МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет100/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   155
жеңістің мүминдері
Меккенің азат етілуімен кей кісілердің жүрегіне де 
жақсылық әсер етіп, олар да рухани тұрғыда ізгілікке 
қауышты. Анығында сол күні Меккенің шамамен 
барлығы келіп, мұсылмандықты қабылдады. Алайда 
сол күні кейбіреулер бар еді, ешкім олардың келіп 
Исламды қабылдайтынын күтпеп еді. Өйткені олар о 
бастан бері Аллаһ расулына өлердей қас болатын. Үнемі 
мұсылмандармен жауласып келіп еді. Мұсылмандарға 
қарсы ұйымдастырылған небір қитұрқы әрекеттердің 
бел ортасында жүрген жуандардың келіп Исламды 
қабылдауы Ислам жауларының толықтай еңсерілгенін 
білдірмек. Олар бүгінге дейін ылғи да сыңарезуленіп, 
мәселелерге біржақты қарап келгендіктен, көздері 
тұмшаланып ақиқатты тұнық көре алмай келген бола-
тын. Бұған іштарлықтары мен әсіре қызғаныштары да 
себеп болды. Міне, осы жағдай Меккенің толық азат 
етілгендігін ұқтыруда айтарлықтай рөл атқарды. 
Фадала ибн Үмәйір Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
Қағбаны тауап етіп жүргенде қастандық жасап, 
өлтіруге әрекеттенді. Сырты мұсылман болып көрініп, 
ішкі ниетін жасырды. Осы пиғылымен өзіне мейлінше 
жақындап келген сәтінде Аллаһ елшісі: – Сен Фадала 


291
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
емессің бе? – деді. Оның не істегісі келгенін сезіп 
қойғандай. Фадала мәжбүрлікпен: – Иә, – деді. Аллаһ 
расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қайта сұрады: – Сен дәл 
қазір іштей не ойлап, не көздедің? 
Фадала сасып қалды. Онысын білдіргісі келмей: – 
Ештеңе де емес, жай әшейін, – деді әуелі. 
Алайда Аллаһ расулы одан жауап күтіп тұрды. 
Сондықтан тезірек құтылуға асыққандай: – Аллаһты 
зікір етіп жатырмын, – дей салды. 
Адамды жақсы танитын Аллаһ расулы күлімсіреп: 
– Астағфируллаһ, – деді де артынан мүбәрак қолын 
Фадаланың кеудесіне қойды. Бұл әркімге нәсіп бола 
бермейтін жақсылық еді. Осы сәттен бастап Фадаланың 
жүрегіне ізгілік нәрі құйылды. Енді ол Аллаһ расу-
лына қастандық ойлаған адам емес, Аллаһ расулын 
шын жақсы көретін мүминге айналды. Жүрегіндегі 
жағымсыз сезімдерінің бәрі демде жоқ болды. Бойын 
Аллаһ пен расулына деген махаббат кернеді. 
Пайғамбарымыз Қағбада болған кезде, әкесін 
ерткен хазірет Әбу Бәкір (р.а.) шыға келді. Сақал-шашы 
аппақ қудай, көзі көрмей қалған Әбу Куһафа ұлының 
Аллаһ расулымен бірге сегіз жылдан кейін Меккеге 
келуін үлкен қуаныш көріп, әкелі-балалы екеуі Қағбада 
жолығысты. Бұл сәттер әкенің баласын көріп мауқын 
басқан сәттері еді. Хазірет Әбу Бәкір әкесін көтеріп 
әкеліпті. Екеуін көрген Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 

– Қарияны несіне әуреледің? Айтсаң, өзім-ақ үйіне 
кіріп шығар едім ғой, – деді. 
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.): – Уа, расулаллаһ, әкемнің 
аяғына сіз барғанша, сіздің аяғыңызға әкемнің келгені 
артық, – деді. 
Бұл кезде Әбу Куһафаны Аллаһ елшісінің алдына 
отыртты. Пайғамбарлар төресі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 


292
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
мүбәрак қолын Әбу Кухафаның иығына қойып: – 
Мұсылман бол, бақыт табасың, – деді. Расулаллаһтың 
өзі шақырып тұрған соң, Әбу Кухафа сол жерде ләм-
мим деместен Ислам дінін қабылдады. Бұған Әбу Бәкір 
де, Аллаһ расулы да тура Меккенің азат етілгенінен 
кем қуанбады
111

Бір сәт Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қарсы 
алдындағы көкесі хазірет Аббастан: 
– Бауырың Әбу Ләхабтың ұлдары Ұтба мен Муат-
тыб қайда? Екеуі көрінбейді ғой? – деп сұрады. 
Меккеде жүргенде екеуі Пайғамбарымыздың 
күйеубалалары болатын. Әкелері Әбу Лахаб пен 
Меккеліктердің қысымына шыдай алмай, жанына 
батыру үшін сол күндері Аллаһ расулының қыздарын 
талақ еткені бар. Бірақ бүгінгі күн опа мен жақсылық 
күні болғандықтан, Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
оларға да құшағын ашты. Хазірет Аббас: 
– Қашып кеткен Меккелік мүшріктермен бірге 
ол екеуі де қарасын батырыпты, – деді. Расулаллаһ: 
– Екеуін тауып әкел, – деді. Бұны табандап сұрап 
отырғаны анық еді. Сол себепті хазірет Аббас 
атына қарғып мініп, жиендерін іздеп кетті. Екеуін 
соңында Ұрна деген жерден тауып, әуелі екеуі жайлы 
Расулаллаһтың айтқан сөздерін жеткізгеннен кейін 
оларға Исламды қабылдауды ұсынды. Күтпеген 
мәрттікке жүректері жібіген екеуі көкелеріне еріп 
Расулаллаһтың алдына келе жатты. Екеуінің келе 
жатқанын көрген Аллаһ расулының жүзі тағы да 
толған айдай толықсып кетті. Әуелі орнынан тұрды. 
111
Кейіннен Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
хазірет Әбу 
Кухафаның шашы мен сақалының түсін өзгертуді қалаған. Бірақ 
қара түске боямауды ескерткен. Соңында оның шаш-сақалы қынамен 
боялған. Бұл Исламдағы ұстанымға айналды. Ибн Абдилбәрр, Истиаб, 
3/1036 (1773); Ибн Хажар, әл-Исаба, 4/453. 


293
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
Екеуін түрегеп тұрып қарсы алды. Артынан екеуін 
қолдарынан ұстап мүлтазамға дейін барды. Сол жерде 
қол жайып дұға етті. 
Біршама уақыт сол жерде тұрғаннан кейін кері 
қайтқан Аллаһ расулының жүзіндегі қуанышты 
байқаған хазірет Аббас: 
– Уа, расулаллаһ, – деді. Аллаһ қуанышыңды 
ұзағынан сүйіндірсін. Жүзіңнен қуаныштың лебін 
байқадым. 
Пайғамбарлар төресі оған: 
– Раббыма қол жайып, көкемнің мына екі баласын 
маған қалдыруын өтіндім. Раббым сол тілегімді қабыл 
алып, екеуін де өзіме қалдырды, – деді. 
Сол күні Меккеден қашып кеткендер бар еді. 
Абдуллаһ ибн Зибара, Икрима ибн Әби Жахил, 
Сафуан ибн Үмәйя, Уахши ибн Харб, Зүл Жаушан, 
Харис ибн Хишам, Сайыб ибн Сайфия, Ади ибн 
Хыяр, Ұқба ибн Харис пен Мұғауия ибн Әби Суфиян 
секілді Расулаллаһтың мейірімен қашқан кісілер бар 
еді. Алайда осы кісілердің бәрі де бір себептермен 
осы бір мейірбан жанның алдында тура жол тауып, 
бұрынғы қателіктерін жуып-шайғылары келгендей 
Расулаллаһқа толық бағынып, жаңа өмір бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет