290
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Онсыз да басқаша ойламақ емес. Мекке азат етілді
деп бөрікті аспанға атып қуанышқа кенеліп жатқан
тұста сегіз жыл өздерімен бірге болған пайғамбарлар
төресінен жырақтап қала алмас еді. Күні кешеге дейін
онымен жауласып келгендерге енді аманаттап кете
баруы өздеріне қиын соқпақ. Ендеше, бұл сөздерді
шынайылықпен айтып тұр. Ғаламның рақым нұры да:
– Күмәнсіз Аллаһ та, Расулаллаһ та сендердің
жағдайларыңа түсіністікпен қарап, айтқандарыңды
мақұлдауда, – деді.
Достарыңызбен бөлісу: