341
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
– Уа, расулаллаһ! – деді. – Үәйна
ибн Хисн мен
Ақра ибн Хабиске жүз түйеден бергенде, Жуайл ибн
Сұрақаға неге бермедің?
Көкейіндегі сауалды күн тәртібіне шығарды.
Бұл сұрағымен ол істің хикметін түсінгісі келген еді.
Расулаллаһ Сағыд ибн Әбу Уаққасқа былай деді:
– Мұхаммедтің
шыбын жанын уысында ұстаған
Құдіретке ант етейін, Жуайл ибн Сұрақа Үәйна ибн
Хисн мен Ақра ибн Хабис секілді жер беті тола адам-
дардан қайырлы. Мен мұсылман болсын деп, көңілдерін
аулағандықтан бердім. Жуайл ибн Сұрақаны болса,
ізгілікті мұсылмандығына қалдырдым.
Тіпті өзге
біреулер маған көбірек ұнап тұрса да мен бұларды
Аллаһ тозаққа тастамасын деп оларға олжадан көбірек
беріп, Исламға тартудамын.
Демек, пайғамбарымыздың оларға олжадан беруі,
жүректеріндегі иман сезімін тірілту, мұсылмандыққа
келуін тездету, солар арқылы
тайпаларын да исламға
тарту ниетінен туындады. Ендеше, бір кісіге олжадан
көбірек беру ол кісіні Аллаһ расулының көбірек жақсы
көргенін не дінге олардың көбірек жақсылығы өткенін
білдірмеді. Қайта болашақта олардың дінге жақсылығы
тиіп қалар деген үмітпен жасалған еді.
Достарыңызбен бөлісу: