МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет109/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
тағылымдау үшін әрбіріне сахабаларынан бір кісіні 
бекітті. 
Бұл жағдай Сақифтықтарға ауыр тиді. Құлдардың 
өздерінен қашып, мұсылмандар жағына өтіп кетуін бір 
түрлі қабылдай алмай қиналды
119

Құлдары қашып барып мұсылмандықты қабылдап 
жатса да, Сақифтықтардан әлі де үн шықпады. Оқ 
жаудыруларын жалғастыра берді. Аллаһ расулы бір 
жағынан сахабаларын оқ атуға ынталандырып, екінші 
жағынан адамдарды қор қылатын құлдық түсінігін 
жою үшін оларға жаңа межелер көрсетті. Сол күні 
былай дегені естілді: 
– Кім бір оқ тигізсе, жұмақта сол үшін бір дәреже 
бар. Кім дін жолында бір оқ атса, ол үшін бір құл азат 
еткендей сауап бар. Кім дін жолында шашын ағартса, 
қиямет күні бұл ол үшін нұрға айналады. Сендерден 
кез келген бірің мұсылман бір құлға бостандық алып 
берсе, бостандыққа шыққан адамның сүйегінің са-
нындай өз сүйектеріне тозақтан қалқан жаратады. Кез 
келген бір мұсылман әйел де өзі секілді мұсылман 
бір әйелге бостандық алып берсе, ол үшін де Аллаһ 
бостандыққа шыққан әйелдің сүйектерінің санындай 
қалқан жаратып, оның сүйектерін тозақтан сақтайды. 
Сонымен қатар бұл ұғымдар бостандықтың негізгі 
ұғым екенін түсіндіруде әрі тек Сақифтықтардан кел-
гендер емес, өз құлдары жайында да сахабаларды терең 
ойға салды. 
119
Сол күні бостандыққа қауышқан құлдарын мұсылман болғаннан кейін 
қайта кері сұраған Сақифтықтарға Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
«Олар Аллаһтың азат құлдары, оларды енді қайта құлға айнал-
дыра алмайсыңдар» деп, басына бір рет азаттық алған бұл кісілердің 
қайта құл болуына рұқсат бермеген. Уақиди, Мағази, 1/932, 3/280, 
4/398, 3/657. 


322
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Пайғамбарлар төресі арадан бірнеше күн өткеніне 
қарамастан, бір нәтиже шықпағандықтан, ендігі 
стратегияны қалай құру керектігін сахабаларымен 
ақылдасты. Сәлман Фариси алға шығып, Хандақта 
болғанындай, парсыларға ұқсап қорғандардың алда-
рына тас лақтыратын арба қоюды алға тартты. Ұсыныс 
қабылданды. Пайғамбарымыздың да мақұлдауымен 
тез арада арба жасалды. Енді үлкен тастарды лақтырып, 
әрі жылдам қимылдауға мүмкіндік ашылды. Бұл кезде 
жоғарыдан келетін оқ, тас және қызған темірлерден саха-
баларды қорғайтын даббада деп аталатын екі қорғаушы 
нәрсе де жасалды. Бұлардың тасасында қорғанның 
есігіне дейін жақындап барып, ішке кіруге әрекеттер 
жасалды. Алайда мұсылмандарды қорғанға кіргізбеуге 
әрекет жасаған Сақифтықтардың да қарсылығы артып, 
арба мен қорғаушы заттарға бағыттап күш көрсетіп 
жатты. Көп өтпей қорған болған зат жана бастап, са-
хабалар оның тасасынан шығуға мәжбүр болды. Бұл 
жолы да бірнеше сахаба шейіт болғанмен еш нәтиже 
шықпады. 
Уақыт өтіп жатты. Бірақ Сақифтықтар біртүрлі 
беріле қоймады. Пайғамбарымыз бұл жолы жаңа 
бір әдіске көшті. Берілмеген жағдайда жүзім 
бақшалары мен құрма бақшаларын өртейтіндігін да-
уыстап жариялатты. Өйткені құрма мен жүзім бау-
лары Тайыфтықтардың ең жанды жері еді. Бұл кезде 
сахабаларға да ишара жасап, бір шетінен қирата баста-
уды бұйырды. Жанның шығар жері мал болғандықтан, 
олар бұған бей-жай қарай алмады. Осыған қарамастан 
қорғанның үстіне шығып алып беріспей жатқандар 
болды. Ақыр соңында жөн білетін біреуі шығып: 
– Мүлкімізді неге бүлдіріп жатырсың? Бізді 
жеңсең, олар онсыз да сенікі емес пе? – деп Аллаһтың 


323
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
атын атап, оларды өздеріне қалдыруды талап етті. 
Бұны естігенде елшілер төресі Пайғамбарымыз: 
– Оларды Аллаһ үшін әрі туыстығымыздың 
құрметіне бола қалдырдым, – деп, сахабаларына бау-
бақшаларды қиратудан бас тартуды айтты. 
Бір кезде Үәйна ибн Хисн Пайғамбарымызға 
жақындап келіп, қорғанға кіріп, Тайыфтықтармен 
сөйлесуге 
рұқсат 
сұрады. 
Оларды 
Исламға 
шақыратынын, кейбірі мұсылман бола ма деп 
үміттенетінін білдірді. Рұқсат алысымен дереу 
қорғанға барды. Есебін тауып ішке кірісімен жанына 
жиналған Сақифтықтарға мынаны айта бастады:
– Әкем жолдарыңда құрбан болсын! Осы алған 
беттеріңнен қайтушы болмаңдар. Уаллаһи, біз 
құлдардан да әлсізбіз. Аллаһқа ант етейін, Мұхаммед 
бір жағдайға тап болса, арабтар қайтадан абырой бедел-
ге бөленеді. Ағаштарыңды шапқызғанын көңілдеріңе 
алмаңдар. Ешқашан өз еріктеріңмен барып берілуші 
болмаңдар. 
Осыларды айтқаннан кейін қорғаннан шығып 
қайтадан бер жаққа келген Үәйнаға Пайғамбарымыз: 
– Әй, Үәйна, оларға барып не айттың? – деп сұрады. 
Бұны Үәйнаның күйі өзгергенін сезгендіктен сұрап еді. 
Жағдайды білгені, Жәйбірейіл әминнен хабар алғаны 
белгілі еді. Алайда Үәйна әлі бұны аңғаратындай 
жағдайда емес еді: 
– Оларға Исламды түсіндірдім. Иманға шақырдым. 
Тозақтан сақтандырып, жұмаққа бастайтын жолдарды 
көрсеттім, – деді. 
Әлі түсінбегені белгілі. Үәйнаға түсінетіндей ашық 
айту керек болды. Сол себепті пайғамбарлар төресі 
оған қарап: 


324
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Өтірік айтып тұрсың, – деді. Сөйтті де қорғанға 
кіргенде жанында үймелегендерге не дегенін же-
ке-жеке айтып берді. Тура өзі бірге барғандай. Бұны 
естігенде Үәйнаның өңі құбылып, ұяттан өртене жаз-
дады. Тіпті Пайғамбарымыздың жүзіне қарай алмады. 
Әлден уақытта: – Рас айтасыз, уа, расулаллаһ, – деді 
еріксіз. Осы қателігім үшін Аллаһқа тәубе етіп
өзіңізден кешірім сұраймын. 
Сырттай бұл өтінішке оң қарауға болады. Аллаһ 
расулы да өзінің қатарын енді айқындаған Үәйнаға 
кеңдікпен қарап, кешірімін қабыл етті. 
Бір кезде тынығу үшін шатырына кірген 
Пайғамбарлар төресі сол күнге дейін әйелдерге көңіл 
аудармайтындықтан, ардақты сахаба аналардың ара-
сына кіріп жүре беретін қос жынысты әлдекімнің 
жағымсыз сөз айтқанын естігенде, ендіәгір бұл кісінің 
харамға кіруіне тыйым салды. Бұны әрі сахабаларына 
да мәлім етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет