МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет117/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Пайғамбарымызға жақын адамдардың 
көзі жасаурауы
Алайда барлығы Сағыд ибн Әби Уаққас секілді 
жақын емес еді, сондықтан ә дегенде мәселенің аста-
рын түсіне қоймады. Сол үшін араларында мынандай 
әңгіме орын алды:
– Аллаһ өзінің елшісін кешірсін. Шынымен де 
бұл өзі тосын іс болды. Қараңдар, бостандығын енді 
алғандар мен мұһажирлеріне беруде, қылышымыздан 
қан тамып тұрса да бізге ештеңе бермеуде. Сын-


342
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
дарлы уақыт туғанда бізді алға шығарады да, кезек 
олжа бөлісіне келгенде, біз шетте қалып кеттік. Бұл 
жағдайдың қалай орын алғанын білу керек. Егер 
Аллаһтың бұйрығы болса, шыдап көтерерміз. Ал 
Пайғамбарымыздың жеке көзқарасы болса, барып 
жағдайды айтып, наразы екенімізді білдірер едік. 
Осы кезде әсіресе кейбір жастар керек кезден тыс 
өздерінің еленбей қалғанын айтып, Расулаллаһқа 
наразы екендіктерін айтуды жақтады. Сырттай уәждері 
орынды секілді көрінгенмен, мәселе Аллаһ елшісінің 
қабылдаған шешімдеріне сын тағуға бара жатты. 
Бұлардың барлығы да бүлік еді. Қоғамға түскен 
бұндай кесел жайлы Аллаһ елшісін хабардар ету керек. 
Бұларды естігенде мазасызданған Сағыд ибн Әби 
Уаққас Пайғамбарымызға барып :
– Уа, расулаллаһ, – деді. – Ансарлық кейбір кісілер 
саған ренжулі, – деді. Хазірет Сағыдты тыңдаған 
Расулаллаһ: 
– Қай мәселеде? – деп сұрады. 
– Олжаны бөлгенде өз қауымың мен басқа араб тай-
паларына таратып, Ансарларға ештеңе тимегені үшін, 
– деді. Өкпелерінің себебін білгенде пайғамбарлар 
төресі: – Бұл мәселде сен қалай ойлайсың? – деп сұрады 
хазірет Сағыдтан.
Ол қысылып: – Мен қауымның ішіндегі жай бір 
адаммын, – деді. 
Белгілі болғаны сол, хазірет Сағыд та әлі мәселенің 
астарын түсінбеген еді, сондықтан ол да көпшіліктен 
басқаша ойламады. Осы себепті Аллаһ расулы оған: 
– Ендеше, қауымыңды дереу жина, бәрі келгенде 
маған хабар бер, – деді. 
Хазірет Сағыд сыртқа шығып, көзі түскен 
Ансарлардың бәрін айтылған жерге шақырды. Бәрі жи-


343
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
налып болды-ау дегенде, келіп хабар берді. Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
:
– Араларыңда сендерден басқалар бар ма? – деп 
сұрады. 
– Жоқ, уа, расулаллаһ! Қарындастарымыздың 
ұлдары ғана бар, – десті көпшілік. 
– Қарындастың баласы да сол қауымнан саналады, 
– деді Расулаллаһ. 
Көңілі жабырқап тұрды. Естігендеріне іштей 
қамыққан еді. Жүзінен сегіз жыл өзінен тәрбие көрген 
жамағатының аяқ асты шала бүлінгенін түсінбей 
тұрғандай сыңай сезілді. Күні бүгінге дейін дін жо-
лында жан беруге дайын болып келген жамағаттың 
дүние малын бөлісерде осындай мінез көрсеткені 
жанына батты. Бұндай мінезді еш күтпеген болатын. 
Дін дағуасын ертеңге апарар жандармен оңаша кездесу 
еді бұл. Енді олармен бір күмбездің астында жиылды. 
Әуелі Аллаһқа мақтау-мадақ айтқаннан кейін: 
– Уа, Ансар қауымы! – деп бастады сөзін. Мен 
келмей тұрып бәрің адасып жүргенде мен арқылы 
Аллаһ сендерді тура жолға салмады ма? Бәрің 
кедейліктің зарын тартып жүргенде мен арқылы Аллаһ 
сендерді байытпады ма? Бір-бірлерің жауласудан көз 
ашпай жатқан кезде Аллаһ көңілдеріңді жарастырып, 
арадағы дұшпандықтарыңды жоймады ма? 
Тері күмбездің астына жиналғандардан ләм-мим 
деген ешкім болмады. Бәрі сілтідей тына қалған. 
Борыштарлығын өздеріне сездірген бұл сөздерге олар 
не десін?! Терең тыныштықты Расулаллаһтың мына 
сөздері бұзды: 
– Уа, Ансар қауымы! Маған жауап бермейсіңдер 
ме?


344
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Біз не дей аламыз, уа, расулаллаһ? – деп 
жатты. – Саған қалай жауап берейік. Осы айтылған 
жақсылықтардың барлығы Аллаһтан, бәрі расулының 
арқасында орындалды. 
Бұл бір қабылдау еді. Алайда Расулаллаһ үшін 
әлі жеткіліксіз жауап. Сол үшін әлі де тереңдей түсіп, 
былай деді: 
– Уаллаһи, қаласаңдар, «Сен бізге қуылып келдің, 
біз сені паналаттық. Сен бізге мұқтаж болып келдің, 
біз саған көмектестік. Сен бізге қорқыныш-уайыммен 
келдің, біз сенің қауіпсіздігіңді қамтамасыз еттік. Сені 
бәрі тәрк еткенде, біз сені қолдадық. Өзіңе ешкім сенбей 
келгенде, біз саған сендік» дей аласыңдар. Сонда әрі 
шындықты айтасыңдар, әрі мен де оны мақұлдар едім.
Мойындарын иіп: 
– Аллаһқа әрі расулына борыштармыз, – десті, 
басқа ләм-мим дей алмады. Бұл жағдайда Аллаһ расулы 
оларға: 
– Ендеше, сендерден маған жеткен сөздерді қалай 
түсінуге болады? 
Көпшілік тағы да үнсіздікке берілді. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жауап күтіп тұрды. Оларға әлгі 
сұрағын қайта қойды:
– Онда менің құлағыма жеткен сөздерің не? 
Сыпайылық сақтап тағы да бір ағаттық жіберіп 
алмайық деп тұрды. Сол үшін көздерімен алдыңғы 
қатарлыларға сүзіле қарады. Расулаллаһқа солардан 
жауап күтті. Сол себепті Ансардың алдыңғы қатарлы 
адамдары алға шығып: 
– Біздің беткеұстар азаматтарымыз ешқашан бұлай 
деген емес. Оны айтқандар бозөкпе жастар болса керек. 
Олар «Жаратушы ие расулын кешірсін. Құрайышқа 


345
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
беріп жатыр, бізді елер емес. Қылыштарымыздан болса 
әлі қан тамып тұр» деді.
Кезек стратегияны осы шағын көпшілікке ғана 
ашуға мүмкіндік берді. Расулаллаһ олжа мәселесінде 
неге осындай әрекетке барғанын түсіндіріп, олардың 
көңілдерін жұбатпақ. Ансарды көзімен бір барлап бәрін 
құшағына сыйғызғандай ауанда сөйлеп кетті:
– Күмәнсіз, құрайыштықтар қиындықтардан енді 
арылып, жахилия кезеңін енді арта тастап, қатарымызға 
енді ерді. Сондықтан мен олардың жүрегіндегі 
реніштерін жуып-шайып, исламға жақындатқым 
келді. Жоқ әлде, уа, Ансар қауымы! Енді мұсылман 
болғандарға берген дүниеліктер үшін маған өкпелеп, 
жаман ойға берілдіңдер ме? Анығында мен сендерді 
өздеріңе бұйырған исламмен оңаша қалдырғым келді. 
Уа, Ансар қауымы! Басқалар еліне қой, түйелермен 
қайтқанда, сендер өз елдеріңе расулаллаһпен 
қайтуға разы емессіңдер ме? Уаллаһи, сендердің 
бірге қайтқандарың басқалардың қол жеткізіп 
қайтқандарынан көп артық. Шыбын жанымды уысын-
да ұстаған құдіретке ант етейін, барлық адамдар басқа 
жаққа кетсе, Ансар бөлек кетсе, мен Ансарлардың 
жолын таңдар едім. Өйткені сендер маған тым жақын 
адамдарсыңдар. Олар болса әлі бұл деңгейге жетпеді. 
Мен үшін ансарлар ең таңдаулы, ең іріктеулі жандар. 
Егер хижрет болмағанда, мен Ансарлардан бірі болар 
едім. Аллаһ тағалам, сен Ансарға мейіріміңді төк! 
Олардың бала-шағасына да мейіріміңді төге гөр! 
Осыншалықты шынайы айтылған сөздерді 
естігенде көңілдері босап көздері жасқа шыланған Ан-
сарлар: 
– Біз өз үлесімізге Аллаһ пен расулының 
бұйырғанына разымыз, – десті. Бес тиындық дүние 


346
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
малына бола Расулаллаһты ренжітіп алғандарына 
қатты қамықты. Жылағаннан сақалдары жасқа шы-
ланып, көздері бұлаудай болды. Тіпті сол күні 
Пайғамбарымыз оларға Бахрайн тарапынан келген бір 
олжаны бөліп бермек болғанда, қарсылық танытып: 
– Сенен кейін бізге дүниелік ештеңе керек емес, – 
деген еді. Аллаһ расулы оларға: 
– Күмәнсіз, сендер менен кейін мал мәселесінде 
басқалардың сендерден артық тұтылғанына куә 
боласыңдар. Алайда сендер хауызымның басында 
менімен кездескенге дейін мейлінше сабыр етіңдер! – 
деді. 
Олжа бірінші кезекте мұсылмандыққа шақырылған 
адамдарға берілгеннен кейін екінші кезекте 
Пайғамбарымызбен бірге иықтасып жүріп соғысқан 
шынайы жандардың үлесін таратуға келді. Қолдағы 
қой мен түйелермен әскерлердің саны белгіленіп, 
нәтижеде бір жаяу әскерге төрт түйе мен қырық қой, 
аттыларға он екі түйе мен жүз жиырма қойдан үлес 
тиді. Соғыста бірден атпен қатысқандар үшін бұдан 
бөлек бір үлес есептелмей, осы себепті ардақты сахаба-
лар ұзақ күтуден кейін байлық құнындағы малдармен 
кері қайтудың қуанышын сезіне бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет