Мұхит түбіндегі таулармен жазықтар Барлық мұхиттарда мұхит ортасы жоталары деп аталатын су асты таулары бар. Мысалы Тынық мұхитындағы Пасха, Атлант мұхитындағы Әулие Елена, Тристан-да-Кунья аралдары осындай жоталардың үстінде жетады.
Мұхит түбінін ең үлкен бөлігі казаншұнкырларға тиеді. Қазаншұнкырлар-дын бедері жазык болып келеді және бетін шөгінді жыныстар басып жатыр. Мысалы, Үнді мұхитындағы Орталық қазаншұңқыр, Тынық мүхитындағы Солтүстік-Батыс казаншұңқыры.
Мұхит жазықтарына материктік қайраң да жатады. Қайраң дегеніміз — материктің мұхитка өтпелі бөлігі.Материктік кайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін матертіктік беткей дейді.Мұхиттардың материктерге жапсарлас еңіріндегі доға тәрізді келген ұзын және енсіз ойыстар шұңғымалар (науалар) деп аталады. Мысалы, Тынык мұхитындағы Мариан шұңғымасы (11022м). Дүниежүзілік мұхит қозғалысына: ағыстар, толқындар, су айналымдары
жатады. Мұхит суы әр жағдайда, әр уақытта өзінің көлемін, орынын
ауыстырып тұрады. Оған себеп — жел және климат. Толқындағы су
көлденең бағытта ешбір араласпастан жоғары-төмен теңселіп тұрады.
Бұл судың тік, яғни тербелмелі қозғалысы. Су түбіндегі жанартаулардың
атқылауынан цунами пайда болады. Цунамидің жылдамдығы ұшақтың
жылдамдығына тең. Сондықтан ол мұхиттағы кемелерді жағаға лақты-
рып жібере алады. Ағыстардың екі түрі бар: жылы ағыс және суық
ағыс. Дүниежүзілік мұхит бөлігінде аралдар, түбектер, шығанақтар, теңіздер, бұғаздар жатады. Дүниежүзілік мұхит бөлігінің ішіндегі ең үлкен арал — Гренландия аралы. Тынық мүхитында аралдар тобы көп, оларды ерекшелігіне байланысты Мелонезия, Микронезия, Полинезия деп бөледі. Одан басқа маржандық аралдар да бар. Дүниежүзіндегі ең үлкен теңіз -Саргасс теңізі. Оның бетін Саргасс балдырлары жауып жатқандықтан, теңіз балдырдың атымен аталған. Дүниежүзіндегі ең лас теңіз — Жерорта теңізі. Теңізде ұсталған балықтың етінде сынап пен қалайы мөлшері көп болған. Оның себебі мүхит пен теңізге төгілген жанармай мен мазут. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек — Арабия. Онда жауын-шашынның жылдық мөлшері 15 мм. ғана, аса құрғақ аптапты түбек. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан теңіз — Өлі теңіз де осы түбекте орналасқан. Мұхит суының қасиетіне температурасы, тұздылығы, химиялық құрамы жатады. Мұхит суының химиялық құрамы: хлор 88,7%, сульфат 10,8%, карбонат 0,3%, басқа қосылыстар 0,2%. Мұхит суында еріген газдар да кездеседі. Мұхиттар мен теңіздердің суы түзды. Ең тұзды мүхит — Үнді мүхиты, ең тұзды теңіз — Қызыл теңіз. Оның түздылығы 37,7%о, Тұздылық неғүрлым жоғары болса, соғүрлым су аз қатады. Ғалымдар бүкіл дүниежүзіндегі мүхиттар мен теңіздерді кептіргенде жерде қалған түздардан биіктігі 240 метр, қалыңдығы 2 метрге жететін қабырға жасап, оны экватордың бойымен бір шетінен екінші шетіне созуға болатынын дәлелдеген. Жалпы мүхит суының температурасы 17,5° С. Әкватор маңында температура 28-30° С болса, полярлық аймақтарда -1,8° С қүрайды. Мүхит суы — 2°С температурада қатады.
Тірі организмдер бүкіл мүхит қабатында тіршілік етеді. Мүхиттар-дың органикалық дүниесі — бентос, планктон, нектон болып бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 15 мың түрі бар. Негізінен, олар фитопланктон жөне фитобентостан түрады. Жануарлар дүниесінің 150 мыңға жуық түрі бар. Оның ішінде моллюскалар — 60 мың, шаянтәрізділер — 20 мың, балықтар — 17 мың, қарапайымдылар — 15 мың, ішек қуыстылардың -9 мыңға жуық түрі мекендейді. Сүтқоректілерден кит тәрізділер мен ескекаяқтылар кездеседі. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстер-ге жөне тереңдікке қарай кемиді. Мұхиттарды мекендейтін кейбір жануарлар мен өсімдік түрлері азайып немесе тіпті құрып бара жатыр. Сондықтан оларды зерттеу және қорғау жұмыстары дұрыс жолға қойылуы бүгінгі күннің үлкен мәселесі болып отыр.
Теңіздер мен мұхиттарда пайдалы қазбалар кеңінен тараған. Мұхит қайраңынан ең көп өндірілетін мұнай мен газ. Мұнай мен газға Парсы шығанағы, Мексика шығанағы, Солтүстік Мұзды мұхит қайраңы және Каспай теңізі бай. Мұхиттан тас көмір, темір рудасы, қалайы, т.б. өндіріледі. Сондықтан мұхит пен теңіздерді әлі де жақсылап зерттеу қажет. Мұхиттарға саяхат жасаған саяхатшылар: Х.Колумб 1492 жылы Кіші Антил аралын, XVII ғасырда голландық А.Тасман өз атымен аталатын аралды, XVIII ғасырда ағылшын саяхатшысы Д.Кук Жаңа Зеландия аралын, XVIII ғасырда орыс экспедициясы В.Беринг жөне А.Чириков Алеут аралын, 1803 жылы И.Крузенштерн, Ю.Лисянский Тынық Мұхитындағы көптеген жаңа аралдарды ашты.