18
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Бірақ осыншама
сөзден кейін одақтаспыз деу
шындыққа жанаса қоймайтын. Сондықтан ибн Худайр
оларға:
– «Арамызда
ешқандай
келісім
немесе
уағдаластық болған емес», – деді. Осы кезде Аллаһ
елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
де жақындады. Сахаба-
лар да оны қоршап тұра қалды. Біраз алға жылжыған
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Бәни Құрайзаның
басшыларына былай деді:
– Аллаһ тағала қаһарына мініп, сазайларыңды
берді. Бірақ сендер әлі де маған тіл тигізуден
танбайсыңдар!
Мұны естіген олар лезде мүсәпір бола қалды. Аз
ғана бұрын аузына келгенді айтқан құдды бұлар емес
секілді.
– «Уа, Аллаһ елшісі! Біз олай істеген жоқпыз», – деп
өтірікке басты. Осындай сөздерден өздерінің сүттен ақ,
судан таза екеніне сендіруге тырысып бақты.
Қоршау
Қамал қоршауға алына бастады. Сол күні
кешке
Сағд ибн Убада мұсылмандар жесін деп бір арба құрма
жіберді. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қуанып:
– «Құрма қандай керемет жеміс», – деп осындай
қиын-қыстау заманда сахабаларға көмек көрсеткен
кісіні үлгі етті.
Таң сәріден Бәни
Құрайзаға шабуыл бастал-
ды. Қамалды қоршау мақсатында сахабалар сапқа
тұрғызылды. Екі жақтың бір-біріне оқ атуы кешке
дейін толастамады.
Осылай күн артынан күн өтіп жатты. Азық-түлік
қоры болғандықтан қамалдағы халық өз-өздеріне
сенімді болды. Сондықтан мойынсұну олардың ойына
да кіріп-шықпады.
19
Хандәк соғысы
Бірақ уақыт өте келе
олардың ойы теріске шыға
бастады. Жағдай өзгеріп, түбінде жеңілетіні де белгілі
болды. Сондықтан да іштегі күңкіл көбейіп, бір күні
сыртпен байланыс жасалды. Олардың өтінішіне құлақ
асып, қалауымен Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
келіссөздер жасауға келісті.
Бір күні Нәббаш ибн Қайс іштен шығып, Аллаһ
елшісіне
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қарай адымдап бет алды.
Ол:
– «Бәни Нәдірге жасағаныңдай бізге де бала-
шағамызды ертіп, мал-мүлкімізді алып,
бұл жерден
кетуге рұқсат бер. Қару-жарақпен қоса түйеміз көтере
алғанша дүние-мүліктерімізді алып кетейік», – деді.
Бәни Нәдірдің оқиғасынан бері көп уақыт өткен
болатын. Алдында ғана келісімшартты бұзған екі
қауымның қандай жағдайға тап болғанын жақсы
білетін өзгелер қарсыластарымен келіссөздерге барған
еді. Бұлар да Бәни Нәдір
секілді көптеген қателіктер
жасағанына қарамастан Мәдинаны сыртқы жаудан
қорғау мәселесінде бірігіп іс-қимыл жасауға Аллаһ
елшісімен
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мәмілеге келген еді.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бұларға жасаған
жақсылықтары тек мұнымен шектеліп қалмады. Ол
Мәдинаға келгенге дейін ешбір Бәни Құрайзалық өзге
бір Бәни Нәдірлықпен тең деп есептелмейтін. Бәну
Құрайзалық біреуді өлтірген жағдайда, Бәни Нәдірлік
құн төлеп, өлім жазасынан құтыла алатын болған.
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мәдинаға келген соң
ғасырлар бойы езгіде болып келген Бәни Құрайза
қауымын өзге қауымдармен әлеуметтік тұрғыдан
теңестірілгенін мәлімдеді.
Ал енді бұл қауым
сауда-саттықты дұшпандар
тұратын жерге ауыстырып, аттарымен де Ахзаб