21
Хандәк соғысы
– Бұл қандай таңдау? – деп сұрады көпшілік. Кағб
ибн Әсәд өз ойымен бөлісе бастады:
– Әрине, айтқанына құлақ асып, Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бағынуымыз қажет. Оның Аллаһ
жіберген пайғамбар екені анық. Сонда сендер мал-
мүліктерің мен әйелдеріңді аман алып қала аласыңдар.
Оның Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
екенін
бәрің
де шүбәсіз біліп тұрсыңдар. Менің оған бағынғым
келмейтін себебім, оның яһуди нәсілінен емес араб
болуы. Мен әрине Мұхаммедпен
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
арадағы келісімді бұзғым келмеді. Біздің тығырыққа
тірелуімізге және мұншама қиын жағдайға тап
болуымызға кінәлі Хубәй ибн Ахтаб
6
. Ибн Жаууаштың
осында келгенде айтқан сөздері есіңізде болар? Ол:
– «Менің Шам сияқты түрлі ішімдіктері,
жеміс-
жидектері мен саялы бақтары бар жерді тастап, мына
шөлейт далаға неге келгенімді білесіңдер ме?» – деп
сұрады. Көпшілік:
– «Жоқ білмейміз», – дегенде, ол:
– «Бұл қаладан күндердің-күнінде бір кісі шығады.
Егер мен сол кісіні көрсем күмәнсіз оны мойындап,
көмекші болар едім! Ал егер ол кісі мен өлген соң келер
болса, онда сендер оған мойынсұныңдар. Сонда ғана
сендер алдыңғы және соңғы кітапты да мойындап,
амал еткен Аллаһтың бақытты құлдарының қатарында
боласыңдар. Сәлемімді жеткізіп, менің оны мойындап
кеткенімді айтыңдар», – деп айтқан еді.
6
Екі арадағы келісім-шартты бұзғызып, оларды соғысқа итермелеуші
Хубәй ибн Ахтаб Кағб ибн Әсәдқа берген уәдесін орындауға мәжбүр
болды. Осылайша Бәни Құрайза қамалында қалуына тура келді.
Қараңыз: Ибн Хишам, Сира, 4/195; Табари, Тарих 2/99
22
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Сондықтан да бәріміз оны мойындап, келісімге
келгеніміз жөн болар. Олар бұған дейін алдарыңа келіп,
бұлай деген жоқ. Бірақ көпшілік оған:
– «Біз Тәураттың үкімдеріне қарсы шықпаймыз.
Тәуратты ешқашан басқа кітапқа айырбастамаймыз», –
деп жауап берді. Кағб сөзін жалғастырып былай деді:
– Жарайды,
бұл ұсынысты қабылдағыларың
келмейді екен. Онда әйел, бала-шағаларымызды өз
қолымызбен өлтіріп қылышымызды қолымызға алып
Мұхаммедке
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қарсы шығайық.
Осылай етсек Аллаһ өз үкімін бергенге дейін артымызға
алаңдамай, қасық қанымыз қалғанша соғыса аламыз.
Өлсек те артымызда қиыншылық көріп, зардап шегетін
ешкім қалмайды. Егер жеңіске жетсек, басқа әйел алып,
өмірімізді жаңадан бастаймыз!
Кағб айтқан сөздердің шарасыздық амалы екенін
елдің бәрі анық сезді. Өйткені ол кісі өмірде бұлай
сөйлейтін адам емес-тін. Шынтуайтында,
жағдай
қатты шиеленісіп кетті. Қолмен жасағанды мойынмен
көтеруден басқа амал қалмаған еді. Мұсылмандарға
жасаған қиянаттары үшін жауап беретін шақ келді.
Кағб тығырықтан шығудың жолын іздеп басы қатты.
Бірақ мәселе қиындықсыз шешілмейтіні анық еді.
Сондықтан да:
– «Бала-шағамызды қалай өлтірмекпіз? Олар бол-
маса, өмір сүрудің не қажеті бар?» – деп ойлады. Содан
соң Кағб өзінің үшінші ұсынысын айтты:
– «Жарайды, екінші ұсынысымнан да бас
тарттыңдар. Ендеше тыңдаңдар. Бүгін кешке
Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
пен оның жақтастары
алаңсыз ұйықтайды. Осы сәтті пайдаланып тұтқиылдан
шабуыл жасайық», – деді.
23
Хандәк соғысы
Көпшілік қайтадан дабырласып, өзара сөйлесе ба-
стады. Олар:
– «Сенбі күніне құрметсіздік көрсетіп,
бұрын-
соңды ешкім жасамаған шара қолдануымыз керек пе
сонда? Бұған дейін Мұхаммедке
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қарсы келгендердің қандай жағдайға ұшырағанын
бәріміз білеміз. Олардың маймылға айналғанын біліп
тұрып осылай жасағанымыз қалай болар екен?»
Жан-жақтан түрлі пікірлер айтылып жатты. Кағб
та не істерін білмей састы. Соңында былай деді:
– Меніңше, араларыңда ешбірің осы уақытқа дейін
нақты шешім қабылдамапсыңдар. Енді бір байламға
келейік!
Достарыңызбен бөлісу: