МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет97/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жалпыға үн қату
Бұл кезде жұрт Қағбаның маңайына жиналып
болып жатқан оқиғаларға таңырқай қарап тұрды. Аллаһ 
елшісінің өздеріне қандай үкім шығаратынын күтті. 
Міне, енді кезек жиналға жұртқа келді. Пайғамбарлар 
төресі оларға үн қату үшін Қағбаның есігіне шықты. 
Алғашқы сөзін Аллаһқа шүкіршілік айтумен бастады: 
– Уәдесін орындаған Аллаһқа шүкір айтамын, 
– деді. – Аллаһ жалғыз, оның ешқандай серігі жоқ. 
Жалғыз өзі Ахзаб әскерінің быт-шытын шығарып, 
құлыма көмек беремін деген уәдесін орындады. 
Содан кейін: 
– Уа, Құрайыш! – деп дауыстады. Бүгін менен 
өздеріңе қандай үкім шығарады деп күтудесіңдер?
108
Мекке азат етіле бастағаннан-ақ хазірет Омар бұрынғы ісіне өкіне 
бастап еді. Сондықтан бұл сөздер хазірет Омарға қатты әсер етті. Сол 
күннен бастап Хұдайбия күнгі әрекеті үшін өз-өзін айыптап, өмір бойы 
нәпіл намазын оқуға, ораза ұстауға, зекет пен садақа таратып, кешірім 
тілейтініне уәде берген. Уақиди, Мағази, 1/607; Ибн Сәйид, Ұюнул-
Әсар, 2/120; Ибн Кәсир, Сира, 3/320; әл-Бидая уән-Нихая, 4/192.


281
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
Осы сәт Қағба сілтідей тына қалды. Өйткені 
бұл жұрттың осы уақытқа дейін оған небір көресені 
көрсетіп, жасамаған жамандығы қалмаған болатын. 
Шаруамыз бітті деп ойлады. Өйткені қаншама рет са-
хабаларымен қоса, оған жолына тұзақ құрып баққан 
еді. Кінәлары көп еді. Егер өздеріне салса, ондай 
жамандықтары үшін қандай үкім шығатыны белгілі. 
Жұмған ауыздарын аша алмады. Бастарын салбыра-
тып, өздеріне шығатын үкімді күтіп тұрды. 
Осы бір үнсіздікті арт жақтан шыққан дауыс бөлді. 
Ол дауыс иесі даусын көтеріп: 
– Біз сенен жақсылық күтеміз. Өйткені сен жа-
нашыр бауыр, жанашыр адамның жанашыр ұлысың. 
Бүгін жақсылық жасауға шамаң жетеді, – деді. Демде 
бәрі осыны айтқан адамға қарады. Ол құрайыштың 
ірі ақыны Сүхәйл ибн Амрдың нақ өзі еді. Ұлы 
Абдуллаһтың жеткізген хабарымен жасырынған 
жерінен шығып, жаңа бір өмірге қадам басу үшін 
осында келіпті. Тағдыр оны тағы да өте бір сындар-
лы сәтте сынаққа салғандай. Тілінің майын тамы-
зып, Құрайыштың басына бұлт үйірілген сәтте бәріне 
кешірім етуге бір жол ашқандай болды. 
Сөз патшасы Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Сүхәйлдің бұл сөзінен нені меңзегенін дереу түсіне 
қойды. Хазірет Жүсіпті еске алды. Сонша жыл қиындық 
тартса да, бәрібір бауырларын кешіргеніндей бүгін 
өздерін кешіруді сұрап тұр. Онсыз да расул басқаларға 
бақыт сыйлау үшін келіп еді. Демде мүбәрак жүзі 
күлімдеп қоя берді. Жүректеріне жететін үнмен оларға 
былай деді:
– Мен бүгін сендерге бауырым Жүсіптің «Бүгін 
сендер үшін айыптау жоқ. Аллаһ та сендердің 
қателіктеріңді кешірер, өйткені ол мейірімділердің 


282
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
ең мейірімдісі» деп айтқанындай айтпақпын. Қане, 
барыңдар. Бәрің де азатсыңдар! 
Өздерін өлімге қиған үкім шыға ма деп күткен 
Меккеліктер өздеріне толықтай еркіндік берген осы 
жағдайға куә болып, тағы да ерекше күйді бастан 
кешті. Тіпті мүмкін еместей. Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
кек сақтамады. Осыншалықты мәрттік тек 
пайғамбарда ғана болса керек. Бұндай жақсылықты 
көргенде ләм-мим деп жақ аша алмай қалды. Не істесе де 
еркі жете тұра кешіру тек бір иләхи жүйеде ғана болуы 
мүмкін. Шын көңілмен өткен істеріне өкіне бастады. 
Сірә, негізгі азат ету енді басталғандай. Пайғамбар па-
расаты арқылы жүректер жібіп, көп болып Исламды 
қабылдағандықтарын айтты. 
Жүз сексен алты отбасымен кеткен Меккеде дәл 
қазір мыңдаған адам Исламмен құрметке бөленді. Жүзі 
нұрлы кісі бұл кездерде тоқтаусыз Раббына шүкір жа-
удырумен болды. Сол күні оларға жаңа қадам басқан 
дін жайында ұзақ мәлімет берді. Жаңа мүминдерді 
болашаққа дайындады. Бұл кезде өзіне сауал қойғандар 
да болды. Сұрақтардың барлығына жауап берді. Тіпті 
хұтбасы аяқталғанда, хұтбаны тыңдаған Әбу Шах 
атты әлдекім сол хұтбаны өзіне жазып беруін өтінді. 
«Бұл хұтбаны Әбу Шахқа жазып беріңдер» деп, бұл 
өтінішті де жерге тастамады. 
Қағба топ-топ күйінде келіп Аллаһ расулына серт 
берген Меккеліктердің көтеріңкі көңіл-күйлеріне 
куә болып жатты. Аллаһқа иман еткендерін айтып, 
тәухид сөзін айтып, күні кешеге дейін қылыштарын 
кезеген Аллаһ елшісіне өздерінің адалдықтарын 
білдіріп жатты. Фаран тауларынан аққан селдің 
Қағбамен жүздескеніндей, Меккеліктер өздерін 
иманмен жүздестірген Аллаһ елшісі бар жерге 
ағылып, оның мүбәрак қолын ұстап тұрып, әміріне 


283
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
бағынатындықтарына уәде беру үшін бір-бірімен 
жарысқандай. Бұл жарыс бірнеше күнге созылды. 
Бүгінге дейін хижрет ету парыз болып келген еді. 
Өйткені хижретсіз Исламды ұстану мүмкін болмап 
еді. Алайда қазір Меккеде Исламға жол ашылып, 
енді бұндай алаңдаушылық болмады. Сахабалардың 
бірі әкесінің қолынан жетектеп алып келіп: – Уа, 
расулаллаһ, – деді. – Хижрет ету шартымен әкемнің 
сертін қабылдасаңыз?!
Бұл сол күнге дейінгі орындалған іс еді. Алайда 
қазір жағдайлар өзгергені мәлім. Енді осы жаңа 
жағдайларға қарай шарттар да өзгермек. Сол үшін 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

– Мен бұл кісінің сертін жихад шартымен қабыл 
алайын, өйткені хижрет аяқталды, – деді. 
Меккені азат ету үлкен бір бетбұрыс кезеңнің басы 
еді. Мекке ендігі жерде Исламның орталығы қызметін 
атқармақ. Осы себепті Пайғамбарлар төресі сахабала-
рына қарап: 
– Меккені азат еткеннен кейін хижрет жоқ. Дін жо-
лында күресу бар, ниет бар. Ниеттеріңді қалыс ұстап, 
дін жолында жихадқа шақырылғанда, сендер сол сәтте 
үндеуге құлақ түріп, Аллаһ жолына жүгіріңдер, – деп 
бұйырды. 
Бұған қоса, Аллаһ елшісінің сүйінші хабары да бар 
еді. Сахабаларына бұрылып былай деді: 
– Бүгіннен бастап бұл мекенде қияметке дейін 
күпірлік басымдық ете алмайды!
Ер кісілердің сертінен кейін кезек әйел кісілерге 
келді. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Сафа 
төбешігіне шығып, енді әйелдердің сертін қабыл ала 
бастады. Әбу Суфиянның әйелі әрі Бәдірде өлтірілген 
Ұтба ибн Әби Рабияның қызы Хинд те әз елшіге серт 
беру үшін сол күні жиылған әйелдердің арасында еді. 


284
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Бірнеше күн бұрын ғана әуелі Әбтахта болған кезінде 
Пайғамбарымыздың жанына келіп: 
– Уа, Мұхаммед, сен дәріптеген рақымнан маған 
да үлес тигізген, өзі таңдаған діннің мерейін үстем 
еткен Аллаһқа шүкір айтамын. Мен де Аллаһқа иман 
еткен әрі оны мойындаған әйелмін, – деді. 
Жүзін жауып келгендіктен Аллаһ елшісі бұл 
әйелдің кім екенін жыға тани алмаған болатын. Осы 
сәт жүзіндегі ниқабты алып: – Мен Ұтбаның қызы 
Хиндпін, – деді. Бұны естігенде Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өте бір ілтипат білдіріп: – Сен де 
қош келдің! – деді. Өзі уайымдағанындай емес оған 
ашуланбады да, не өткен күндердегі кекті еске алып, 
соған сай мінез көрсеткен де жоқ. 
Алғашқы әсерге қарап бойын жиып ала қойған 
Хинд: – Уа, расулаллаһ, – деді. – Аллаһқа ант етейін, 
күні кешеге дейін сізге қарсы тігілген шатырлар маған 
ұнамды еді. Ал бүгін мен үшін әлемдегі ең ұнамды 
жайт қасыңа келіп абырой тауып жатқан осы сенің 
шатырың, – деді. 
Сол күні Хинд бинт Ұтба Пайғамбарымызға барып 
жолығып, өзінің мұсылмандығын жарияласа, ал бүгін 
серт беру үшін өзге әйелдермен бірге Сафа жотасы-
на келді. Хазірет Омар (р.а.) тағы да Расулаллаһтың 
жанында тұрып, алыстан ишарат жасап серт берген 
әйелдердің сөздерін пайғамбарымызға жеткізіп тұрды. 
Алайда Хиндтің әлі де алаңдаушылығы басыла 
қоймаған болатын. Оның да жүрегі жұмсарып, ол да 
Исламды қабылдап абыройға кенелді. Алайда Ұхыд 
күні хазірет Хамзаға істегендерін еске түсірсе, жауапқа 
тартар деп, Аллаһ елшісінің алдына келуге батылы 
жетпей қорқып тұрды. Алайда бұлардың барлығы 
да Пайғамбарымыз бар жерде қажетсіз уайым еді. 


285
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
Пайғамбарымыз оған да кешіріммен қарап, сертін 
қабылдады. 
Мекке мүшріктері келіп бағынғандарына 
қарағанда, ендігі жерде Меккеде мынандай дауыс 
естілді. Көше көшемен жүгірген шабармандар былай 
деп жар салды: 
– Аллаһқа және ақырет күніне сенгендердің 
барлығы үйіндегі пұттардың көзін құртсын, оларды 
дереу қиратсын!
Пайғамбарымыз жолдаған шабармандары арқылы 
осыны елдің бәріне жеткізуді тапсырды. 
Кейіннен де пайғамбарлар сұлтаны әз елші сахаба-
ларынан кейбірін жіберіп, негізгі пұттарды қиратуды 
тапсырды. Осы мақсатта Халид ибн Уәлидке Ұззаны, 
Сағыд ибн Зәйдке Мәнатты қирату міндеттелді. Халид 
ибн Сағыд Ұранаға, Хишам ибн Асқа да осы секілді бір 
іс үшін Яламламға бару міндеттелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет