298
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
біріктіріп қарсы тұрайық. Мұхаммед бүгінге дейін
соғыстың не екенін білмейтіндермен соғысқанын
көрсін. Қане, жиналыңдар да, елдің ішін аралап, әскерді
дайындаңдар! Ол бізге шабуылдамай тұрып, біз оларға
шабуылдайық, – деп жатты. Онсыз да дайындықтары
жоқ емес еді. Шамамен бір жылдай осы сәтті күтіп,
басқа тайпалардан да көмек алуға әрекет жасап жатты.
Меккенің азат етілуі оларға дайындықтарын пысықтата
түсудің қажеттігін сездірді, сол себепті барынша жан-
таласты.
Аз уақытта Хауазиндықтар Сақиф,
Наср және
Жүшам тайпаларын да көндіріп, бәрінің қолдауын
алып кері қайтты. Сағыд ибн Бәкір мен Бәни Хилал
тайпаларынан аз көмек алды. Хауазиндықтар өз рула-
стары Кағыб пен Килабтар болса: – Уаллаһи, сендер
шығыс пен батысты түгел ертіп қарсы тұрсаңдар да,
Мұхаммед бәрібір сендерді жеңеді, – деп, Хауазиндық
жаушыларды
келген ізімен қуып, оларға қосылмады.
Осыншалықты шашыраңқылықты реттеу үшін
араларынан Жүшам тайпасынан жасы жүзден
асқан Дүрейд ибн Сымма атындағы біреуді басшы
тағайындағысы келсе де, ол көзінің нашарлағанын
айтып, бұл ұсынысты қабылдамады. Соңында Малик
ибн Ауф атты отыз жастардағы бір жігітті өздеріне
қолбасшы етіп тағайындады. Алайда Малик ибн
Ауфтың Дүрейдке деген қатты сенімі бар еді.
Ешбір
мәселесін онымен ақылдаспай шешпейтін. Бір жолы
Дүрейд Маликке:
– Уа, Малик, – деді. Тап қазір сен араб-
тарды тәубасына түсіріп, жатжұрттықтар мен
Шамдағылардың зәресін қашырып, Хижаз иудейлерін
де не өлтіріп, не қорлап ата мекендерінен қуып шыққан
абыройы асқақ кісіге қарсы соғысқалы отырсың.
299
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
Ұмытпа, сенің Мұхаммедпен соғысың осымен
аяқталып
қоймайды, оның әлі жалғасы да болады!
Әлі шикі Малик оған:
– Ертең әлі-ақ өзің де қуанатын боласың, – деді.
Соғыс деп көзі тұнғаны сондай, кемелерді тұтас
өртеп жіберіп соғысқа шыққысы келді. Оның жанына
дейін бара алған мұсылмандардың елшісі хазірет
Абдуллаһ Маликтың былай деп жатқанын естіді: –
Мұхаммед бұған еш соғыспады. Онымен соғысқандар
соғыстың не екенін білмейтін жай адамдар болды.
Сол үшін оларды жеңіп кете беретін. Ертең таң аты-
сымен
сендер көліктеріңді, әйелдеріңді де алып сап
құрып тұра бастаңдар. Артынан бәріміз бірге шабу-
ылдаймыз. Қылыштарыңның қынын сындырыңдар.
Естеріңде болсын, Мұхаммедті қыны сынған жиырма
мың қылышпен қарсы алатын боласыңдар. Бәрің бір
уақытта бір адамдай жұмылып әрекет етіңдер. Жақсы
біліңдер, кім бірінші болып шабуылдаса, жеңіс соныкі.
Маликтың мақсаты дүниелік барлық заттарын
өздерімен бірге алған адамдары үшін кемелерді өртеп,
жеңіс болмаса олар үшін артқа шегінбейтіндей жағдай
тудыру еді. Отбасылар мен малдарын қорғау үшін
аянбай кірісер деп, осы жағдайды мүминдерге
қарсы
қолданатын ең үлкен мүмкіндік деп білді.
Әутас деген жерде шатырын тігіп, әскердің
жиылуы үшін бұйрық берді. Бұл жерде әйелдер
мен балалардың дауыстары, қойлардың маңыраған,
түйелердің боздаған дауыстарын естіген Дүрейд бұған
қарсылық
танытқанмен, Малик кеудесінде жаны
бардың бәрімен бір-ақ шабуылдаймыз деп бой бермеді.
Дүрейд бұған қатты ашуланды. Малик енді Дүрейдті
де жақтырмады. «Қайтсін, алжыған шығар» деп
кекетті. «Не оны, не мені» деп маңайындағыларды тек
300
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
өзін тыңдауға көндіріп бақты. Соңында жас жігіттің
дегені болды. Халық төрінен көрі жуық кәріден гөрі,
болашағы алда жас жігіттің сөзін жөн көрді. Жағдайда
тұнжырай бақылаған қарт күрескер Дүрейд жастық
шағын сағына еске алғаннан кейін Маликке сонда да
бір ақылын айтты. Тым болмаса тау басына бір топ
аттыны
орналастыруды, сонда өздеріне беттеп келе
жатқан мұсылмандарды қыспаққа алуға болатынын
білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: