МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет96/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Қағбаның іші
Бұл кезде Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жанына 
хазірет Біләлді шақырды. Осман ибн Талханың 
жанына баруды, одан Қағбаның кілттерін алып өзіне 
әкелуді бұйырды. Әрең көндіріп анасынан кілттерді 
алған хазірет Осман кілтті ала салып, Қағбаға қарай 
құстай ұшты. Тура Пайғамбарымыздың дәл қасына 
жете бергенде, аяғы шалынып кетіп мұрттай ұшты. 
Қолындағы кілттер де түсіп кетті. Алайда бұның да 
жақсылығы бар еді. Қағбаның кілттерін өздерімен 
ұстайтын Бәни Талха әулеті өздерінен басқа ешкім оны 
аша алмайды деп білетін әрі осы үшін әулеттерін киелі 
деп қабылдайтын. Міне, Расулаллаһтың қазіргі ісімен 
осы түсінік те жойылмақ. Пайғамбарлар төресі кілттер 
жатқан жерге барып, киімнің ұшымен кілтті жерден 
алды да, өз қолымен Қағбаның есігін ашты. Алғаш рет 
Қағба иесіне ашылуда еді. 
Алайда Қағбаның іші суретке толы еді. Аллаһ 
елшісі хазірет Омарға барлығының көзін құртуды тап-
сырды. Қағбаны ширктен тұтастай тазартпайынша, 
ішке кірмеді. Сахабалар осы сәт бір-бірімен жарыса 
іске кірісті. Біреуі Зәмзәм тасып, енді бірі шүберекпен 
Қағбаның ішін тазалай бастады. 
Тазалық жұмыстары біткен соң, Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
кіргенде, хазірет Ибраһим, хазірет 
Исмаил, хазірет Мәриямның суреттер деген суреттер-
ге көзі түсті. Оларға құрмет еткендіктен бұл суреттерді 
жоймаған секілді. Алайда Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
шешімінде табанды еді. Дереу хазірет Омарға 
қарап:


277
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
– Уа, Омар, – деді. – Мен саған бұл жерде ешқандай 
сурет қалмасын демеп пе едім? Аллаһ жандарын 
шығарсын! Хазірет Ибраһимді оқ суырып тұрған 
бір шалға ұқсатыпты. Аллаһ оларды оңдырмасын! 
Анығында олардың бәрі де хазірет Ибраһим, хазірет 
Исмаилдердің ешбірі бал ашу үшін оқ суырмағанын 
жақсы біледі. Бұл жердегі бүкіл суреттерді тазалаңдар, 
жаратып, жан бітіре алмайтын суреттерді салған бұл 
адамдарды Аллаһ оңдырмасын! 
Расулаллаһтың бұл мұқияттылығы сахабаларды 
да іске жұмылдырып, дереу үстеріндегі киімдерімен 
Қағбаны тазалауда жарыса бастады. 
Міне, енді жарады. Пайғамбарлар төресі жанына 
хазірет Үсама, хазірет Біләл, Осман ибн Талха бар бәрі 
Қағбаның ішіне кірді. Аллаһ расулымен бірге Қағбаның 
ішіне кіру сонша сахабалардың арасында осы үшеуіне 
ғана бұйырды. Пайғамбардың бұйрығымен есік жабы-
лып, өзге ешкім ішке кірмеді. 
Бұл кезде Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сол 
жерден ұзын құрма бұтақтарынан жасалған көгершін 
мүсінін тауып, оны да өз қолымен сындырып 
лақтырып жіберді. Пайғамбарлар төресі Қағбаның 
төрт бұрышында аралап көріп, ішінде тәкбір айтып
Аллаһқа мақтау айтты. Содан кейін екі бағана арасын-
да тұрып, екі рәкат намаз оқыды. 
Сыртта болса, ардақты сахабалар таңырқап күтіп 
тұрды. Расулаллаһ іште не істеді екен деп ойлады. 
Уақыт созылған сайын таңғалыстары да арта түсті. 
Сабырсызданып кетті. Осы кезде Халид ибн Уәлид 
секілді кейбір кісілер Қағбаның есігін ашық қалдыруға 
нөпір халықты ол жерден алыстатып жатты. Расында 
да бұл әрекеттері дұрыс еді. Өйткені есік ашылар-
ашылмас бәрі ішке лап қоймақ. Таңырқаған көздер енді 


278
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Пайғамбарымыздың жанындағы адамдардан сұрай 
бастады: 
– Расулаллаһ іште не істеді? Намаз оқыды ма? На-
мазын қай тұста оқыды? 
Бір жақта хазірет Біләл мен хазірет Үсәма бұл 
сұрақтарға жауап айта берсін, Аллаһ расулы қолына 
кілт ұстаған қалпы Қағбадан шығып, аулаға келді. Ол 
жерде де Қағбаға қарап тұрып екі рәкат намаз оқыды. 
Артынан: 
– Міне, құбыла деген осы, – деді. 
Осы арқылы құбыланың не екені жайлы барлық 
сұрақтарға жауап берді. 
Осы кезде түскі уақыт кірді. Расулаллаһ жанына 
тағы да хазірет Біләлді шақыртты. Қағбаның үстіне 
шығып азан шақыруын тапсырды. Бұған қоса, бұл 
Мекке жайлы айтылатын соңғы сөзді де білдірді. Ендігі 
жерде хазірет Біләлдің даусы көп жылдан бері «ахад, 
ахад» деп қиналысты бастан кешкен Фаран таулары-
нан жаңғырып кері қайтып, әлі де бойды жеңдіре алмай 
тұрған Меккеліктердің жүрегіне оқ болып қадалды. 
Тіпті бұл кезде Қағбаның ауласында Харис ибн Хишам 
мен Аттаб ибн Әсид маңайындағы бір топпен бірге 
отырып, өз араларында сөйлесе бастаған еді. 
Әкесі Әсидті меңзеген Аттаб: – Аллаһ Әсидты 
қандай үлкен жақсылыққа бөлеген, бүгінгі мына дау-
ысты естісе, ашудан жарыла жаздар еді, – деді. Харис 
болса: 
– Уаллаһи, Мұхаммедтікі ақиқат екенін білсем, 
барып соған бағынар едім, – деді. Сүхәйл ибн Амр да 
Хариске қосылатынын айтып, осы кезде араға тағы 
бірі араласты: – Мына қара құлдың Қағбаның үстіне 
шығып, дәл осылай айғайлағанын көрмей тұрып 


279
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
Аллаһ Сайыдтың жанын алып қандай үлкен жақсылық 
жасаған, – деді. 
Хакам ибн Әбил-Ас болса: 
– Бәни Жүмәйхке тән бір құл Әбу Талханың 
тамының үстіне шығып, осылай айғайлай алғаны ма, 
расында бұл үлкен оқиға, – деп өзінің қарсылығын 
білдірді. Оларды тыңдап отырған Әбу Суфиян әуелгі 
тәжірибелерінің нәтижесі бар анағұрлым сақтық та-
нытты: 
– Мен бұл туралы ештеңе айтқым келмейді, – деді 
алдымен. – Егер мен бір нәрсе айтсам, мына жатқан 
тастар да барып оған айтып береді. 
Расында Әбу Суфиянның айтқанындай болды. 
Жәбірейіл-әмин періште келіп жағдайды Аллаһ 
елшісіне келіп хабарлады. Осы себепті елшілердің 
сұлтаны Расулаллаһ оларға қарап: – Сендердің бы-
лай-былай дегендеріңді білемін, – деп дауыстады. Бәрі 
жай оты тигендей болды. Әбу Суфиян рас айтыпты. 
Әсіресе, Аттаб пен Хишамға бұл қатты әсер етті: 
– Сенің анық пайғамбар екеніңе біз де куәлік еттік, 
– деді екеуі. – Сізге барып хабар беретіндей емес, бұл 
айтқандарымызды бізден басқа ешкім естімеген бола-
тын. 
Бұл кезде хазірет Осман Меккеден бері танитын 
саудадағы досы Саиб ибн Абдуллаһты жанына ертіп, 
Пайғамбарымызға әкелді. Жақсы сөздер айтып жолда-
сын танытпақ болғанда, Аллаһ елшісі:
– Сайыбты 
маған 
танытпай-ақ 
қойыңдар. 
Өйткені ол менің серіктесім болатын, – деп баста-
ды сөзін. Сөйтті де оған қарап: – Қош келдің, әй, ба-
уырым, серіктесім, – деді. Бұл жолы Сайыбты Аллаһ 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өзі таныта бастады. Өйткені 
Сайыб жақсылықсүйгіш, достыққа адал жан еді. Сол 


280
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
үшін Пайғамбарымыз: – Ол серіктесін алдамайтын, 
онымен кикілжіңге бармайтын да, – деді. Іле Сайыдқа 
бұрылып: – Әй, Сайыд, – деді. – Жахилия кезінде сен 
өзіңе қайтарымы жоқ жақсылықтар жасаушы едің. 
Ендігі жерде жасаған жақсылықтарыңа сауап табатын 
боласың. 
Бұл кезде Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жанындағы хазірет Омарға бұрылып, Хұдайбия күнгі 
оқиғаларды есіне түсіре былай деді: 
– Әй, Омар, сол күні сендерге «Мен Аллаһтың ра-
сулымын» дегенде айтқым келгені осы еді. Уаллаһи, 
Исламда Хұдайбиядан өткен үлкен жеңіс жоқ. Алайда 
сол күні ел жағдайларды байыптай алмады
108



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет