Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағЫ 3-том мақалалар, ӘҢгімелер, аудармалар, пьесалар 1921-1929 "ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014


САКУ-ДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата19.01.2017
өлшемі4,32 Mb.
#2190
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

САКУ-ДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ

Мақала  көлемді  түрде  жазылып,  «Кедей  айнасы»  журналына 

ұсынылады.  Бұл  тұста  Мұхтар  Әуезов  Ленинград  университетін 

бітіріп,  Ташкенттегі  Қазақ  Халық  Ағарту  институтының  директо-

ры Сәкен Сейфуллиннің тікелей бұйрығы бойынша орыс және қазақ 

әдебиеті  тарихынан  сабақ  беруші  оқытушы  қызметке  орналасады. 

Орта Азиялық Коммунистік Университеті (САКУ) тыңдаушыларына 

ақылы сағатпен дәріс оқитын.

САКУ – Түркістан өлкесіндегі партия, комсомол кадрларын дай-

ындайтын оқу орны болатын-ды. Бұл Кеңес үкіметінің соңғы жылда-

рында өмір сүрген Жоғары партия мектебі, комсомол мектебі сияқты 

оқу орындарының ең алғашқы ашылған үлгісі еді. Бұл партиялық оқу 

орын орысша, САКУ (Средне-Азиатский Коммунистический Универ-

ситет) деп аталып, онда Түркістан өлкесіндегі жергілікті өзбек, қазақ, 

қырғыз,  түрікмен,  қарақалпақ,  тәжік  ұлтының  өкілдері  мен  әртүрлі 

келімсек халықтардың жастары оқыды. Осы оқу орнында М. Әуезов 

сабақ беруі себепті, САКУ-дің оқушылары мен оқытушылар құрамын 

жақсы білген. Сондықтан да ол «Кедей айнасы» журналының өтініші 

бойынша  көлемді  «САКУ-дің  оқушылары  мен  оқытушылары»  деп 

аталатын очерк типтес мақаласын жазып ұсынады. Бірақ журналдың 

редакторы  ақын  Зиябек  Рүстемов  журналға  түскен  мақалалардың 

көбейіп кетуіне байланысты бұл мақаланы «... ұзын жазылған мақала 

екен, басқа мақалалар болғандықтан, жалаң санын ғана алып бастық. 

Басқарма.  1928»  деген  арнайы  ескерту  жасап,  қатты  қысқартқаны 

көрініп тұр.

Мақала  осы  қысқартылған  қалпымен  де  Түркістан  өлкесі  мен 

Қазақстанда  1920  жылы  ресми  түрде  тұңғыш  ашылған  Түркістан 

Мемлекеттік  университеті  жанында  ашылған  Бүкілодақтық  Кіндік 

Атқару  Комитетіне  қарасты  В.  И.  Ле нин  атындағы  Орта  Азиялық 

Коммунистік  университетінің  (САКУ)  сол  кездегі  оқушылары  мен 

оқытушыларының партиялық, әлеуметтік, ұлттық құрамы мен 19 бен 

30 арасындағы жастық құрамы жөнінде нақтылы әрі қызықты дерек-

мағлұмат беруімен де құнды.


320

Мұхтар  Әуезовтің  Елу  томдық  академиялық  шығармалар 

жинағының  3-томына  алғаш  рет  «Кедей  айнасы»  деп  аталатын 

(Бүкілодақтық  Кіндік  Атқару  Комитетіне  қарасты  В.  И.  Ленин 

атындағы  Орта  Азиялық  Коммунистік  Университетіндегі  қазақ 

студенттері) журналының 1928–1929 жылғы 4-5 санында (49–50-бет) 

жарияланған түпнұсқасы негізінде өзгеріссіз сол қалпында басылым 

көріп отыр.

1.  Ең  тұңғыш  жоғары  оқу  орындары  САКУ  мен  САГУ-дің 

арасындағы айыр  машылықты қазіргі жас буын, жаңа қауым жете біле 

бермейді.  Бұлай  болуы  заңды  да,  өйткені  аталмыш  жоғары  екі  оқу 

орнының өзіндік ерекшелігін олар дың пайда болу, даму, өзгеру тари-

хына көз жібермесе екінің бірі біле бермейді.

а)  САГУ-ді  (Средне-Азиатский  Государственный  Универси-

тет)  ашудың  идеясы  Ресей  империясының  Түркістан  өлкесін  отар-

лап,  жергілікті  халықты  езіп-жаншуына  қарсы  1868  жылы  Әндіжан 

көтерілісіне байланысты туындаған болатын.

Ресей отаршылдарының ортасында Түркістан жерінде универси-

тет ашу идеясы көтерілгенде екі ұдай пікір таласы туындады. Бір жағы 

университет ашу арқылы жергілікті халықты еліктіріп, культрогерлік 

тәсілмен билеп-төстеудің қамын ойластырды. Өйткені Еуропаның от-

аршыл  мемлекеттері  отарланған  жерлерде  бұл  тәсілді  өз  мүдделері 

тұрғысынан  жүзеге  асырған  мысалдар  бар  болатынды.  Екіншілері 

Түркістан  халықтары  ортасында  университет  ашудың  уақыты  пісіп 

жетілген  жоқ,  сол  себепті  әуре  болудың  қажеті  жоқ  деген  пікірді 

ұстанды. Соңғы пікірді, тіпті, академик В. В. Бартольдтың өзі қолдап 

шықты.

Егер өткен тарих көшіне назар аударар болсақ, Түркістан жерінде 



XI  ғасыр  басында  көне  Үргеніште  (Хорезм  қаласында)  1010  жылы 

академия ұйымдастырылған болатын-ды. Оны ұйымдастырып жүзеге 

асырған Хорезм шахы Абуллабас Мамун болуы себепті, бұл жоғары 

оқу орны «Мамун академиясы» деп аталып, оның қабырғасынан Әбу 

Райхан Бируни, Ибн Сина, Хорезми тәрізді ұлы оқымысты ғалымдар 

шықты.  Ал  Еуропа  жеріндегі  Ғылым  академиясы  Англияда  1162 

жылы, Ресейде 1724 жылы (университет 1753 жылы) дүниеге келген 

еді.


XVIII ғасырда Самарқанд пен Бұхарада 70, Ташкентте 18 медресе 

қызмет атқарған. 1898 жыл мен 1913 жыл аралығында осы жерлер-

де 7665 мектеп, медресеге жетсе, не себепті бұл жерде университет 

ашуға  уақыт  әлі  пісіп  жеткен  жоқ  деп  дау  айтудың  түбі  халықтың 

ұлттық санасының оянып кетуінен сескенуден басқа еш нәрсе де емес 

еді.


321

Міне,  Түркістан  өлкесінде  университет  идеясы  Ұлы  Қазан 

төңкерісінен  кейін  жергілікті  жерде  қайта  көтеріліп,  1918  жылы 

5  көкекте  Ташкент  қаласында  «Народный  университет»  ашылып, 

ректорлығына  А.  В.  Попов  сайланды.  Осымен  бірге  «Мұсылман 

халық  университеті»  ашылып,  ректорлығына  Мунауар  Қарт 

Абдуратидханұлы сайланды. Осы университеттің «Народный универ-

ситет», «Халық университеті» деген екі газеті болды.

1919 жылы 30 тамыз айында Түркістан Мемлекеттік Университеті 

(ТурГУ )  ресми  түрде  Үкімет  тарапынан  ашылды.  1920  жылы  7 

қыркүйек айында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің декретінде 

«Түркістан  Мемлекеттік  Университеті  РСФСР  халық  комиссарлар 

Кеңесінің қарауында болады», – деп жазылды.

1920  жылы  22  желтоқсан  айында  Түркістан  Мемлекеттік 

университеті жергілікті өкімет қарауына алынып, жергілікті бюджет-

ке телінді. Университет ректорлығына 24 жастағы коммунист А. Ф. 

Солькин ректор болып тағайындалды.

1923 жылы 17 шілде айында Түркістан Мемлекеттік университеті 

Орта Азиялық Мемлекеттік университет (САГУ) деп аталып, ректо-

ры А. А. Знаменский болды. Осы жылы ректордың ұсынуы бойынша, 

Тұрар  Рыскұлов  университет  ғылыми  Кеңесінің  мүшесі  болып  сай-

ланды.  М.  Әуезов  пен  Т.  Рысқұловтың  алғашқы  таныстығы  да  осы 

жылы басталып, М. Әуезов Ленинград университетіне арнайы жолда-

ма алып, оқуға кетті.

САГУ-дің алты факультетінде 2671 студент оқыды. Оның 1076-ы 

орыс, 368-і еврей, 38-і армян, 7-уі ғана өзбек болуында көп мән жатыр.

1927 жылы САГУ-дің ректоры болып профессор Городецкий таға-

йындалды. Студенттердің саны 4107 кісіге жетті. Оның 8% өзбек, 6,4% 

қазақ, 3,9% түрікпен, т. б. болды. Ал 1928 жылы жергілікті ұлттардың 

саны 223 кісіге әрең жетті.

1930  жылы  жергілікті  ұлттан  шыққан  оқытушылар  саны  6%-ке, 

яғни  28  кісіге  жетті.  Университет  бойынша  11-ақ  аспирант  болды, 

соның бірі Мұхтар Әуезов болатын-ды.

ә) САКУ (Средне-Азиатский Коммунистический университет им В 

И. Ле нина) САГУ-дің жанынан ашылған партия, комсомол мектептері 

еді. М. Әуезов өзінің «САКУ-дің оқушылары мен оқытушылары» деп 

аталатын «Кедей айнасы» журналында басылым көрген мақаласында 

осы  жоғары  партия,  комсомол  мектебіндегі  оқушылар  мені 

оқытушылар құрамын әр қырынан алып, талдап көрсетуге мән бере 

қарайды.


М.  Әуезов  САКУ-дің  ішіндегі  әйелдер  курсы,  баспа  қызметкері 

(журналистер)  курсы,  комсомол  университеті,  олардың  сыртқы 

оқушыларына дейін назар аударады.


322

Әйелдер курсы – негізінен, жергілікті халық арасындағы әйелдер 

арасында саяси идеологиялық үгіт-насихат жұмысын жүргізетін ма-

ман кадрлар даярлайтын арнайы мақсатпен ашылған оқу орны бола-

тын.


Баспа  қызметкерлері  (журналистер)  курсы  да  –  негізінен,  ел 

ішінде туын дап молығып келе жатқан газет, журнал, үгіт блокнотта-

рын шығарып, таза саяси-идеологиялык жұмыстар жүргізуге даярла-

матын баспасөз қызметкер лерін даярлаумен айналысатын арнаулы оқу 

орындарының алғашқы түрі еді.

Комсомол  университеті  –  жергілікті  ұлт  жастарын  тұрақты 

идеологиялық  жұмыстар  атқаруға  даярлайтын  бірден-бір  оқу  орны 

болатын-ды. Өйткені қоғам өміріндегі жастардың шешуші әлеуметтік 

зор  күш  екенін  білген  әрі  оларды  өздерінің  ізбасарлары  етіп 

қалыптастыруға  большевиктер  ерекше  мән  беруі  себепті,  комсомол 

университетін ұйымдастырған еді.

М.  Әуезов  өзі  дәріс  беретін  партиялық  оқу  орындарындағы 

оқытушылар мен оқушылардың партиялық, таптық, әсіресе әлеуметтік 

шыққан  тегіне  арнайы  көңіл  бөлгені  сезіліп  тұр.  Яғни,  Кеңес 

үкіметінің жоғары оқу орындарына қабылданған жастардың түгелге 

жуық таптық жағынан 332 оқушының алтауы ғана бипартиялық бо-

луын көрсетеді немесе 92 оқытушының төртеуі ғана руханилар мен 

саудагерлер тобынан болуы да, мемлекет ұстанған саясаттың бар бол-

мысын ашып көрсеткен.

Большевиктер партиясының таптық саясатының нәтижесі жоғары 

оқу  орындарында  қай  дәрежеде  қойылып,  жүзеге  асырылуының 

бар  болмысын  жылдыққа  сай  көрсетуімен  автор  оқырманын  көп 

нәрсенің мән-мағынасын ұғынуға ойланып, себебін тап басып білуге 

итермелейді.

М.  Әуезовтің  бұл  мақаласының  төл  нұсқасын  архив  сөресінен 

іздестіріп  таба  алмай  жүрміз.  Түпнұсқаның  көлемі  мол  болып,  сан 

қилы  күрделі  мәселелерді  танытуға  ұмтылған  автор  ойының  клас-

сикасы  мен  мақаланы  жазудағы  мақсаты,  әрине,  Ташкенттегі  архив 

қазынасынан іздестіру міндеті күн тәртібінен әзірше түспейтініп бар 

болмысымызбен сезінеміз.

М. Мырзахметұлы, 

филология ғылымдарының докторы


323

БӨЛІМ МАҚСАТЫ. ЖАРАТЫЛЫСТАҒЫ ДАҒДЫЛЫҚ. 

ӨЛКЕТАНУ ТУРАЛЫ

Бір-бірімен тығыз байланысты осы мақалалар топтамасы тұңғыш 

рет  «Жаңа  мектеп»  журналының  1929  жылғы  11-санында  жарық 

көрді. Мақаланың бас жағына «Мұхтар» деп қол қойған.

Мақалалар  топтамасында  М.  О.  Әуезов  журналда  ашылып 

отырылған  «Аймақтану,  білім  арттыру»  атты  бөлімнің  негізгі 

мақсаттарын  айта  келіп,  өлкетану  (аймақтану)  ісінің  маңызы  мен 

міндеттерін ашып көрсеткен. Өлкетанудың басты мақсаты, автордың 

пайымдауынша, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін, оның табиғи 

байлықтары мен шаруашылығын жан-жақты зерттеу болып табыла-

ды. Бұл іске әртүрлі дәрежедегі мектептер мұғалімдерінің, жалпы сау-

атты адамдардың тікелей қатысуы қажет екендігі айтылады.

Мақала  1930  жылғы  сәуір  айында  өткен  Қазақстан 

өлкетанушыларының (ай мақ танушыларының) Бірінші құрылтайының 

қарсанында жазылып, жа рияланған.

К. Нұрпейісұлы,  

Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент  

мүшесі, тарих ғылымдарының докторы


324

ӨЗ ЖАЙЫМНАН МАҒЛҮМАТ

М.  Әуезовтің  осы  өмірбаяндық  мақаласы  өз  архивінен  алынып 

(382-папка,  1–6-бет),  елу  томдық  академиялық  толық  басылымға 

ұсынылып отыр.

Мақала – Смағұл Сәдуақасовтың сұрағына жауап ретінде жазылған. 

Жиырмасыншы  жылдардың  екінші  жартысында  ол  танымал  ақын-

жазушыларға алты сұрақ қойып, олардың өмірі, шығармашылығына 

қатысты  деректер  жинаған  екен.  Жазушы  мақаласының  соңына 

«Мұхтар,  Ленинград,  ғинуардың  29-ы»,  сыртына  «Өз  жайымнан 

мағлұмат» деп жазыпты, осыны тақырып ретінде қолдандық.

Жазушының  отызыншы  жылдарға  дейінгі  шығармаларынан 

сақталып  қалған  қолжазбалар  жоқтың  қасы  десек,  «Өз  жайымнан 

мағлұмат» – сол аздың бірі. Сол кезден бүгінге жеткені «Хан Кене» 

пьесасының араб әрпінде жазылған бірінші нұсқасы, осы туындысын 

өзінің орыс тіліне аударғандағы қолжазбасы мен қырғыздың батырлық 

эпосы  «Манасты»  зерттеп  жүрген  кезінде  Бішкек  пен  Ыстықкөл 

маңайындағы  ауылдарда  болғанда  көрген,  естігендері,  манасшы-

лардан тыңдаған жырлары жазылған шағын блокнот қана. Бұлардан 

басқа бұл кезеңнен жарияланғандарының да, жарияланбағандарының 

да  түпнұсқалары  біржола  жоғалған.  Бұлардың  ішінде  Қызылордада 

1927 жылы басылып шыққан «Әдебиет тарихының» 2-кітабы, «Жетісу 

қазақтарының  фольклоры»  деп  аталатын  үлкен  монографиясы, 

Кронның «Мстислав Удалой» пьесасының аудармасы болса, тағы да 

қандай туындыларының жоғалғандығы осы өмірбаяндық жазбасынан 

көрінеді.  1930  жылы  қамауға  алынғанда,  бүкіл  кітап,  қолжазбалары 

қолды болды.

Ал  осы  «Өз  жайымнан  мағлұматтың»  жазушының  өзіне  қайтып 

оралуынын  айта  кетерлік  тарихы  бар.  Елуінші  жылдардың  аяғына 

таман  Мәскеуде  С.  Сәдуақасовтың  жұбайы  Елизавета  Әлиханқызы 

Бөкейханова  Мұхаңа  бір  бума  қолжазбалар  табыс  еткенін  Ләйла 

Мұхтарқызы  айтады.  Смағұл  дүниеден  өткеннен  кейінде  бұларды 

ешқайда тапсырмай, жоғалтпай Елизавета сақтап келген де, Әуезовке 

тапсырғанды жөн көрген. Қазақстаннан кетуі, қызметіндегі өзгерістер 


325

оған  әу  бастағы  жоспарларын  жүзеге  асыртпаған  секілді,  оның 

үстіне, көп ұзамай дүниеден де өтіп кетті. Қазақстанның мәдениеті, 

тарихы, шаруашылығы, тағы басқа салалары жөнінде жазып жүрген 

мақалалары мен көркем шығармалары аз емес еді. Елизавета тапсырған 

қолжазбалардың  ішінде  оның  кейбір  мақалалары  мен  «Сәрсембек» 

деген  романы  да  бар.  Алты  сұраққа  М.  Әуезовтің  «Өз  жайымнан 

мағлұматы»  сияқты  Жүсіпбек  Аймауытов,  Ілияс  Жансүгіров,  Сәбит 

Мұқановтар  жауап  қайтарған.  Бұлардан  басқа  Ж.  Аймауытовтың 

«Ақбілек» романын, Бернияз Күлеевтің бір томдық өлеңдер жинағы 

мен  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  поэзиялық  туындыларының 

қолжазбаларын айта кетуге болады. Ал Торайғыровтың қолжазбаларын 

оның  екі  томдық  шығармалары  жинағын  бастыруды  дайындап 

жүргенде ғалым Ысқақ Дуйсенбаев Ләйла Мұхтарқызынан уақытша 

пайдалануға сұрап алған болатын, артынан ол қайтыс болып кетті де, 

қазір  сол  қолжазбаның  қай да  екендігі  белгісіз  күйінде  қалып  отыр. 

Смағұлдың «Сәрсембегі» ұзын ша енсіз қағазға түсті қаламмен араб 

әрпінде жазылған, Аймауытовтың қолжазба ларындай емес, бұларды 

айырып, ажыратып оқу мүлде қиындық тудырады.

1.  67-бет.  «Менің  аталарым  қожа»  –  Қожалардың  арғы  тегі 

араб  екендігі  айтылады.  Ол  баста  миссионерлік  мақсатпен  келген 

адамдардан  тараған  ұрпақтар  екендігі  шежірелерде  баяндалады. 

Қожалар тек қазақтар ғана емес, туысқан өзбек, қырғыз, қарақалпақ, 

түрікмен  халықтарында  да  бар.  Қазақтағы  қожалар  қазір  оның  бір 

рулы  тармағына  айналып  кетті.  М.  Әуезов  айтқандай:  «Қайтсе  де 

бұл  қожалардың  қазақпен  араласып,  қазақтан  қыз  алып,  қыз  беріп, 

қазақша тұра бастағанының өзіне бірталай заман болды». Шынында 

да, ол бастағы қожалық ұғымнан бұл күндерде еш нәрсе де қалмады. 

Ертедегі  толтырған  анкеталық  жауаптарының  бірінде  Мұханның 

«Тобықты руынанмын» дейтіні содан болу керек.

2. 67-бет. «Біздің қожалардың арғы атасын Бақсайыс дейді» – 

Кейбір шежірелерде ол Бақшайыш деп де айтылады. Бақсайыс әкесі 

Омарханға  он  сегізінші  атадан  қосылатындығы  осы  өмірбаяндық 

дерегінде,  ал  шежірелерде  Ахмет  Иасауидің  замандасы  екендігі 

сөз  болады.  Есептеп  көргенде,  он  сегізінші  ата  дегені  соған  сәйкес 

келіп  қалады.  Баксайыстың  мазары  қазіргі  Қызылорда  облысының 

Жаңақорған  ауданына  қарайтын  жерде  Сырдария  өзенінің  батыс 

жағалауында тұр.

3. 69-бет. «Әкеммен бір туысқан ағам Қасымбек» – Қасымбек 

(1894–1914) оқыған, білімді, өте мәдениетті адам болған. Мұхтардың 

оқып тәрбиеленуінде оның алатын орны зор. Жазушы 1943 жылы жа-

зып жүрген романы үшін жаңа, нық деректер жинау мақсатымен ақын 



326

атындағы  ауданға  барған  жолжазбаларында  мынадай  жүрекжарды 

сөздерін қағазға түсіреді: «Сағынып кеп тағы да баяғы сабаққа бара 

жатқан  күндерде  әрбір  түп  шилерге,  әрбір  асық  ойнаған  тауларға  – 

енді қайта айналып сендерді көрем бе, жоқ па деген қимас көңілмен 

қоштасып,  үлкен  көңілмен  кетіп  барам.  Ағам  (әкем),  жеңешем  (ше-

шем), кәрі апам (үлкен шешем), қадірлі ағам Қаске (Қасымбек), жаны 

жылы,  жақсы  жақсы  жеңгем  Қалия,  апам  Күлсім,  інім  Сабидал  – 

бәріңнің де қабіріңді көріп өттім. Бірде-біріңнен титтей де реніш шек-

кен шағым жоқ екен. Ойласам, мен өзімді соншалық жақсы көрген, 

соншалық  сүйген  мендей  жаман  баладан  көп-көп  үміт  еткен  жақсы 

жандар ортасында туып-өскен екем. Соңғы Қаске түсіме енді – аппақ 

киімі  бар,  бірақ  ренішті  халде  көрінді.  Жан  ағам  жаңылмаспын: 

«Жақсы бол, ұл бол, ел сүйетін азамат бол. Құр күнкөргіш пысықай 

бірдеме болам десең, ата-ананың үмітін жер еткенің» деген сөзіңнен. 

Ендігі қалған тірлікте қарызым да сол, іздер, барар мұратым да сол 

ғана»  (Жидебайға  барғанда,  Папка,  №  29,  89-90-бет).  Мұхаң  үшін 

Қасымбек  орнының  қандайлық  екендігі  осыдан  да  байқалады. 

Ал  осындағы  «Жаны  жылы,  жақсы  жеңгем  Қалия»  дегені  –  сол 

Қасымбектің келіншегі. Ол да Қасымбектен кейін қайтыс болған.

4. 69-бет. «Содан кейін бір қыс ел ішіндегі ауылнай школдан 

Әбіш Қасенов деген Семей семинариясын бітіріп шыққан қазақ 

учителінен  оқып»  –  Бұдан  басқа  Әбіш  Қасеновтің  өмірі  туралы 

нақтылы деректер кез деспейді.

5.  69-бет.  «Мен  бері  келіп,  ес  білген  заманға  шейін  сондай 

көшіру шілікпен  күн  кешкен  кісі  Мұрсейіт  деген  молда  еді»  – 

Мұрсейіт Бікеұлының (1860–1917) Абай шығармаларын көшіріп, елге 

таратумен аты шықты. Ол орысша да оқыған, Бұхарада мұсылманша 

білім  алған.  Семей  облыстық  әкімшілігінде  қызмет  істейді.  Осы 

қызметте жүріп, бір қызды дау дан құтқарам деп жандаралдың мөрін 

сыртынан  басқаны  үшін  қызметінен  қуылып,  Өскеменге  жер  ауда-

рылады.  Елге  қайта  келгенде,  Абай  оған  өлеңдерін  жинап,  жазып 

жүруді тапсырады, қаламақысын төлеп отырмақ болады. Қазір оның 

көшіруіндегі  екі-үш  нұсқасы  бар,  бірі  –  Қазақстан  Ұлттық  Ғылым 

академиясының  кітапханасында,  екіншісі  –  «Әуезов  үйі»  ғылыми-

мәдени орталығының қолжазба қорында.

6. 70-бет. «Бір уақыт «Масғұтты», «Ескендірді» де жаттатты» – 

Екеуі де Абайдың белгілі поэмалары, «Масғұт» – 1882–1903 жылдар 

аралығында жазылған. Бұны Тургеновтің «Восточная легенда» деген 

әңгімесімен үндес десе, шығыстың фольклорымен (Бирма халқының 

ертегісі) байланысы барлығы да айтылды. Абайдың бұлардың екеуін 

де  пайдаланғандығы  көрінеді.  «Ескендір»  –  Бұл  тақырып  шығыс 


327

ақындарының көбінен кездеседі. Низами «Ескендір наме» деген да-

станын  жазған.  Абай  В.  Жуковскийдің  «Две  повести»  деген  өлеңін 

пайдаланған деген дәлелдерді де жоққа шығаруға болмайды.

7. 70-бет. «Ең алғашқы баспаға шыққан статьям «Сарыарқа» 

га зе тінде»  –  Бұл  басылымды  Қазақ  Совет  Энциклопедиясы  – 

«ұлтшыл-алашор дашылардың  орталық  газеті»  деп  бағалады.  Газет 

1917 жылдың маусым айынан, 1919 жылдың мамыр айына дейін Се-

мейде аптасына бір, кейде екі реттен шығып тұрған.

8.  71-бет.  «Басқармадағы  Сәбит  Дөнентай  баласы  ма,  бол-

маса  Сәлімбеков  пе  біреуі»  –  Сәбит  Дөнентаев  белгілі  ақын,  ал 

Сәлімбековті анықтауға мүмкіндік болмады.

9. 71-бет. «Содан кейінгі баспа сөзіне толығырақ араласқаным 

1918 жылы «Абай» журналының шығуымен байланысты» – Бұл 

журнал туралы толық мағлұматты 1-томның түсініктерінен оқи ала-

сыздар.

10. 71-бет. «Сырлы әдебиетке кірісуді пьеса жазудан бастадым» 



  Мұн дағы  сырлы  әдебиет  дегені  –  қазіргі  көркем  әдебиет  деген 

ұғымды береді.

11.  71-бет.  «Сонда  ең  алғашқы  пьесам  «Ел  ағасы»  деген  4 

перделі  дра ма  жаздым»  –  «Ел  ағасының»  жоғалғандығын  осы 

өмірбаяндық қол жаз  басында өзі айтады. Сондықтан ол жөнінде толық 

түсінік  беру  қиын.  Пьесаның  Жаңасемейде  халық  үйінің  клубында 

қойылғандығы жөнінде 1921 жылғы 26 ақпанындағы санында мақала 

басылды. Ол хабарды жазған – Сейіт Тоқымбаев. Мұнда шығарманың 

мазмұнынан да хабар етеді. Архивтен пьесаның бағдарламасы табыл-

ды. Онда былай деп жазылған:

Программа. Қадірлі жолдастар! «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып 

секіреді».  Мәскеудегі  мұқтаж  қазақ  студенттеріне  жәрдем  болсын, 

программа сатып алыңыздар!

1. Ел ағасы. Мұхтар Әуезұлы шығарған 4 перделі пьеса.

О й н а у ш ы л а р :

Ж ұ м а х а н  (жуан, зорлықшыл) – Нұрмұхамбет Жамышин

А қ ы ш  (Жұмаханның қайын ағасы) – Серке Жармұқанұлы

Е р м е к  (оқыған жігіт) – Мұхаметжан Парызұлы

Қ а б ы ш  – (жаңа пікірлі учитель) – Абдолла Байтасұлы

Ә с и я  – (Ермектің ағайының қызы) – Шәмения Әлібекова

Б и т е м і р  – (Әсияның әкесі) – Ғаббас Дәулетбекұлы

Қ а л и м а н  – (шешесі) – Бану Асылбекова

Ж ұ м а ғ ұ л  – (пысық кісі) – Әбдірахман Бектасұлы

Ә д і л б е к  – (ақсақал) – Ғабдолла Диханбайұлы

Д ү й с е н  – Рахметолла Қаржаубайұлы

С ә л м е ш  – Рахым Асылбекұлы

Д ә м е т к е н  – (өсекші қатын)



328

Ы д ы р ы с  – (оқыған жігіт) – Рахым Асылбекұлы

Оқыған жігіттер

Милиция


Ж ү н і с  – Жолмағамбет Меңдібекұлы

Б і р і н ш і   ж і г і т  – Рахым Иманбайұлы

Е к і н ш і   ж і г і т  – Сейітқасым Әміреұлы

ІІ. Ақын Иса наурызға арналған һәм көптің тілеген өлеңдерін ой-

ынан шығарып айтады. Жастар кейін қалып, әртүрлі ұлт ойындарын 

ойнайды.


Басқарушы: X. Мырзағалиұлы.

Даярлаушы: М. Қазақбайұлы».

Осыдан басқа пьеса жөнінде ешқандай мағлұмат кездеспейді. Сол 

ойна луы нан кейін ешқайда қойылмаған болу керек.

12. 71-бет. «1922–1923 жылдың қысында Ташкентте «Шолпан» 

журналын  шығардық»  –  Түркістан  автономиялық  республикасы 

Орталық Атқару Комитетінін білім, әдебиет, шаруашылық, саяси жур-

налы. Бірінші саны 1922 жылдың қазанында шықты. «Түркістандағы 

халық ағарту ісі» деген бөлімі болды, оқу, ағарту, бала тәрбиелеу жай-

ын сөз етті. Сегіз саны шыққаннан кейін журнал 1923 жылдың орта 

шенінде жабылып қалды.

13. 71-бет. «1925 жылы Семейде «Таң» журналын шығардық» 

– Бұл – Семей губкомы мен губерниялық атқару комитетінің саяси, 

мәдени,  әдеби,  шаруашылық  журиалы.  Оның  редакторы  М.  Әуезов 

болды.


14.  71-бет.  1926–1927  жылы  «Сұғанақ  сұр»  деген  повесть  жа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет