II
Байдың ауылдары жылдағы дағдылары бойынша Ақезектің
желкесіндегі Дөңқияққа келіп қонып алды. Келген ауылдар –
Әбіштікі, онан соң інісі Құрман аулы, тағы бір-екі көрші кедей
ауыл.
Бұл қонысқа жылда қонбаса да, анда-санда Жақсылықтың бір
қылығы ұнамай қалғанда, Әбіштің өз аулы келіп қонып кетеді.
Бірақ «көршілік хақын», «пәлен-түген» дегенді айтқан бо-
лып, Жақсылықты «құдайын ұмытпасын» дегендей жалтаңгөз
қылып жасытып алып, егін, пішеніне малын түсіртпей көшіп
кететін. Биыл не қылары мәлімсіз. «Не істесе де – істейтіні
биыл», – деп күтті Жақсылық.
Дөңқияқта ауыл отырғанда, Ақезектегі ең жақын қыстау
Жақсылықтікі болады. Егіні өзектің күн шығыс жағындағы жо-
тада. Ауылдан егін мойны қашандау, бірақ аяқты малды аңдып
отырмаса, түсіп кетуі де мүмкін. Әбіш қырына алса, осы жақпен
келеді ғой деп қауіп етеді Жақсылық.
Ауыл көшіп-қонғанына екі күн болды. Егін пісетін уақыт
тақап қалған соң, қолғанаты аз Жақсылық асығыс қимылдап,
пішенін шауып алайын деп тырбанып жатыр. Сонымен қолы
босамай, бай аулына барып амандаса алмай жүрді. Бірақ сөйтсе
де, жайы өзіне мәлім болған соң, үшінші күн бармақшы болып
атқа мінді.
Егін жолдан бұрыс болса да көре кету керек. Ел келгенде,
ертеңді-кеш көздеп, тықақтап тұрмаса – болмайды. Баяғыдан
жер қорып, күндіз-түні ұйқы көрмей жүрсе ғана егін, пішен
алатын. Сол дағды бойынша аулынан егінге қарай беттеп келе
жатып, бір жотаға шықты.
177
Шыға бере Жақсылықтың есі шығып кетті. Іштей қауіп
қылғанда, қастық қылса – түнде жібереді ғой деуші еді. Бірақ
мынадай сұмдықты бір күн ойлап есіне алмаған.
Тапа-тал түсте жүз қаралы жылқы шеттегі бір аңызақ би-
дайына емін-еркін кіріп алып, бырт-бырт үзіп, талқандап жүр.
Жылқы пыр-пыр пысқырып, басын алмай жұлып жатыр. Адал
еңбек, маңдай тері, қызыл қарын жас баланың көз сүзіп отырған
егіні күл-талқан болып жоғалып барады. Жаздайғы үміт пен
тілектің өшкені, өшіргені осы!
Ауыздан ащы зар мен қарғыс араласып айғай шықты.
Көзден бұла болып жас ытқыды. «Қорлық-ай, қорлық-ай! Әй,
өлейін, өлмесем, сенен келген керді көрейін!» – деп айғайды
салып жылқыға келіп араласып, дүркірете Әбіш аулына қарай
қуып жөнелді. Жағында тыным жоқ, айғай салады, қарғайды.
Оңаша жуан ауылды жетпіс жеті атасынан бері қарай құлдилап
боқтайды да, көзінен ыршып-ыршып жасы кетіп жылайды да.
Бірталай жерге шейін жылқыны жосылтып қуып тастап,
ақырында есін жиды да, ішінен іріктеп жүріп, екі семіз атты
ұстап алып, үйіне келді. Бұл барымтасы емес, егін жегеніне бай
аулы бет бақтырмай дау айтуына болады. Соған көрсету үшін
ұстап алған айғағы.
Дүркіреп үріккен жылқы аулына барды. Бұл Құрманның
жылқысы екен. Алдынан кесірлі жылқышы шығып, егінге
түскенін білсе де, түгі кетпей сүйсінгендей болып, малын
түгендеді. Түгендесе, Құрманның аңға мінемін деп қоя бер-
ген іріңдей екі семіз аты жоқ. Жотаға шығып қарағанда, өзекті
құлдап, аулына екі атты жетектеп шауып бара жатқан біреуді
көрді. Дәу де болса Жақсылық шығарсың деп, ауылға қайта
келіп, байына көрген-білгенін айтты. «Жылқыны қара сорпа
қылып қуалап, құла ат пен қозыгерді барымталап алып кетіпті.
Егінге түскен-түспегенін құдай білсін!» – деп келді.
Мұны естіген соң-ақ Құрман етін сыртына теуіп, зәрін
шашып, Жақсылықты жер-көкке сыйғызбайтын болып, әке-
бабасынан бері қарай боқтай бастады. Шауып алмақ, байлап
алмақ, қырмақ, жоймақ болды...
Бұл хабарды Әбіш те естіді. Жақсылық келер деп тісін ба-
сып, сабыры кетіп отыр. Екі атты аулына апарып тастай сала,
12–1247
178
Жақсылық та жылқы Құрмандікі екенін біліп, бұл ауылға тура
келді. Әлі де нақақтығын ойлап, ызамен күйіп жүрген. «Мұны
көргенше, өлгенім артық, не аянар жан қалды?» – деп, өртеніп,
түтігіп келді.
Есіктен кіріп келгенде, Әбіш пен Құрман бір жерде отыр
екен. Болымсыз күбір етіп сәлем берді. Екі бай қатар сұрланып,
оқты көздерімен атты. Бір болыс елді партияда жеңіп, бүктеп
алған Әбішке шүйкедей Жақсылық бұйым ба? Жерге қағып
жібермесе – несі кісі?!
Жақсылық келіп төрге шығуы-ақ мұң екен. Құрман
амандықтың орнына әке-бабадан жіберіп келіп:
– Есігімде жүрген есесіз құл, құдайыңды ұмытқан екенсің!
Бес қара бітті деп теріңе сыймай жүр екенсің ғой сен! Қаң-
ғыртып, қоңыз тергізіп жіберейін. Жылқымды қан сорпа қылып
қуып, атымды барымта қылып ұстайтын сен қандай әулиесің?! –
дегенде, Жақсылық өзінің кінәсіздігін ойлап, бұрынғысынан да
ашынып:
– Жазығым болса, қоңыз тергізерсіз. Жазықсыз болсам, зәрің
шашқанмен, түк қылмайсың! Құлдануың жеткен! Мен қусам,
ақы-адал малымды қуып келіп... – дей бергенде, Құрман жа-
нында жатқан қамшыны жұлып алып, атып тұрып Жақсылықты
отырған жерінен тұрғызбай батырлатып жөнелді. Басқа тиген
қамшымен бірге, дүреден сонағұрлым ауыр сөздер боқтықпен
араласып, Жақсылықтың ар-намысын да тілгілеп жатыр.
Басында кішкене тырбанып қарсылық көрсетіп, бас
қорғайын деп орнынан тұра беріп еді, отырған екі-үш қонақ
Жақсылықтың екі қолынан ұстай алды. Содан соң Құрман
қолындағы қамшыны басы үзілгенше Жақсылықтың бауыр
сыртынан бірдей дүре соғып, ойына келген жауыздығын істеді.
Ашулы інісі Жақсылықтың керекті сыбағасын беріп болған кез-
де ғана Әбіш: «Қой енді, қой. Тоқтат!» – деген болды.
Өзі де ызалы, өзі де соны істемекші болған Әбіш бұған
бұрын «қой» демекші емес-ті. Өйткені астыртын жылқыны
егініне түсіріп отырған, ұрғызып отырған, бәр-бәрін істеп, отты
Құрманның қолымен көсеп отырған – Әбіш байдың өзі.
Әбіштің ел мінезінде көптен жақтаған тәсілінің бірі осы.
Тартыста әркімге әртүрлі мінез істеу керек. Біреуді әліне қарай
сөзбен, малмен, бейілмен алдасаң, біреуді ызғармен, қорқыту,
179
зілмен алу керек. Тағы бір алуан Жақсылық сияқты қорғаны жоқ
кедей-кепшік болса, оларды осылай дүре, жазамен ықтырып,
бауырыңа тығып алу шарт. Мынау – сол ел ішінде талайдан
бері, талай жерде сыналған айла. Жақсылыққа жаздан бері екі
байдың арнап жүрген емі осы. Қазірде сонысын ғана істеді.
Сыбағалы таяғын жеп алған Жақсылық енді мұнда отырар
орны қалмады. «Не көрсе де, бұл ауылдан сырт жерден күтпесе,
мұнда рақым жоқ. Шағатын Әбіш көзбе-көз бұны істеткен соң,
не үміт қылсын!»
Жылай, зарлай үйден шығып, атына мініп, басы ауған жаққа
жүріп кетті.
Есінен адасып, не қыларын білмей, қайда баратынына
ақылы жетпей, үйіне келсе, Құрманның жылқышылары ауылда
қатынын сабап, екі атты алып кетіпті. Үйде бала-шағасы мен
қатыны зарлап отыр.
Әйелі алдынан шығып, көгеріп жылап, Құрманды қарғап-
сілеп жүргенде: «Ұлыққа шақ, ұлыққа бар!», «Өл, өлмесең,
өшіңді ал!» – деген сөзді айтып, жылап жүр. Жақсылықтың
ақылы осы сезді естіген соң ғана орнына түсті. Дертіне жаңа
ғана ем тапқандай.
Қатын-баланың не көргенін сұрап, уату керек болса да, оның
бірін де ескерместен, бет-аузының қанын да жумастан, үйінің
сыртында арқандаулы тұрған торы атын әкеп ерттеп алды.
Ақөзектен қырық шақырым жерде, Ақтаста начальник бар
деп еститін. Бар қорлығын соған айтпақ болып шауып жөнелді.
Жақсылық үйден шыққанда, түс бола бастаған. Екіндіде началь-
никке келіп жетті. Милиция начальнигі жас жігіт екен. Пішіні
қара – қазақ жігіті. Көзі үлкендеу, сөзі сыпайы, түсі жылы.
Есіктен кірген жерден Жақсылық жылап, зарланып бетінің
қанын көрсетіп, барлық көріп келген қорлық-зорлығын айтты.
Өне бойындағы жараны көрсетті. Ата-бабасынан бері қарай
көріп келе жатқан іске шейін бәрі де ақтарылды. Ақырында
тағы да жылады.
– Шағарым жоқ, барар жерім жоқ. Жалғыз сіздің панаңыз
болмаса, қорғалар, тығыларым жоқ. Мені енді Ақөзекте
де отырғызбайды. Елдің бар жуанының сөзі бір. Менің на-
мысымды, менің жоғымды жоқтайтын бір мұсылман табылар
деп білмеймін. Есімді әпер, қолымды теңдікке жеткіз, совет! –
деді.
180
Тағы да осы сияқты көп сөздер айтты. Барлығы да жуан-
дығы қалмаған елдің ішінде кедей көпшіліктің айтатын шын
зары. Жуанмен ұстасқан кедей тентек болатыны, оның сөзі
тыңдалмайтыны, есесі тимейтіні, ылғи ғана алдауға түсіп,
көптің талқысынан шыға алмай, жуанға жем болатыны, сол
көргенін ұлыққа да жеткізе алмайтыны – барлығы да айтылды.
Начальник басында арызшыға шала сенетін дағдысы бойын-
ша, бұған да сене алмай төрт бес сұрақ берді. Бірақ басындағы
ажары сенімсіздеу Қараса да, Жақсылық көрген-білгенін
күдіксіз қылып орнықты етіп, әлденеше айтқан соң, шын сенді.
Орнынан атып тұрып, үш милицияны шақырып алып:
– Әбіш пен Құрманды қазір барып ұстап әкеліңдер! – деп
бұйрық айтты.
Жақсылық төбесі көкке тигендей қуанды.
Аздан соң үш милиция қылыштарын сартылдатып, мылтық-
тарын асынып алып, сатырлатып желіп жөнелді.
Жақсылық арттарынан қарап тұрып – үш жігітті өз кегін
қуып бара жатқан ең жақын досы деп білді. Айдынды, алапатты
пішіндеріне сырттан сүйсініп, соларды туғызған ата-аналары-
нан айналды.
Ертеңінде екі байды алып келген соң, начальник жер-
ге кіргізгендей қылып ұрсып-ұрсып, Жақсылықтың айызын
қандырып келіп жауып қойды. Оларды жатқызып тастап,
Жақсылық үйіне қайтты.
Талайдан ыза көрген сорлы бүгін Әбіш пен Құрманға не
қылса да аямайтын сияқты еді. Алған кегіне ырза болған
көңлінен анда-санда қуанышты жалын шығады.
– Енді сол екеуінен не көрсем де арманым жоқ! Әйтеуір
ке гімді бір алдым, Ырзамын–ырзамын... Советім! Баяғыдан
білсемші! – деп, Жолшыбай келе жатып жүз қайырып айтты.
III
Бүгін Әбіш аулында жиын бар. Жиын Қараадырдың
барлық атқамінер пысығы, нелер ызғарлы жуан, нелер сұрқия
партияқор, нелер пәле іздегіш қулар сақалдарын сипап, әркім-
әркімді қолға алып мысқылдап, кейбірі жымия күлісіп, кейбірі
сұрланып томсарып, ақ үйлердің сыртында әр жерде топ-топ
181
болып, күңкіл-күңкіл сөздер сөйлеседі. Бір болыс елдің жуан
аталы мықтылары өздерінің ежелден келе жатқан әмірін сақтап
қалмақшы. Бұрынғы уақытта, ешбір заманда көрмеген құқайы,
естімеген пәлесі келді. Бір болыс елдің, бір беттің бұрынғы
күннен бастығы болып келе жатқан жуан белі Әбіш болатын.
Бүгін сол Жақсылықтай құнсыз-бұлсыз келімсектен көрмегенді
көріп отыр. «Иттің ұлы-итақай» тең түсіп, қарсы сөйлеп, аз күн
болса да жатқызып, жаза тартқызып отыр.
Бүгінгі күн асауларға ноқта киіліп, тоңмойынның сынған
күні сияқты. Іштегі барлық қарсылық неше түрлі еппен, айла-
мен жол тауып, өз дегенін істеу керек. Көптің миын қатырып
отырған – сол сергелдең.
Бір жолда ұлыққа шағып, тең түстім деп отырған
Жақсылықты әлде болса қорқытып, ықтырып, ендігәрі мұндай
істі істемейтін қылып алу керек. Құдайын ұмытпайтын, байы-
на қарсы келмейтін болуға керек. «Ұлыққа қазақ баяғыдан да
шағысатын, ұлықтың жеңгені түбінде жеңген емес, онымен
әбүйір алмайды.
Әлде болса неғылса да осы қарсылықты істеген
Жақсылықтарды осы істі машық қылмайтын етіп бұқтырып,
шошытып жіберу керек! Ниет осы.
Әбіш пен Құрман екеуі Жақсылық жаптырып қайтқаннан
кейін он күннен артық начальниктің қолында тұрған. Жақсы-
лықтың жанжалынан соң екеуі жабылды дегенде, елдің барлық
жуандары атқа мініп, Әбішті қуысатын болған. Әлде болса
алыстан «жуан» деп дабырайтқан сөздер көп болса да, бұл
күн ге шейін бұл елдің ішінде ешбір жуанға жүген-құрық ти-
ген жоқ. Сондықтан бұрыннан көп сөйлесіп, көп жүріп, көпті
көріп кіріп-шығатын тесіктің жөнін көп байқағандықтан, елдің
пысықтары Әбіш пен Құрманды іздеудің жолдарын тауып алды.
Ел ішінде қызмет қылып тұрған қайсыбір «оқығандардан» на-
чальникке хат алды. Қаладағы таныстарына шауып, солар
арқылы қағаздар түсіртті. Өздері барып кепілге сұрады. Не
қылса да «жатып қалды» деген атты шығармаймыз деп, көптің
намысы келетін істей көріп, жұмыла қуысты.
Бұл істің турасында Қараадырдың атқамінерлерінің ынты-
мағы бір. Себебі, биылғы сайлауда Әбіш жағы жеңіп шыққаннан
182
кейін, екі жақ: «Енді партияны қояйық, берекелесейік, заман
бізге жаман болып барады, тоқтасайық!..» деп табысқан. Сай-
лау үстінде сайлаушыдан да бұл адамдар бірталай қатты сөздер
естіп, қаққы көрген. Көпшілігін жуан деп, қара тізімге тіркеп,
сайлау басына жуытпаған. Бұған шейін баяғы бір желікпен
еш нәрсенің нарқын байқамай, қызыл кеңірдек болып жүрсе
де, нақ биылғы сайлауда арамтер болғанмен, игілігін өздері
көрмейтініне көздері жеткен-ді. Содан кейін сыртқа: «Енді не
болса да тыныш отырып, тыныш жүріп байқайық. Үндемей
момын болып отырсақ, кім басымызға ойнайды?» деген
дақпырттарын өзара табысқан-ды. Енді бірін-бірі қорғауға
жұмылғанда, «ел берекесі» деген боп бірінің басына төнген
қауіпті қалғандары бірігіп жеңілдету қарыз саналған. Оның
ішінде, Әбіш сияқты топ басы жуанын мықты қылып ұстау
мақұл. Ол сыртқа айдын үшін керек. Мұны ойласа, Әбіштерді
әсіресе барлық ынта-пейілмен іздеу міндет.
Осындай көп себептер қамшы болып, көп ел соңына түсіп
іздеген соң, байларды босатып алған. Бірақ босатарда началь-
ник Құрманның қолынан «Жақсылықтың шығынын төлеймін»
дегізіп қолхат алып қалды. Ол Жақсылықтың тілегі бойынша
істелген іс.
Сонымен бүгінгі күнде мына жиылысты шақырып
отырған Әбіш пен Құрман елге келген соң, қолхат бойынша
Жақсылықтың пұлын бермек керек еді. Құрман оны берген жоқ,
сұрайын деген Жақсылыққа тағы да бұрынғыша зәрін шашып,
маңына дарытпаған. Бұл төлеу былай тұрсын, енді Жақсылықты
біразырақ көп жуанның талқысына салып, тәубесін есіне
түсіру керек. Әбіш пен Құрман өз жақындарымен бұл жайдан
ақылдасқанда: «Жақсылықты қайта ұлыққа бармайтын қылу
керек», – дескен.
Сол ретпен Жақсылықтың ісін биылғы партияда Жақсылық-
ты өздеріне тартып алған Алатай аулынан көрген. «Солар
қолтығына дым бүріккен соң барды, әйгпесе Жақсылыққа бұл
қайрат қайдан келді?» – дескен.
Бір болыс елдің атқа мінерін жиюдағы мақсұт: бүгін «ел
жақсыларының» берекесі шын болса, Әбіш пен Құрманның
басын жоқтауларын тілемек. Бұлардың аулына милиция әкеліп
183
ат ойнатып, байлатып отырған жауы – Жақсылық болса, соны
сүйеп отырған – Алатай аулы. Содан арылып беруін сұрамақ.
«Алатай аулы ұстап жүрген Жақсылық бізді жаралап отыр.
Енді мынаған иелігі бар ма, жоқ па? «Иемін», – десе мынаның
істеген ісі үшін, ағайын ауқымынан шығып, шеңбер бұзғаны
үшін жауап берсін! «Жоқ, ие емеспін», – десе – Жақсылықтан
былай шықсын, ие еместігін айтсын! Бұдан соң өз білгенімізді
өзіміз істейміз», – деседі. Бүгінгі жиынның ортасындағы сөздің
бір ұшығы – сол.
Жиын ішіндегі тілді-ауызды шешендер Алатай аулының
адамдарымен сөйлесіп, арылып шықты. Олардың жауабы: «Біз
Жақсылықтың бұл жұмысын білмейміз. Ақылдасып істеген
іс емес. Өз бетімен істеген тентектігі. Мынау елдің береке-
бірлігінің үстінде сау басымызға сақина тілейік деген ниетіміз
жоқ. Әбіш бізден көргенді қойсын! Араздық үсті болса бір
басқа, сонда да біз ұлыққа шағып, дуанға шауып көргеміз жоқ.
Өзі біледі!» – дескен.
Сонымен бұл арадағы қауымның түйінді сөзі бітіп қалды.
Жуандардың бұрынғы бірлігі – бірлік, берекесі – береке болды.
Сол ынтымаққа арнап сойған ақсарбас түгі қалмай желінді.
Бұл жолғы іс бір жерден шыққан соң, енді тамам елдің
атқамінері бірігіп, Әбіш пен Құрманның кұнын жоқтамақ бол-
ды. Сөз сөйлене келе: «Жақсылықтың қылығы кісі өліміндей
қылмысты жұмыс» болуға айналды. Ел ұйытқысын бұзып,
ұлыққа шапқаны үшін не жаза істесе де рауа», – десті. Бұл
Әбіштің басын жоймақ болған іс деп те танылды.
Сонымен барлық жиын көп сөздің артынан байлауын
қылып, баталасып алды. Батаның серті – Жақсылықты ел бо-
лып жауламақ. Мына шырық бұзған қылығы үшін кезі келгенде
кегін алмақ болысты.
Бұл ызғар, бұл доң-айбат ежелден дегеніне жететін – «көп
қор қытады, терең батырады». Заңмен табан тіресіп қарсы тұ-
рып, бүгінде қолмен іс қылмаса да, Жақсылықтың емі осы
десіп еді.
Шынында Жақсылыққа осының өзі де жеткілікті болды.
Күнде милицияға шауып, арқасын ертеңді-кеш соған тіреп
отырса – бір жөн.
Сондықтан батаның артынан көптің байлауын айтып
тілдескелі келген қу-пысықтар айтқанын істетті.
Желінген егіннің шығынын алмақ болып отырған Жақсылық
енді бұрынғы егіндігінің бәрінен айырылды. «Бермесе қайта
кел», – деген начальникке енді бара алмады. Шығын алу бы-
лай тұрсын, егінін жиып алған соң Ақөзектегі қорасын тастап,
Әбіштің жерінен көшетін болды.
«Ұрысы жуан болса – иесі өледінің» аяғын құшып, егінін
жиып алған соң, боқыраудың басында қызыл қарын жас бала-
сын шұбыртып, Жақсылық Ақезекті ықтиярсыз тастап көшіп
кетті.
Аудармалар
187
ЧУСОВОЙДАҒЫ БУРЛАКТАР
(Мамин-Сибиряктан )
Чусовой бір тамаша орын
1
. Оның сұлулығы – өшпейтін,
сөнбейтін, жылдың әр уақытына қарай құбылып, өзгеріп оты-
ратын сұлулық.
Жазғытұрым Чусовой екі жақтан ентелеп тұрған биік қия
жартастарға соғылып, секіріп ойнап, өкіріп-бақырып жататын
асау, долы тағы сияқты. Күздігүні ол қайғылы сұр пішінге еніп,
таудан жайылымға тасты далаңмен бірқалыпты жайлап ағып,
құбылып жататын, қой аузынан шөп алмас салқын, сабырлы,
мұңлы жуас өзен. Қыстыгүні мұз көрпесін оранып, қанды
ұйқыда қатып жатқан айдын жарық сұлудай.
Жаз келді. Чусовой шың таулардың тарау-тарау қия жан-
дарымен жас келіншектей бұралып, қатпарлы үшкір тұмсық
мүйістерімен жыланша иіріліп, жүз құбылып ағады. Тек кейбір
тасты құламаларға келгенде ғана көбігін сайға шашып, қатты
гүрілдеп сотқарланады.
Айнала жым-жырт. Оралдың әуе айналған ыстық күні жер-
көк ті рақымсыз өртеп тұр. Анда-санда қатты ұйқыда жатқан ауыл -
дар ғана көзге түседі. Кең шалғыннан жоны ғана қыл тыл дап,
еркімен жайылып жүрген бірнеше күзетсіз аттар бай қалады.
Бәрінен де біздің қайығымыз ойдан төмен жұлдыздай
ағып өте шығады. Жайылып жатқан көк жасыл дала өзінің
тыныштық рақатымен бойыңды билеп, басыңды айналдырып
мас етеді. Түсте көрген таң-тамаша, қызықты бір патшалықтың
ішін аралап ағып келе жатқан сықылды сезесің.
Мінеки, мына жерден бекерге емес, Чусовойдың атын
шығарып, даңқын зорайтқан тамаша биік құздары басталады.
Кей бірінің биіктігі алпыс саржан шамасы болып
2
ұзындығы
өзен бойымен жүргенде әлденеше шақырымға созылып жатыр.
188
Қалың тау, жақпар тастарды қақ жарып, астын тесіп,
қабырғасын бұзып Чусовойдың тентек суы өзіне еркін жол
салып алған. Бұл жерде ол қия тастардың қысып, тыны-
сын тарылтқанына, еркімен құлауға ерік бермеуіне қатты
назаланғандай долданып, кеудесінен шыққан саңырау үнмен
күңіреніп, күрсініп ағады. Ойнақшып келіп соғылған сулар
күміс тырнағымен қия тастардың жалтыр бетін тырнап, ше-
шек шыққан кісінің бетіндей бұжырлаған. Алып таудың зор
кеудесін ақ көбікті толқынымен минут сайын, сағат сайын неше
күн, неше жыл тынбай жалап, қайтсе әлсіретіп, жайын таппақ.
Сол жерде біздің қайығымыз бір зор қаланың астымен ағып
келе жатқан сықылды. Терең үңгірдің астынан гүрілдеп аққан
ағынды судың үні саңырауланып жөнді естілмейді. Толқынды
судың беті таудың көлеңкесімен қап-қарайып көрінеді. Жыл-
тыраған болымсыз күннің сәулесі терезеден білінген жарықтай
көмескіленіп, биік таудың төбесінен ғана түседі. Тұс-тұстан
ентелеп тұрған жалаңаш жартастар дыбыссыз күңіреніп, тырс
еткен тықырды өзеннің ұзын бойына жаңғырықтырып тұр.
Бір уақыт қарт бурлак
3
Ильия басын қайырып, шалқайып,
маған:
– Міне, басына қарасаң тақия түседі дейтін биік жартасың
осы, – деді.
Қарасам, шын бас айналып, тақия түсерлік биік екен. Басы-
на көз әзер жетеді. Ең үлкен ұшар басында, көз ұшында, қа раң-
ғыда түбі босап қисайған ағаш кереш көрінеді. Ішімнен: «Бұл
кереш дәуде болса анау тырбиып әр жақтан қарсы бетке кө-
мілген, уақытсыз қаза тапқап бір сорлы бурлактан қалған жал-
ғыз белгі ғой. Бұл жерден өткен бурлактардың мыңнан біреуі-
ақ ол байқұс жолдасына дұға қылмай өтетін шығар», – деймін.
Менің:
– Осы ағаш ағызып жүріп көбіне бурлактар суға кетеді, –
дегеніме Ильия томсарып. – Кім білсін, әртүрлі болады. Кейбір
ағаш ағызушы аман өтеді, бірақ ондай сирек болады. Әркімнің
бақытына қарай. Біздің бурлак жолдастардың талайын бұл Чу-
совой жалмады ғой, – деп ауыр күрсініп, жауап қайтарды.
Жаңа ғана бір ауылдан өтіп, енді бір жақпар тасты мүйістен
бұрыла бергенде, қайық үстінде отырған адамдар бір дауыспен:
– Ойбай, қайық батты! Жарылған қайық! – деп шулап қоя
берді.
189
Байқасам, Ильия бір қолымен күн тасалап, қадалып су бетіне
қарап тұр. «Бірден жарты шақырымдай жерде тақтайлары шо-
шайып, үстінде қарбаңдасып жүгіріп жүрген бірнеше адам-
дары бар қайық», – деп боларлық емес. Түссіз, түрсіз бір зор
нәрсе ағып келе жатыр екен. Ол Чусовойдың тасына соғылып,
талқаны шығып, кісілері тоғытқан қойдай суға батып бара
жатқан үлкен бір қайық екен. Ильия аянышты қайықтан көзін
алмай тесірейіп қарап тұр.
– Уай, сорлы-ай! Оң иығымен соғылған екен ғой. Әне,
кісілерін қара! Алда байғұстар-ай! Балықша терлеулері-ай,–
дейді өзіне-өзі күбірлеп. – Япыр-ай, жолымызды қамап алып
жүрмесе игі еді. Қарашы, арам қатқан сиырдай сұлқ ағып, тұп-
тура бізге таман келе жатуын, – дейді.
Бір уақыт бір нәрседен қатты шошынғандай ащы дауыспен
жылдам-жылдам:
– Уай, жолдастар! Қарақтарым, тарта көріңдер. Тарт-тарт!
Барыңды сал, тұмсығын оңға сала тарт, – деп әбігерленді де
қалды.
Қарасам, біздің қайығымыз жал болып өзенге тірелген бір
шоқпар тастың үшкір тұмсығына таман тұп-тура садақтың
оғындай зуылдап ағып келе жатыр екен.
Ильия құлындағы даусын құраққа шығарып, күрекшілерге*
қарап:
– Масқара болдық. Соғылдық, ал тарт! Тарт! Бұра тартың-
дар – деді. Сол күздегі дұғалы ауыр минутты сипаттап болмай-
ды. Қайық үсті өлік шыққандай жым-жырт болды. Қүрекшілер
Ильяның айтқанын екі қылмай, екі иықтан дем алып барын са-
лып, тартып келеді.
Күректер ұшқан құстың қанат қаққанындай сермеледі.
Мөлдір суды күмістей жарқыратып маңайға бүркеді.
Қия жартасқа шейін бірнеше-ақ саржан жер қалды. Жұрттың
жаны аузында, тін алмай демін ішіне тартқан. Екі көздері
тұнжырап жартасқа қадалған. Өлім жазасына бұйырылған адам-
дарша үн жоқ, түн жоқ болашағын сабырмен күтіп тұрғандай.
Міне, жартастың қырлы үшкір ирек тастары анық байқала
бастады. Міне, оның тұсына келіп, құтырған қасқырдай көбігі
бұрқырап тулап келіп соғылған судың гүр-гүр еткен дүрілдегі
*
Күрекшілер — ескекшілер.
190
ашық естіледі. Міне, сол қия тасқа таман зымырап біздің
қайығымыз келеді.
«Ал жартасқа жарты-ақ кез жер қалды. Ал соғылдық, ал
талқан болдық, көз жұмылды». Бір уақыт зымырап келе жатқан
қайық құйрығын шалдырған түлкідей бұлаң етіп, бұлт берді.
Кірпік қаққанша қылыштың жүзіндей қырлы жартасқа ти-
ер-тимес болып өте шыққанда, қайық үстіндегі адамдар ауыр
күрсініп: «Уһ!» – деп тін алғандай болды.
Ильия қуанышты дауыспен:
– Құтылдық қой. Көрме, босат. Уһ, – деп бұршақтап шыққан
терін сыпырып тастап, бұрынғы орнына отыра кетті.
Қайық ашық судың ортасымен жылжып ағып, теңселіп
жүре берді. Біраздан есімізді жиып артымызға қарасақ, өзеннің
жағасында бірнеше адам иіріліп тұр екен. Үсті-бастары
сорағытқан су, бастары жалаңбас, дірдектеп бізге айқайлаған
сияқты. Бірақ не айқай екенін біз ести алмадық. Біреулерін
шешіндіріп, шайқап, жұтылған суын құстырып жатқандай бо-
лады. Біз аман-есен өтіп кете бердік.
Бір заман судың жағасындағы бір талды бұтаққа ора-
лып, су бетінде қалқып тұрған жыртық киімді екі адамның
өлігіне ұшырастық. Дәу де болса Чусовойдың рақымсыз долы
толқынымен ақырғы минуттарына дейін алысып, ақыры жеңіліп
зор толқынға бас иген. Бағанағы жарылған қайықтардың адам-
дары болса керек. Бұларды көріп, Ильия салқын қанмен қып-
қысқа:
– Екеуі марқұм, – деді.
Қанды Чусовойдың уақытсыз құрбаны болған бұл екі сор-
лылар кім екен? Қай ауылда, қай жерде, қандай үйдің іштері
көзінің жасын көл қылып күңіренер екен? Қандай қызыл қарын,
жас балалар шуласып, қандай үй ақырғы асыраушысынан айы-
рылып, қорғансыз жетім қалып сорлады екен?
Күнде көріп, Чусовойға дағдылы болған бұл аянышты ауыр
суреттер көңілге ащы ой түсіргендей, жүрекке терең жара
салғандай болды.
(Арқалық)
Пьесалар
|