333
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
– Уа, расулаллаһ, бұл бізге де ұнайды, – десті. Өз
еріктерімен үлестерінен бас тартты.
Алайда елшілер сұлтаны Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
бұның тек мешіттегілермен ғана шектелмей,
қоғамдағылардың бәріне тән еткісі келді. Сол үшін:
– Дәл қазір біз сендерден қайсыларыңның рұқсат
беріп, қайсыларыңның бермегендеріңді анық біле
алмаймыз.
Ең дұрысы, сендер үйлеріңе қайтыңдар,
мәселені араларыңда талқылаңдар. Содан кейін
араларыңнан бір кісі келіп, жағдайды бізге білдірсін, –
деді.
Көп өтпей Ансар мен Мұһажирлердің өкілі
Пайғамбарымызға келіп:
– Біз өз үлесімізді Аллаһ пен расулы үшін қидық,
– деп, бәрінің осыған тоқталған сүйінші хабарын
білдірді.
Сол күні ардақты сахабалар арасында осы
ұсынысты қабылдамаған Бәни Таймның шешені Ақра
ибн Хабис, Бәни Фараза басшысы Үәйна ибн Хисн, Бәни
Сүләймнің өкілі Аббас
ибн Мирдастан басқа ешкім
қалмады. Аллаһ елшісі бұларға босатқан әр тұтқын
үшін алғашқы олжадан алты түйе уәде еткенде, Үәйна
ибн Хисыннан басқалар дереу келісті. Бірақ Үәйна
бұған да көнбеді. Дүниелік малды көздеген ашкөздікті
көргенде Пайғамбарлар падишасы Үәйнаны меңзеп: –
Аллаһ тағалам, оның үлесіне тигенді азайт, – деп дұға
етті.
Барлық ұсыныстарды қабылдамаған Үәйна
тұтқындар арасына кіріп, бай бір тайпаның анасы
болар деп ойлап, кәрі бір кемпірді таңдады. Мақсаты:
осы кемпірді қайтаруды сұрап келушілерден көбірек
ақша алу еді. Алайда оның бұл пиғылы іске аспады, не
334
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
тұтқыннан, не оны босат деп келгендерден бес тиын да
ақша ала алмады.
Екінші жақта Хауазин тобы Аллаһ елшісінің ха-
барын өз басшылары Малик ибн Ауфқа жеткізді. Оған
бас амандығын қорғап қалуды айтты.
Маликты уайым
қыса бастады. Мұсылмандықты қабылдауға келсе,
отбасы мен мал-мүлкінің өзіне қайтарылатындығын
Сақифтықтар естісе, өзін қорғаннан шығармай қамап
тастауы мүмкін еді. Ешкімге сездірмей бір түйе дай-
ындатып, Денхаға жіберді. Түйемен жіберген жалшыға
өзі барғанша сонда күтуді тапсырды. Өзі түннің бір
уақытында тұрып, атына мінді де тура Денханың
жолына түсті. Малик ибн Ауфтың кетіп қалғанын жан
адам сезбеді. Денхаға келіп, түйесіне
мінген Малик
Жиранаға бет алды. Тіке Аллаһ расулының жанына
барды. Ұялды, бірақ шынайы бақытқа енді қол жеткізген
еді. Оның келгеніне қуанған Аллаһ елшісі уәде
еткеніндей отбасы мен мал-мүлкін өзіне қайтарып, оған
қосып жүз түйе берді. Бұндай жомарттық пен шынайы
қонақжайлылықты көрген Малик сезімін өлеңмен
жеткізіп, жер бетінде Пайғамбарымыздан асқан жо-
мартты, ізгі жанды көрмегенін, Пайғамбарымыздың
ертең болатындардан хабар бергенін айтып жатты.
Пайғамбарлар
төресі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Жирана-
да болған кезінде, бірінен кейін бірі тосын жағдайлар
орын алып жатты. Осында болған күндердің бірінде
жанына бір уақыттарда өзін алып Бәни Сағыд еліне
апарған сүт анасы Халима Садия мен күйеуі Харис ибн
Абдилузза, жанында Пайғамбарымыздың емшектес
бауыры Абдуллаһпен бәрі келе қалды. Пайғамбарлар
төресі бұл жүздесуге қатты толқыды. Дереу шапанын
шешіп, сүт анасы мен күйеуін құрметтегендіктен аста-
335
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
рына төсеп отырғызды. Емшектес бауыры Абдуллаһты
қарсы алдындағы орынға отырғызды.
Достарыңызбен бөлісу: