МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет94/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   155
Қағбаға кіру
Орталық тынышталды. Меккеліктерде терең 
үнсіздік. Аллаһ елшісі шатырында ғұсыл дәретін алды. 
Аллаһ нәсіп еткен осы нәтижеге шүкір ретінде әуелі 
сегіз рәкат намаз оқыды. Артынан түйесін әкелуді 
бұйырды. Қасуа шатырының есігіне дейін әкелінді, 
алайда Расулаллаһ дулығасы мен сауытын кию үшін 
шатырына қайта қайтты. Енді қаруын да асынып, бес 
аспабы түгел Қағбаға қарай бет алды. 
Бұл кезде сахабалар Хандама мен Хажун арасында 
әрлі-берлі сабылып, Аллаһ расулы үшін қауіпсіз жол 
әзірлеп жатты. Қағбаға мерекеге әзірленгендей. 
Кетіп бара жатқанда жолдың екі жағына 
тізілген жас балалар Пайғамбарымызға деген 
сүйіспеншіліктерін білдіріп жатты. Әсіресе, қыз ба-
лалар бастарындағы орамалдарын шешіп, қолдарына 
алған орамалдарын аттардың басына қарай желпіп 
жатты. 
Аллаһ елшісі Қағбаны көздеп келеді. Расулаллаһ 
әулие кісілер сыңары деп атаған қасиетті мекенге қарай 
беттеді. Осы кезде өзімен қатарласып келіп қалған 
хазірет Халидке: – Мен соғыспаңдар демеп пе едім, сен 
неге ұрыс салдың? – деді. 
– Әуелі өздері ұрыс бастатты, – деп бастады сөзін 
хазірет Халид. – Бізге оқ жаудырып, қылыштарын 
жалаңдатты. Мен барынша оқ атпауды көздеген едім. 
Оларды Исламға шақырдым. Бірақ бұны қабылдамады. 
Бұл жағдайда олармен соғысудан басқа амал қалмады. 
Осы ұрыста ұлы Аллаһ бізге жеңіс сыйлады, сөйтіп 
олар тым-тырақай қаша жөнелді. 
Бұны естігенде Аллаһ расулы оған: 


271
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
– Ендеше, арттарына түсіп оларды қумай-ақ 
қой, – деді. Сөйтті де сахабаларына: – Қаруларыңды 
тастаңдар! – деп дауыстады. 
Бұдан тек өздеріне шабуылдап, жиырма үш 
Хұзалықты өлтірген Бәни Бәкірлердің тыс екенін, 
олардың екінді уақытына дейін мерзімі бар екені 
білдірілді. 
Бейнелеп айтқанда, Мәдинадағы мінбер Меккедегі 
михраппен қауышып, Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
Қағбаға келді. Расулаллаһ Қағбаны көргенде, 
қолындағы таяғын көтеріп алыстан сәлем берді. Ар-
тынша тәкбір айта бастады. Пайғамбарлар төресінің 
тәкбірін естігендердің барлығы даусы жеткенше 
айғайлап тәкбір айта бастады. Тіпті Меккені орнын 
қозғағандай болды. Әр өткен минут таңғалысты арт-
тыра түсті, бұдан кейін не болатынын дегбірсіздене 
күтті. Соңында Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
мүбәрак саусағын ерніне апарып: – Тынышталыңдар! 
– деді. Өйткені тауап басталмақ еді. Қасуаның тізгінін 
Мұхаммед ибн Мәсләма ұстап, Расулаллаһ түйесінің 
үстінде тауап жасай бастады. Әуелі Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Қара тастың жанына келді. Оған да 
алыстан сәлем бергеннен кейін тауапты бастады. 
Сол күні Қағбаның маңайында әрқайсысы 
қорғасынмен қапталған үш жүз алпыс пұт бар еді. 
Мүшріктер құрбандарын осылардың қасында сойып, 
қажет кезде осы пұттардың алдында тізерлеп тұрып 
тілектерін сұрайтын. Қағба ендігі жерде Исламмен 
біріккендіктен, оның ең ірілері кезегіне қарай Хүбәл, 
Исаф және Найыл деп аталатын бұл пұттардан таза-
лануы қажет еді. Айтқандай, Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
әрқайсысының жанында қолына ұстаған 
садағымен өтіп бара жатып, нұсқап, сол нұсқаған 


272
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
пұты ет бетімен өз-өзінен құлап жатты. Осыны істеп 
жатып «Енді ақиқат келді, жалған құрыды, онсыз да 
жалғанның күні қараң»
107
деген мәндегі аятты оқыды. 
Әр айналымда Қара тасқа сәлем беріп, соңында 
Қағбаны жеті рет тауап етті. Түйесінен түскісі келді. 
Қасуаны жақындатқанмен табан тіреп түсетін еш 
нәрсе табылмады. Сахабалар түсуіне көмектесті. 
Түйесінен түсер-түспес Ибраһим мақамына қарай бет 
алды. Сауыты мен дулығасын әлі шешпеген болатын. 
Мүбәрак басына таңған сәлдесі де иығынан төмен 
қарай түсіп тұрды. Осы тұста екі рәкат намаз оқыды. 
Сөйтті де Зәмзам бар жаққа қарай бет алды. 
– Егер Абдулмұтталибұлдары мені тарпа бас сал-
маса, бір шелек су тартқым келіп еді, – деді. 
Бұны естіген хазірет Аббас дереу бір шелек Зәмзам 
тартып, Аллаһ елшісіне ұсынды. Зәмзамнан ішіп, ар-
тынан бет-жүзін шайып дәрет алды. Осы кезде сахаба-
лар Пайғамбарымыздың маңайына үймелеп, бет-жүзін 
шайған суға таласты. Бір-бірімен жарыса сол судан 
алып, жүздерін шайып жатты. 
Кейіннен Расулаллаһ Хүбәлді қиратуды бұйырды. 
Меккеліктер тәңір санап, алдында құлдық ұрған Хүбәл 
быт-шыт болғанда, оның жай ғана бір үйінді тас екені 
көрінді. 
Жанына хазірет Алиды шақырды. Естісімен 
дереу жеткен хазірет Алиге: – Жерге еңкей, – деді. 
Расулаллаһтың айтқаны дереу орындалуы тиіс еді. 
Хазірет Али Расулаллаһ көрсеткендей отыра кетіп 
арқасын тосты. Расулаллаһ хазірет Алидың үстіне 
шықпақ болды. Содан кейін: – Тұр орныңнан! – деді. 
Хазірет Али орнынан түрегелді. Бұл жолы Расулаллаһ 
өзі еңкейіп отырды да: – Али, енді сен менің иығыма шық, 
107
«Исра» сүресі, 17/81.


273
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
– деді. Бұл да бұйрық еді. Хазірет Али Расулаллаһтың 
иығына шықты. Өзін жоғары қарай Қағбаның үстіне 
шығаруға әрекет жасап жатыр екен. Хазірет Али өзін 
көкке жететіндей, аспанға өрлейтіндей сезінді.
Соңында хазірет Алиды Қағбаның үстіне шығып, 
өзі бір шетке шықты да: 
– Олардың сол жерге де орналастырған пұттарын 
төменге лақтыр! – деп, Қағбаның төбесін де пұттардан 
тазалауды қалады. Алайда Пайғамбарымыз көрсеткен 
мыстан құйылған пұт Қағбаның үстіне темірлермен 
мықтап орнатылған еді. Бір түрлі орнынан қозғалмады. 
Бұл жолы Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
хазірет 
Алиге оны қалай қозғау керектігін айтып: 
– Оны былай ырғап, орнын жұлып алып лақтыр, 
– деді. Осыдан кейін барып хазірет Али әлгі пұтты ор-
нынан оп-оңай жұлып алды. 
Қағба бұрынғы қалпына келді. Осында 
құлшылықтың қалай атқарылуы керектігін іс жүзінде 
көрсеткен Аллаһ елшісі енді бір шетке шығып отырды. 
Барлық жағдайға дайын тұрған хазірет Әбу Бәкір 
қолына қылышын ұстап, қарауылдап тұрды. 
Осылардың барлығына көз алмай қарап тұрған 
Меккеліктер таңырқаған кейіпте еді. Бір жағынан: 
– Осы уақытқа дейін мұншалықты аяулы патша 
көрмедік, – десе, екінші біреулері мұсылмандардың 
бұл әрекетін ақымақтыққа балап жатты. 
Осы кезде Пайғамбарымыздың көзі қасында 
тұрған Әбу Суфиянға түсті. Іле Әбу Суфиянға былай 
деді: – Сен Хиндке «Сен бұл істер шынымен Аллаһ та-
рапынан болып жатыр деп ойлайсың ба?» деп сұрадың. 
Ол «Иә, рас, бұлардың барлығы да Аллаһ тарапынан 
болып жатыр» деп жауап қатты. Солай емес пе?


274
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Расында да солай еді. Хинд те үсті-үстіне өзін 
таңғалдырған мына жағдайларды көріп есін жиды. 
Күйеуі Әбу Суфиян секілді мұсылмандыққа өтуге 
шешім қабылдады. Тіпті бір уақыттарда үйлерінде 
тұрған, үстіне маталар байлаған пұтын сүйреп әкеліп, 
қолындағы шотпен ұрып қиратып, бүгінге дейін неге 
өздерін алдап келгені үшін жауапқа тартып жатты. 
Осылардың барлығын мүмкіндік болған сайын өзара 
сөйлесіп тұрды. Әлгі әңгімені Хинд пен Әбу Суфиян 
ғана білді. Пайғамбарлар төресі Әбу Суфиянды кемел 
иманға жеткізу үшін оны бақылауға алып, әрбір ты-
нысынан да хабардар болғанын көрсетуде еді. Әбу 
Суфиян: 
– Сенің расында Аллаһтың құлы әрі елшісі екеніңе 
мен куәлік етемін, – деді әуелі. Артынан «Ант етейін, 
менің ол сөзімді Аллаһ пен Хинд қана естіп еді» деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет