2-СУРЕТ
I көрініс
Той күні. Сахнада үш-төрт бөлек қатындар, қыздар, келіншектер тобы
өтеді. Тойға жиылған әйелдер, сәнді киінген күлкіші желекті бір топ қатын
оқшау тігілген отаудың сыртын көріп:
1-қ а т ы н . Қыздың отауы осы ғой... Күйеулер осында ма
екен?
2-қ а т ы н . Қой бұл емес шығар... Ана жақта бір ақ үйлер
тұр ғой...
1-қ а т ы н . Жоқ, осы. Анау дөдегелерінен танып тұрмын.
Біздің ауылдағы ұзынтұра қайнағаның бәйбішесі істеген осы-
ны. Іші қандай екен, кірсек қайтеді? (Қатындар келіп кіреді.)
3-қ а т ы н . Алған малын түгел жасаймын деп отыр деп еді
семіз бәйбіше, пәлен-бәтіре еш нәрсесі көрінбейді ғой өзінің.
1-қ а т ы н . Бұл жолы бермейміз, жасау-жабдығымыз да-
йын емес дескен екен... Қыздың бозалаңдап жүргенін сезіп
тоқтатпай беретін болыпты ғой. Сондықтан шала-шарпы ісі бар
шығар.
2-қ а т ы н . Қаракөзді бұзып жүрген кім екен, ей? Сұлу-сұлу
дегенге босқа асқақтап жүр ме? Әлде күйеуі жаман ба екен?
1-қ а т ы н . Кіммен бұзылғанын білген жан жоқ дейді,
әйтеуір мына күйеуіне риза емес болса керек. Бірақ күйеуі кем
емес, кім біледі...
3-қ а т ы н . Қойыңдар, күйеуді көрейік (шығады.). Мынау
үйді жар-жарға дайындап қойған ғой, тегі.
2-қ а т ы н . Жар-жарды кім айтады екен?
1-қ а т ы н . Жүр ғой осында салдар... солар айтады да. Сы-
рым да жүр екен... бұл жолы қайтер екен?.. Өзгенің қызын
ұзатқанда күйеуіне риза емес деп, қайдағы сұмдықты айтушы
еді. Айтқыш болса, өз қарындасының наразылығын айтсыншы,
көрейік.
2-қ а т ы н . Сырым айтпас деймісің, оны да айтады. Бұл
күнге шейін ой-қырына қарап көрген жоқ, іркілер деймісің
(тамсанып), осы біртүрлі-ау өзі, бетің бар, жүзің бар демейді.
3-қ а т ы н . Өзінің жүзіне қарауға шыдай алмаймын! Осы бір
алмасы бар сияқты.
2-қ а т ы н (күліп). Құрып қалғыр, қызығып жүр екенсің ғой
(Күліседі.)
209
1-қ а т ы н . Қызықса неменесі бар? Жас болмап па жұрт? Бір
қатынға Сырымның басы татитын шығар... (Табақшылар өтіп
жатады, үлкен-үлкен табақ ет көтеріп.)
II көрініс
А л ғ а ш қ ы т а б а қ ш ы . Ой, қатындар, құр кісі жоқ үйді
айналдырғанша, ана ізденіп отырған жігіттерге, күйеулердің
үйіне барсаңдаршы... Бар жігіт атаулы, ізденген қатын-қызбен
салы бар, бозбаласы бар.
2-т а б а қ ш ы (жүріп келе жатып). Ізденер де түр жоқ қой
өздерінде... Өңшең бір лақса, бұларды кім керек қылсын.
2-қ а т ы н . Одан да етіңді тасы жөндеп, саған жігіт тауып
бер, басымды өткізе алмадық деген кісі бар ма? Осы ауылдың
мал-қойшысы бейбастақ келеді өстіп.
3-т а б а қ ш ы . Қой, бұларға бөгелме, алып жүріңдер
табақты, ана құдалардың үйіне астарыңды тез бер деп жатыр.
2-т а б а қ ш ы (кетіп бара жатып). Бәлем, сен қатындармен
ісім түссін, жігіт пысқырып қарамаған соң, ызалы болып
ширығып отыр екенсіңдер, сендер ашулансаңдар – дүние ойран
болады ғой.
2-қ а т ы н . Жігіт қарамады деп саған жалынамыз ғой,
сұқсырдай неме?.. (Күліседі.)
3-т а б а қ ш ы . Бүлінбей-ақ қойыңдар... сендерге де өліп-
талып тұрған кісі жоқ әзірше... Ашамайдай қылып не қылсын
сені арса-арса қылып. (Күліседі. Табақшылар кетеді артынан
қатындар жүреді.)
III көрініс
Аздан соң Ақбала, екі келіншекпен бірге қолдарына жасау алып отауға
келіп кіреді.
А қ б а л а . Ол жібекті мына шымылдыққа іл, оңайға қой,
жаршы қыздардың жамылатын жібегі ғой.
1-к е л і н ш е к (үйді жасап жүріп). Жігіттерден жар-жар
айтатын Асан болады, ол бір самар көрінеді, қыздар ештеңе
айта алар ма екен?
2-к е л і н ш е к . Е, айтпай!! Олар да естімей жүр деймісің,
бүгін туып па?.. Жар-жарды еркемнің өзіне айтқызса, Асаннан
асып түспесе, кем түспес еді. Ұзатылатын қыз болған соң иба
14–1247
210
қылады ғой, әйтпесе Сырымнан екі елі айырылмаған, ылғи
өлеңмен ән үйреніп алып, ойын-тойда тамам қыз-келіншектің
алдына түсуші еді.
А қ б а л а . Олар үшін айтатын кісі табылар, мырза жігіт
бұрынғы әдетінен жаңылмаса, жігіттерге қосылар деймісің.
1-к е л і н ш е к . Кім біледі? Әжемнен қаймықпаса, ұрсады
деп.
А қ б а л а . Бәрекелді, қаймығатын кісіні тапқан екенсің!
Әжем қарғағаннан басқа оған не қылады? Айтар қарғысын айта
берер, теріс батасын беріп болған. Оған тыылса, мырза жігіт ай
қарап жүр деймісің, ол өз бетінен қайтпайтын тентек емес пе?
2-к е л і н ш е к . Япырым-ай, әжемді әкелері осы күнге шейін
сыйлап қорқып тұрады, Сырым неге соларша қадірлемейді.
А қ б а л а . Жас күнінде, шешесі өлгеннен бері, әкені әке де-
мей, шешені шеше демей, жат бауыр болып кетті дейді ғой.
1-к е л і н ш е к . Болса болар-ау өзі, мына шешесінен өгейлік
те көріпті ғой бала кезінде.
IV көрініс
Қолында таяғы бар, жуан семіз бәйбіше Мөржан шығады. Жанында
Кәмшат сүйемелеп келе жатыр.
М ө р ж а н (Отаудың есігіне қарап тұрып). Болдыңдар ма
түге, Ақбала мұндамысың?
А қ б а л а . Болдық, әже! Енді құда-құдағилар осында келеді
ғой?
М ө р ж а н . Тысқа кілем әкеліп жайыңдар. Жұрттың бәрі
үйге сыя ма? Қаракөз аттанғанша құда-құдағиды төбеңмен
тік тұрып күт. Қаракөз қайда өзі? Ол үйінде неге отырмай-
ды? (Тым-тырыстан соң Ақбалаға оңашарақ.) Мен бүгін бір
суық сөз естідім, осындағы қатын-қалаштың бәрі сөйлеп жүр
дейді, ол тағы не сұмдық?! Сен білуші ма едің? Ауылға, аруаққа
нұқсан келтіретінін білем деймісің сен. Сезгеніңді айтпай жа-
сырып жүрсің ғой дәу де болса.
А қ б а л а . Жалғыз мен емес, осындағы жұрттың бәрі біліпті.
Төремнің риза еместігі Наршаға да мәлім болыпты. Білгенмен
жұрт қайтушы еді, мен қайтейін?
М ө р ж а н . Нарша да біліпті дейді? Шынымен-ақ менің
асы раған балам жаманатты болғаны ма? Үлде мен бүлдеге
211
орап, алтындай сақтап келгенімді бір-ақ күнде шайғаны ма?
Бұның не білген ойы бар, шақыр мұнда Қаракөзді (Кәмшат
кетеді. Табақшылар ет алып өтеді.)
3-т а б а қ ш ы (асығып келе жатып). Болыңдар қазір ойын
болады, тойға жиылған жұрт енді ойын болсын деп асығып
отыр. Қаракөзден аяйтын не жан бар, сал шыбыныңды.
2-т а б а қ ш ы . Қаракөз келетін болса жарар еді, кететін
болған соң қиналдың не, қиналмадың не? (Кетіп қалады.)
М ө р ж а н (ойланып тұрып, ашулы). Жетім қозы тас бауыр
деп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, туған шеше-
сін жоқтатпайын деп келсем де, барлық қадір-қасиетімді басқа
тепкені ме? (Тым-тырыстан соң, Ақбалаға.) Мұны бұзып
жүрген кім? Наршадан асып тапқаны кім, менсінбегенде?
А қ б а л а . Әже, Наршаны жақтыртпадым дегені болмаса,
басқа кісі бар деп ешкім ешбір сөз айтпайды, бар болса да, ол
кісіні білген тірі жан жоқ, мен де түк білмеймін.
М ө р ж а н . Иә, сенгенім-ақ (кекетіп), соның сенен жа-
сырын сыры бар шығар, баламның ойын бұзатын әзірейілді
иіскемей-ақ білемін. Жеңгемін деп қас істемейтін сен сияқтылар
істейтінін сезбейтін шығармын, тек қонақ аттансын, сенің ініңе
су құярмын, білдің бе?
Көп келіншек нөкерімен сәукеле киген Қаракөз келе жатады. Қаракөз
мұңлы. Алыстан шуылдап ойнап жатқан дауыстар, ән естіледі. Сахнадан
Сырымның жолдастары үш-төрт салдар, бес-алты қыз-келіншек құшақтасып
ән салып өтеді.
V көрініс
М ө р ж а н . Қарағым! Неге жүдеусің? Мынау отауыңа:
«ұзағынан сүйіндір», – деп оң аяғыңмен аттап кір... Атаң күйеу,
енең келін боп тілеу тілеп кірген, ақ күмбезі осы болар, әлде
кімнің қызынша орынсызға именіп, жасқанбай, бойыңды дәл
ұста... (Қаракөз кірмей, үндемей тұрады.) Кір, жарығым, жасық
боламысың, шіркін, әлде немене!..
Қ а р а к ө з . Әже-ай! Шығармыз да, кірерміз.., оның несін
ырым қылдың... Қай қыз сапарымды оңда деп тілеу тілемеді
дейсің? Соған қарап бағы ашылатын болса кім тілемес дейсің?
Жылы ұядан шығып, жат ұяға кетіп барамыз, одан да батаңды
берсеңші.
212
М ө р ж а н . Менің бата бермей жүрген балам ба едің сен?!
Ана сүтім, ақ батамды ақтамасаң – саған серт, тілеуіңді тілеме-
сең – маған серт дегенім қайда? Қайдан білейін, туысқаның Сы-
рымша ата-ананың теріс батасын арқалап, аруақты күңірентіп
жүрмесең. (Тым-тырыстан соң.) Басқан ізіңнен сынайтын
жаттың ортасына барасың, сақ бол. «Басқа пәле қызыл тілден»
деген сөз бар. Ата сақал аузына біткен сенің әкең Жарылғапты
қағып отырсам да, сені бір күн алдыңнан шығып, көлденең кел-
ген жоқ едім. Өркөкірек қылып өсірген өзім едім, өлшеуіңнен
аума, жаным.
Қ а р а к ө з . Әже, мені бір шаруаға шақырттың ба, әлде бір
айтпағың бар ма еді?
М ө р ж а н . Қарағым, айтпағым бар екені рас. (Аздан соң.)
Сенде ішке жиған бір наразылық бар сияқты, қызығын қызық-
тағысы келмеген бір жараулық бар дейді. Сенің қызығыңа қара-
ған шешең мен үстіңде жаным шықсын деген анаңмын. Саған
жаман ат тағылғанша, менің қартайған басыма ол қайғыны
салғанша, құдайдың алғаны артық деп жүрген адаммын...
Қ а р а к ө з . Мен сонша жаманатты болыппын ба? Не
істеппін?
М ө р ж а н . Сенің қабағыңа қарап, Нарша да жүдеп отыр
дейді... оның да қабағы сынық сияқты маған. Одан артық
сұмдық бола ма, бұл менің көрер күнім бе еді? Осыны бір емес,
көп жұрт айтты. Қарағым, мен сенен мұның жай-жапсарын
сұрамаймын.
Қ а р а к ө з . Неге сұрамайсың? Сұрағаның лайық емес пе?
Бітеу жара қылып ішіңе сақтасаң, дерт болмай ма? Мені бұл
болмаса, күл болсын дегенің бе... Әйтпесе қызының күйін
шеше сұрап білсе мін бола ма екен?
М ө р ж а н . Жоқ... жаным... маған сұратпа, маған ол
күйігіңді білдірме... Айтпағым сол, осы білгенім де жетер,
менің кәрілігімді ұмытпа. Шешеңнің ауыр салмақ көтерер сиқы
жоғын байқа.., мына тойыңды қуанышпен өткіз.., жабы болып
жолдасыңды жасытпа. Ондағы баратын ауылыңның, мұндағы
ата-анаңның жүрегін мұздатпа...
Қ а р а к ө з . Кім болса да қолынан келгенін істер...
М ө р ж а н . Балам, жоқ сұмдықты бастама... жұрттан естіп
жатқан сөзім де жетер. Салғыласпа енді меніменен... (Жақындап
келе жатқан ән естіледі.) Болды, енді үйге кір...
213
Қыздар үйге кіреді. Ақбала мен Қаракөз сырласып сөйлеседі, өзге қыздар
бір жақта күлісіп, сөйлесіп тұрады. Бұл уақытта сахнаға күйеулер тобы
шығады. Ішінде Асан сияқты салдары бар... бір бөлек болып құда-құдағилар
шығады. Құдалардың ішінде Тұрсын, Қойсары би бар. Текті бәйбіше қасында,
Жарылғап ауылының қатындары, кұда-құдағилар, бұлар салулы кілемге оты-
рады. Тойға жиылған ел, күйеулер тобының жанында болады, Асан сал әндетіп
шығады. Маңайындағы жұрт қамалып, күлісіп, қуанысып келе жатады.
VI көрініс
М ө р ж а н (Наршаның алдынан). Қарағым, ұзағынан
сүйіндірсін. «Қыз алғанша қайын жуан, қыз алған соң күйеу
жуан» деген. (Бұл уақытта Нарша, Асан барлық жолдаста-
рымен Мөржан бәйбішенің алдынан сызылып тәжім етеді.)
Енді Қаракөзім де бір, сен де бірсің. Екеуің қара өзегімді қақ
жарып шыққан баламсың. Келші бермен (Нарша қасына келеді,
Мөржан маңдайынан сүйеді.) Өмір жастарың ұзақ болсын,
қарағым.
Т е к т і . Құдағидың мейірімі түскен баласы еді Қаракөз.
Нарша екеуі тек ақ батаңды ақтайтын болсын, біздің де содан
басқа тілейтін тілегіміз жоқ.
Ж а р ы л ғ а п . Кемпір шешенің содан артық не тілегі бо-
лады, тек балалар бақытты болсын, ұзағынан сүйіндірсін,
бәріміздің де тілегіміз сол.
Т ұ р с ы н . Не нәрсе де ұзағынан берсін, біздің анау-мы-
нау сөзіміз жолда қалатын сөз ғой, тек әке едің, үлкен едің деп
айтқан болмаса, өздерінің түз еңбегі жарасса, әке-шеше былай
қалады ғой.
Қ о й с а р ы . Ақ батаны беріп, адал тілеуді тілеу – ата-
ананың міндеті, көл болған көп тілеуін орындау – адал туған ұл
мен қыздың міндеті.
М ө р ж а н . Балаларым, жақсы болсаң, кеудеңде санаң бол-
са, үлкеннің тілеуі де, батасы да осы болар. Жаман болам десең-
дер, бізді өмір бойы бөктеріп жүрмессіңдер, өз күндеріңді өзде-
рің көрерсің, әйтпесе іріген-шірігеннің бірі болып жүрерсің
(Бұл сөзді тыстағылар мен үйдің ішіндегі жұрттың бәрі
тыңдап тұрады.)
Ж а р ы л ғ а п . Кәне, ойындарыңды бастаңдар.
Д а у ы с т а р . Иә, енді ойын басталсын, ойын басталсын,
кәрінің ақылы айтылмай қалмас, кейін де айтылар. Жаршылар!
214
Шығыңдар енді, қыз-келіншек күтіп тұр (Күліседі, салдар мен
ел жігіттері бөлініп шығады.)
А с а н .
Жар-жар болса, жаршы біз,
Айтысам деген ақын қыз
Бой көрсетсін тығылмай,
Айтысатын ақынбыз (аз тым-тырыс.)
Тәтті ауыздан дәм кетпей,
Қиналып маңдай терлетпей,
Айтысам десең, бастаймыз
Тындаушыны шөлдетпей.
Қыздар сыбырласып, ақырын күлісіп, жібек шәлі жамылып, төрт-бесеу
топтанып, босағаға таман келеді, бұл уақытта Сырым көп жолдасымен сахнаға
шығады – бәрі де сәнді салдар.
К ө п ж ұ р т . Салдар-салдар келеді (Жол беріседі.)
А с а н (Сырымға). Қай топқа қосыласың?
Ж а р ы л ғ а п . Қай топқа қосылғаны несі – бұл еркек емес
пе, еркекке қосылады да.
М ө р ж а н . Оны істесе Сырым бола ма (Кекетіп күліседі.)
С ы р ы м (Құдалар жаққа қарап)
Күлген кісі күлер,
Күлмегенің түнер.
Тіл орамды ілер,
Мұндайда ақын бір түлер.
Түлегенде не дер –
Оны Сырым білер.
Жалғыз-ақ топтан тілек бар –
Тентек атты Сырым ғой,
Не сөз айтса албытқа
Қайнамасын жігер!
(Көп жұрт күліседі).
Д а у ы с . Әй, байғұсым, жүрек шерін тарқатар көсем сер-
кем осы дағы. (Сырым жолдастарын ертіп үйдің ішіне кіріп
кетеді. Үлкендер ұнатпаған пішінмен қарасады.)
М ө р ж а н (Жарылғапқа). Осы сияқты ібіліс жынның
жүрісін көрмесем деп едім, бүгінгі күн тағы кез келтірді ме?
Ж а р ы л ғ а п . Оның дағы жүргені аруақтың арқасы шығар,
қайтушы едік, соншалық жатша қуып, жат бауыр қылып
қайтесің.
М ө р ж а н . Мен қойдым, бірақ бұл жүрген жерден береке
шықпайды: айттым да қойдым.
215
Бұл уақытта әр жердегі топ сыбырласып, күлісіп тұрады, Сырым үйге
кіргенде Қаракөздің қасына келіп.
С ы р ы м (Қаракөзге). Қалқам, мен бүгін текке келіп, текке
кетем деп келгенім жоқ, мен баласы жауға тұтқын боп, өзіне оқ
тиген жанмын, сені қамаған топты жараламай кетпеймін.
Қ а р а к ө з . Мен сөзімді айтқанмын. Менің еш нәрседен
именерім жоқ, өзің біл.
Еркектер тобы, бастығы Асан әндетіп, қосылып жар-жар айтады.
Ж а р - ж а р (бастаушы Асан):
Жар-жар біз келдік, еркем, сізге, жар-жар,
Айтысқан сөз жарассын сіз бен бізге, жар-жар!
Қуаныш тойыңды құттықтаймыз, жар-жар,
Тілеу тілеп алдыңнан үй мен түзде, жар-жар!
Жиылған жұрт, ағайын, тілеуің де, жар-жар,
Еш күмән жоқ оң сапар тілеуіңде, жар-жар!
Екі асылдың сынығы қосылыпсың, жар-жар,
Міні бар деп айтпаймыз, біреуінді, жар-жар!
Еркелетіп өсірген бетің қақпай, жар-жар,
Жар атын да айтпаған зорын таппай, жар-жар!
Көп тілеулес ағайын ортасында,
Бетін аштық сол сөздің келген ашпай, жар-жар!
Әр жердегі әйелдер ақырын жыласады. Еркек тобында ақырын күлкі,
жыбырласқан әңгіме.
Ә й е л д е р т о б ы (бастығы Сырым болып, Асан тоқтай
салысымен бастайды):
Жар жақсы деп жаршылар көп айтады, жар-жар,
Өмір көркі жарменен деп айтады, жар-жар!
Жігіт айтса күлкімен айтар сөзін, жар-жар,
Қыз жыласа уайым жеп айтады, жар-жар!
Сал жігітке шырқаған әні қызық, жар-жар.
Ағайынға той қылған сәні қызық, жар-жар!
Қыз не десе де о десін аттанарда, жар-жар,
Тізіп алған атаға малы қызық, жар-жар.
Мен жыласам жылаймын қайғымды айтып, жар-жар,
Іштегі өртті тығамын айтпай қайтып, жар-жар!
Ұрыссаң дағы ата-анам естісең де, жар-жар
Мен бекіндім кетуге барымды айтып, жар-жар!
Аз тым-тырыс. Тыстағы құда-құдағилар қозғалып қобалжығандай болады.
М ө р ж а н . «Кері кеткеннің аузынан кеселді сөз шығады»
деп, Сырым айтып тұрған сөз ғой мынаның бәрі.
216
Қ о й с а р ы . Ұрыспаңыз, бұдан бір алуан сөз шығар, тіпті
айтылғаны теріс емес. Жар-жарда әйел бала риза болдым деген
сөз сөйлеуші ме еді! Бұнысы тіпті жолды сөз.
Т ұ р с ы н . Рас айтасың, (Асанға) кәне сендер неге тұрсың-
дар, айтыңдар!
А с а н (Салдарды бастап):
Жыласын деп айтпаймыз саған жарды, жар-жар,
Білдірмекші ағайын көңіл барды, жар-жар!
Есік аштың бүгін күн жаңа өмірге, жар-жар,
Еркелікпен балалық кейін қалды, жар-жар!
Лайық шығар айтқаның ойда барды, жар-жар,
Не күйдірді, не жақты көңіліңде алдың, жар-жар!
Нені сүйіп, не нәрсе қайғы салды, жар-жар!
Сөйтсе дағы бүгінгі күн тілеу күні, жар-жар!
Қызық қыл деп тілейтін күндіз-түні
Қуанышы туысқанның ортасында
Шығуына орны жоқ зардың үні, жар-жар.
Қуанышты күн болса – тілеу болар
Тілететін тілекті тіреу болар.
Ә й е л д е р т о б ы :
Қуаныштың орнында қайғы болса,
Көңіл баяу, көз мұңлы, жылау болар.
Қуанар ем мен дағы бойым еріп,
Осы қызық бола алса өмірсерік.
Қазір тарап кететін ойын-жиын,
Адым жерге кім барар жаным еріп, жар-жар.
Бүгінгі күн түрленген қинаулымын,
Айналамда көз де көп сынаулымын.
Іштегі дерт сонда да шықсын сыртқа,
Ырзалық жоқ мен зарлы жылаулымын, жар-жар!
Үлкендер бір-біріне қарайды, Нарша жүдеп тұрады.
М ө р ж а н . Мынау менің баламның сөзі емес, а Құдай, оң
сапарыңды бер, жолымды қыл деп тілек тілеудің орнына. Менің
балам мұны айтпайды, бүйтіп азбайды. Мынау сөз Сырым
сияқты жынның сөзі, оның адал ниет ақ батамен жұмысы бар
ма? Шығаршы өзін қарағымның жанынан – ойын деп тұр ма,
баланың тілек тілейтін сапарын, нені көкіп тұр өзі?!
Н а р ш а (өз тобына). Шығар сөз шығып қалған соң, бүрке-
генмен бола ма, қайғылы жалғыз Қаракөз емес, Сырым да
қостайды екен. Екеуі қосылып айтқан соң тыңдамауға бола ма..,
бола ма, Асан! Айтқыза бер, арманымыздан шығып тыңдап
қалайық. (Бұл сөздерді үйдегі Сырымдар естіп тұрады.)
217
С ы р ы м (Қаракөзге). Атқан оғым тиетін жерлеріне тиіп
жатыр. Менің ендігі жұбанышым осы дағы. (Жолдастары мен
әйелдерге қарап, ақырын өлеңдетіп):
Жаралауға жарасам, –
Мұратыңа жеткенің!
Сайрап жүрген ол бұлбұл
Ерігі жоқ болды құл.
Ойланып артқа қарасам –
Енді болдың сен де тұл.
Ерке тоты кеткенің
Аза салып қайғы қыл!
Жырла да жыла соны біл...
А с а н (айқайлап шырқатып алып).
Күлдер-ай мен қыз белін қынайтұғын, жар-жар,
Ұзатарда егіліп жылайтұғын.
Риза емен деп бай таңдап, қыз алмайды,
Бәрі дағы көз жасын бұлайтұғын.
Сөйтсе дағы жылаудың орны бар-ды.
Жар үстінде шығармас іште зарын.
Ару асыл болғанда ойламас па,
Уақыт тығыз болғанда орын-тарды, жар-жар.
С ы р ы м тобы.
Бүркегенге етекпен өрт тұра ма,
Тыққанменен білінбей дерт тұра ма?
Бәлсінбеймін айтпағым шыны зарым,
Қайғы жексе бойдағы ерік тұра ма?
Ата-ананың малымен ұстап жастан
Ноқта тағып бөтенге таңба басқан.
Кім алса да кім бөтен мүлкімін мен, –
Жұбанарлық орын жоқ ерте бастан.
Басалқы сөз – өсиет кеңшілікте,
Ежелден менің басым кемшілікте.
Жиылыс бәрімізге бірдей болса,
Мен де ортақ қолға тиген теңшілікке.
М ө р ж а н . Жә! Тоқтат, енді?! Бүйтіп айтқан жар-жарың
құрысын. Осы арсызға қосылып айтып тұрған ұрғашы кім?
Соны айтыңдаршы жалғыз-ақ маған?!
Т е к т і . Қой, енді мынадан арғыны тыңдар жайым жоқ.
Шыдайын десем де шыдатар емес қой, мен жалғыз баламның
қызығын бүйтіп қызықтаймын деп келгенім жоқ. Қаракөз айтса
да, Сырым айтса да осы сыйымыз жетер. (Тұрады.)
218
Қ о й с а р ы . Тек, балаларға сөйле деп ерік беріп, артынан
әзіл сияқты сөзін жіпке тізгеннің орны болмайды, оны ашу
қылып, зіл қылғаның лайық емес. Мұндай-мұндайды айтпаса
жас бола ма, ұзатыларда осы ретті сөзді айтқаны жөн...
Т ұ р с ы н . Ендігі ойынын балалар мен жастар өзі ойнай
берсін, біз енді үй жағымызға барайық... (Үлкендер тұрады,
Асан бірге шығады.)
М ө р ж а н . Сырым жүрген жерден береке күткен жан емес
едім. Әке-шешеге күйініштен басқа берері жоқ, не деген азып
туған жан болды... Тілеген баласы осы ма еді? Бүйткенше өзі
берген құдайдың өзі алса еді, бүгінгі тойға келмесін деп едім,
Жарылғап пен Жабай, әйтеуір қылдыңдар маған... (Еркектер
күліседі.)
Ж а р ы л ғ а п . Апам жар-жарды естімеген-ау деймін осы?
Бұрын Сырым айтты дегенің болмаса, кім айтпаушы еді осылай
деп? (Жүруге ыңғайланады.)
М ө р ж а н (Еркектермен кетіп бара жатып). Жарайды,
өсиет айтатын әке сенбісің? Заманыңа да болайын, әке бол-
мыс сен болсаң, саған да болайын. Ой-сана жоқ дей ме екен
өзге елде. (Отаудың сыртында тұрған елге.) Қарақтарым,
тоқтатыңдар да, тараңдар енді. Сырымнан қай басты сөз
естимін деп тұрсыңдар, мұны істемесе, ол аты шулы болып ел-
ден шыға ма... (Сырымға айғайлап.) Қуарған ұл, кет енді ауы-
лымнан... қарамды көрме, жолама дегенім қайда... мен саған.
Сенің күйігіңнен өлер болдым-ау, жер жұтқыр.., көрінбе көзіме,
арам туған неме. (Шығып бара жатады.)
С ы р ы м (Үйден сақылдап күліп). Шеше! Мен өтірік сөз
айтқаным жоқ. Айтылған сөздің бәрі рас.
Қ а р а к ө з (Қасына келіп). Қойсаңшы енді. Әжеммен са-
лыс пашы осы, қарғысы жаман, аямайды.
С ы р ы м (айғайлап). Әже! Өтірік десең, кәне, тыңда... Енді
сыңсып қоштасатын өлең айтылады. (Ән шырқатады.)
Батагөй әжем де бар көзі тірі,
Тұғырдан тайғаны жоқ ақыл ірі.
Шешем өлігі жетім боп қалғанымда,
Зорлаушы сатушының өзі бірі.
Сүймеген келін бопты шешем менің
Қалыпты соған деген көңіл кірі.
Қаракөз жылайды, өзге үлкендер кеткенде, жалғыз Жабай қалады.
219
VIІ көрініс
Сырым жолдастарымен сыртқа шығады. Мұның алдында Нарша өз жол-
дастарымен сөйлесіп тұрады. Сырым сыртқа шыққанда, Нарша қасына келеді.
Бұл уақытта Асан Қаракөздің қасына келіп, ақырын сөйлеседі.
Н а р ш а (Сырымға). Сырым, сен жалындаған асыл сөздің
иесісің. Сенің сөзіңді ажалдыға кез келсін деуші еді жұрт, бірақ
шырай топтың көзінше пұшпағынан ілінген ажалды киік мен
болам ба? Азалы, қайғылы жалғыз Қаракөз емес, сен де арман
көрінесің. Қаракөздің күйігін жыр қылу үшін басы сен болған
соң, қарындасыңда не арман болсын, жалғыз-ақ керегі жоқ... бұ
да кезі келген заман шығар.
С ы р ы м (салқын). Қарағым! Мені жерлеп қайтесің, мен жол
мен жөннен адасқан әуре жанмын... Менің елім – жылаған қыз
бен жырлаған жігіт... одан басқа елдің бәріне мен де жатпын,
маған ел де жат. Тіл алсаң, мені қажама... Сенімен шиленіспей-
ақ қояйын.
Ж а б а й . Ей, Сырым! Бер кел... (Сырым таңырқап келеді.)
С ы р ы м . Не айтасың?
Ж а б а й (Ашулы). Не айтатыным сол: әке-шеше болып
айтқан сөзім даритын болса, сен мына бейбастақтықты істемес
едің ғой. Сені не дейді, бізді не дейді, қымсынудан кеткен
екенсің; жатқа істеген ісің белгілі еді. Бүгін күйінген кісі болып
келіп, Қаракөзге де мынаны істедің бе? (Ашуланып.) Басқан із
көрінбейді екен деме... Әйтеуір ізденген бір бәлеңе ұрынғалы
келе жатырсың.., алдыңнан шықпайым... Жететін өрісіңе
жібердім... бірақ аяғыңды байқап бас... (Жүріп бара жатады.)
С ы р ы м (салқын түспен). Сол ма?
Ж а б а й (кетіп бара жатып). Сол... айттым... болды.
Ұғарлық болсаң... Ұғарсың...
С ы р ы м (әндеткен сөзбен):
Қаракөз асыл аяулы,
Қайғы басқан қаяулы.
Жарасын ашсам жақпайды,
Ұрсады маған бай ауылы.
Шер жесе де шығар ма,
Болмаса жаза таяулы.
Маған да күн қарап
Аттысы атпен шапқанда,
Жаяуы қуды жаяулы.
Жолдастарымен сахнадан шығады.
Ш ы м ы лд ы қ
220
Достарыңызбен бөлісу: |