім етті. Бұл 
Исламдағы алғашқы орындалған қысасты да білдірді. 
Бұл кезде сол жердегі Малик ибн Ауфтың қорғанын 
жығуға бұйрық берді. Артынан қайтадан жолға шығып, 
Дайка мен Нахб бағытынан Тайыфқа қарай жылжи ба-
стады. Өзі үшін Тайыф ащы естеліктерге толы бір қала 
еді. Шамамен он жыл бұрын үміт күтіп келгенмен, 


319
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
күтпеген қарсылыққа кезігіп, қанға бөгіп кері қайтуға 
мәжбүр болып еді. Сол күнгі Тайыф бүгін де сондай 
мінез көрсетіп, осыншама өзгерістерге қарамастан, 
күпірліктің орталығы болу жолын таңдапты. 
Пайғамбарлар төресі бір қабірдің басында тұрып, 
сахабаларына былай деді: 
– Бұл Сақифтықтардың атасы Әбу Риғалдың қабірі. 
Ол Самуд халқынан еді, қаумы тап болған қиындықтан 
Харамға кіріп, құтылған. Алайда кейіннен ол жерден 
шығып, осында келген. Қаумы ұшыраған пәледен 
құтыла алмай, осында жерленді. Бұның дәлелі онымен 
бірге қабірге көмілген алтын бұтақ, егер қабірін 
қазсаңдар, оны табасыңдар!
Сақифтықтарға қарай жүрген Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
олардың атасы болған Әбу 
Риғалдың қабірін анықтап, мәселені бейбіт негізде 
шешу тұрғысынан тағы бір қадам жасады. Расында да 
ардақты сахабалар сипатталған қабірді қазғанда, алтын 
бұтақты тауып, пайғамбарлар төресінің айтқанының 
растығын көрген. 
Қоршау
Тайыфта қорғанға жақындап, сөйлесуге әрекет 
жасалса да, олар садақпен оқ жаудырып жауап қатты. 
Соғыстан басқа бір таңдауды ойға алмады, енді қоршау 
басталды. Қорғанға шыққан Тайыфтықтар дастанға 
айналған мұсылман әскерлеріне оқ жаудырып, арбалар-
мен тас лақтырып, отқа қыздырылған темір істіктерді 
атып жатты. Аспаннан оқ жаңбырша жауып, әне-міне 
дегенше сахабалардан он екі кісі шейіт болды. 
Алғашқы кездесудің соңын ала әскерін кері 
шегіндірген пайғамбарлар төресі артқы жақта бір 
жерде қосын тігіп, кейінгі қоршауды осы жерден 
жалғастырды. Бұл жерге Үммү Сәләма анамыз бен 


320
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Зейнеп анамыз атына екі шатыр құрып, намаздарын да 
Пайғамбарымыз осы екі шатыр арасында оқыды. 
Ешкімнің сыртқа шығып, бетпе бет соғысуға 
батылы жетпеді. Халид ибн Уалид: 
– Жігітше келіп соғысатындарың жоқ па? – деп, 
дауыстағанмен жау жағынан оңды жауап ала алмады. 
Сол күні ерлерше майданда соғысуға бірнеше мәрте 
шақырғанмен қорғаннан лақтырылған от, тас және 
от шашқан темірлерден өзге ештеңе өнбеді. Тіпті оны 
қанша қайталаса да ештеңе өзгере қоймады. Соңында 
Абду Йалайл атты біреудің даусы естілді: 
– Бізден саған қарсы ешкім шықпайды. Біз қорғанда 
отырып күте береміз. Қолымызда бірнеше жылға 
жететін азығымыз бар. Азығымыз түгесілгенше, осы 
жерден кетпей қойсаңдар, сонда барып қасық қанымыз 
қалғанша бетпе бет келіп соғысатын боламыз. 
Қоршау мерзімінің созылғанына қарамастан, іштен 
әлі де бір дауыс шықпауына орай Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларының біреуі арқылы былай деп да-
уыстады: 
– Қорғаннан түсіп, бізге қосылған әр құлдың 
басына бостандық беріледі!
Осы сөз іштен бір-бірінен ажырамасқа бекінген 
Сақифтықтар арасына сызат түсірді. Бұл өзі жаңа 
әдіс еді. Нәтиже де бермей қалмады. Өйткені осы 
жарияланған сол күннен бастап, өмір бойы азаттығын 
аңсаған құлдар әр-әр жерден қашып шығып, 
Пайғамбарымыздың қасына келе бастады. Көп өтпей 
қорғаннан қашып шығып, Пайғамбарымыздың жанына 
келгендердің саны жиырма үшке жетті. Пайғамбарлар 
төресі расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
келгендерге бас 
бостандығын беріп, оларға Құран үйретіп, исламды 


321


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет