МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет75/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Құрайыштың қылығы
Қуайқан тауының Хижрға қарайтын жағына 
отырып, Қағбаны тауап етушілерді алыстан тамаша-
лап отырған мүшріктер алғаш рет өздері естіген бұл 
дауыстан іркіліп қалды. Таңғалыстарын жасыра алмай 
өз араларында сөйлесе бастады. Әбу Жаһилдің ұлы 
Икрима: 
– Аллаһ мына құлдың дауысын естірпей 
Әбулхакамға жақсылық жасаған екен, – деп әкесі Әбу 
Жахилдың бұндай көрініске шыдамасын білдірді. Оған 
Сафуан ибн Үмәйя қосылып: 
– Осы сәтті көрмей өмірден өткен әкем үшін 
Аллаһқа шүкір, – деді. 
Екеуіне Халид ибн Әсид қосылып: 
– Біләлдің Қағбаға өрмелеп шығып, елеуреген 
мына күнін көрсетпестен әкемді алған Құдайға шүкір, 
– деді. Сүхәйл ибн Амр мен сонымен бірге болған топ 
болса, хазірет Біләлдің шақырған азанын естімеу үшін 
саусақтарымен құлақтарын бітеп, жүздерін бұрып, 
Аллаһтың сөзін естігілері келмей тыжырынып отырды. 
Бойларын ашу-ыза, қызғаныш кернеді. Алайда қолдан 
келер қайран жоқ еді. Барлық нәрсе арадағы келісімге 
сай жүріп жатты. 
Көз көріп, құлақ естіген көріністердің барлығы 
да Қағбаға бөлекше жан біткенін байқатты. Мына-


219
Хайбардан кейінгі жағдайлар
лар айшық жол жүріп шаршап-шалдығып, арып-
ашып келген адамдарға мүлдем ұқсамайды. Бүгінге 
дейін естігендері не өтірік болып шықты, не Аллаһ 
елшісі мен сахабаларды тың күйде ұстап тұрған бір 
күш бар болғаны. Өз-өздеріне: – Безгек ауруы әбден 
діңкелетті деген адамдарың осы ма? – деп, «Бұлар 
пәлен-түгендерден де күшті-ау. Қарасаңдаршы, тауап 
жасағанда жай жүріп қана қоймай, киіктей ырғып тұр 
ғой» деп таңғалыстарын жасыра алмады. 
Аллаһ елшісі араға адам салып, Қағбаның ішіне 
кіргісі келетінін білдірді. Бірақ мүшріктер жағы 
келісімде оның жоқтығын айтып, қарсылық білдірді. 
Соңында Пайғамбарымыз тауап намазын оқып
Сафа мен Мәруаға қарай бет түзеді. Бұл жерде де жеті 
рет жүргеннен кейін, Мәруада тұрып ерсілі-қарсылы
құрбандарын шалды. Ихрамнан шығатын уақыт келді. 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларынан Хыраш 
ибн Үмәйяны шақырып, мүбәрак шашын алдырды, 
осымен қаза ұмра орындалды. 
Ұмра ісі бітерде Пайғамбарлар падишасы екі 
жүздей сахабасына бұйырып, Яжуждегі сахабалардың 
орнына тауап етуге жұмсады. Осымен ұмра ниетімен 
сапарға шыққандар тегіс ұмра қажылығын өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет