МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет107/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Тұтқындар мен олжалар
Соғыс бітіп, қашқандар қашып, басым көпшілік 
тұтқындалды. Бала-шаға және қолдарындағы барлық 
мүліктерімен Хүнейінге келген Хауазиндықтар артта 
бар байлығын қалдырып кетті. Соғыс майданын-
дай жиналған малдар арасында жиырма төрт мың 
түйе, қырық мыңнан астам қой, төрт мың ұқия шама-
сында күміс бар еді. Алты мың адам тұтқынға түсті. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әйелдер мәселесіне 
мұқияттылықпен қарап, оларға тиіспеуді ескертті. 
Әрбірінің үлесіне тиген әйелдер болса да, баласын 
туғанға дейін жүкті әйелдерге иддат мерзімі өткенге 
дейін жақындамауды бұйырды. Өйткені сол күні 
келген Жәбірейіл-әмин дәл сол жағдайларды хабарлап, 
Аллаһ елшісіне осыдан кейін не істеу керектігі жайын-
да мәлімет берді
118
.
Тұтқындарға қарауды Әбу Суфиянға тапсырған 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
олжа малдарын 
ұйымдастыруды Масуд ибн Амрға табыстады. Қолға 
түскен малдардың бәрін Жиранаға жеткізуді бұйырып, 
өзі кері қайтқанға дейін олардың ешбіріне тиіспеуді 
ескертті. Сахабаларына қарап: – Уа, адамдар! – деп да-
уыстады. – Аллаһтың олжа ретінде сендерге бұйырған 
нәрселерінен бесте бірінен тыс иненің ұшындай да 
алу маған адал емес. Бесте бірінің өзі сіздерге қайта 
118
«Ниса» сүресі, 4/24. 


316
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
қайтуда. Осы себепті қолдарыңдағы бар олжадан алған 
ине, жіп не бар болса, бәрін әкеліңдер. Қосымшаға олжа-
дан ештеңе алмаңдар. Өйткені бұл осыны істегендерді 
қиямет күні үлкен ұятқа қалдырады. 
Пайғамбарымыздан бұларды естігендер Хайбар 
күнгі естіген ескертулерін еске алып, бөліске түспей 
тұрып олжадан бір тұтам жіп те алудан тартынды. 
Алайда әскерлер арасында сол күнді көрмегендер де 
бар еді. Сондықтан олар аз да болса кішірігім заттар-
дан алып, иемдене бастаған болатын. Хазірет Алидың 
бауыры Үкайл да солардың бірі еді. Әйелінің жанына 
қайтқанда қылышынан қан тамып тұрды. Әйелі оған: 
– Бүгін мүшріктермен соғысқаның белгілі. Олар-
дан не олжа түсірдің? – деп сұрағанда, қолындағы 
инесін ұстатып, сонымен жыртық жамауға беріп еді. 
Алайда сыртқа шығып Расулаллаһтың әлгі айтқанын 
естігенде, басынан соққы алғандай мең-зең күй кешті. 
Өйткені расулаллаһ ине, жіп болса да әлі бөліске салын-
бай тұрып алмау керектігін жариялап жатты. Сахаба 
мұқияттылығымен дереу әйелінің жанына барып: 
– Уаллаһи, бұл инеңнен де айрылдың, – деп, инені 
алды да, апарып өткізді. 
тайыф
Жеңілген күреске тойған ба? Хүнейіннен 
қашқандар Тайыфты барып паналады. Қорғандарды 
іштен жауып алып, Аллаһ елшісі мен мұсылмандарға 
шабуылдауға дайындалып жатты. Арттарынан 
келетіндерін біліп, қоршауда қалып қойсақ деп бір 
жылға жететін азық-түлік және өздеріне мейлінше көп 
қару-жарақ жинап алды. Осы соғысқа басқа тайпалар-
дан да көмек сұрады. Белгілі бір деңгейде оған да қол 
жеткізді. 


317
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
хабар алып 
отырып, сахабаларына ендігі беталыстың Тайыф 
екенін білдірді. Әуелгі күш ретінде мың кісіні Халид 
ибн Уәлидке табыстады.
Тайыфтықтар сыртта ешкім қалмастан тайлы-
тұяғымен қорғанды паналапты. Қорғанның алдына 
дейін келген Халид әуелі өзімен тілдесетін адам 
іздетті. Алайда ондай адамды таба алмады. Осы себепті 
қорғанның есігіне тақап келіп қатты дауыстап былай 
деді: 
– Араларыңнан біреуді жіберіңдер, сөйлесейік. 
Біз оған тиіспейміз. Немесе сендер маған мүмкіндік 
беріңдер, мен араларыңа барып сөйлесейік. 
Қорғаннан мынандай жауап естілді:
– Бізден де сендерге ешкім бармайды, сені де бұл 
жерге кіргізбейміз! Әй, Халид, досың бүгінге дейін 
соғыстың не екенін білмейтіндермен соғысып келді. 
Бұл ашықтан ашық соғысқа шақыру еді. Келсін, 
соғыстың не екенін көрсетейік деп отырған жағдай бо-
латын. Көздеріне кек тұнған олар ертең бастарына не 
келетінінен хабарсыз тек дұшпандыққа берілді. Сол 
үшін хазірет Халид әуелі оларға насихат айтқанды жөн 
көрді: 
– Сөздеріме құлық асып, мені жақсылап 
тыңдаңдар! Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қорғандары 
мықты Ясриб пен Хайбарда небір көпшілікті қоршауға 
алды, Фадакта бір адамын жіберіп, олар өздерінің 
бағынғандарын білдірді. Бәни Құрайза тап болған 
күйге сендер де тап боласыңдар ма деп ескертіп 
тұрмын. Оларды Расулаллаһ көп күн қоршауға алды, 
нәтижеде олар да мұсылмандарға бағынды. Соғысқаны 
үшін жазаға тартылып, тұқымы тұздай құрыды. 
Кейіннен Меккеге бет алды, оны да азат етіп, халқын 


318


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет