330
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Малик ибн Ауф Хауазин халқын Хүнейін сайына
бастап барып, осындай
қырғынға ұшыратқан жас
жігіт еді. Расулаллаһ оны ұмытпап еді. Сол үшін
Хауазиндықтардан оның жағдайын сұрады.
– Уа, расулаллаһ, – деді. – Ол Сақифтықтармен
бірге қашып Тайыфты паналап отыр.
Құлағанды демеу керек. Аллаһ елшісі оларға:
– Барыңдар да оған хабар айтыңдар, егер мұсылман
болып маған келер болса, малдарын, бала-шағасын
өзіне қайтарып, оған қосып жүз түйе беремін, – деді.
Өзі осы уақыттарда
Малик ибн Ауфтың жанұясын
Меккеге жіберіп, арнайы көңіл бөлу үшін әпкесі
Үммү Абдиллаһ бинт Әби Үмәйяның қасында ұстап
еді. Пайғамбарымыздың ниетінің ізгі екенін көрген
Хауазиндық топ:
– Уа, расулаллаһ, – деді. Олар біздің басшылары-
мыз, әрі ең қатты құрметтейтін кісілеріміз.
– Мен онсыз да оларға жақсылық қалаудамын, –
деді Аллаһ елшісі.
Сахабалар бұның
бәрін таңғала бақылап қарап
отырды. Демек, бүгінге дейін Хауазиндықтардан түскен
тұтқындар мен олжа малдарға Пайғамбарымыздың
ешкімге тиіскізбей ұстауында, ол мәселеде
асықпауында өздеріне беймәлім жайттар бар еді.
Пайғамбарымыздың оларға жақсы мәміле жасағысы
келгені тұтқындарға
мақта мен шыттан әзірленген
киімдерді таратып кидіргенінен белгілі еді. Қазір болса
бірнеше апта бұрын ғана өздеріне қарсы соғысқан
кісілер өз еріктерімен келіп, мұсылман болғандықтарын
айтып жатты. Бұл кезде сөз алған басшылары ақын
Зүхайыр ибн Сұрад Пайғамбарымызға қарап:
– Уа, расулаллаһ, – деді. Дәл қазір осындағы
тұтқындардың біразы өзіңнің туыс әпкелерің,
өзіңді
331
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
емізіп баққандар. Егер біз Шам патшасы Харис ибн Әби
Шимр немесе Ирак патшасы Нұғман ибн Мұнзырды
емізген болсақ, онда біз бүгін сенен емес солардан
жақсылық күтер едік. Анығында қарауда есейіп, ер
жеткендердің
ең қайырлысы өзіңсің, уа, расулаллаһ.
Бізге жақсылық жаса.
Пайғамбарымыздың алдында осыларды айтқан
ақын Зүхәйір кейіннен өлеңіндегі күшті пайдала-
нып, мақсатын өлеңмен де жеткізді. Онсыз да Аллаһ
расулының күткені осы еді.
– Менің және Абдулмутталибұлдарының үлесіне
не тисе де бәрі сендердікі, – деп бұйырды. Сахабаларына
бұл мәселеде үлгі көрсетіп, үлестерінен өз еріктерімен
бас тартуды білдіріп, өзі бірінші болып осыған бастама
жасады. Онсыз да осыны көрген Құрайыштықтар:
– Біздің үлесімізге тигендер Аллаһ пен расулына
бердік, – десті. Осы көрініске куә болған Пайғамбарлар
төресі: – Қайсысын таңдайсыңдар? – деп сұрады. Мен
үшін ең ұнамдысы сөздің ең шыны. Сендер үшін әйел,
бала-шағаларың артық па, әлде малдарың ба? Екеуінің
бірін таңдаңдар. Сендердің келетіндеріңді біліп, оларды
бөліске әлі салмап едім.
Соғыста айрылып қалған нәрселерінің бәріне қол
жеткізе алмайтындарын,
осы екеуінің бірін таңдау
керектігін білген Хауазин тобы:
– Уа, расулаллаһ! – деді. – Байқап отырмыз, сен от-
басыларымыз бен малдарымыз арасында бізге таңдау
салып отырсың. Біз үшін әйел, бала-шағамыз әрине
артық. Түйелеріміз бен қойларымызды қайткенде де
бер, – деп тұрып ала алмаймыз.
Пайғамбарлар төресі үшін бұл тосын жаңалық емес
еді, сондықтан: