305
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
періштелермен соғысқалы жатқандаймыз. Егер бізді
тыңдасаң, әскерді ерт те артқа қайт. Өйткені ертең
адамдарың да біз көргенді көріп, осы жағдайға ұшырап,
аяқ-қолдары сіресіп қалып жүрер.
Аты белгісіз бір көрініс еді бұл: Бәдір, Ұхыд,
Хандақта көмекке келген періштелер Аллаһ елшісіне
дем беру үшін тағы да келіп, дұшпанның мысын басу
үшін сәл ғана көрінген болатын.
Алайда Малик бұл
сөздерді естігенде жыны ұстап әуелі оларға:
– Жандарың шықсын, оңбаған қорқақтар, – деді.
Бұған: – Не деген су жүрек немесіңдер, –
дегенді
де қосты. Сөйтті де өзінше сақтық жасап, бұл үш
әскерді қаматып, басқалардың көңіл күйін бұзбауы
үшін ешкіммен сөйлестірмей қойды. Бұл жолы: –
Араларыңнан батылдау біреуді маған жіберіңдер! –
деді. Көп өтпей алдына бір кісіні ертіп келді. Малик
оны да сол мақсатпен жұмсады. Алайда нәтиже
алдыңғыдан өзгере қоймады. Ол
барғанын, әлгі
көріністі көргенін айтты. Аяқ-қолы дірілдеп, әскермен
кері қайтқанның жөн екенін білдірді. Алайда бұлардың
ешбірі де Маликты алған бетінен қайтара алмады.
Түннің бір уағында әскерлеріне бұйрық беріп, сайдың
екі жағына орналасып жасырынуды, соғыс баста-
лып мұсылмандар беттеп келгенге дейін сол жерден
шықпауды ескертті. Мақсаты, Аллаһ расулы және са-
хабаларын қоршап, демде шабуылдап жоқ ету.
Таңертең
ертемен
ғаламның
мақтанышы
пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сахабаларын соғыс
жағдайына реттеп, туларды иелеріне ұстатты. Екі
сауыт
пен дулығасын киіп, қалқанын ұстаған қалпы
оларға қарата сөйлеп, ақ қашырының үстінде сахабала-
рын жихадқа үндеп, сабыр еткен жағдайда Аллаһтың
жеңіс нәсіп ететінін қуана хабарлады.
306
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Әскерге қозғалуға дайын тұрды. Хүнейн аңғарына
қарай беттеп бара жатты. Бұл кезде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тағы да сахабаларының арасы-
на қосылып, саптарды
жеке-жеке аралап көріп, жол
көрсетіп жатты. Бір сәт құлағына «Бүгін біз санымыз
аздығынан еш жеңілмейміз» деген сөз шалынды. Мекке
мен Мәдина жұртшылығы бас қосып, енді ешкімге әл
бермеспіз деп ойлаған еді. Ал анығында небір саны аз
топтар сан жағынан өздерінен әлдеқайда көп топтар-
ды жеңген болатын. Бұған Бәдірден бері бүгінгі күнге
дейінгі Хижаз аймағы куә болған еді. Жеңіс әрдайым
Аллаһтың көмегіне тікелей қатысты. Аллаһтың мерейін
үстем еткенді ешкім де жасыта алмақ емес, сондай-ақ
Аллаһ қор қылғанды ешкім де зор қыла алмақ емес
еді. Маңыздысы, Аллаһтың көмегіне арқа сүйеу, құл
ретінде керекті
талаптардың бәрін орындап, артынан
Жаратушыға тәуекел ету керектігі болатын. Сондықтан
Аллаһ расулы бұл айтылған сөзді жақтырмады. Дереу
әлгі сөзді айтқан кісіге қарап, қарасымен-ақ сол сөздің
дұрыс еместігін сездіріп, сахабалар арасындағы бір
қателікті түзеткен еді.
Шынымен де, түзетілуі керек бір ой еді.
Өйткені
жеңіс адам санының көптігінде емес ықыластылықта
болатын. Соңында Хүнейін сайына қарай түсіп бара
жатқанда, еш күтпеген шабуылға тап болды. Әуелі
соғыстардағыдай саптар қатар тізіліп, енді соғыс баста-
лады деген уақытта сайдың екі жағынан жау әскерінің
лап қойғаны мұсылман әскерлерді шеңбердің ішінде
қалдырды. Екі арада жазылған келісім шарт та жоқ бо-
латын. Бүгін Хауазиндықтар
әдеттегі соғыс тәртібіне
қарамай, айла-амалмен нәтижені әйтеуір өздеріне
қаратуға тырысты. Мұсылман әскерлер әлі де қылышын
қындарынан шығармаған еді. Оның үстіне алдыңғы