МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет106/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Пайғамбаралар төресі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жанындағы 
хазірет Аббасқа бұрылып: 
– Уа, Аббас! – деп дауыстады. – Ансарларға: Уа, 
Хұдайбияда өлуге бар екендіктерін айтып серт бер-
гендер! Уа, «Бақара» сүресінде жомарттығы мен 
қонақжайлылықтары айтылғандар деп оларға дауыста! 
Расулаллаһ бұйырғанда хазірет Аббастың соны екі 
еткен кезі болып па?! Дереу Хүнейін аңғарында оның 
зор даусы жаңғырықты:
– Уа, Ансар! Уа, Самура халқы! Уа, Бақара сахаба-
лары! 
Осыған ұқсас ескертуді Абдуллаһ ибн Масғұдқа да 
айтты: 
– Ансар мен Мұһажирлар қайда? – деп, оларды 
шақыруды қалады. Ибн Масғұд секілді осы дауысты 
толқындатып жайғандар да сол күні хазірет Аббасқа 
болысып: 
– Уа, Ансарлар! Уа, Хазраждықтар! Әке-шешем 
жолдарыңда құрбан болсын! Расулаллаһ бар жерден 
қашуға бола ма? – деп, артына қарап, кері шегінгендерді 
шақырып жатты. 
Расында бұл айтарлықтай тоқтам болды. Бұл 
шақырған дауысты естігендер: – Ләббәйк, уа, 
расулаллаһ. Бәріміз сенімен біргеміз, – деп, омарта-
сына қайтқан аралар секілді майданға қайта қайтып, 
Расулаллаһтың дауысын естіген сахабалардың әрбірі 
дұшпанға қарай қарсы жүрді. Бұны көрген Расулаллаһ: 
– Міне, нағыз соғыс енді басталды, – деді. Әлі де 
көлігімен дұшпанға қарай ұмтылып келеді. Бір мезет 
жерден бір уыс ұсақ тастарды алып, дұшпанға қарай 
шашып жіберіп: 
– Жүздерің күйсін! Ха-мим. Олар ешқашан 
жеңістің бетін көрмесін. Мұхаммедтің раббысының 


311
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
құрметіне бәрің жермен-жексен болыңдар, – деп дұға 
етті. 
Әр лақтырылған тас жауға өздеріне қарсы шапқан 
тұлпарлардай көрінді, олар бұларды қарсы тұра алмай-
тындай әскер секілді көрді. 
Қайтадан жауға беттеген сахабалар сол күні 
Расулаллаһтай батыл әрі еш қорықпастан қайта 
қайраттанып кетті. Расулаллаһтың жанына келген-
де, өздерін қайта өте бір бақытты сезініп, көңілдері 
жайланды. Бұдан бұрын да сындарлы уақыттарда 
болғанындай, осы жолы да бір демде тыныштыққа 
бөленіп, соғыстың ауырлығы естен тарс шықты. 
Бұл кезде аспан да күркіреп, бұл күркіреген дау-
ыстан жау жағы кәдімгідей сескеніп қалды. Аллаһ 
мүмин құлдарына дем беру үшін көктен бес мың 
періштені жіберіпті. Топ-тобымен келіп жатты. Баста-
рына ораған сәлделерінің ұшын салбыратын тастап 
қойып, дұшпандардың көңіліне қорқыныш ұялатты. 
Тіпті сол күні Хауазиндіктер осы үрейдің әсерімен арт-
тарына қарауға да жүректері дауаламай қашып барып, 
Тайыфтың қорғандарын паналады. 
Бұған қоса, Пайғамбарымыздың жерден алып 
шашқан бір уыс тасынан мүшріктердің әрбірінің көзіне 
тигендей, алдын көрсетпей тұмшалап тастаған бола-
тын. 
Көзі қанталаған Малик пен Хауазин әскері үшін 
ендігі уақыт жеңіліс табу уақыты еді. Өткінші шашы-
рап барып қайта біріккен мұсылман әскері бұл жолы 
оларды бастарынан ұрған балғадай тықсырып бара 
жатты. Жау әскері ендігі шара ретінде қашуды ойла-
стырып жатты. 
Бұл кезде Сафуан ибн Үмәйя жіберген құл да келіп, 
майдандағы құпия сөздің «Уа, Бәни Абдиррахман! Уа, 


312
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Бәни Ұбайдуллаһ! Уа, Бәни Абдиллаһ» екенін жеткізді. 
Бұны естігенде Сафуан: 
– Мұхаммед жеңіске жетіпті. Өйткені бұлар 
солардың соғыстағы құпия сөзі еді, – деп, кең тыныс 
алып, жұбаныш тапты. 
Бір мезет Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
артына қарап: – Әй, Шәйба! – Бері кел, – деп дауыста-
ды. Бұл сөзді Шәйба ибн Осман ғана түсінді. Басқалар 
ештеңе аңғармады. Өйткені дәл осы сәтте Шәйба өзін 
өлтіру үшін барынша жақын келуге әрекет жасап 
жатқан болатын. Оңынан жақындамақ болғанмен 
хазірет Аббастан өтуге батылы жетпей, сол жағынан 
жақындап баруға ол жердегі Әбу Суфияннан мүмкіндік 
таппап еді. Соңғы шара ретінде арт жағынан таяп 
келіп қапыда мерт етіп, әкесі мен көкелерінің өшін 
алғысы келді. Бірақ дәл осы кезде еш күтпеген жерден 
алдынан найзағайдың жарқылындай жарқылдаған 
от ұшқындап, қылышын ұстаған күйі сілейіп тұрды 
да қалды. Қолымен көзін басып, қорыққаннан кейін 
шегіне берді. Өйткені ала аттарға мінген бейтаныс 
кісілерді көріп, қорыққаннан жүрегі атқақтап кетті
117

Расулаллаһқа жақындап барғанмен оған қастандық 
жасай алмайтынын, басқалардың да ештеңе істей 
алмайтынын түсінді. Өйткені әз елші Аллаһтың 
қорғауында еді. Осы кезге дейін әлемде барлығы 
мұсылман болса да, өз басым Исламды қабылдамаспын 
деп келген Шәйба ибн Осман үшін уақыт келгендей 
еді. Өзіне шақырған Пайғамбарымызға жақындап 
барды. Расулаллаһ әуелі мүбәрак саусағын Шәйбаның 
117
Осы аттыларды көргенін айтқанда, пайғамбарлар төресі оған: – Әй, 
Шәйба, оларды тек кәпірлер ғана көреді, – деп, осыдан кейін Шәйба 
ибн Османның мұсылман болғандығы айтылады. Ибн Касир, Сира, 
3/632; әл-Бидая уән-Нихая, 4/381; Захаби, Тарихул-Ислам, 1/325. 


313
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
кеудесіне қойып: – Аллаһ тағалам, одан шайтанды алы-
стата гөр! – деп дұға етті. Шәйба ибн Османның жүрегі 
жібіп сала берді. Іштей алай-дүлей күйді бастан кешті. 
Алайда басын көтергенде, Аллаһ елшісі енді көзіне өте 
ұнамды көрінді. Оны өлтіруге келгенмен енді өзі қайта 
тірілгендей күй кешті. Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оған қайта дауыстады: – Әй, Шәйба, қане, кәпірлермен 
соғыс! 
Бұл не деген ұлықтық, не деген кеңдік, не деген 
сенім! Бір сәтте адам танығыш әз елшінің алдында 
ең қатты деген жүректердің өзі жібіп сала берген бо-
латын. Тіпті ол адамдар расулаллаһты қорғау үшін 
дұшпанмен аянбай соғысып жатты. 
Сол күні соғыс алаңында өлшемнен асып кеткен-
дер де болды. Кейбірі қолына қылыш ұстап, қарсы ал-
дарына шыға келген әйел, бала-шағаға да қылыш сілтеп 
жіберді. Шынтуайтында, алдында ғана бір әйелді 
өлтіргендерін көріп, Халид ибн Уәлидке адам жіберіп, 
соғыс кезі болса да әйелдер мен бала-шағаны өлтірмеу 
керектігін ескерткен болатын. Енді міне кейбірін 
өлтірген жағдайды көргенде Аллаһ елшісі дереу ескерту 
жасады. Әскерлеріне көмектесуге келген жау жағының 
әйел, бала-шағасына ешкімнің тиіспегенін қалады. Сол 
себепті: – Мына адамдарға не болған? Бала-шағаларына 
дейін қырып тастамақ па? Абайлаңдар, олардың бала-
шағасына тисуші болмаңдар! 
Бұны естіген Үсәйд ибн Хұдайр: 
– Уа, расулаллаһ, – деп дауыстады. – Олар 
мүшріктердің балалары емес пе?
Үсәйд осыны айту арқылы мүшріктердің бала-
лары өсіп, ертең өздеріне тағы қарсы шығатынын, 
сондықтан оларды бүгін өлтіргеннің жөн екенін 
білдіргісі келді. Бәлкім, кейінгілер үшін Пайғамбардың 


314
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
өз аузынан жауап айтылғанын қалады ма екен. Хүнәйін 
ойпаты тағы бір пайғамбарлық парасатқа куә болды. 
Аллаһ расулы оған: – Сендердің ең қайырлыларың да 
мүшріктердің балалары емес пе еді? – деп жауап қатты. 
Бұл әрбіріне қатты әсер еткен ойлы сөз еді. Өйткені ол 
жерде әкесі мүшрік болып өліп кетсе де, алда соғысып 
жүрген небір сахабалар бар еді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сөзін жалғап былай деді: 
– Дүниеге келген барлық сәби тап-таза жаратылы-
спен келеді. Оны христиан не иудей ететін өзінің ата-
анасы. 
Елшілердің төресі пайғамбарымызға батырлығын 
айта-айта тауыса алмаған бір кісінің жараланғаны 
туралы хабар айтылды. Алайда расулаллаһ оның 
тозақтық екенін айтты. Сахабалар ойға қалды. Соғыста 
осыншама ерлік көрсеткен адам қалайша тозақтық? 
Алайда Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
айтқанына 
қарағанда, міндетті түрде бұның өзгелерге беймәлім 
бір астарлы мәні болуы керек-ті. Естеріне Ұхыд күнгі 
Кузман түсті. Соңында Кузман секілді бұл кісі де ау-
руларына шыдай алмай бір жебені өзіне қадап өзін 
өлімге қиған болатын. Расулаллаһқа келіп жағдайды 
баяндағанда, жанына шақырған хазірет Біләлге:
– Жұмаққа тек мүминдер ғана кіреді. Ұмытпаңдар, 
Аллаһ бұл дінді күнәһар адаммен де күшейтеді, – деп 
жар салдырды. 
Ендігі жерде Хауазин әскерінің ісі бітті. 
Қолбасшылары Малик ибн Ауф адамдарымен бірге 
қашып, Тайыфтың қорғандарын паналауға мәжбүр 
болды. Артта қалғандарды мұсылмандар тұтқындады. 
Бұған қоса, Хүнейін ойпаты отар-отар қой, түйе, басқа 
да малдарға толып тұрды. Бағалы заттар да әкелініпті. 
Осы көрініске куә болған, әрі сол кезге дейін екіұдай 


315
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
ойда болып келген Меккеліктердің көбі соғыс кезінде 
көрген иләхи жәрдем мен Аллаһ елшісінің жеңісін 
көргенде, мұсылмандықты қабылдады. Өйткені Аллаһ 
үшін жолға шыққан аттылар Лат пен Ұззаның соңында 
өмірін өткізгендерді жеңіп, мүлде ойларына келмеген 
жеңілістің ащы дәмін татқызған болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет