МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет76/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Меккеден кету
Санаулы күндер көзді ашып жұмғанша өте шықты. 
Осы жерге келген сәттен бастап, құлшылыққа берілген 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
үшін Абтах деп аталған 
жерде бір шатыр құрылып, қалған уақыттарында 
Расулаллаһ осында келетін. Төртінші күні таңертең 
тағы да Құрайышқа өкілдік еткен Сүхәйл ибн Амр мен 
Хуайтыб ибн Абдулұзза Аллаһ елшісінің құзырына 
келіп: 


220
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Келісілген уақыт бітті. Енді бұл жерден кетіңдер, 
– деді. Бұл кезде Аллаһ елшісі бір топ ансарлықтармен 
сөйлесіп отырған. Екеуіне қарап:
– Маған тағы бірнеше күнге мүмкіндік берсеңдер. 
Араларыңда болып сендерге ас берсем деп едім, – 
деді
89

– Бізге асыңның қажеті жоқ. Арамыздан тезірек 
кет. Үш күн өтті. Уа, Мұхаммед, Құдай үшін, арадағы 
келісім бойынша жерімізден дереу кетуге тиіссің! 
Екеуінің Аллаһ елшісіне көрсеткен дөрекілігіне 
қатты ашуланған Сағыд ибн Үбада: – Әй, анаң аңырап 
қалғыр. Бұл жер сенің де, әкеңнің де жері емес. 
Уаллаһи, Расулаллаһ бұл жерден сендердің күштеп 
кетірулеріңмен емес, тек келісімнің баптары бойынша 
кетеді, – деді. 
Хазірет Сағыдтың бұл әрекетін көргенде, Аллаһ 
елшісі езу тартты. Бұл адамның өз басшысын қорғаштау 
еді. Алайда жағдай сыпайылық көрсететіндей емес. 
Сонда да Аллаһ елшісі сыпайылықпен әлгі екеуінің 
көңілін аулау үшін хазірет Сағыдқа қарап: – Әй, Сағыд!
– Бізді зиярат етіп келген қонақтарды ренжіткеніміз 
жарамас – деп дауыстады. 
Осыдан кейін Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Әбу Рафиға дауыстап жолға жиналуға бұйрық берді. 
Қағбамен қоштасатын да уақыт келді. Алайда бұл 
уақытша айрылысу еді. Өйткені Меккеліктердің 
89
Мәймуна анамыз хазірет Аббастың жұбайы Үммү Фадыл мен хазірет 
Жағфардың жұбайы Әсма бинт Үмәйстің сіңлісі еді. Күйеуі өлгеннен 
кейін жесір қалған. Осындай жағдайда Меккеде қиналғанын көрген 
Пайғамбарымыздың көкесі хазірет Аббас әлі Мәдинадан кетпей тұрып 
мәселені Аллаһ елшісіне білдіріп, екеуіне некелесуді ұсынды. Аллаһ 
елшісінің Меккеге келген мүмкіндігін пайдаланып, хазірет Мәймуна 
анамызбен некесін қиды. Осы некені себеп етіп Меккеліктерге ас беріп 
көңілдерін аулағысы келген. Ибн Хишам, Сира 5/20; Сүхайли, Раудул-
унф, 4/117; Салихи, Субулул-худа уәр-Рәшад, 11/208. 


221
Хайбардан кейінгі жағдайлар
бұрынғы қабақтары жұмсара бастағандай. Тіпті 
көкейлерінде басқаша сұрақтар туындай бастаған 
секілді. Қағбада Әбу Рафидың дауысы жаңғырды: – 
Кешкісін мұсылмандардың ешбірі бұнда қалмайтын 
болсын! 
Жүрегі Қағбада қалып кеткен Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
Әбу Рафиге дауыстап, жолға шығуға бұйрық 
берді. Дәл осы кезде арт жақтан бір қыз баланың 
жылаған ащы даусы естілді: 
– Көке! Көке! – деп шыңғырып жатты. Аллаһ 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
артына бұрылып дауыс 
шыққан жаққа қарағанда бұл кішкене қыздың көкесі 
әрі емшектес бауыры хазірет Хамзаның аманаттап 
тапсырған Үмәма екендігін көрді. Шынымен де жүректі 
қозғайтын көрініс еді. Көргендердің көңілі босап, 
көзіне жас үйірілді. Ұхыдтың арыстаны әрі шейіттердің 
мырзасы хазірет Хамзаның жетім қызы Расулаллаһқа 
жүгіріп келе жатты. Қаны тартқан еді. Шырылдап
өзін бұнда тастап кетпеуді өтініп жатты. Жылдам 
барып қолынан ұстаған хазірет Али: – Көкемнің қызын 
қайтіп мүшріктердің арасында жетімсіретеміз? – деп 
Пайғамбарымызға дауыстап, Мәдинаға қызды ала 
қайтқысы келетінін білдірді. Аллаһ елшісі де 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
солай ойлаған еді, сондықтан хазірет 
Хамзаның жетім қызы мұсылмандардың қатарына 
қосылып Мәдинаға бірге қайтты
90

Расулаллаһ Мәймуна анамызды әкелуді Әбу 
Рафиға тапсырды. Сәрифке жеткенде аялдап, соларды 
90
Мәдинаға келгеннен кейін Үмәма үшін араларында дау туын-
дап, сол дауды да Аллаһ елшісінің өзі шешкен. Хазірет Зәйд, Али, 
Жағфардың артықшылықтарын айтқаннан кейін Үмәманың туыс 
әпкесінің Жағфармен үйленгені себепті қыздың Жағфарда қалуына 
үкім шығарған. Ибн Сағыд, Табақат, 8/159; Уақиди, Мағази, 1/739; 
Ибн Хажар, әл-Исаба, 7/706. 


222
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
күткенді жөн көрді. Олар келіп, артта ешкім қалмаған 
кезде қайтадан Мәдинаға сапар басталды. Көбіне түнде 
жүріп отырды. Осымен бір жыл бұрын көрген түс міне 
осылайша жүзеге асты, Аллаһтың уәдесі орындалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет