МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет9/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Бәни құрайза тайпасы
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларымен 
бірге Мәдинаға қайтты. Елге жеткен соң қаруларын 
тастап, бел шешіп алаңсыз демалуға кірісті. Аллаһ 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Айша анамыздың отауы-
на барып беті-қолын жуғаннан соң Нәбәуи мешітіне 
барып сахабаларымен бірге бесін намазын оқыды.
Намаздан кейін үйіне қайтты. Есік алдында сәлде 
киген аттылы кісіні жолықтырды. Ол үстіндегі ескі, 
тозығы жеткен киімдері селк-селк етіп Аллаһ елшісіне 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
дауыстап тіл қатты.
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
дауысты ести сала 
әлгі кісінің қасына барды. Айша анамыз да не болар екен 
деген оймен есікке жақын келіп, жағдайды бақылады. 
Сыртқа шыққан Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
қуанышында шек жоқ-ты. Келген Дихият-ул 
Кәлби бейнесіндегі Жәбірейіл періште болатын. Ол:
– «Уа, Аллаһ елшісі! Қару-жарақтарыңды неге 
асығыс тастадыңдар? Дұшпан келгеннен бері біз, 
періштелер қаруымызды тастамадық. Қазір де Хамра-
ул Әсәдқа дейін оларды тықсырған соң да қаруымыз 
қолымызда. Аллаһ тағала оларға ауыр соққы берді. 
Аллаһ сендерді кешсін! Сендер неге бізден бұрын 
қаруларыңды тастадыңдар? Қане, атқа қоныңдар! 
Аллаһ бізге Бәни Құрайзамен соғысуды бұйырды. 
Періштелеріммен бірге олардың қамалын бұзу үшін ат-
танып барамын. Сен де сахабаларыңмен бірге атқа қон!
Сахабаларына өте ынтық болған Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Жәбірейіл періштеге: 
4
«Ахзаб» сүресі, 33/9 т.б.


15
Хандәк соғысы 
– «Сахабаларым 
қатты 
шаршады. 
Аздап 
тынығулары үшін бірнеше күн мұрсат бер», – деп 
өтініш білдірді. Жәбірейіл періште:
– «Жоқ. Еш аялдамастан әскеріңді жинап жорыққа 
аттан. Төбелеріне жай түскендей етіп, тас-талқанын 
шығарамыз», – деді. Сондықтан күтетін уақыт жоқ-ты. 
Жәбірейіл періште де осыны айтып болып, серіктерімен 
бірге алысқа ұзап бара жатты.
Осының бәріне куә болған Айша анамыз үйге кіріп:
– «Уа, Аллаһтың елшісі! Ол кім?» – деп сұрады.
– Сен оны көрдің бе?
– Иә.
– Кімге ұқсаттың?
– Дихия ибн Халифа әл-Келбиге.
– Ол Жәбірейіл періште еді. Маған Бәни 
Құрайзаға жорыққа аттануды әмір етті. 
Көп ұзамай-ақ Мәдина көшелерінде мұсылмандар 
жаршысы:
– «Кімде-кім Аллаһ пен елшісіне мойынсұнар 
болса, екінді намазын Бәни Құрайзада оқысын»
5
– деп 
аттан салды. Пайғамбарымыздың сондағы мақсаты 
алдағы жорықтың қаншалықты маңызды екенінен 
халықты хабардар ету еді.
Зулхиджа айының жиырма үшінші жұлдызы бо-
латын. Мәдинаға басшы болып Абдуллаһ ибн Умми 
Мактум қалады. Хандақ сапарынан кейін жиналып 
5
Тіпті, осы әмірге байланысты сахабалар уақыты кірген екінді намазын 
жолда оқып-оқымауға байланысты пікірталасқа барған. Кейбірі на-
маз уақыты кіргенін айтып, намаздарын жолда оқыса, енді бірі Аллаһ 
елшісімен 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бірге Бәни Құрайзаға жеткенге дейін 
намазын оқымаған. Тіпті, кейбір кешіккендердің өзі екінді намазын 
күн батуға аз қалғанда оқып үлгерген. Бірақ Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
бұлардың ешбіріне сенікі немесе мұныкі дұрыс емес деп 
айтпаған. Қараңыз: Сахихи Бұхари 1-321 (904); 4/1510 (3893); Табара-
ни, Мұғжамул-кабир 19/79 (160)


16
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
үлгермеген ту Әлиге тасырылды. Сахабалардың бәрі
сауыт-саймандарын киіп, қару-жарағын асынып жолға 
шықты. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
де құйрық-
жалы төгілген Лухайф деген атына мініп, үш мың са-
хабасымен Бәни Құрайзаға қарай бет алды.
Бәни Нәжжар еліне жеткенде, бес қаруы сай екі 
бірдей жасаққа кезікті. Негізінен, Бәни Құрайзаға 
жорық жасау хабары бұл аймаққа енді ғана жетуі тиіс 
еді. Бұлар қалай тез дайындалып, сап түзеп үлгерген? 
Сондықтан Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оларға:
– «Алдарыңыздан кезіккен біреу болды ма?» – деп 
сұрады. Олар:
– «Иә. Ер-тоқымының үстіне барқыт көмкерген 
Дихият-ул Келби бізге:
– Аллаһ елшісі көп ұзамай-ақ жетеді, – деп, бізге 
бес қаруымызды сайлап, дереу сап түзеуді әмір етті», – 
деді. 
Бұлар негізінен Жәбірейіл періштені көрген бола-
тын. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– «Ол – Жәбірейіл періште еді. Дұшпанымызды 
қорқытып, қамалдарын қирату үшін Аллаһ тағала 
оларды Бәни Құрайзаға жіберді», – деп түсіндірді.
Әбу Қатада секілді сахабалармен бірге жауға 
бірінші соққы беруді көздеген хазірет Әли де Бәни 
Құрайзаға ең алғашқы болып жетті. Әли келіп 
Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
туын тіккен кезде 
ашуланған Бәни Құрайзалықтар ауыздарына келгенді 
айтып, Пайғамбарымыздың анасы мен әйелдеріне 
және мұсылман қауымының аналарына тіл тигізіп
балағаттай бастайды. 
Бұл істің насырға шапқанын көрсетті. Сахабалар 
мұндай бейәдеп сөздерді естіген соң шындап ашулан-
ды. Бірақ шынайы мұсылманға тән мінезбен ашуын 


17


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет