Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағЫ 3-том мақалалар, ӘҢгімелер, аудармалар, пьесалар 1921-1929 "ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014


«ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЗАҚСЫЗ ҚАЛАДЫ...»



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата19.01.2017
өлшемі4,32 Mb.
#2190
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

«ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЗАҚСЫЗ ҚАЛАДЫ...»

Бұл  мақала  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  архивінен 

алынып, тұңғыш рет жазушының шығармалар жинағына енгізіліп отыр. 

Басылымға ұсынылып отырған хаттамадағы бұл сөздің М. Әуезовтің 

өмірінде алатын маңызы ерекше. 1921 жылы қараша айынан бастап 

қазақ  даласында  жаппай  ашаршылықтың  белгісі  біліне  бастайды. 

Қазақ атқару комитетінің, жауапты хатшысы міндетін атқарып жүрген 

М.  Әуезов  үкіметтің  алдына  шұғыл  шара  қолдану  туралы  арнайы 

мәселе  қояды.  Жергілікті  жердегі  жағдаймен  толық  танысып  шығу 

мақсатымен ол Орал облысына аттанады. Ондағы ашаршылықтың өте 

кең жайылып, халықтың жаппай қырылып қалуы қаупі төнгендігіне 

көзі  жетеді.  Облыстық  партия  комитеті  мен  Қазаткомның  төтенше 

жиналысын шақыру жөнінде ұсыныс жасайды. Бұл мәселе бойынша 

1921 жылдың 10 желтоқсан күні Өлкелік облыстық партия комитеті 

мен  Қазаткомның  мәжілісі  өтеді.  М.  Әуезов  сонда  баяндама  жасап: 

1.  Ашаршылықты  жою  және  оның  зардаптарын  шешу  үшін  қазақ 

қызметкерлерін өкімет ісіне белсенді түрде тартуды; 2. Жергілікті жер-

лерге арнайы адамдар жіберіп, нақты көмек көрсетуді жүзеге асыруды; 

3. Ашаршылық орнаған аудандарды анықтап, оған үкімет тұрғысынан 

азық-түлік жіберуді ұйымдастыруды ұсынды. Ашаршылықтың түпкі 

себептерін  ашып,  Ресейдегі  ашаршылыққа  ұшыраған  аудандардың 

халі  бұдан  гөрі  тәуір  екендігін,  соған  қарамастан  Қазақстаннан 

жиылған  азық-түлікті,  малды  ішкеріге  жіберу  науқаны  тыйылмай 

отырғандығын әшкереледі. Осы кездегі оның қайраткерлігі кейіннен 

ұлтшыл-контрреволюционерлік қастандық ретінде бағаланып, түрмеге 

қамалды.  «Коммунистік-колони заторлық»  саясатпен  келіспеген 

М.  Әуезов  1922  жылы  қызметті  тастап,  біржола  шығармашылық-

ұстаздық жолға бет бұрды. Осы сөзден кейін ашаршылықтың зарда-

бын жою туралы арнайы қаулы қабылданды.

Т. Жұртбай,  

филология ғылымдарының кандидаты


308

ҚАЗАҚ ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ

(Ашық хат)

Мақала алғаш рет «Шолпан» журналының 1922 жылғы 2-3-санда-

рында жарық көрді. Бұдан кейін жазушы шығармаларының ешқандай 

басылымына  кірген  емес.  Толық  текст  Т.  Жұртбаевтың  «Бесігіңді 

түзе!..»  (1997)  атты  монографиясында  басылды.  Мақала  жазушы 

шығармаларының толық жинағына тұңғыш рет енгізіліп отыр.

1922 жылы күз айында М. Әуезов Қазақ атқару комитетінің сая-

си  хатшысы  міндетінен  бас  тартып,  тікелей  жазушылық  қызметпен 

айналысуға  бет  бұрды.  Ташкен  қаласына  барысымен  «Ақ  жол» 

газетінің редакциясында келісіммен қызмет етті. Ал «Шолпан» әдеби 

журналының шығарушылар алқасының мүшесі ретінде басылым ісіне 

белсене  араласты.  Соның  ішінде  көркем  әдебиет  пен  көркем  сынға 

ерекше көңіл бөлді. «Қазақ қалам қайраткерлеріне» арналып жазылған 

ашық хатта М. Әуезов өзінің көркемдік талаптарын жасырмай, нақты 

білдірді.  Соның  ішінде  көркем  шығарманы  саясатпен  араласты-

рып,  оның  үгіт-насихаттық  сыпатына  баса  назар  аударған  баспасөз 

ұжымдарын  қатты  сынға  алды.  Ол  «Шолпан»  журналының  ондай 

жалаң саясаттан бас тартатынын мәлімдеді. Жазушы кейін өзінің осы 

ашық  хатта  айтылған  пікірлері  үшін  солақай  әсіреқызыл  сыншылар 

тарапынан қатты сынға ұшырады. 1932 жылғы 10 маусым күнгі «Со-

циалды  Қазақстан»  газетінде  жазған  ашық  хатында  да  «Шолпан» 

журналындағы осы мақаласындағы пікірлерінің ұшқары айтылғанын 

еріксіз мойындауға мәжбүр болды. Негізінде, осы мақалада айтылған 

ойлардың дұрыс екендігін өмірдің өзі дәлелдеді.



Т. Жұртбай

309

«ШАНШАР» ЖУРНАЛЫ ТУРАЛЫ

Бұл мақала 1925 жылы «Таң» журналының 3 санында жариялан-

ды. Мақала соңына «М» деп қол қойылған. Мақаланы осы журнал-

дан алып, 1967 жылы «Лениншіл жас» (11 ақпан) газетінде филология 

ғылымдарының докторы, профессор Керімбек Сыздықов жариялады. 

Осыдан кейін мақала жиырма томдық шығармалар жинағының 15-то-

мына («Жазушы», 1984, 54–59-беттер) енді. Елу томдық академиялық 

толық басылымға алдыңғы жарияланымдары салыстырылып барып, 

жиырма томдықтағы нұсқасы жіберіліп отыр.

Өзінің  ғылыми-сын  еңбектерінің  тізімі  көрсетілген  1945  жылғы 

жазбасында «О народном юморе и юмористическом журнале» (крити-

ческая статья напечатанная в журнале «Тан» 1924 г.» (папка № 271, 24 

бет) дегендері бар. Мұнда, әрине, «1924 жыл» деп жаңылыс жазылған, 

себебі, «Таң» журналының алғашқы саны 1925 жылдың наурыз айын-

да шығып, төрт саны жарық көргеннен кейін тоқтап қалған. Жазушы 

1924  жылы  Ленинград  университетінің  бірінші  курсын  бітіріп  елге 

келгенде,  үкімет  орындарының  өтінішімен  бір  жыл  оқуына  бармай 

қалып қояды. Осы кезде Семей ҚазПед техникумы мен губерниялық 

партия мектебінде сабақ берумен қатар «Таң» журналын шығаруға ат-

салысады. Журналдың редакторлығы қызметін атқарады (ЛГАОРСС, 

фонд № 240, опись № 7, дело № 119).

Журналдың  беті  мен  бағыты:  қандай  болмақтығы  жөніндегі  та-

лабын  мына  бір  ойларының  өзі-ақ  көрсете  алады:  «Оқушының  ойы 

мен сезімін күлкісіз салқын түспен отырып тәрбиелейтін баспасөздің 

ішінде күлкі журнал болып шықса, тәуір сөздің тұздығы сияқты бо-

лады. Бұл да тәрбиеші, бұл да ой сезімді бастайтын жетекші, басшы, 

бірақ бұның өзгелерден әдісі бөлек. Бұның өзгеден айырмасы сыртқы 

пішінінде  ғана.  Күлкі  журнал  да  ойды  жетілтіп,  сезімді  ұстартпақ. 

Сондықтан ол күле отырып, біле отыр дейді. Ойнап отырып, ойлап 

отыр,  біреудің  мініне  күлсең,  өзіңді  сол  міннен  арши  отыр  дейді». 

Күлкі  сөздің  қиқы-шойқылығынан,  оспадарлығынан,  қай-қайдағы 

былғаныш, былапыт сөздерді үйіп-төгіп тоғытудан тумайтынын, күлкі 

істелген іс пен болған жағдай шынайы жеткізілуінен туындайтынын 


310

еске салады. Журналдағы: «Ағза не нәрсе? – Адамның бір мүшесі», 

«Көшпелі не нәрсе? – Қазақ», «Магнит не нәрсе? – Сұлу әйел болса 

керек» дегендерді де сәттілік, тапқырлық деп білмейді. Сұрақ-жауап 

түрінде  берілген  мұндай  сөздердің  ішінде  ұтымдылары  да,  арзан, 

салмағы төмендері де бар деп біледі. Жалпы осы мақаласы арқылы 

әзіл-сықаққа құрылған журналға деген ой-көзқарасы көрінді.

1.  10-бет.  «Шаншар»  –  қазақтың  тұңғыш  күлкі  журналы»  – 

М.  Әуезов  мақаласын  «Апрельдің  аяқ  кезінде  Семейде  «Шаншар» 

журналының  бірінші  саны  алынды»  деген  сөздермен  бастайды. 

Ал  журналдың  бір  саны  ғана  шығып,  әрі  қарай  жалғасын  таппай 

қалғаны  жоғарыда  айтылды.  Журнал  Ташкенде  Түркістан  Компар-

тиясы  Орталық  Комитетінің  ұйымы  –  «Ақ  жол»  газетінің  жанынан 

шыққан.  Оның  себебі,  осы  кезде  Ташкент  Өзбек  республикасының 

қарамағына  өтіп,  баспасөз,  оқу-ағарту  билігі  жағынан  болсын 

бұрынғы  қазақтардың  үстемдігі  әлсірей  бастайды.  Көп  жоба-

жоспарлардың  жүзеге  аспай  қалатыны  осыдан  кейін  болады.  Оның 

жалғасының шықпауы әлсіздігінен немесе қаржының тапшылығынан 

емес,  заманның  өзгеруіне  байланысты  болды.  Дегенмен  «Шаншар» 

– қазақ сатирасы тарихындағы тұңғыш күлкі-сықақ журналы болып 

қала береді.

2.  3.  12-бет.  «Шаншардың  қулары  Тонтай,  Текебайлардың 



қу лығы  да  көбінесе  сондаймен  келген»  –  XIX  ғасырдың  ішін-

де Шаншардан шыққан Қонтай, Тонтай, Текебай, Торсық байлардың 

есімі  Арқа  жеріне  кеңінен  белгілі  болады.  Абайдың  шешесі  Ұлжан 

болса, оның әкесі Тұрпан сол белгілі қулар Қонтай, Тонтайдың інісі. 

Тонтайдың  өлер  алдында:  «Жазыла-жазыла  қожа-молдадан  да  ұят 

болды,  енді  өлмесек  болмас»  деген  сөзі  екінің  бірі  айтып  жүретін 

мәтелге айналып кеткен. Торсықбай жөнінде Жұмат Шанин пьеса да 

жазды. Ал Шаншар – табиғи қылықтарымен ел арасында аты шыққан 

Қаракесектің  өнерпаз  әулеті.  Оның  өнерпаздары  уытты  әзіл  сөзді, 

күлдіргі айтыс өлеңдерінің неше алуанын тауып айтқыштықтарымен 

аттарын шығарды.

Т. Әкімов, 

филология ғылымдарының кандидаты


311

ЖАЛПЫ ТЕАТР ӨНЕРІ МЕН ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ

Мақала алғаш рет «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы қаңтар 

–  ақпан  айларындағы  санында  жарияланған.  Сонына  «Мұхтар»  деп 

қол қойылған. Кейін 1969 жылы шыққан он екі томдық шығармалар 

жинағының 11-томына енді.

Енді  мақаланың  тікелей  өзіне  келсек,  1926  жылы  13  қаңтарда 

ашылған қазақ театрына байланысты талас-пікірлердің көп болғаны 

мәлім.  Олардың  көпшілігі  тоталитарлық  жүйенің  қолдан  жасалған 

теріс  саясатынан  туған.  Алайда,  қазақ  театрының  даму  бағытын 

бағдарлаған  М.  Әуезовтің  театрлық  һәм  эстетикалық  ойларының 

маңызы  зор.  Ұйымдастырылып  жатқан  ұлттық  театр  қандай  болу 

керек, оның өзге елдер сахналық өнерінен өзгешелігі неде, олардың 

өнегесі,  барар  жолы  қандай  деген  мәселелер  төңірегінде  М.  Әуезов 

келелі  пікір  айтып,  ғылыми  тұжырымдар  жасайды.  Мұнда  сонау 

көне  Гректен  бері  қарай  Еуропа  елдерінің  театрларына  тоқталып, 

олардың дүниеге келу, даму жолдарын, сахналық дәстүрін, актерлік 

өнерін мәдени қауымға түсіндіре отырып, ұйымдастырылатын қазақ 

театрының шығармашылық негізін ашып береді. «Қай өнерді алсақ та 

әуелде өз елінің халық өнері болып, содан ілгері қарай басқан саты-

сында ғана көптікі болып, жалпы адам баласының ортақ теңізіне ба-

рып құяды», – деуі ұлы мәдениет қайраткерінің әлемдік сахна өнерінің 

бір  арнасы  –  қазақ  театрының  келешегін  бұлжытпай  танудан  туған. 

Бұған  ұлттық  театрымыздың  әлемге  әйгілі  көркемдік  жетістіктері 

толық дәлел.

Әлемдік  театр  өнерінің  негізін  зерттей  келіп,  М.  Әуезов:  «Өзге 

жұрттың  мысалына  қарағанда,  театр  өнерінің  ұрығы  елдің  әдет-

салтынан, ойын-сауығынан, ән-күй, өлең-жырынан басталған. Театр 

өнерін туғызатын жайлы топырақ, қолайлы шарт елдің өз денесінен 

шыққан.  Өнердің  іргесін  қалайтын  елдің  өзі.  Содан  кейін  мықты 

дүкен,  сұлу  күмбезді  жасайтын  –  сол  ел  тірегіне  иығын  сүйеген 

өнершілер»,  –  дейді.  Мұнда  ұлы  суретші  қазақ  театрының  реперту-

ары,  оны  ойнайтын  актерлер  өнерінің  алғашқы  қадамын  тап  басып 

көрсетеді.  Жазушы-ғалым  ел  ішіндегі  санқилы  ойын-сауықтардың 


312

үлкен өнерге дәнекер болатынын, бәрінің сонан бастау алатынын ай-

тып отыр. Халқымыздың ескі мәдени мұраларын жаңғырту, ақындар 

айтысын, «Жар-жар», «Беташар», тағы басқа толып жатқан ел ішіндегі 

өнердің «театрға ұрық болатын бұйымдарын» қарастырып, олардың 

шығармашылық  көзін  тауып  пайдалану  жолдарын  меңзейді.  «Шы-

нында, ерте күнде ас пен тойда, ұлы жиында ізденіп келіп өлеңмен, 

әнмен айтысатын көп ақындар, өз заманында театр  жасамай, не жаса-

ды? Солар жасаған сауық елдің құр қуанып, құр көңілін көтергенінен 

басқа, кәрі-жастың сай-сүйегін босатып, аруағын шақыртып, барынша 

қыздырып, желіктірген жоқ па еді? Онан соң ұзататын қыздың тойын-

да еркек пен әйел қақ жарылып алып айтысатын Жар-жар, салт ойы-

нын туғызған театрдың өзі емес пе? «Жар-жар» мен «Беташар» бүгінгі 

заманның сахнасына қою үшін ешбір қосымша керек қылмайды. Со-

лар  сияқты  толып  жатқан  айтыс  өлеңдерінің  қай-қайсысы  болса  да 

қалай болса, солай қоюға болады», – деп М. Әуезов театрдың халық 

өнеріндегі түпкі нұсқасы мен репертуарлық негізін терең көрсеткен. 

Басқасын айтпай-ақ, сонау дүниеге келген күнінен бері қарай сахна-

дан түспей келе жатқан жазушының «Айман – Шолпан» комедиясын-

да жоғарыдағы айтылған халық өнерінің барлық түрлері қойылымның 

көркемдік  ажарын  келтіріп,  ұлттық  классикамызға  айналуынын  өзі 

ешқандай дәлелдеуді тілемейді. Енді бірде, «Егер бүгінгі театр жалғыз 

мұнымен  қанағаттанбай,  ел  ескілігінен  күлдіргі  қызық  бұйымдар 

алам десе, яки көп халыққа ой түсіріп ақыл-сезімге татымдырақ дән 

беремін десе, ондайлар да табылады.

Қазақтың  көп  күлдіргі  әңгімесі  белгілі  қулардың  айналасы-

нан  жиналады.  Мәселен,  Семей  аймағындағы  атақты  күлдіргілер: 

Шаншардың қулары, онан соң тапқыштық, шешендікпен аты шыққан 

Жиренше, Алдар көсе бар. Бұлардың барлық өмірі толып жатқан ко-

медия», – деп, театр репертуарының мол қазынасын жіпке тізіп береді. 

Мұндай  тәжірибені  жазушы  сонау  Италия ның  дель  Арте  комедия 

театрының  ерекшеліктерінен  танып,  оның  суырып-салма  өнерінің 

біздің халық арасынан шыққан әйгілі қулардың өнерімен ортақ үлгісін 

көрсетеді.  «Қазақ  өмірінен  мұндай  күлкілі  әңгімелердің  мысалын 

іздесең,  Алдар  көсе,  Жиренше  шешен,  я  болмаса  бергі  замандағы 

Торсықбай, Айдарбек сияқты көп күлдіргі қулардың әңгімелері әбден 

үйлесуге болады», – деп М. Әуезов қайталап, ойын еселей түседі осы 

мақаласында. Жазу шының бұл ойын ұлттық театрымыздың алғашқы 

даму кезеңіндегі сан қилы ізде ністерінің тәжірибесі дәлелдеп шыққаны 

аян. Жүсіпбек Аймауытов, Бе йімбет Майлин, Жұмат Шанин, Ержан 

Ерданаев, т. б. күлдіргі пьесалары – осы ой-тұжырымның нәтижесі. 

Бұлардағы бай мен кедей арасындағы небір күлдіргі құбылыстар, ма-



313

хаббат  жолындағы  тапқырлыктар  –  сахналық  өнеріміздің  алғашқы 

жылдарындағы мазмұны мен көркемдік сипаты болғаны айқын.

Қоянды  жәрмеңкесіндегі  кезбе  труппаның  өнері  –  сахналық 

барлық  шарттарға  жауап  беретін  синтетикалық  өнердің  өзі.  «Жын-

ды  Омар»  атанған  Әбдіұлының,  Зәрубай  Құлсейітов,  Иса  Байзақов, 

Майра  Уәлиевалар...  өнері  –  халықтың  мөлдір  бұлағынан  қайнап 

шыққан  қайталанбас  шынайы  өнер.  Зәрубайдың  үстел  үстіндегі 

қымыз толтырылған кеселерге тиіп кетпей, төкпей, аппақ ақ қоян не-

месе  ысылдаған  жылан  болып  билеуі.  Омардың  қаздың  қаңқылын, 

бақсының  жынын  шақыруы,  кісінің  езуін  жиғызбайтын  Қалыбектің 

өткір  сықақтары,  Исаның  құйындай  үйіріп  әкететін,  шынайы  ішкі 

әрекетке құрылған айтыстары мен желдірмесі, Майраның сызылтып 

салған әсем әндері... қазақ даласының түкпір-түпкірінен жәрмеңкеге 

жиылған елдің жапырыла тамашалайтын, өмірі есінен кетпейтін М. 

Әуезов  айтқан  халықтық  өнер  туындылары  болып  табылады.  Ұлы 

дананың  мақаладағы  «жаңа  заман  театрының  басы  осы  сияқты  ел 

күлдіргісінен басталған»,– деуінің мәнісін осыдан іздегеніміз жөн.

Халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тарихы мен өнерін жетік 

білетін  М.  Әуезов  бүкіл  рухани  байлығымызды  тұтас  шолып,  театр 

жасауға септігі тиетін бұйымдарды түгел тізіп береді.

«Ел  сауығына  ақыл,  өсиет  сияқты  ой-санаға  дем  беретін  үлгіні 

кіргізу керек болса, ертеде заман шерін айтып сарнаған Асанқайғы, 

толғау айтқан Бұқар сияқты жырауларды тірілту керек. Тақпақ айтқан 

билерді, естірту, жоқтау өлеңдерін айтқан ақындарды, қобызбен сарын 

айтатын бақсыны, сыбызғымен күй шығарған күйшілерді тірілту ке-

рек. Осылардың барлығының жайында толып жатқан сұлу әңгімелер 

бар.  Соларға  болымсыз  ғана  мәдениет  иісін  сіңдірсе  әрі  ел  өнері 

тіріліп, әрі театрдың іргесі құрылады», – деп, тағы да ұлт театрының 

негізін қалауға қажетті жағдайларды атап көрсетеді.

М. Әуезов өзінің мақаласында театр өнерінің қазақ мәдениетіндегі 

жаңа лық  екенін,  ал  оны  ұйымдастыру  жауапкершілігінің  онан  да 

күшті екенін ес кер тіп, бұған байланысты көп мәселелерді әбден ой-

ланып, толғанып барып шешу қажеттілігін де білгірлікпен ескертеді. 

«Мүмкін болғанынша өзге, кей бір елде болған жаңылыс, теріс жолға 

түсірмеуіміз керек... Сондықтан өзге лер жүріп өткен іздің ішіндегі ең 

керектісін, ең дұрысын алуымызға керек. Қазақ тың театр өнері біздің 

заманымызда басталғанына біз қуанамыз. Бірақ сол қуанышпен бірге, 

бұл сияқты ірі өнердің келешегі үшін жауапты екенімізді де ұмытпау 

керек, – дей келіп ол: –...өзге елден алсақ, сыртқы үлгіні ғана ала  мыз. 

Өз өнерімізді қалыптауға себеп болатын көпке бірдей заңын, өлшеуін 

ға на аламыз», – деп, М. Әуезов сахналық өнердің бәріне ортақ заңын, 

21–1247


314

жалпыға  бір   дей  сипатын  сақтауды  ілгері  кеткен  елдерден  үйренуге 

шақырады.  Әсіресе,  «өнер  ге  ыңғайлы  кісілерді  орыс  артистерінің 

мектебінде  оқыту»  қажеттілігін  баса  айтып,  солардың  сахналық 

тәжірибесін үлгі тұтуға үйретеді. Бұрын-соң  ды ешкімнің ойына келіп, 

аузына  түспеген  «режиссер»  деген  сөзді  де  М.  Әуе зов  Ж.  Аймауы-

товпен бірге айтып қолданып, бұл жұмысқа Жұмат Шанин мен бірге, 

татардың немесе басқа жақтың тәжірибелі артистерін шақыруға ақыл 

қосады. Сөйтіп, М. Әуезов халық өнерінің мол қазынасын тұтас қамти 

зерт теп, қазақ театрының қалыптасу негізін, шығармалық ерекшелігін 

ашып берді.

Қазақ  топырағында  құрылатын  театрдың  белгілі  бір  жанрлық 

ауқыммен  шектелмей,  синтетикалық  бағыт  ұстағанның  өзінде 

сахнаға  үйлесімді  рухани  дүниелеріміздің  барлық  түрлерінің  басын 

қосатын  –  «әдеби-мәдени  өнерді  бір  жерге  жинастыратын  универ-

сал»  (С.  Сәдуакас  ұлы)  болуына  М.  Әуезов  те  баса  көңіл  аударған 

өзінің  мақаласында.  Сонымен  бірге,  ол  осы  рухани  қазыналардың 

ерекшеліктерін таратып айтып, қалай пайдаланудың жолын нұсқайды, 

театр шығармасына қосатын сахналық қызметін анықтайды.

М. Әуезовтің пайымдауында: «... бүгінгі күнде жаңа туғалы тұрған 

театр жалғыз ғана әдебиет ескілігін тірілтуді қанағат қылу керек емес, 

ескіліктің ән-күйін, қобыз, сыбызғысын да қайта ояту керек. Қазақтың 

өткен күндегі бір байлығы әдебиет болса, екіншісі – ән-күй... Жалпы 

музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын 

білдіретін болса,  солардың  ішіндегі ең  толғаулы,  ең  терең  сырлысы 

–  күй.  Күйдің  тіліндей  бай  тіл  қазақтың  әнінде  жоқ...  Бұлай  болса, 

бүгінгі театр ескілігіндегі күй мен әнді бір минут есінен шығармау ке-

рек... Жалғыз ғана домбыраны қанағат қылмай, қобыз бен сыбызғыны 

қайта тауып алу керек...

Қазақтың ескі салты мен ойын-жиындағы өлең сауықтың барлығы 

ән  мен  өлеңді  аралас  жүргізетін,  сондықтан  ел  театры  қалың  елдің 

өмірімен шын жанасамын десе, ескінің суретін толық пішінді қылып 

құруға  міндетті  екені  даусыз.  Өлең  мен  әнді  қатар  тірілтіп  театр 

жасауға айналсақ, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ел поэмалары, 

«Бекет батыр» сияқты тарихи өлеңдер, барлығы да театрдың ішіне оп-

оңай сыйып кетеді.

Міне,  қазақ  ескілігінің  бүгінгі  жас  театрға  тартатын  сый-сипаты 

осы. Егер біздің театр осы сияқты мол қордың ішінен тесік моншақ 

сияқты асыл бұйым, асыл ұрықты таңдап, танып алуға жараса, осы 

сияқты  анайы  топырақтың  үстіне  іргесін  орнатып,  дүкен  құрса,  ол 

өнер әрі елдің өнері болып, әрі келешегін кең өріске беттеткен өнер 

болады», – деген.



315

Болашақ  театрдың  осындай  синтетикалық  әрі  көркемдік 

үйлесімділігін  М.  Әуезов  музыка  өнерінен  көрген.  Ол  жекелеген 

орындаушылардың  енші сінде  ғана  қалмай,  тұтас  театр  өнерінің 

егіздің сыңарындай ажырамас құрамы тұрғысынан келген, музыкалы 

драмалық  әрекеттерді  күшейтіп,  үлкейтіп  жеткізетін  ерекшелігімен 

бірге, көрермен тыңдаушысын жанды сезімге бөлейтін құдіретін еске 

салып отырған.

Ғалым-жазушы  «қазақ  ескілігі»  деген  ұғыммен  фольклорлық 

шығар ма лар дың  түрлерін  қамтып  отыр.  Ұлттық  театр  өнерін  жа-

сауда  халықтық  шығармалардың  сарқылмас  рухани  байлығын 

пайдаланудың  ғылыми  жолын  саралап  отыр.  Кезінде  мұның  бәрін 

тоталитарлық идеология мансұқ етіп, М. Әуезовті көне заманның ескі 

дәстүрін тірілтуші, дәріптеушісі деп айыптағаны мәлім. Қазір еліміз 

егемендік алғаннан кейін әділдік орнап, әсіресе әдебиетке байланы-

сты бұл мәселе жан-жақты көтеріліп жатыр.

Қалай  десек  те,  ұлы  қайраткердің  мемлекеттік  театрдың  ашы-

лу  қарсаңында  айтқан  ғылыми  пайымдаулары  мен  болжамдарының 

толық  жүзеге  асқанына  сахналық  өнеріміздің  бүгінгі  жеткен 

профессиоиалдық  биігі  толық  дәлел.  Ал  фольклорлық  мұраға 

сүйеніп  жазылған  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»  сияқты  көптеген 

драматургиялық туындылар классикалық жетістігіміз есебінде әлемге 

танылып отыр.

Осыған  байланысты  М.  Әуезовтің:  «Қай  елдің  жазушысы  болса 

да драмаларында алдымен өз елінің өмірін, өз жұртының салт-әдетін, 

мінез жаратылысын көрсетуді міндет деп санады. Барлығы да еліне 

салт театрын жасап берді. Басында елдің өз денесінен болымсыз ойын-

сауықтан шыққан кішкене театрлар аяқ кезде салт театрына айналған 

уақытына  шейін  бір  мезгіл  елді  тастаған  емес.  Бұл  көптің  қызығы, 

қалың елдің театры болудан айныған жоқ. Ел өмірі, ел қалпымен қол 

ұстасып  қатар  отырды.  Барлық  салт  театрының  ретімен  жазылған 

пьесалар бұл сөздерге дәлел», – деуі ұлттық театрымыздың алғашқы 

қадамдарын дәл саралаудан туған.

М.  Әуезовтің  бұл  мақаласының  театрдың  алғашқы  шығармалық 

даму кезеңдеріндегі ықпалы күшті болды. Сонымен бірге, сахна мен 

драматургия мәселесіне арналған профессионалдық үлгіде жазылған 

әрі ұлттық театртанудың негізін салған мақала.

Б. Құндақбайүлы,  

өнертану ғылымының докторы


316

ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТ ТЕАТРЫ

Бұл мақала қолжазба күйінде Қазақ ССР Ғылым академиясының 

Орталық  кітапханасының  қолжазба  қорында  сақталып  келген.  1959 

жылы  осы  жолдардың  авторы  М.  Әуезовтің  ақыл-кеңесінен  кейін 

мақаланың  көшірмесін  машинкаға  бастырып  алған.  Мақаланы  ме-

нен  танысуға  алған  Қ.  Қуандықов  «Жұлдыз»  журналына  жариялап 

жіберіпті. Мұның бір дана көшірмесі күні бүгінге дейін осы жолдар 

авторының жеке архивінде сақтаулы. Журналдағы мақалаға қысқа алғы 

сөз берген Қ. Қуандықов мұны 1927 жылы жазылған деп топшылаған. 

Қолжазбада  автор  мақаланың  жазылу  уақытын  көрсетпеген. 

Мақаланың мазмұнынан оның 1928 жылы жазылғанын анықтау қиын 

емес. Мұнда мемлекеттік театрдың екі жылдық шығармалық жолы сөз 

болып, сол уақытта сахнада қойылып жүріп жатқан Жұмат Шаниннің 

«Арқалық батыр», Бейімбет Майлиннің «Айша» қойылымдарын тал-

дау арқылы актер өнері мен ерекшеліктерін кеңінен сөз етеді.

Ұлттық  театрдың  үлкен  ізденіс  жолына  түсіп,  профессионалдық 

бағыт  алуына  Ж.  Шаниннің  мол  еңбегін,  шығармалық  ықпалын  М. 

Әуезов  жоғары  бағалаған.  Ол  театрдың  бірер  спектакльдерін  көріп, 

жас ұжымның буыны бекіп, бұғанасы қата бастағанын сезеді. «Бүгінгі 

артист  баяғы  рөл  жаттамай  шығатын,  залға  құр  мағынасыз  мақтана 

қарайтын санасыз сөдегей ойыншы емес. Бәрі де міндетін зор түсінген 

өнер  қызметкері,  саналы  еңбекші»,  –  деп  актер  шеберлігіндегі 

өзгерістерді  қырағылықпен  аңғарған.  Мұнан  әрі  ұлы  жазушы  өзі 

көрген  екі  спектакльден  туған  пікірлерін  мақалада  театр  сыншысы 

ретінде  профессионалдық  деңгейде  айтқан.  Осы  қойылымдардағы 

орындаушылық өнерді айта келіп: ...«Арқалық» қазақ ойыншыларының 

күшін өзінше, өз қалпына қарай екшеп, бірнеше ойыншыны барынша 

ажарландырып көрсететін болыпты», – дейді. Осы тұста ол Абылқай 

Абдуллиннің  (Арқалық),  Қалыбек  Қуанышбаевтың  (Әжіхан),  Серке 

Қожамқұловтың  (Қарашешен,  Дүрбіттің  ханы),  Елубай  Өмірзақов 

(Диуана,  Бейсен  би)  сияқты  актерлердің  еңбектерін  терең  талдап, 

олардың өнеріндегі ерекшеліктерін ашады. Қойылымның көркемдік, 

идеялық  мазмұнын  тануда  Арқалық  рөлінің  орны  бөлек.  Актер 


317

А.  Абдуллин  бойындағы  табиғи  талантына  сүйеніп,  Арқалықтың 

тарихи келбетін ашуға ұмтылған. Мұны М. Әуезов мақаласында ак-

тер шеберлігін түбегейлі қозғай келіп: «Күн өзінің бір көрікті жылы 

шағын  мына  батырдың  ақылды,  жылы  көзінен  білдіріп,  танытып 

тұрған  сияқтанады.  Төңбектеп  алысқа  шабатын  жері  қашық  қазақ 

жүйрігінің кәрі қара қайратын Абылқай өзі де ұққан, ұқтыра біледі», 

–  деген  сөзі  актердің  өнеріне  профессионалдық  білгірлікпен  берген 

бағасы болып табылады.

«Арқалық батырдағы» топ жетекшісі әрі ақылшысы, айласы мол, 

арам дығы мен зұлымдығын сыртқа сездірмейтін Әжіхан рөлін Қалыбек 

Қуаныш баевтың орындауы қойылымның аса ірі жетістігі болған. М. 

Әуезов  аталған  мақаласында:  «Осының  орайына,  заманының  жыны 

сияқты  таусылмайтын  арамдық,  сұмдық  иесі  Әжіханды  Қалыбек 

те  әдемі  суреттейді.  Көп  жұрттан  ұрланғандай  Арқалықтың  бетіне 

тіктеп қарай алмай, сырт айнала беріп, сызданып суық қарайтын ала 

көз  бұл  ханның  бар  жайын  баян  еткендей  болады.  Тура  қарасқанда 

төменшіктеп  жерге  қарай  үзіліп,  сүзіле  береді  де,  мойын  бұрылып 

Арқалықтың көзі тайғанда «алдадым, алдадым» деп кетеді.

М. Әуезов қойылымға қатысқан актерлердің жемісті ізденістерін 

білгірлік пен  суреттей  келіп:  «Осы  ретте  алған  рөліндегі  Қара 

шешеннің  мінезін,  онан  соң  Дүрбіт  ханның  мінезін  көрушіге  өте 

айқын  сұлу  бояумен  ұғымды  қылып,  түрлендіріп  көрсеткен  бірінші 

қатардағы еңбек Серкенікі сияқты.

Бұл  әншейіндегі  қозғалысы  жоқ,  отырысы  көп,  салмағы  ауыр, 

сылбыр,  еріншек,  кең  қолтық,  балпаң  қазақты  сахнада  жан  беріп, 

тірілтіп,  жылпың  қылып  жібере  алады.  Солай  болмай,  театр  сахна 

өнері болмайды. Біраз бояу бермесе, сахнада өнерлік пішін болмай-

ды. Мінез әсем болмайды», – деп сахналық бейне жасаудағы актерлік 

ізденістерді баса айтқан. Мұндағы жазушының ой төркіні сахналық 

бейне  жасаудағы  актерлердің  орайы  келгенде  қолданатын  бүгінгі 

ұғымдағы әдейі әсерлеу әдісіне тіреліп отыр.

М.  Әуезовтің  бұл  саладағы  керемет  театр  сыншысы  ретінде 

актер  ойындарына  берген  терең  танымдық  ойларын  әрі  қарай 

жалғастыра беруге болады. Солардың бірі – Диуана рөліндегі Елубай 

Өмірзақовтың шеберлігі жайында айтқаны. Бар болғаны бір-ақ жер-

де,  бір-екі  ауыз  сөзімен  шығатын  кейіпкер  актердің  шебер  ойыны-

мен  сахналық  жинақтылыққа  жетіп,  спектакльдің  көркем  бейнесіне 

айналған. Осы бір шағын рөл туралы М. Әуезов: «... ұсақ рөлдермен 

шығатын, бірақ алғанының қайсысын болса да, бір-біріне ұқсат пай, 

көңілдегідей  құбылтып  ойнайтын  Елубай  «Арқалық»  ішіндегі  көп 

рөлдерінің  барлығынан  диуананы  әсіресе  келістіріп  ойнады...  Бұл 



318

көрсеткен  диуана,  жалпы  диуаналық  деген  нәрсеге  жасалған  қатал 

сын, ең қатал жаза сияқты. ... Көбінесе, адам қауымында диуаналық 

сорлылықпен  шектеседі.  Бұл  күнге  шейін  оның  шала-мұла  дәурені 

болса, бұдан былай ол жоғалады, өшеді.. Онымен үлкен құрал ұстап 

алысу керек емес. Күлкі, мазақпен де пендені жерге жаныштап кетуге 

болады. Елубай осы құралды ұстанған. Ол диуаналықтың барлық ди-

уанаша мағынасыздығын, жауырынын бүрістіріп жіберіп, қалшылдап, 

қызарып, күре тамырын адырайтып, қатып тұрып: «Аһ!» – деп жіберіп, 

қызыл  көздерін  қайшыландырып,  қылиландырып  жібергенде,  зал 

тегіс шашу шашқандай қуанады. Күлмейтін кісі қалмаса керек.

Диуаналыққа сол күлкі – өлім күлкісі. Елубай Түркістанның бар 

диуа насына сабақ болады. Бірақ диуаналықтың жаназасын шығарушы 

да  сол  Елубайдың  өзі»,  –  деп  ұлы  жазушы  актер  ойынын  шебер 

талдаған.

Актердің мұнан басқа да бірер шағын рөлдерін көрген М. Әуезов 

«Елубай  –  қызу  қанды,  ащы  мысқыл  иесі,  ішінде  сахна  өнерінің 

қайнар көзі бар, жанды, отты ойыншы. Шынымен бабына келтіретін 

рөл болса, Елубайдың іштен тасып шығатын қызуы өте мол. Мұнда 

өмір екпіні, өнер оты тіпті күшті сияқты. Сондықтан залды баурап би-

леп, бағындырып алатын албастысы барға ұқсайды», – деп, оның өнер 

ерекшелігін  білгірлікпен  тап  басып  анықтаған.  Және  актердің  осы 

бір жазушы сипаттаған шеберлік даралығы – оның ұзақ жылдардағы 

шығармалық келбетін қалыптастырғаны белгілі.

Өзі  көрген  қойылымдардағы  актерлердің  ойындарын  нақты 

талдау  арқылы,  ғалым-жазушы  нағыз  театртанушыдай  олардың 

шеберлік  ерекшіліктерін,  өздеріне  тән  даралықтарын,  шығармалық 

кескін-келбетін,  ең  аяғы,  болашағын  да  бұлжытпай  анықтаған. 

Өнері  сөз  болғандардың  көбісінің  актерлік  тағдыры  М.  Әуезов 

айқындаған бағытта дамып, жоғары көркем-профессионалдық биікте 

қалыптасқанын  театрдың  шығармалық  жолы  дәлелдеп  шықты. 

Мақаланың ұзын-ырғасы мен мазмұны қысқаша айтқанда осыған са-

яды.

Б. Құндақбайұлы


319



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет