МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет101/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

діни мәселеге мұқияттылық
Ғаламның рақым нұры Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
тек Меккені азат етумен шектелмеді. 
Қоғамға бірте-бірте сіңу үшін бұдан кейінгі жалпыға 
тән ұстанымдарды да бекітті. Өйткені діни үкімдер әр 
адамның көңіл қалауына қарай өзгермейтін, сырттай 
ұнамсыздау көрінсе де орындалуы тиіс еді. Өйткені 
бұл үкімдер үкім берушілердің ең жоғарғысы ахкамул-
хакимин болған Аллаһ тарапынан адамдарға жазылған 
қағида еді. Оны негізге алған елдерде тыныштық


294
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
бақыт, ал одан алыстап, жеке қалауларына қарай өмір 
сүрген елдерді анархия мен тәртіпсіздік жайламақ еді. 
Сахабаларына дауыстаған елшілер сұлтаны 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бір жолы:
– Күмәнсіз, Аллаһ арақ пен шошқаны сатуға, өлген 
малдар мен пұттардың саудасына тыйым салды, – деп 
бұйырды. Бұны естіген сахабалардың бірі орнына 
түрегеліп: 
– Уа, расулаллаһ, – деді, – Өлген малдың майы 
жайлы не айтасыз? Өйткені онымен терілер майлана-
ды, май шамның жарығына да пайдаланады?
Сірә, қолдарында осы майдан біршама бар 
секілді. Оларды мұсылман еместерге сатып, пайда-
сын көрсе қайтер еді деп ойлаған. Алайда бұл жағдай 
Аллаһ елшісін 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қатты ашуландыр-
ды. Айтылған үкімді бұрмалап өздеріне ыңғайлау 
мәселенің ықпалын азайтпақ. Бұндай түсінікке шек 
қою да қиын. Мас қылатын ішімдіктердің ішілуі
доңыздың еті, өлген малдың етінен жеу онсыз да харам 
еді. Меккені азат етумен бірге пұттар да жойылды. 
Енді жаңа бір үкім келіп, харам етілген бұндай заттар-
ды сатуға шығарудың да харам екенін айқындаған бо-
латын. Аллаһ расулы осыны жалпақ жұртқа жариялау-
да еді. Сол себепті әлгі сұраққа жауап ретінде: – Аллаһ 
иудейлерді оңдырмасын! – деді. Сірә, олар да осыған 
ұқсас жағдайға тап болғанда, үкімнің аясын тарылтып, 
харамды өзіне халал етеміз деп қателік жіберген болар. 
Осыны айшықтау мақсатында Пайғамбарлар төресі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
:
– Аллаһ оларға өлген малдың етінің майларын 
харам еткенде, олар сол майларды ерітіп, артынан 
тоңдырып барып сатты. Сөйтіп ақшасын жей баста-
ды, – деп осыған көңіл аудартты. Бұл жамағатын жан-
жақты жетілдіруге бағытталған қадам еді. Сол себепті 


295
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
бұрынғылардан мысалдар бере отырып, иләхи үкімді 
өздеріне қарай бейімдеп алғысы келетіндердің азапқа 
ұшырайтынын ескерту еді. 
Кездескен әрбір оқиға жаңа бір тәжірибе деген 
сөз. Осы күндері тағы бір өзгеше оқиға орын алды. 
Енді ғана мұсылман болған бір әйел ұрлық жасады. 
Мұсылмандықты қабылдаған еді, алайда сол күні Ис-
ламды әлі жаппай толық ұстанатын жағдайға келме-
ген болатын. Бұл әйел Меккеліктер арасында беделді 
әулеттен еді. Бірақ бұрынғы дағдысын қоя алмай, 
басқаның мүлкінен қолын тыя алмаған болатын. 
Жасалған қылмыстың жазасы да болуы керек. 
Жазасыз қалып кеткен қателік қоғам үшін қауіпті. 
Осы себепті бұл әйел жасаған кінәсін мойнымен 
көтеріп, жазалануы тиіс. Алайда әйелдің жақындары 
баяғы әдеттеріне басып, әйелдің жазаланғанын 
қаламады. Осы себепті Пайғамбарымызға кісі салып, 
оған бөлекше қарауды ұсынды. Тіке өздері барып 
жолығуға батпай, араға басқа біреуді салғанды жөн 
көрісті. Соңында: – Өзі жақсы көретін Үсама ибн Зәйд 
қана бұны батылы жетіп, барып айта алады, – деп, 
бұл істі Үсамаға табыстау керектігін ұйғарысты. Ол 
кездері Үсама бұны таразылай алатын жаста емес еді. 
Өзіне тапсырылған жайтты тіке барып Расулаллаһқа 
жеткізді. Жеткізгенімен бұған кейіннен қатты өкінді. 
Өйткені Расулаллаһ Аллаһ берген үкімді орындау-
да бұл әйелге бөлекше қарау керек деген сөзге қатты 
ашуланды. Жеке басына тән жайттарға кешіріммен 
қарайтын Пайғамбарымыз көпшіліктің құқы аяқ 
асты болған уақыттарда бұған бей-жай қарай алмай-
тын еді. Дереу өңі аласұрып, жас Үсаманы шақырып: 
– Аллаһтың үкімін өзгерту үшін маған арағайындық 
жасап жүрген сен бе? – деп шүйлікті. Үсама жерге кіріп 
кете жаздады. Басын салбыратып: – Уа, расулаллаһ! 


296
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Мен үшін Аллаһтан кешірім тілеңізші? – деп байқамай 
жіберіп алған қателігі үшін опық жеді. 
Алайда мәселе Үсаманы кешірумен бітетін мәселе 
емес еді. Осы секілді мәселелер туындамауы үшін 
бұл мәселені түпкілікті шешу қажет болды. Сол үшін 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабалардың 
жиналуын күтіп, намаз оқытқаннан кейін оларға 
сөзін арнады. Аллаһқа мақтау айтып, мінсіздігін 
ұлықтағаннан кейін былай деді: 
– Еш 
күмәндарың 
болмасын, 
сендерден 
бұрынғылардың жер бетінен құрып кетуінің бір себебі, 
араларында әлсіз біреулер ұрлық жасаса, бәрі дүрсе 
қоя беріп ол байғұсты жазалайтын. Алайда дәл сондай 
ұрлықты ақсүйек тұқымды біреу жасаса, оны кешіре 
салатын. Шыбын жанымды құдіретті уысында ұстаған 
Аллаһқа ант етейін, Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық 
жасаса, еш кідірместен, оны тиісінше жазалатар едім!
Осыны айтты да жанына хазірет Біләлді шақырып, 
әлгі ұрлық жасаған әйелді жазалауды бұйырды
112
.
Бұл өзі еш күтпеген қарсылық еді. Бір жағы бұдан 
кейінгі осы тәрізді келеңсіздіктердің де алдын алды. 
Меккеліктер тағы бір жаңа нәрсе үйренді, Аллаһтың 
бұйрығына келгенде, қылша мойын талша болуы керек 
еді. Бұндай бұйрықтардың алдында күшті мен әлсіз
бай мен кедей, қарапайым адам мен ақсүйек тұқымды 
– бәрі де тең тұрды. 
112
Бұл сахаба әйел бұл қылығына қатты өкініп, тәуба етіп, қалған өмірін 
бұндай істерден таза өткізді. Хазірет Айша анамыз бұл әйелдің 
өзіне келіп тұратынын, шынайы түрде Исламды ұстанғанын, оның 
қажеттіліктерін кей уақыттарда Расулаллаһқа айтып тұрғанын 
білдірген. Мүслим, Сахих, 3/1315 (1688); Бәйхақи, Сүнән, 8/267. 


297


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет