МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет12/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жалған сөйлеушілер
Мәжілістегі талас-тартыс күшейе түсті. Жан-
жақтан айтылған ұсыныстар қисынсыз деп табылды. 
Бір кезде Бәни Құрайза мен Бәни Нәдірге қатысы жоқ, 
олардан гөрі отырықшы өмір салтын ұстанып келген 
Хузәйіл қауымынан шыққан Саяның ұлдары Усайд 
ибн Сағләбә және олардың ағайыны Әсәд ибн Убәйд 
ортаға шығып, былай деп өз ұсыныстарын айтты:
– Уа, Құрайза қауымы! Мұхаммедтің 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
Аллаһ жіберген елші екенін бәрің де білесіңдер. 
Оның бойындағы бар ерекшелігі киелі кітаптарда 
анық жазылған. Ол жайлы біздің де, Бәни Нәдірдің да 
ғұламалары жиі айтып отыратын. Мына Хубәй ибн 
Ахтабтың кезінде Жубәйр ибн Хайябанмен бірге талай 
мәрте осылай дегенін білеміз. Ол қайтыс болмай тұрып 
болашақ Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
барлық 
ерекшеліктерін жіпке тізіп айтып кеткен болатын. 
Бірақ бұл сөз де оларға ұнай қоймады. Олар:
– Біз Тәураттан бас тартпаймыз, – деді. Жиылған 
көпшілік осылайша өз басын өзі өлімге тігіп жатты. 


24
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Олардың бұл жағдайы өз көрін өзі қазған кісіні 
елестететін
7
.
Осы сәтте ортаға Әмір ибн Сууда шығып былай 
деді:
– Уа, яһуди қауымы! Сендер Мұхаммедпен 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
жасасқан келісімді бұзып, опасыздық 
жасадыңдар. Бірақ мен сендерден емеспін. Сондықтан 
мен бастарыңа келетін жазаға ортақтасқым келмейді. 
Мұхаммедке 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бас иетін болсаңдар 
да, яһуди екендіктеріңді ұмытпаңдар! Осы атқа лайық 
болыңдар. Егер ол келісетін болса алым-салық төлеп 
тұрыңдар!
– Біз екінші өзімізден әлдеқайда төмен сана-
латын арабтарға салық төлемейміз. Одан да өлген 
артық, – деп шулаған яһудилер Әмір ибн Судданы 
одан ары тыңдағысы келмеді. Осылайша қасарысқан 
Бәни Құрайза қауымы ендігі жерде өздеріне жұмаққа 
жеткізетін жол көрсетілсе де қарсы шыққанын 
қоймайтын дәрежеге жетті. Тіпті, өздеріне шын ниет-
пен тығырықтан шығатын жол нұсқағандарға да қастық 
көзбен қарай бастады. Амал жоқ Бәни Құрайзадан 
үмітін үзген Әмір:
– Онда не істесеңдер де өз еріктерің. Мен өз 
жолыма кеттім, – деп қалың көпшілікті киіп-жарып 
өз жолына кетті. Сайяның екі баласы және Әсәд ибн 
Убайдпен бірге қамалдан сыртқа шығып бара жатып 
күзетте тұрған Мұхаммед ибн Мәсламға:
– Бұл кім? – дейді.
7
Сол түні өз қауымының түрлі ұсыныстарға қарсы шыққанын көрген 
Усайд пен Сағләбә ағайындарын ертіп Аллаһ елшісіне келіп, басын 
иіп, қателігін мойындаған. Осылайша Ислам дінін қабылдаған олар 
әйел, бала-шағаларын да құтқарып қалды. Қараңыз: Ибн Абдулбирр, 
Истияб, 1/96; Ибн Хажар, әл-Исаба 1/52 (100)


25
Хандәк соғысы 
Әмір ибн Сууда, – деген жауап алады. Бұл әрине 
таныс еміс болатын. Соңына бір топ адам ерткен бұлар 
келешектегі жағдайын жете түсінген көпшілік бола-
тын. Шығып бара жатып Мұхаммед ибн Мәсламға 
қолыңды жай деп бата беріп кетті:
– Уа, Аллаһ тағалам! Өзіңнің ақиқат жолыңа бет 
бұрған пенделеріңнің жолын ашып, бақытты ете гөр!
Ибн Сууда Нәби мешітіне келіп, сол жерде таң 
атқанға дейін отырды. Ертесіне оны көрген кісілер оны 
ертең де осы жерден көретін шығармыз деп ойлаған. 
Бірақ ол ертесіне беймәлім бағытты бетке алып, жүріп 
кетті. Болған жай Аллаһ елшісіне 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жеткізілгенде ол:
– Аллаһ тағала оны таңдаған шешімі үшін жазадан 
сақтады! – деп мәлімдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет