МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет93/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   155
Меккені азат ету басталуда
Бергі жақта сахабалар Мәрруз-захраннан жылжып, 
Зитуа деген жерге жетті. Осы жерде жиналып, ұлы азат 
етудің алғашқы қадамдарын осы жерден бастамақ. Ра-
мазан айының он үшіне дәл келген жұма күні еді. Әлі 
күн шықпай тұрып әуелі Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
Қасуаға мініп, артына Үсаманы мінгестіріп, жасыл 
қолдың арасына қосылды. Барлығын өзінің маңайына 
жинап, қаншама жыл бұрын өзін қуып жіберген ата-
мекенге кірмек. Сахабалар арасында қазірдің өзінде-ақ 
жеңістің лебі ескендей. Себептер тұрғысынан Меккені 
азат етуге аз-ақ қалды. Аллаһ өзінің елшісіне тағы бір 
жеңісті бұйыртпақ. Алайда ол түйесінің үстінде асқан 
кішіпейілділікпен басын иіп ұстады. Тіпті басын қатты 
игені соншалықты, мүбәрак сақалы ердің басына тиер-
дей. 
– Аллаһ тағалам, – деп дұға етті, – ең маңыздысы 
ақыреттегі мәңгілік өмір! 
Бәлкім осыны айтуымен осы пәниде қаншалықты 
жетістіктер болса да негізгі жетістік ақыретке жолдай-
тын сауап тұрғысынан болуы керектігін ұқтырғысы 


267
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
келген шығар. Басына ұзын сәлде орап, ұшын иығынан 
төменге салды. 
Қан төгілгенін қаламады, сол себепті сахаба-
ларына қайта-қайта ескерту жасады. Тек қарсылық 
білдіргендермен ғана соғысуға рұқсат етті. Сол үшін 
Пайғамбарымыздың Меккеге кіруі де өзгеше болмақ. 
Сахабаларын топ-топқа бөліп, Меккенің әр тұсынан 
кіруді бұйырды. 
Меккенің үстіңгі жағынан кірді. Бұл кезде әйелдер 
қолдарындағы орамалдарын аттардың мойнына ұрып, 
қуаныштарын білдіріп жатты. Олардың бұл жағдайын 
көргенде хазірет Әбу Бәкірге бұрылып: – Хассан не 
деп еді? – деп сұрады. Парасатты кісі болғандықтан 
дереу түсінді. Сөйтті де дәл қазіргі көріністі тілге тиек 
ететін өлең оқып кетті. Бұл өлең Мекке әлі азат етілмей 
тұрғанда шығарған Хассан ибн Сабиттің өлеңі еді. 
Меккеге Кеданнан кірерде әйелдердің қуаныштан ора-
малдарын аттардың мойнына ұрып жатқанын суретте-
ген болатын. Пайғамбарлар төресі өзімен бірге жүрген 
топқа: 
– Меккеге Хассан айтқан тұстан кіріңдер, – деп 
бұйырды. Бұл кезде хазірет Зүбәйірді жанына шақырып, 
туды Хажунға тігіп, өзі келгенше сонда күтуді тапсыр-
ды. Өйткені Меккені азат етуге маңызды қадам басар-
да, өзімен жиырма бес жыл бір жастыққа бас қойған әрі 
Меккеден кетпей тұрып Хажунның баурайына аманат 
етіп тапсырған Хадиша анамыздың қабірін зиярат етіп, 
сол жерде тұрып Раббысына ұзақ жалбарынғысы келді. 
Осы кезде ұлы азат ету төрт тұстан басталып 
кетті. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сегіз жыл бұрын 
әуелі екі кісімен бірге кеткен Меккеге, бүгін жолда 
қосылғандармен бірге он екі мың адаммен кіріп келе 
жатты. 


268
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Әзахир делінген жерге жеткенде, ары-бері қашқан 
адамдарды, қылыштардың дыбыстары естілді. 
Сондықтан «Мына қылыштардың дыбысы несі?» деп 
сұрады. – Мен сендерге соғыспаңдар демеп пе едім?
– Уа, расулаллаһ, – деп жауап қатты. – Бұлар 
Халид ибн Уәлид пен жолдастары. Олардың кірген 
тұсында Меккеліктер қарсылық танытты. Өзіне қарсы 
соғыспағанда, ол да соғыспас еді. Уа, расулаллаһ! Ол 
саған қарсы келіп, бұйрығды аяқ асты еткісі келген 
жоқ. Тек өзіне қарсы келгендермен ғана соғысты. 
Бұл жағдайға қабақ шытты. Бірақ басқа түрлі 
амал жоқ. Осыншама сақтық шараларына қарамастан, 
Меккеліктер келеңсіздік тудырып, Халид сол 
келеңсіздікті шешу үшін қылышына жүгінді. Тіпті бұл 
кезде Хаким ибн Хизам Мекке мүшріктерін соғыспауға 
шақырып, одан да Аллаһ елшісінің жариялағанындай 
үйлеріне кіріп бас амандығын сақтауға шақырды. 
Осыған орай пайғамбарлар төресі: 
– Аллаһтың тағдыры қайырлы, – деді. 
Әзахирден асып, Мекке үйлерін көргенде, сол жерге 
тоқтады. Аллаһқа көп шүкіршілік айта бастады. Тағы 
да жалбарына бастады. Іле жанындағы хазірет Жабирге 
бұрылып: – Әй, Жабир, – деді, – Біздің түнейтін жеріміз 
осы. Кезінде осында Құрайыштар күпірге келісім 
жасап, бізге қарсы не істейтіндерін талқылаған
106

106
Сол күні хазірет Жабирдың Пайғамбарымыздан бұрын Мәдинада естіген 
сөздерді есіне түсірді. Сол күні Аллаһ елшісі оған: – Аллаһ бізге Меккені 
азат етуді бұйырған күні түнейтін жеріміз Мекке мүшріктерінің күпір 
мақсатта бізге қарсы мәселе қарастырған жері Кинанаұлдарының Хайфы, – 
деген болатын. Сол күні мүшріктер осында жиналып, мұсылмандарды Мек-
кеден кетіріп, оңашада қырылуларына ұйғарым жасаған болатын. Алайда 
тағдырдың жазмышы басқаша еді. Міне, Аллаһ елшісі мен сахабалары сол 
кезде-ақ нақты орны айтылған жерге келіп, өздеріне өлімге шешім шыққан 
орында, жеңіскер ретінде Меккеге аяқ басуда еді. Уақиди, Мағази, 1/825; 
Салихи, Субулул-хүда уәр-рәшад, 5/230. 


269
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
Аллаһтың құдіреті не деген зор, кезінде 
меккеліктердің Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
пен са-
хабалары жайлы берген үкімі мен бүгін Расулаллаһтың 
олар үшін беретін үкімі бір орында жүзеге аспақ. 
Арадағы айымашылықты ел-жұрт ертең көрмек. 
Қасуаға мініп, алға ілгерілеп кетіп бара жатып 
«Фәтһ» пен «Наср» сүрелерін оқып: «Аллаһтың уәде 
еткені міне осы» деді. 
Сол күні алда жүріп бара жатқанда: – Уа, 
расулаллаһ! – Ертең қай жерге түсесіз? – деп сұрағандар 
да болды. Олар өз үйіне баратынын растатып алғысы 
келді. Өйткені бұл басқа мұһажирлар үшін де бір жол 
еді. Алайда Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
: – Ақил 
бізге үй қалдырды ғой дейсің бе? – деді. Өйткені Әбу 
Талибтың үлкен ұлы Ақил Пайғамбарымыздың үйімен 
қоса артта қалған барлық нәрсені алып елге сатып 
жіберген болатын. Қалуы үшін басқа үйді ұсынғанына 
да оң жауап бермей, бұдан кейін де Меккеден кеткен-
ге дейін үнемі Хажундағы шатырына келіп осында 
тынықты. 
Азат ету ісі тамамдалды. Хазірет Халидтің 
кірген тұсынан басқа тұстарда қарсыласу болмады. 
Бірінен кейін бірі ұйымдастырылған стратегиялардың 
арқасында Мекке оңай бағындырылды. «Бас сауға 
берілгендер» деп жар салынғанындай адамдардың 
көпшілігі үйлеріне тығылып, одан бөлек Әбу Суфиян, 
Хаким ибн Хизамның үйлеріне, Қағбаны паналағандар 
да болды. Уайым қысып, қатты алаңдап күтті. Аллаһ 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Меккеліктерге не істемек? 
Әсіресе, сол күнге дейін Аллаһ елшісіне қарсы келуде 
адуындап, күпірлікте шектен шыққандар бар еді. 
Олар өздерін өлім жазасына кесетініне нық сенді әрі 
қашатын басқа тесік таппады. 


270
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет