МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет77/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

зейнеп анамыздың қайтыс болуы
Мәдинаға қайтқанда күнтізбе жетінші жылдың 
Зилхижжа айын көрсетіп тұрды. Қайтқаннан кейін 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тағы да қауіпсіздік 
мақсатында жан-жақты жасақтар жіберуін тоқтатпады. 
Осы мақсатта елу кісілік жасақты Ибн Әбил-Әужаға 
басқартып маңайға жолдады. Шужа ибн Уәхбті жиырма 
төрт кісілік шағын жасақпен Хауазин бағытына жолға 
салды. Қағыб ибн Үмәйірді он бес кісілік шағын 
жасақпен Бәни Қадааға бағыттады. 
Осы аралықта Пайғамбарымыздың қызы Зейнеп 
анамыз науқас еді. Бәдір соғысынан кейін тұтқынға 
түскен күйеуі Әбуласты Пайғамбарымыз қызын 
Мәдинаға жіберу шартымен босатты. Осы себепті 
Зейнеп анамыз әкесінің қасына келді. Келуіне келіп еді, 
алайда Меккеліктердің шығарған шуының кесірінен 
жатырындағы баласын түсіріп алды. Осы оқиғадан 
кейін оған бір кесел жабысқан болатын. 
Бір жыл бұрын Мұхаррам айында Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оны күтеді. Әбулас мұсылман 
болғаннан кейін некелерін жаңартып, қайта қосқан бо-
латын. Ал енді дүниедегі бар досымен кош айтысып, 
анасы бар, одан да бұрын көшіп кеткендер бар бүкіл 
сүйгендерінің артынан өзі де бақиға жол тартты
91

Хазірет Зейнептің дүние салды Аллаһ елшісіне өте 
ауыр тиді. Кішкене жаста шетінеп кеткен ұлдарынан 
91
Хазірет Зейнеп анамызға қатысты кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: 
Академи араштырма хейети, Ен ондекилер. 90 б. 


223
Хайбардан кейінгі жағдайлар
басқа әуелі Рұқия анамыз, ал енді Зейнеп анамыздан 
айрылған еді. Хадиша анамыздың аманаты ретінде 
қасында тек Үммү Гүлсім мен Фатима анамыз ғана 
қалған болатын. Үммү Атия марқұмды мұқият жуып, 
кебіндеді, ал жаназасын пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)
өзі шығарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет