336
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
кезінде де
естіп, сол күннен бері қоғам мүлкіне қол
созғанша, аштан өлуді таңдайтындай болып еді.
Пайғамбарымыздың осы ескертуіне көп уақыт
өтпей сахабалардың бірі өрім жіп әкелді. Өңі қашып,
ұялғаннан Расулаллаһтың мүбәрак жүзіне қарай алмай:
– Уа, расулаллаһ, – деді. – Мен мына жіпті түйемнің
арқасындағы жауырдың жарасына алып едім.
– Ондағы маған тән ақымды кештім, – деді
расулалаһ. Алайда сахаба табанды еді. Нәтижесі ауыр
бұл істен кері қадам басқысы келмеді. Келген бойда
жібін әкеліп табыстады.
Кезек олжаның таратылуына келді. Бөлісті баста-
май тұрып әуелі Аллаһтың бұйрығына сай бесте бір
бөлік шетке алынды. Аллаһ расулы сол күні бұрын-
соңды болмаған бөліс жасады. Арабтарға сыйлы адам-
дарды алға шығарды. Оларды Исламға жақындату, тай-
паларын да Исламға тарту мақсатында оларға Хүнейін
олжасынан
айтарлықтай мол етіп берді
123
.
Хаким ибн Хизамға жүз түйе беріп еді, ол тағы бір
жүз түйе беруді сұрады. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
оған былай деді:
– Әй, Хаким! Дүние малы тым тәтті, көзді тарта-
ды. Кім оны көңілінің разылығымен алса, берекетке
кенеледі. Ал кім оны қомағайлықпен алса, берекетін
қашырады. Бұндай адам
қанша жесе де тоймайтын
адамға ұқсайды. Үстінде тұрып үнемі беретін қол
астында тұрып алатын қолдан қайырлы. Сен берерде
өзіңе ең жақындардан баста.
Хаким ибн Хизам қатты ұялды. Өңі өзгеріп,
пайғамбарымыздың бетіне қарай алмады. Басын жай
көтерді де былай деді:
123
Саны шамамен елу шақты бұл кісілер және оларға берілген үлес жай-
лы қараңыз. Салихи, Субулул-худа уәр-рәшад, 5/396.
337
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
– Сені ақиқатпен жіберген Аллаһқа ант етейін,
сенен кейін ешкімнен ештеңе сұрамайтын боламын.
Ешкімнен ештеңе алмаймын да.
Сол сәтке дейінгі оқиғаларды мұқият бақылаған
Сафуан ибн Үмейяның Пайғамбарымыздың елге жүз-
жүздеп бергенін көргенде, таңғалып, көзімен сай тола
қойлар мен түйелерді көзімен сүзіп келе жатты. Оны
байқаған Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жанына
жақындап:
– Уаллаһи, мына көрініс саған ұнады-ау деймін,
әй, Әба Уәхб, – деді. Артына қараған Сафуан:
– Иә, – дегенде, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Ендеше, осы сай тола малдың бәрі сенікі болсын,
– деді. Мұншалықты жомарттықты көрмеген Сафуан
бір мезет таңғала іркіліп қалды да, бойын тез жинап
ала қойды. Сөйтті де:
– Мен куәлік етемін: Аллаһтан басқа құдай жоқ,
сен оның елшісісің, өйткені осыншалықты жомарттық
тек пайғамбардың ғана қолынан келеді, – деді.
Сол сәтке дейін жүрегінен әлі де сылып алып тастай
алмаған дұшпандық пен жеккөрушілік сезімдері бір
демде жойылып, Аллаһ пен елшісін іштей жақсы көріп
кетті. Мекке азат етілгенде өлімге кесер деп қашқан,
Үмәйір ибн Уәхбтың талпынысымен жаңадан Мек-
кеге келген, тіпті ойлану үшін екі ай мерзім сұраған,
осы өтінішіне өзіне төрт ай
мұрша берілген Сафуан
ибн Үмәйя арадан шамамен қырық күн өткеніне
қарамастан, енді мойынсұнып, шынайы мұсылман
болған еді.
Басқалармен салыстырғанда өзіне азырақ үлес
тиген Аббас ибн Мирдас бұны қатты көңіліне алып,
ренішін өлеңге қосып,
Пайғамбарымызға сын таға
бастады. Өйткені Сафуан ибн Үмәйя, Ақра ибн