МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет92/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   155
Меккедегі қорқыныш
Енді Меккені азат етуге барлық жағдай 
толық мүмкіндік беріп тұрды. Мәрруз-захраннан 
қозғалып, Меккеге бару керек болды. Бұл кезде 
Пайғамбарымыздың көкесі хазірет Аббас Аллаһ 
елшісіне жақындап, әуелі Меккеге барып Құрайышқа, 
Пайғамбарымыздың бас амандығын бергенін білдіріп, 
оларды Исламға шақырғысы келетінін білдірді. 
Бастапқыда бұл ұсынысқа оң қарап, тіпті Меккеге 
мініп баруы үшін өзінің қашырын берген Аллаһ елшісі: 
– Құрайыштықтардың Сақиф тайпасының Ұруа ибн 
Масғудқа жасағанындай оған да бір жамандық жасай 
ма деп алаңдаулымын, – деп кейіннен бұл шешімінен 
бас тартып, көкесінің кері қайтуын қалады. 
Меккеліктер әлі де жағдайдан толық хабардар 
емес еді. Меккеліктерге алғаш хабарды жеткізген Әбу 
Суфиянның өзі болды. Алайда ол өзі кеткен кездегідей 
емес мүлдем басқа күйде Меккеге қайтқан болатын. Ол 
жаққа бара салысымен дауысы жеткенше былай деп 
жар салды: 
– Уа, Құрайыш қаумы! Мұхаммед желкелеріңде 
тұр. Қарсы тұруға мүмкін емес қалың қолмен келіп 
тұр! 
Қорқыныштары расқа шықты. Бар үміт үзіліп, 
құрайыштықтардың шаруасы біткен еді. Екі аттам 
жерге келіп тұрған қалың қолға дәл осы сәтте не 
қайрат көрсетпек?! Шарасыздықтан не істерлерін 
білмей абдырап тұрғанда тығырықтан шығар жолды 
Әбу Суфиянның өзі көрсетті: 


264
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Ең дұрысы, келіңдер, сендер де мұсылман болып, 
бастарыңның амандығын ойлаңдар! 
Осы уақытқа дейінгі бүкіл өмір сүру салтыңды 
былай ысырып, дереу өзгерісті бастан өткеру оңай емес 
еді, ол ерік-жігерді, жүректілікті талап етеді. Алайда 
басқа шара да жоқ. Мұсылмандарды көріп, олармен 
ұзақ сөйлескеніне қарағанда, Әбу Суфиянды тағы да 
көбірек сөйлете түсу керек. Сондықтан таңғала оған 
қарап не айтар екен деп аузын бақты. Әбу Суфиян да 
айтып жатты. Аллаһ елшісінің бас амандығын бергенін 
жар салып айтты:
– Кімде кім Әбу Суфиянның үйін паналаса, сол 
адамның бас амандығына кепілдік бар, – дегені сол 
еді, маңайға жиналған кісілердің бірі шыдамсызданып: 
– Жаның шыққыр, Әбу Суфиянның үйіне қанша адам 
сыяр дейсің? – деп қарсылық танытты. Әбу Суфиян 
сөзін жалғады: 
– Кімде кім есігін жауып, өз үйінде отырса, ол да 
аман қалады! Қағбаны паналағандар да аман болады, 
оларға ешкім тиіспейді! 
Күйеуіндегі өзгерісті байқап шыдай алмаған әрі 
мынандай жағдайларды көріп есінен танған Хинд 
жанына барып, мазақ етіп мұртынан ұстап алған 
күйеуі Әбу Суфиянды меңзеп меккеліктерге былай деп 
айғай салды: 
– Күні кешеге дейін жігітсініп келген мына 
алжыған немені өлтіріңдер. Өзі басшылық жасаған 
елге өстіп сөз айта ма, өстіп те елді бастай ма?!
Әрине, өмір бойы жауласып келген адамдарға 
аяқасты бағыныштылық таныту оңай емес еді. 
Сондықтан осыншама аз уақытта-ақ өзгеріп шыға 
келген күйеуін Хинд жұлып жеп қоя жаздады. 
Елдің көзінше ерлі-зайыптылар бажылдасып кетті. 


265
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
Күйеуімнен айрылдым деп есептеген Хинд аузына 
келгенін айтып кетті. Хинд әлі де Әбу Суфиянның 
көзбен көріп келгендерін көрмегендіктен, сезімнен 
арылып, сау мимен ойлай алатындай жағдайда емес 
еді. Алайда әлі де адамдарға ықпал жүргізе алатындай 
жағдайда еді. Өйткені ол меккеліктерге сыйлы Ұтбаның 
қызы болатын. Сол үшін Әбу Суфиян саусағымен әйелі 
Хиндті нұсқап: 
– Құрып кеткір, құрып кет, – деді. 
Дәл бүгін басқаша әрекет ету мүмкін емес еді. 
Қатты ашуланды, күні бүгінге дейін бәрін бірге 
ұйымдастырып келе жатқан зайыбы жайлы былай деді: 
– Абайлаңдар, мына қатынның сөзін тыңдаймын 
деп бір қателікке жол беріп жүрмеңдер. Мұхаммед 
сендер қарсы тұра алмайтындай әскермен дәл 
іргелеріңе келіп тұр. 
Тұзаққа түскен аңдай бұлқынды. Не ашудың да 
пайдасы жоқ еді, не қарсы тұрарлық қауқарлары да 
жоқ. Жалпы осы өзгерістерді байқаған Хинд жайлап 
сабасына түсіп, бірнеше күн бұрын өзі көрген түстерін 
еске түсіре бастады. Үш күн қатарынан түсінде 
Мұхаммадул-әминді 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
көріп еді. Ол 
өзін жақсы өмірге шақырыпты. Ең соңғы көргенінде, 
Аллаһ елшісі оны тозақтың ернеуінен бері тартып 
алды. Түстегі көріністер айтарлықтай еді. Оянғанда да 
сол түстің әсерінен біршама уақыт айыға алмаған. 
– Бұнысы несі, – деп, бұл көргендерін неге жоры-
рын білмеп еді. 
Басым көпшілік әліптің артын бағайық, соған 
қарай әрекет етерміз деп ұйғарғанмен, Икрима ибн 
Әбу Жахл, Сүхйл ибн Амр және Сафуан ибн Үмәйя 
секілділер қарсылық таныту үшін дайындықтарын ба-
стады. Өзара: 


266
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Мұхаммедті емін-еркін Меккеге кіргізбейміз, – 
деп, адамдарды қарсы тұруға шақырды. Осыған ерген 
Хүзәйл, Әслам, Бәни Бәкір мен Құрайыштың кейбір 
адамдары дайындықтарын әлдеқашан бастап та кетті. 
Маңайдағы тайпалардан қолдау келіп жатқаны 
да оларды құлшындыра түсті. Бұндай өте қауіпті 
жағдайда әуелі алға қырдан келген бәдәуилерді салып, 
қаншалықты шыдас беріп-бермейтіндігін байқайық, 
соған қарай қарсылықты жалғастырармыз деп шешім 
қылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет