МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет111/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Қайтар жолдың жемістері
Тайыфтан Жиранаға қарай кетіп бара жатып, бекет 
ретінде Денха, Қарнул маназил мен Нахла бағытын 
таңдады. Әр адым сайын жаңа нәрсе үйреніп, кездескен 
әр мәселе олар үшін дін тұрғысынан жаңа бір үкімді 
ұқтырып жатты. Өмірдің әр саласында Аллаһ елшісін 
үлгі еткен сахабалар көрген-білгендерін есте мықтап 
ұстап, бұларды басқалармен бөліскенде, бұларды өздері 
үшін берік ұстанатын қағида ретінде қабылдады. 
Жолда алға жылжып бара жатып бір мезет саха-
балардан Әбу Рухымның түйесі тым жанасып кетіп, 
үзеңгісі Пайғамбарымыздың балтырын ауыртты. Әбу 
Рухымға бұрылған Аллаһ елшісі: 
– Аяғыңды тарт, балтырымды ауырттың, – деді де 
қолындағы қамшымен Әбу Рухымды жайлап тартып 


328
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
жіберген болатын. Әбу Рухымның зәресі ұшты. Өткен-
кеткен күнәларын ойлап, өзі жайлы аят түсе ме деп 
қорықты. 
Жиранаға жеткенде, түйелерді жаю кезегі өзіне 
келмесе де Әбу Рухым Пайғамбарымызды жолда 
ренжітіп алғаны үшін қысылып, оларды жаймақ 
болды. Бұл кезде өзін Пайғамбарымыздың іздегенін 
білмеді. Естіген кезде қорқынышым рас шықты деп, 
бойы қалтырап әрең аяқ басып келді. Оны көре салы-
сымен Аллаһ расулы: 
– Сен менің аяғымды ауырттың, қамшымен 
тартып жіберіп мен де сенің жаныңды ауырттым, – деп 
қамшымен жай тартып жібергені үшін Әбу Рухымға 
сексен қой берді. Әбу Рухымның көңілі енді орнына 
түсті. Еш күтпеген жерден жақсылыққа тап болды. Сол 
күні Пайғамбарымыздың өзіне ренжімегеніне төбесі 
көкке жете қатты қуанды. 
Демек, әр мұсылман кісі ақысы мәселесінде 
осыншалықты мұқияттылық танытуы керек еді. Алда-
жалда біреудің ақысы кеткен болса, дереу соны жуып-
шаюға әрекет жасауы тиіс еді. 
Сапар 
жалғасын 
тапты. 
Дәл 
Жиранаға 
жақындағанда, алдарынан біреу шықты. Сахаба-
лар оны Аллаһ елшісіне жақындатпауға тырысып, 
бір жағы кім екенін сұрап жатты. Соңында Аллаһ 
елшісі де еститіндей етіп дауысын көтерген әлгі кісі 
қолындағы хатын көрсетіп: – Мен Сұрақа ибн Жушум-
мын, мынау менің хатым
122
, – деп айғайлады. Бұл дау-
ысты Расулаллаһ та естіді: – Бүгін опа мен жақсылық 
122
Хазірет Сұрақа хижрет кезінде тігілген жүлдені алу үшін Аллаһ 
расулының артына түсіп, кейіннен мұсылман болып оралған кісі еді. 
Қолындағы хатын сол күні Расулаллаһтан сұраған болатын. Ибн Ка-
сир, әл-Бидая уән Нихая, Салихи, 5/373, Сира, 4/60; Субулул худа уәр-
рәшад, 5/389.


329
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
күні. Оны бері жақындатыңдар, – деді. Жанына келген 
Сұрақа әуелі Аллаһ елшісіне сәлем берді. Іле әкелген 
зекет малдарын тапсырды. Бір сәтінде: – Уа, расулаллаһ, 
– деді, –егер иесіз түйелер келіп менің өз малдарым 
үшін дайындаған суымнан ішсе, маған сауап жазыла 
ма? – деп сұрады. – Иә, – деді расулаллаһ, – шөлдеген 
тіршілік иелерінің қай- қайсысына берген суда да сауап 
бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет