13
Хандәк соғысы
– «Хатыңды алдым. Әскеріңнің көптігіне сеніп
әлі де қайтар емессің! Сөздеріңе қарасам бізді құртпай
тынбайтын түрің бар! Бірақ арада болған текетіресте
Аллаһ тағала бізді қолдап келеді. Аллаһ тағала әлі-ақ
Лат, Узза, Исаф, Найла және Хубәлді жермен-жек-
сен ететін күнімді саған көрсетеді.
Мұны есіңнен
шығарма, Бәни Ғалибтің көрсоқыры!»
Қылышқа жүгіну секілді қаламмен жұмыс істеудің
де маңызы зор. Бұл жерде Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
жауабы жеңілгеніне қарамастан қоразданған
Әбу Суфиянды сөзбен басып, келешекте тап болар
қатерлерден хабардар ету еді.
Мүшріктер Хандақтан шегінген соң шеп құрудың
қажеті қалмады. Сондықтан Аллаһ елшісі
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
Мәдинаға қайтуды бұйырды. Бірақ, Бәни
Құрайзаны ойлағандықтан сахабаларға кері қайту
жайлы қуанышты хабарды айтпай тұрып, бір нәрсенің
басын ашып алу қажет еді.
Өтірік сылтаумен әскер қатарынан сытылып
шығып кеткен Ахзаб сарбаздарының кейбірі әскердің
шегінгенінен бейхабар болатын. Олар: «Мұсылмандар
қашан жойылады екен» деген оймен қуанышты хабар
күтіп жатты. Олар Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
сау-саламат қайта оралуын өкінішпен қабылдады.
Бұлардың арасында Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
Бәни Құрайза тайпасы да бар еді.
Оларды көп
үміттендірген Ахзаб әскері тас-талқаны шығып кері
шегінді.
Шамамен бір айға созылған текетіресте
мүшріктерден 3 кісі өліп, сахабалардан 8
кісі шейіт
болды. Сол кезде Жәбірейіл періште келіп, Хандақтағы
14
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
соғыста әрбір жасақтың ішкі жағдайын тілге тиек етіп,
болған оқиғаларды бастан-аяқ баяндап берді
4
.
Достарыңызбен бөлісу: