Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағЫ 3-том мақалалар, ӘҢгімелер, аудармалар, пьесалар 1921-1929 "ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата19.01.2017
өлшемі4,32 Mb.
#2190
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

ҚАРАКӨЗ

1-нұсқа

ПЕРДЕЛІ, 6 СУРЕТТІ ДРАМА



Ескі ақын-салдар, жастар өмірінен  

(Қазақстан білім ордасы жариялаған пьесалар бәйгесіне)

Суретті салт пьесасы

13–1247


195

ПРОЛОГ

Ескі пішінді шал. Үлкен ақсақалды. Үстіне кигені – кестелі тон. Барлық 

киімі үкілі, сәнді. Бір қолында қобыз, бір қолында сыбызғы.

– Қазақтың ұлы, қызы!!!

Алдыңа  Қарауылдың  ардагері,  кер  маралы  шығады. 

Сарыарқадай  сары  жайын  даланың  кешегі  бір  кезде  еркін 

ескен желіндей, айдынның көліндей шалқып өскен сері жігіт, 

ерке қыз шығады. Хан мен қара, би мен бек, ана мен баланың 

қиялын  тербеткен  жыршысы  шығады.  Заманның  бұлаң  жігіт 

ерке тотысы келеді... Танырмысың?!! (Аз тым-тырыстан соң

Танымассың. (Өлеңдетіп):

Ол аса бір соққан желдей,

Алыстағы сары белдей,

Арқаның ақ төсінде, ақ айналы көлдей,

Толықсып аққан селдей,

Шырқап кеткен келмей алыстағы асқардай,

Алқынсаң да келмейтін арындап өткен заман ғой.

(Суық  түспен  жымиып,  бәсеңдеп.)  Сол  күн  сенің  есіңде 

қалды  ма  екен?  Із  қалдырмай  жоғалды  ма  екен?..  Жасыл 

бел  басына  тіккен  ала  туды  ұмытты  ма  екен?!.  Қайғылы 

сары  өзен  сыбызғы  үнін  ойлай  ма  екен?!!  Бүгінгі  қаралы 

жартас  жарық  түнде  кездескен  асықтардың  әніне  қосқан 

жаңғырығынан жаңылды ма екен?.. Арқаның қоңыр желі садақ 

оғына  жыртылған  жүрегін  жалғады  ма  екен?..  Үзілген  күй 

жаңғырықты ма екен?.. Сері жігіт, ерке қыз бұрынғыдай айты-

са ма екен? Ащы дауыс шырқай ма екен? Қарауылдың аңқып 

ұшқан  алғыр  құсы  Сырымдай  бұ  күнгі  жігіт  қияннан  тоят 

тілей ме екен?.. Мұның бәрі ескілік... Бүгінгі дала жай болып 

сарылған... Бүгінгі ән мұңайған, жүдеу, қаралы... Жел шалқып 

еспей  күрсінеді...  Домбыра  күй  тартпайды...  Жылайды...  Қыз 



196

ән  шырқатпайды,  сыбырлайды...  Сондықтан...  сондықтан!!! 

Көрінде  тоқсан  толқып,  жүз  күңіренген  Сырым  мен  Қаракөз, 

заманының  салтанатты  серілігін  сендерге  әкелді...  Тербеуге 

көнсең  –  тербетпекші...  Сергимін  десең  –  сергітпекші...  Сы-

пайы жігіт, үлгілі қыз! (Суық түспен жымиып.) Мені кім деп 

сұрасаң?  ...  Мен  –  кәрі  қазақпын!...  Мен  –  сері  Сырым,  ерке 

Қаракөздің замандасымын... Мынау үкілі домбыра, мынау ады-

ра қалған сыбызғыны сендерге жеткізуге қалған елшімін. Менің 

шын атымды сұрасаң... (Жымиып күліп, басын иіп) ескі әңгіме, 

кәрі күймін... Алдыңа әлі де әлденеше рет келермін. (Басын иіп 

шығып кетеді.)

УАҚИҒАҒА АРАЛАСАТЫНДАР:

1. Қ а р а к ө з  – бойжеткен қыз.

2. А қ б а л а  – жеңгесі.

3. С ы р ы м  – немере ағасы. Ақын-сал. 25 жастарда.

4. Ж а р ы л ғ а п  – Қаракөздің әкесі.

5. Ж а б а й  – Сырымның әкесі. Жарылғаптың інісі.

6.  М ө р ж а н   –  (семіз  бәйбіше)  Жарылғап,  Жабайдың 

шешесі. 65 жаста.

7. Н а р ш а  – Қаракөздің күйеуі.

8. А с а н  – ақын-сал. Наршаның күйеу жолдасы.

9. М а т а й  – о да Наршаның жолдасы.

10. Д у л а т

11. Қ о с к е л д і  

Сырымның  жолдастары.

12. Д ә у л е т к е л д і

13. Т ұ р с ы н  – Наршаның әкесі.

14. Қ о й с а р ы  – би. Бас құда.

15. Т е к т і  – құдағи. Наршаның шешесі.

16.  К ә м ш а т   –  қызметкер  қыз,  Қаракөздің  қасында 

жүреді. Он шақты қыз-келіншек. Табақшылар. Тойға жиылған 

қатындар, еркектер.

Уақиға мұнан 50–60 жыл бұрын болған.



197

1-ПЕРДЕ, 1-СУРЕТ

I көрініс

Жарылғап  ауылының  сырты,  дөң  асты...  Кешкі  мезгіл:  жартас,  өзен, 

қайыңды  тоғай,  алыста  тау,  ауыл,  шашырап  жайылған  мал  көрінеді.  Перде 

ашылғанда, сахнада тыныштық. Аздан соң ауылдан қоңырлатып айтып келе 

жатқан ән естіледі.

Ән. («Баянауыл»)

Ұшады кешке жақын көк көбелек,

Дертіңді сөндірейін су себелеп.

Түскенде сен есіме, ой, қарағым,

Жортайын аш бөрідей тау жебелеп.

Ойын бөлмесіне үш жігіт шығады, алдында – домбыра тартып, ән салып 

келе жатқан Асан сал.

А с а н  (салдарша сәнді киінген, үсті-басы қызылды жасыл-

ды, қолында үкілі домбыра).

Баянауыл басынан бұлт кетпес,

Қиядағы түлкіге құсым жетпес.

Ақбоз үйдің сыртынан аттандырып,

«Қош, ағатай!» дегенің естен кетпес.

Артына айналып қарайды. Нарша мен Матай үндемей салбырап келе жа-

тады. (Асан көтеріліп): Уһ... Кең дүниеге шығып сергіп қалдым ғой (Жолда-

старына қарап): Ой, шіркін!

Теңселе басқан тең жігіт,

Бейілі мырза кең жігіт.

Бірің – жаға болғанда,

Бірің – берен жең жігіт.

Күйеумін деп сызылған,

Жеңгелерге жем жігіт.

Неге мұнша налыдың, 

Қайыспас деген, ер жігіт!

(Жолдастарына қарап тұрады.)

Н а р ш а .  Асан,  сен  бұл  күнде  еркесің.  Сен  тұнығы 

бұзылмайтын айдын судың ақ құсы емеспісің. Көңілге жақса, 

отырдың,  жақпаса  –  ұштың,  кеттің.  Сүт  үстінде  қаймақсың, 

қыз-келіншектің  алдындасың.  Бір  қайғыны  айтып  жүдетіп 

жүрмесең.

А с а н .  Жарқыным,  бас  алып,  құлақ,  тігісінді  ұнатпадым. 

Сөз сарында бір кейіс бар ғой, мәнісін айтшы.


198

Н а р ш а .  Біздей  жанның  қайғысын  не  бөлу  керек? 

Сезбеймісің?  Арғы  атам  Досаннан  бері  қарай  дәулет  қоры 

үзілген емес. Қол-аяғым сау, басым аман. Өзім жас. Ағайынның 

аялаған баласымын. Тоқпақ жалды торының үйіріндей қалың 

Досанның ардақтысымын. Өзімдей салтанатты қайынға келіп 

жатырмын. Қыз... Қызық... Айт пен той. Бірақ сонда да менің 

арманым  бар...  саған  соны  айтпақшымын...  Менің  дертім  – 

Қаракөз!!!

А с а н .  Қаракөз??!!...  Қаракөздің  төркіні  олқы  ма?  Сән-

салтанаты олқы ма? Не болмаса ақ жүзінде мін бар ма, Қаракөзді 

хор жігіті олқысынбаса, кім олқысынады? Жас жігіттің алтын 

тақ пен тәжі Қаракөздей-ақ болады да, не мін таптың?

Н а р ш а . Қаракөзде мін жоқ. Қаракөздің ақылы мен көркі 

мен  түгілі  менен  зор  хан-қара,  би-төренің  қайсысына  болса 

да  олқы  келмейді.  Оны  білемін.  Қаракөздің  мені  сыртымен 

күтуінде, жар есебінде қадірлеуінде мін жоқ.

А с а н . Енді не жетпейді? Тойымсыз көңілің енді не тілейді? 

Қарауылдың  асылы,  күміс  бәйтерегі,  бұлбұлы  Қаракөз  екен. 

Сен оның алған жары екенсің, өзіңді жар деп қадірлейді екен* 

енді не тілейсің? Мен ұқпадым.

Н а р ш а . Рас айтасың. Қаракөздей асыл жоқ. Бірақ Қаракөз 

қара  түнде  жанған  от  болды.  Мен  сенделіп  ұшып  қанаты 

шарпылған көбелек болдым. Қаракөз мені тақымына толтырма-

ды... Жүрегінде жалын бар. Сұлу Қаракөзің мені жатқа балады. 

Жаным деген жақыны бар... Менің қайғым сол. Асылдың екі 

бірдей сүйгені бола ма екен? Мен нені місе қыламын? Алған 

жардың көңілінде бірдің өзі болмасаң, маған тіршіліктің несі 

сән.

А с а н   (аңырып  ойланып).  Не  дейді?...  Кім  ол?  Осы  елдің 



сенімен  бақталас  жарыстыратын  жақсысы  кім?  Соны  айтшы 

маған.


Н а р ш а . Кім екенін білмеймін.

М а т а й .  Кім  екені  белгісіз.  Бірақ  соны  білу  керек.  Біздің 

біле алмай ынтығымыз құриды... Сен таппасаң, табар кісі жоқ.

Н а р ш а .  Аты-түсі  белгісіз  болса  да,  бақ  талай  асқан 

дұспаным  бар.  Қаракөзге  менің  құмарым  күн  сайын  асқан 

сияқты. Бірақ Қаракөздің түсі суық. Маған жат.

А с а н  (ойланып). Қаракөздің елінде атағы шыққан жас пері 

Сырым бар. Ол жаланған батыр! Жалындаған ақын, салтанат-



199

ты сал Сырым... Еліне тентек деген аты шықса да, ол сұлудың 

албастысы.

М а т а й . Сырымың не, оны не деп айтасың?

А с а н   (жарыса).  Рас...  Сырым  болуға  қисын  жоқ.  Ол 

қыздың  ағасы...  (Ойланып).  Бұл  елде  Қаракөздің  теңі  жоқ. 

Сұңқарың қарға шықпаса, арғымақ жабы болмаса, Қаракөздей 

бәйтеректің басын шалар ұл жоқ... Мен мәнісін білмедім.

М а т а й . Өзге жігітті айтпасаң, Сырым деудің орны жоқ.

Н а р ш а .  Сырым  демеймін...  Бірақ  мен  деген  дос!  Сен-

дерден  тілейтінім:  менің  жарамның  атын  айтып...,  түсін  та-

нып беріңдер. Бәріңнен де сұрайтыным сол... Қаракөзде ашық 

күшті.  Көшкен  елдің  жұртына  қонған  мен  жолсызда  арман 

күшті.  Мен  Қаракөздей  тектіге  кез  болсам  етті,  кез  болған 

соң оңынан келсем етті. Мына қайғыны зіл қара тастай алып 

жүргенше, шыққыр жаным шықса етті (Басын төмен салбыра-



тып,  өңі  бұзылады.)  Абиырым  өшкенше,  аруағым  сынғанша, 

жанбай жатып сөнгенше, бұл күйге жеткенше, қарабет болып 

кез келген Қаракөз сынды аяулы қайғысынан өлсе етті.

А с а н  (қасына келіп). Ару жігіт аз ба? Қайғыңа біз ортақ, 

жасағыңда  біз  болсақ,  жасырынған  жау  жатағы  табылар. 

Сүйегіңді жасытпа. Қыз қайғысын елеме. Асқақ қызды басынт-

па,  сыр  ұшын  берік  ұста.  Аруағың  әлі-ақ  басады.  (Жігіттер 

жүріп кетеді.)

II көрініс

Аздан соң сахнаға сәнді киінген қыз бен келіншек шығады. Екеуі де қара 

шапан жамылған.

А қ б а л а .  Ұшығыңа  жеткізбеген  бір  баласың  ғой, 

әйтеуір. Наршаны менсінбейді дегенді жұртқа не деп айтарды 

білмеймін. Осы елдегі бас көтерген жақ жігіттің талай тоғыз-

тоғыздан жолын алып, сенен бір ауыз жылы жауап әпер деген-

де, жалғыз сөзге зар болып едік. Аяғыңа бір күн отыртқан жоқ 

едің. Қашаннан іс еді? Сені жолдан тайғызған кім, соны айтшы?

Қ а р а к ө з . Кім екенін айтпаймын. Бірақ осы жерде түсін 

көресің.  Бұл  істің  басталғанына  көп  болған  жоқ.  Қара  түнді 

жамылып,  құдай  атын  айтып  екі-үш-ақ  ай  болды.  Содан  бері 

аз-ақ көрістік (Тым-тырыс.) Бізді қосқан желік пен құмарлық 

емес. Бізді қайғы қосты. Апам өлгеннен бері көңілімде болған 

жетімдік, күйік қосты. Саған айтатын үлкен сырым осы.


200

А қ б а л а .  Атын  айтшы,  ол  кім?  Таңдап  тапқапың  қандай 

жан? Айтшы, төрем! Бұл күнге шейінгі мықтылығың да жетпей 

ме?


Қ а р а к ө з .  Айтуға  болмайды,  (қиналып)  аузым  бармай-

ды.  Атын  атамасқа  уәде  қылғанмын.  Сырттағы  жанға  сыр 

білдірмеуге уәдеміз берік еді (Ойланып.) Білдіруге боларлық та 

нәрсе емес еді. Зор күнә ғой ол. Бір Құдай өзі кешер...

А қ б а л а . Маған көрсетемін деп алып келгенде, атын атауға 

болмай ма екен? Аты аталмайтын кім ол? Буыны қатқан кәрі, 

бұғанасы  қатпаған  жас  емес  шығар.  Теңің  шығар,  неге  соны 

жасырдың? Көрсеткелі тұрып атын неге атамайсың?

Қ а р а к ө з . Ол менің өмірде беті ашылмай кететін сырым... 

Айтқанымды  ұқ,  соған  тоқта.  Саған  көруге  болады,  тілмен 

айтуға жол жоқ... Осы, көңілге тоқы. Бар күйігін көріп қана білу 

керек... Жайым осылай болған соң, сенен алатын уәдем бар.

А қ б а л а .  Айт,  не  уәде  аласың?  Қандай  уәде  бер  дейсің? 

Жасыңнан  сырың  басқа  болып  өсіп,  қатыбас  болған  баласың 

ғой. Мені шегелемей айтады деп отырғаным жоқ өзім де.

Қ а р а к ө з .  Сенен  алмақ  сөзім:  бүгін  көретін  кісің  мен 

екеуміздін  арамыздағы  іс  жел  сөз  болып  аузыңнан  шығып 

кетпейтініне маған сенім бер. Не сұмдықты көрсең де ішіңде 

сақта... Ұзақ сапарға аттанарда жеңгелік қарызыңды өте дейтін 

бір-ақ жерім бар. Ол осы жер. Қойныңдағы күйеуің менің ағам 

болса,  сыр  шашпайтын  жақыным  сол  десең,  соған  да  айтпа, 

осыған уәде қыл...

А қ б а л а  (тоқтап тұрып). Сол айтқаныңның бәрін де ата-

дым. Уәде... Сендің бе?

Қ а р а к ө з .  Сендім.  Жалғыз-ақ  не  көрсең  де  шыда...  Осы 

жерде де, кейінгі уақытта да сыр берме... Атын сұрама – көзің 

көреді. Қазір келеді. Сабыр қыл. Күте тұр. (Тым-тырыс. Қыз 

ақырын ән салады. Сыбдыр естіледі. Бес-алты салдар келе жа-

тады. Ортасында – Сырым.)

А қ б а л а .  Төрем-ау,  мырза  жігіт  келе  жатыр  ғой!  Бұлар 

бірдеңе  сезген  бе,  не  ғып  жүр?  Әлгі  келетіндерді  аңдып 

жүрмесін.

Қ а р а к ө з   (Жүзі  сұрланып).  Шыдай  тұр...  Бұлар  жаулық 

қылмайды. Сырым бізге жау емес

А қ б а л а . Не дейді?.. О да біле ме? Бұл тентек еді бірдеме 

деп ұрсып жүрмесін.



201

III көрініс

Салдар бұларға тура жүреді. Сырым аяғын асығып басып Қаракөзге тура 

келе жатады. Салдар тегіс сәнді киінген, үкілі домбыра.

Қ а р а к ө з   (Сұрланған  жүзбен  қолын  Сырымға  қарай  со-



зып). Сырым, ... жүрегім.

С а л   С ы р ы м .  (Кұшағын  жайып  Қаракөзге  таман  келе 



жатып).  Қара  түндей  күнәнің  ортасында  жанған  шамдай 

жарығым,  маңдайдағы  жұлдызым...  Торға  түскен  ақ  тотым... 

Келші күнім... (Екеуі асығып келіп құшақтасып, сүйіседі, сал-

дар күлісіп қарап, қосылып домбыра тартып тұрады.)

А қ б а л а   (Шошып  жағасын  ұстап).  Астапыралла,  мы-

нау не деген сұмдық! Бір туысқан әкелердің балалары: көздері 

тіріде... Құдай-ай, кәріңнен сақта. Төрем! Сені қара басқан екен 

ғой (жағасын ұстап, жүдеп кейін шегінеді.)

С ы р ы м   (Қаракөздің  құшағынан  босанып,  Ақбалаға). 

Тоқтат  сөзіңді...  кекселенбей.  Сен  сынаймысың  бізді,  ол  – 

Қаракөз, мен – Сырым... Қаракөздің Сырымнан артық жері бо-

лушы ма еді. Бізді Құдайыңның өзі қосқан. Сәулемнің менен 

өзге теңі кім, мен жылап жүріп тілеп алғамын.

Қ а р а к ө з .  Жеңеше,  мен  саған  бәрін  айтқанда,  атын  неге 

айтпады  дейсің,  айтуға  аузым  бармағандық  –  көзі  көрсін 

дегенмін. Сүйгенім Сырым болмаса, мен жалғыз дер ме едім... 

Сенен көмек сұрар ма едім?!

А қ б а л а  (төмен қарап жуасып). Мейлің шырағым... Тек 

құдай бетіңнен жарылқасын. Құдай атын айттым, уәде бердім. 

Менен шашау сөз шықпайды, өзің біле бер.

С ы р ы м   (Қаракөзге).  Ақбала  да  біздік  болды,  сәулешім. 

Енді  қобалжыма,  салдарым,  жұрт  бізді  айырам  десе  де, 

біз  қосақталып  өлейік,  айтыңдар  Қаракөздің  әнін.  (Салдар 



қоңырлатып  ән  салады,  Ақбала  жерде  тұрады.  Сырым  мен 

Қаракөз құшақтасып бір тастың үстінде отырады.)

Ән (салдыр-күлдір домбыраны қосып, бәрі қосылып ән са-



лады).

Күзетші біз отырған жауды барлап,

Сыртыңда дұспандар жүр жындай сарнап.

Екі асық, ынтық болған мұратқа жет,

Жау жатсын іші күйіп онда зарлап.

Қошемет сөз айтамыз сендерге арнап,



202

Қостайды салдар сізді асық жарлап.

Мақұлдар теріс десе, жолын алсын,

Береміз қалы кілем, қара нарлап.

(Сырым күрсінеді.)

Асықты Құдай өзі жаратыпты,

Асық қып бір-біріне қаратыпты.

Адам да Хауа анаға болған асық,

Солардан асықтарды таратыпты.

Қуаныш ұзақ болсын, сүйіскен жас!

Жаманға асыл, жасық бәрі бір бәс.

Асылды асыл ғана таңдайтұғын,

Асыл жас бірігіңдер, бір бас – бір тас.

Бұл уақытта Сырым, Қаракөз қоштасып, сөйлесіп отырады. Салдар бұл-

ғақтап, кербезденіп жүріп айтады, Салдар Ақбаланың айналасына ақы рындап 

жиналады, ақырындап ән салып отырады.

С ы р ы м .  (Қаракөзге).  Күннен  күн  өтіп  келеді.  Көрмесем 

деген күнге тақап келеміз. Бүгінгі ақ күн, бүгінгі ақ кеш, онан 

соң қоштасу... Көз тіріде айырылу. Сен жат елдің жесірі, жат 

ауылдың келіні боласың. Ерке тотым Қаракөз!

Сен  бүгіннен  соң  маған  бөтен  боласың.  Әлдекімнің  жары 

боласың. Көрмесем деген күнді мен шынымен көремін бе? Мен 

сонда не боламын? Кімді іздеп өмір сүремін... Жұртта қалған 

жетім қозыдай осы сайды күзетіп қалғаным ба?

Қ а р а к ө з   (мойнынан  құшақтап  отырып).  Қайтейін,  кү-

нім?!. Мен құтты орныма қондыра көр деп кімді асықтырдым? 

Мен де не ерік бар, мен жатқа кеткенде қызық іздеп кетемін бе? 

Не қызық іздеп барамын?

С ы р ы м . Ендеше неге кетесің? (Қаракөз үндемей қалады.)

Д у л а т   (Салдың  бірі  қолында  домбырасы  Ақбалаға  жа-



қын дап  келіп).  Жаным-ау,  әлі  осы  мен  ай  қарап  отырмын  ба? 

(Өлеңдетіп.)

Күндіз-түні ел шарлап,

«Қыз-қыз-ай» деп жас парлап,

«Ақтамақ» деп жыл сарнап,–

Жүргендегі іздегенім осы тұрған Ақбала... 

Бәйтеректей  жапанда  жалғыз  біткен  тақ  бала  емес  пе  еді? 

(Құшақтайды.)

А қ б а л а . Адасып жүріп айға бата қылғандай, аяқсыз жүріп 

кез келгеніңді мен қайтейін. (Құшағынан босанады.) Біз десең 

бұрын көрмеп пе едің... Мазағыңа жоқпын жаным. (Күледі. Бәрі 

де сейіл қып, құшақтасып сахнадан кетіп қалады.)


203

С ы р ы м . Мені тойымсыз қылып жүрген құмарлық болса, 

Қарауылдың өзге қызы мен қызығы жетпеп пе еді? Сені қара 

түнде  қауіп  үстінде  ажалдан  айырғанда,  ақ  боранда  даладан 

тапқанда,  енді  айырылмастай  болып  табыстық  деген  жоқ  па 

едік?


Қ а р а к ө з .  Оның  несін  айтасың,  мен  мұның  бәрін  өтірік 

деп тұрмын ба? Мен сол уәдені, сол түнді ұмыттым ба? Маған 

да  сен  болмасаң,  өзге  кісінің  басы  қайғы  болар  ма  еді?  Сен 

болғандықтан менің қайғым жанымды жеп жүрген жоқ па?

С ы р ы м .  Сырым  сені  жалықтырған  шығар  әлде?  Сы-

рым сал... Оның қонарын сай біледі, көшерін жел біледі. Оны 

сүйетін туысқан жоқ. Ағайыны жатша қуып жау санайды. Ол – 

жал-құйрығы келте біткен тұлдыр. Ол – жаманатты тентек. Ол 

шешесінің  теріс  батасын  алған.  Теріс  батаға  кездескен  жол-

сыз...  Сондықтан  оны  тастаса  да  түк  етпейтін  шығар...  Әлде 

осыны  ойлаймысың?  Маған  барыңды  айтып  кет.  Өмір  бойы 

осы қинау жеткен жоқ па? Неге келдің? Мені неге келтірдің? 

Баяғы қорғаншақтық болса, мені неге шақырдың?..

Қ а р а к ө з . Сағындым, көргім келді, сондықтан шақырттым. 

Әйтпесе менен бір ой шығады дедің бе?..

IV көрініс

Салдар кіреді.

Д ә у л е т к е л д і  

Қ о с к е л д і   

Бәрі қосылып)

Д у л а т

Ақбала! Мен қайтейін қабағыңды? (Толқыма)

Әлі де ұмытқам жоқ баяғыңды.

Келген сайын ұрысып дарытпайсың,

Қашан түзу басасың аяғыңды?

Ақбала! Мен кенейін тамағымды,

Сендей қайтіп ұмытам қарағымды.

Елжіреттің, еріттің, қызықтырдың,

Кәнеки, көтере бер тамағыңды.

Үш сал жан-жағынан құшақтап келіп сүйіп, ойнап, сырласып өтіп кетеді.

С ы р ы м . Сені көзім көріп тұрғанда, мен зорлыққа көне ал-

маймын. Сен мен үшін, мен сен үшін жаралғанмын. Еркем, мен 

жатқа бере алмаймын. Сен менен кетсең, құшағым бірге кетеді. 



204

Менің серіліктен айырылғаным – тірідей өлгенім, шала жанып 

сөнгенім,  сенсіз  маған  дүние  тұл,  өрттен  қалған  денем  күл... 

Өртеймін десең, өзің біл. Болмаса, сенсіз қалған Қарауылдың 

жайлауы  көр  емес  пе?..  Сен  кеткен  соң  жарық  айлы  түн, 

жұлдызды жарық кеш неге керек?.. Қалған дүние, қалған өмірді 

көргенімше – екі көзім көр болсын... (Салдар кіреді.)

V көрініс

Д у л а т  (Каракөз бен Сырымға).

Жас өмір, сылдыр-күлдір әлі-ақ өтер,

Қызығың бірі қалмай, бәрі кетер.

Бүгінгі алмадайын Қаракөзім,

Сол күнде күйің не боп, күнің нетер?

Қарағым, көп күрсінбей, сөзің бітір,

Күткен көп үйге қайтар уақыт жетер.

Салдар мен Ақбала күліседі, ақырын ән айтып, сахнадан шығады.

VI көрініс

Сырттан салдардың әні естіліп тұрады.

Қ а р а к ө з  (күрсініп, қайғы пішінімен отырған Сырымға). 

Күнім, сенің бұл сөзіңді мен ойламай жүр ме едім? Мен кеткен-

де не болам десең, сенен қалғанда менің де күнім қараң екенін 

білмей жүр дейсің бе?.. Бірақ екеуміздің басымызға осы күнә 

да жетпей ме?.. Әке-шеше қарғысын қайтеміз, аруақты қайтіп 

сындырамыз... Сен ойламаған сөзді мен ойлап жүдетейін деп 

отырғаным жоқ.

С ы р ы м .  Бұл  мені  елмен  бірге  тентек  дегенің  ғой...  Сен 

де маған теріс қарағаның ғой... Мені ағайын сөккенде, аруаққа 

қылған шет жұмысым қайсы еді?.. Мен Қарауылдың жылаған 

қызын  теңіне  қостым.  Елге  тентектігім  сол  –  сері  жігіт  ерке 

қыздың  көңілін  жабы  қылмай  сергітемін  деп  сауықшыл,  ой-

ыншыл  болдым.  Мен  жаспын,  менің  бұзықтығым  со  ма?  Ер 

жігіттің жолы болсын деп көмек қылдым... Терістігім со ма?..

Қ а р а к ө з .  Айтқаныңның  бәрі  рас.  Ел  кінәласа  да,  мен 

кінәлап па едім, мен жолың болсын дегенім қайда... Мен сол 

үшін  сені  сүйгенім  қайда?  Бірақ  мынау  жат  іс  қой,  бұл  ұлы 

аруақты жүдететін іс қой.



205

С ы р ы м   (түрегеліп).  Олай  болса,  сені  жылатқан  әке-

шешемен  менің  бітімім  жоқ.  Қарғамаса,  атып  жықсын.  Қара 

басым қара жерге кіргенше менің ешкіммен елдігім жоқ. Енді, 

қош бол... Сенің күйігіңді көзіммен көрер шамам жоқ. Құдай 

қосса,  көрермін,  әйтпесе  түз  құсы  болып  кеткенім  осы.  Мені 

Қарауылдың елі-белі көрмей-ақ қойсын, ұры болам ба, қары бо-

лам ба, қаңғығанның алды осы түннен басталсын.

Қ а р а к ө з .  Жоқ..,  жаным..,  оны  істесең,  мен  риза  емен... 

Сен  мені  ертең  ұзатқан  жеріме  келесің.  Мені  барар  еліме 

апарасың...  Әйтпесе  бір  емес,  екі  өлгенім...  Мені  осы  жерге 

өлтіріп кет! (Сырым жүруге айналғанда қолынан ұстайды.)

С ы р ы м .  Жоқ..,  жоқ...  Мен  енді  сенің  бетіңе  шіркеу 

келтіретін іс істемеймін.., менің болмағаным артық... Мен елдің 

қызығын бұзып кетермін. Жаралы жас аюдай дұспан атаулының 

бетін тырнармын... Мені босат.

Қ а р а к ө з . Сен – алғыр құс ақ тұйғын, өзгелер – қара қар-

ға...  Сенің  күндегі  алатын  жеміңді  аяймын  ба?  Сыртыңнан 

жырлаған  жау  алдында  шыдай  алмай,  именіп  кететінін  көріп 

кетемін, мені сен апарып салмасаң, көзімнің жасын кім тыяды? 

Қайғылы басымды кім сүйейді?.. (Тым-тырыс.)

С ы р ы м   (ойланып  тұрып).  Олай  болса,  жарайды...  біз 

келерміз.  (Құшақтасып,  сүйісіп,  айырылуға  айналып.)  Қара-

ғым-ай  бір  атадан  неге  тудың?  Тумағыр  басым,  неге  тудым 

Жабайдан.  Сондайлық  қарғыспен  тудырғанша,  бұл  туысты 

бір қылмасаң не етуші еді? (Қайғырып тұрады. Біраздан соң 



Ақбала салдармгн бірге сахнаға келіп шығып, Қаракөзді ертіп 

шығып кетеді.)

VII көрініс

Ақбала, салдар.

Салдар Сырымның қасына келеді.

Д у л а т .  Жарықтығым,  қабағыңды  қарс  жауып  не  қып 

тұрсың.  Не  деп  жүдетіп  кетті...  қол  ұстасып  бел  асуға  шыда-

мады-ау Қаракөз...

С ы р ы м . Қаракөз шыдамады... Біздің енді не боларымызды 

Құдай білсін... Бірақ Қаракөзді Тұрсындікіне апарып салатын 

болдық. Ертең той. Айтылатын жар-жар бар... Қаракөздің ке-

тер күні Қарауылдың елі мен белін күңірентіп кетсін. Біз ертең 



206

қыздар тобында болып, жар айтармыз. Жарылғап пен Жабайға 

қоштасқан сөзді қоса айтамыз...

Д у л а т   (бекініп).  Дұрыс  осы.  Қаракөзімізді  әкететін  жау-

лар ға тым болмаса бір оқ атып қалайық. Ең болмаса барып-ба-

рып жығылмас па екен... Әкетсе де соққы жеп кетсін. Несіне біз 

сері болып жүрміз? Неге қарап қаламыз?..

С ы р ы м . Рас айтасың...

Қ о с к е л д і .  Бәрекелді!  Жақсы  болды,  тілді  безеп  бір 

байқалық... Өзіміз Қаракөз кетеді дегелі жабы болып барамыз.

Д ә у л е т к е л д і  (әндетіп, домбыраны соқтырып).

Мен айтайын жар-жарым,

Ақ отауды тіккен жер,

Майдан болсын, жар-жар!

Ақ жүзімді көруге айнам болсын, жар-жар! 

Қандай жақсы болса да қайын атам, жар-жар, 

Қайран менің әкемдей қайдан болсын, жар-жар?!

С ы р ы м   (тоқтап).  Жоқ,  біздің  жар-жар  бұл  болмайды. 

(Көтеріліп, сергіп.) Біздің өлең:

Қаракөздің жанына,

Жара салған жарына,

Күңіренткен зарына...

Д у л а т

.

 Қайғылы болған халына,



Айырбас болған малына.

Қ о с к е л д і

.

Артта қалған ағайын,



Туғаны мен барына.

С ы р ы м  (басын изеп).

Назаланып налына,

Бетін ашып тарыла.

Айтқан сөзін жыр қылармыз, осыған тіл беріңдер! (Өзгелер 

күліседі.  Аз  тым-тырыстан  соң.)  Күнә  болса  күнә...  Мен 

Қаракөзден қалмаймын.., күдерімді әлі үзбеймін. Бұның күнә 

болатынын  білсе,  әлгі  бір  немесі  мені  еркек,  оны  ұрғашы 

қылып  неге  жаратты?  Мені  алғыр  тұйғын,  оны  айдынның  ақ 

құсы қылып неге жаратты? Мені жігіттің ардагері қылып, оны 

Арқаның аруы қылып неге жаратты?



207

Д у л а т

Қ о с к е л д і   

(қосылып).

Д ә у л е т к е л д і

Бәрекелді, сал Сырым,

Көрсетсеңші сән түрін.

Тарқатсаңшы ой кірін,

Айтушы едің сен бұрын,

Шырқатсаңшы ән бірін.

С ы р ы м . Баста, олай болса, Қаракөзге. (Бәрі қосылып, ән 

салып кетіп бара жатады.)

Ән (Қаракөз).

Серінің қыз құтылмас талабынан,

Қалқатай, бір сүйгізсең тамағыңнан.

Жеңгетай, тоғыз торқа толып жатыр,

Сілкіп ал шалбарының балағынан.

(Сахнадан шығады, кетіп бара жатып):

Қаракөз айым,

Қалдың кейін.

Кеткенде сен алысқа, 

Зар еңірейін.

VIII көрініс

Асан сал кіреді.

А с а н  (ойланып, әндетіп).

Қара шапан жамылып,

Қыз кетеді бір жаққа.

Ән шырқатып қағынып,

Сал кетеді бір жаққа.

Салқын кеште сейіл қып,

Кім келеді бұл тасқа?

Жолығуға ыңғайлы,

Болғандай-ақ жолдасқа,

Сонда да мұнда сыр басқа.

Ойланып тұрып, ақырын ысқырып жүріп кетеді. 

Ш ы м ы л д ы қ


208



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет