3-ПЕРДЕ, 5-СУРЕТ
І көрініс
Тұрсын ауылы, соңғы уақиғадан соң бір жыл уақыт өткен. Наршаның
отауы ... Оң жақта шымылдығы құрылған биік төсек. Үстінде Нарша науқас,
биік төсектің бас жағында жер төсек бар. Қаракөздің төсегі. Үйде Нарша,
Қойсары, Асан. Шымылдық ашылғанда Асан домбыра тартып отырады.
Қ о й с а р ы . Шіркін-ай!!! «Елу жылда ел жаңа, қырық жыл-
да қазан жаңа» дейді... Елу жыл емес, дәл биыл мен был тырдың
арасында осы ауылда қандайлық қилы-қилы дүние болды?
А с а н . Дүние-ай десеңізші! Аумалы-төкпелі дүние деген
осы да – былтырғы жылдар Қаракөздер қандай еді; аспандағы
жұлдыздай, әлемге аты шыққан ару еді... Ақыл қандай, көрік
қандай еді... Аяғы өздерімен тоқталмай, Наршаны қоса науқас
қылып қойғаны мынау. Сырым ол анау... Көшерін жел біліп,
қонарын сай біліп, жолдан тайып бұзылып кеткені...
240
Қ о й с а р ы . Дүние сол... Бұл өмір шіркінге сенім бар ма?
Сырым сонан бері өз елінің бетін көрмей-ақ кетті ме осы?
А с а н . Өз елі дейтін ел қалды ма Сырымда... Күні осы күнге
шейін Сырым пәлен жерде жүр десе, Жабай мен Жарылғап қол
жиып, аттанып барып бір шарлап қайтады дейді... Әлі күнге:
«Көзімізге көрінсе өлтіреміз», – дейді.
Қ о й с а р ы . Қарауылдың бай-бай жерлерінде шауып жүр
ғой. Сол неғып қолға түсіре алмай қойды соны.
А с а н . Осы кезде ұстауға жақындап жүрсе керек. Үш айдан
бері қарай Қарауыл орысқа шағып, «ұры, қашқын, бұзық» деп
жақын дуандардан орыс шығарып қуғызып жүр дейді.
Қ о й с а р ы . Солай ма екен, ой мұны кім айтты?
А с а н . Кешегі Сырымды шақыра барған кісі айтып келді,
осы күнде барар жер, басар тау қалмады... Мен де өлер кезіме
жеткендей болып ем... Басында мені қаңғытқан Қаракөздің
дерті еді... Есінен адасса да, әлі де болса көріп өлсем арманым
жоқ деп жүруші едім. Енді көрейін деп келмекші болыпты.
Қ о й с а р ы . Өзі соңынан орыс түсіп жүрсе, бұл жаққа
қайтіп сеніп келе алады? Ерлік-ау сорлының, әйтпесе бір кезде
оның алдымен жасқанатын ең үлкен жауы біз емес пе едік.
А с а н . Ер екені ер ғой. «Наршаның менен алатын кегі бар
еді, жазығым үлкен еді, соның өзі істесін; мен өлсем, баяғы
асыл Қаракөзімнің маңайында өлейін», – депті.
Қ о й с а р ы . Осының жаралысы тіпті бөлек еді. Құр ғана
ұры-қары қып, жаманатты қылып, қаңғытып жіберетін адам
емес еді. Өр боп біткен кеудесі мен жалындаған жүрегінде бір
ерекше туыс бар еді. Көптен бір алуан от бар сияқты еді.
Н а р ш а (Оянып). Уһ-уһ! Сырымнан хабар бар ма? Неге
кешігіп жүр? Келуге сенбей жүр ме, әлде?
Қ о й с а р ы . Келетін болыпты ғой, қарағым... Жеткенше сол
болып жүрген шығар.
Н а р ш а . Кім біледі... Келгісі келмей, бұл жақтағы сарғайған
дерт, сарылған қайғыны көргісі келсе керек еді. (Тым-тырыс.)
Бұ да бір далбасалық та... Ол ем-дем істеп бақсы, құшынаш бо-
лып жүрген жан емес, соңғы Қаракөзді баққан молда: «Жазса,
Сырымның өзі ғана жазады» деген соң, алғызып отырмыз да.
Уһ.., неге душар қылдың, не болдық?
Қ о й с а р ы . Молданың сөзі қисынсыз сөз емес қой, Құдай
бері қарасын десе, құдіретіне не қиын, барлығы Сырымнан
басталған дерт, әлі де болса Сырымнан жазылар да.
241
Н а р ш а . Қаракөз жазылмаса, маған жазылу жоқ... Қаракөз
есінен шатасқан күннен бері мен де есімнен айырылдым, мен
де қайғылы қара болдым.
Қ о й с а р ы . Қайтесің қарағым, уақыт солай болған соң не
амал бар, не шара. Сені де күйзелткен жар жолдасың шығар...
Ағайын: «Қаракөзді төркініне жібер, өміріңді жаңғырт, бойың-
ды көтер», – деді. Ол қолдан келмейтін болды.
Н а р ш а . Оған өкінбеймін... Қаракөз мені жатқа балап, бір
Сырым деп зарлап жүргенде де мен Қаракөзден айырылар ша-
мам жоқ еді. Үйткені маған өзге әйелден Қаракөз табылады...
Өзгені алсам қуанышты, бақытты боламын деп сене алма-
дым.... Қаракөздей асылды беріп, оның тұсында мені сондай
сор лы қылған соң, ендігінің қандай болып кездесеріне кімнің
көзі жетеді?
Қаракөз кіреді, өлгенше жүдеу. Зорға жүреді, әлсіз, шашы тал-тал болып
бетін жапқан... Ақырын ән салып жүреді, жүзінде мағына жоқ... Көзі белгісіз
қыдырып қарайды... Қаракөз жынданған, қолында жапырағы бар ағаштың
бұтағы.
II көрініс
Қ а р а к ө з (Айнала қарап тұрып, өз-өзінен). Тоғайға бар-
дым... Тағы барам ба?!! ... Тоғайды қуалап кете барып... азынаған
көр ге барам ба?? (Күліп.) Тоғайда ән салады екең, жібек шапаны
бар... Біресе жел боп кетеді. Торғай болып кетеді... шөп боп ке те
ме, әлде немене боп кетеді... ұйқым кеп кетеді... тоғай... жапы-
рақ... тоғай... түн... (Шошып.) Ойбай!!! Пышақ, кісен... әже!!
Н а р ш а (Күрсініп). Қаракөз қиналмасаңшы, бейшара...
Әлің біткен жоқ па енді? Не шамаң қалды... Жүруге де жара-
май сың!.. Жатсаңшы!..
Қ а р а к ө з (Селт етіп сергігендей). Жат деймісің, тіліңді
алайын ба?..
Н а р ш а . Ал тілімді.., байғұс, сенің менен басқа да жана-
шырың бар ма? Керек десең, менің әке-шешем, мені де жын-
данды деп, екеумізден енді құтылғанға асық болып отыр. Жа-
зы ғым – сені қимағаным, сені қаңғытып жібергенді обалсын ға-
ным... Жазылармысың бейшара?!
Қ о й с а р ы . Олай деме, қарағым... Әке-шешеңе ой түсті
ғой... олар да тоқтады ғой... Керек қылған кісіңді солар шақыр-
тып отырған жоқ па?..
16–1247
242
Н а р ш а . Аты аталмасын... Бірақ келсе бірдеңе бола ма деп
отырмыз ғой.
Қ о й с а р ы . Ұғып отырмын, аталмайды. Әке-шешең сені
қарғап-сілеп, сенен кетіп не мұратқа жетпекші. Сені тастағанда
медеуі, қуаты кім, қарағым?.. Сен жалғыз болған соң олардың
сенен кетер өрісі қайсы? Олардың да дымын құртып қойған
жоқпысың.
Н а р ш а (Каракөзге). Қаракөз... шаршадың, шамаң бітті,
жат енді.
Қ а р а к ө з (Ақырын иіліп жүріп). Қазір... қазір... (бетіне
жа пырақты ұстап) тоғайдың ішінде көрге жатқалы келем.
(Төсегіне отырып.) Ақыретке оранайын ба.., ән салайын ба?
(Өз бетімен ыңырсып ән салып отырады; аздан соң қайта
шығып кетеді.)
Н а р ш а . Құданың құдіреті, ауырғаннан бері аузынан «то-
ғай, көр» деген сөз бір түспейді (Қойсары күрсінеді.) Бетіңді
суыққа салып, жүрегің мұздай суық болып, жат болып
тұрғанда, ибамен «сіз» деп сөйлеп, иіліп күткеніңнің өзі-ақ мең
ұйытып еді. Ерекше болып туып... ерекше болып сөнгенің бе?
Шыныңмен жарық күндей болып басталған өмірің қара түндей
болып құлазып жүдеп біткені ме?
Қ о й с а р ы . Бәрі рас, жалғаны жоқ сөз. Сенің басың қайтып
сау тұрсын, қарағым... Осы жайды ойлап тұрсақ, өмірімізде
естімеген, білмеген бір іс екен. Өзіміздің ойымыз тоқсан
толқып, қинап кетеді, бәрі арманды дүние. Қарағым, түбінде
жең бойыңды, тоқтау қыл (Тым-тырыс.)
Н а р ш а . Ә-ә-әй болмайды... шама жоқ, мен де ұзамайтын
жанмын. Жазылса – Қаракөз мені де жазар, ол жазылмаса – ті-
лер тілек, етер үміт жоқ, тыныс бітіп келеді... (Күрсінеді.)
III көрініс
Қ а р а к ө з (Қайта кіріп, әлсіреп, өз бетімен). Жығылып ба-
рам... Ұйықтайын ба, өлем бе... құлап кетем, тау басынан ұшып
келем, жерде тоғай... тоғай... көп тоғай (Сыбырлап, көзін төрге
қадап, ақырын жүріп, қолмен ишарат қып.) Шақырады... иә-
иә... барамыз, келе жатырмын... тоғай (Асанның үстіне келеді)
А-а-а?!! Қайда кетті?..
А с а н (шегіне). О не, қарағым?.. Қаракөз. Шатасқан ғой...
243
Қ а р а к ө з . Солай ма?!! Солай шығар... Шақырған жоқ қой.
(Қойсарыға қарап.) Ұят-ай! (Бетін басып Асанға.) Асан!!!
А с а н . Жаңа кісі таныдың... Кей уақытта танымай қоясың,
танып жүрсеңші, қарағым.
Н а р ш а . Кісіні таниды... бірақ елемейді... танығанын
білдірмейді... әйтпесе оңашада: «Кім келді, кімді көрдің?»
десең, бәрін айтады. Бір алуан қылып берген дерт қой құдайдың.
Қ а р а к ө з (Асанға). Асан!.. Маған (Наршаны көрсетіп)
кісіге ән салып беріңізші... ән... ән!!.. (Әлсіреп, төсегіне барып,
жығылыңқырап, әлсіреп барып сүйеніп жантаяды.)
Н а р ш а . Асанды көрген сайын «ән сал» дейді... Ескі
күннен бұлдыр болып есінде қалған нәрсе осы (Асан домбыра-
сын күйлейді.)
Қ о й с а р ы (Асанға). Салып бер бір әнді... аз да болса
көңілдері сергісін... Шіркін, бұл басы ертегідей-ақ, қызық күн
болып басталып еді-ау...
Н а р ш а . Уһ-уһ... Көрер көзге мен жұбанар ештеңе болмаса
да, соның бір күні келсе де, мың күн қайғыны ұмытар едім-ау...
(Аз тым-тырыс.) Асан, айтшы бір ескі әнінді.
А с а н . Қай әнді айтамын... айт дегенмен, көбі тыңдалмай
қала беретін... сонда да көңіл аулайық.
Н а р ш а . Сен болмасаң маңайымыз тұлдыр болған жоқ па?
Біздің басымызда жалғыз сен-ақ қалдың ғой... Біз кім болдық
бұл күнде?
А с а н (ән шырқатады, Қаракөз селк етіп, қалғығандай бо-
лып отырып қалады).
Жігіттің падишасы, Әмір-Темір,
Бозбала әнге салсаң қайғың кемір.
Құданың бергеніне сансыз шүкір,
Көңілім бұрынғыдан биыл тәуір.
Н а р ш а . Былтырғыдан тәуір болған көңіл әдіра қалсын да,
не деп айтқан өлеңің.
А с а н . Олай болса (ән):
Шүкіршілік бергеніне зұлжалалым,
Ойында еш нәрсе жоқ бозбаланың.
Қайтейін жас дәуреннің жәрмеңкесін,
Шетіне шығып қалдық ду базардың.
(Қаракөз ақырын ыңырсып отырады. Текті кіреді.)
Т е к т і . Сен не деп ән салып отырсың, бұл үйге ендігі
жетпегені ән бе еді?!
244
Қ о й с а р ы . Бәйбіше, әдейі айтқызып отыр.
Н а р ш а (Асанға). Дәурен өткен соң, ән де ажарыңнан айы-
рылады екен-ау, тіпті, бұрынғы ән сияқты болып селт еткізбейді.
Т е к т і . Ән еститін бізде не көңіл қалды? Уһ-уһ. (Тым-
тырыс.)
Н а р ш а . Жаратқан ие айығар ма? Бұл тұман сергитін
күн болар ма? Мен де адам санатына қосыламын ба? Жоқ па?
(Күрсініп аунап.) Неге келмей жүр... Келмей ме әлде?..
Т е к т і . Қарағым тыныштық ал... Жаңа бір-екі атты келе жа-
тыр еді... Асан, білші кім екен?
Қ о й с а р ы . Асан, білші кім екен? (Асан шығады.)
ІV көрініс
Асаннан басқалар.
Т е к т і . Қаракөзге істемеген ем жоқ. Бақсы-балгер, қожа-
молдалардан келгені, бақпағаны жоқ. Біз де тоздық. Бейшара бұ
да тозбай ма? Шошитыным, нағашы шешесі осындай науқастан
өліпті ғой. Бір жағы қай десеңдер де, шошығаннан болса да, бір
жағы сол ана жағынан келген дерт бар ғой.
Н а р ш а (Күрсініп, қайғырып). Апа!! Қойсаңшы... Мен ау-
ырлаймын. Әдейі айтамысың, бейшара? Онсыз да тынысым
тарылып, үміттен айырылып болғаным жоқ па? Әл-қуаттан
да ажырадық. Намыс пен қайғы, өкініш пен арман бір жесе...
қалған қуатын өзім тауысайын деймісің?
Асан, Сырым, Дулат кіреді. Бұлар сал киімін тастаған; белдерінде қанжары
бар, Сырым жүдеу, өңі сұрланған. Үйдегілер кісіге орын береді, амандасады.
V көрініс
С ы р ы м (Қаракөзді көріп басын төмен салбыратып,
жылап) . Жалғызым, сені бұл күйде көргенше шыққыр көзім,
шықса етті... Нені күтіп жүргенмін мен (Қаракөз ыңырсып ән
салғандай болады, әлсіз.) Мен арсыз жетеріме жеттім ғой... Ел-
жұрттан безетін күннен соң, жеті күн осы ауылдың маңайынан
кете алмай, төбесін көріп қана қаңғып жүргенде неге өлмедім.
Қ а р а к ө з (Шошып, жылап отырған Сырымды көріп).
Жылайды екен!! (Сырым қарайды.) Иә... иә... (Қадалып қарап.)
мені сені көргемін... тоғайда өлең айтқан... тоғайда осы кісі
көп... қызыл шапан қайда?? Тоғайда... торғай...
245
Д у л а т (Қойсарыға). Оңалайын дегені бар ма?
Қ о й с а р ы . Осы қалпы ғой басынан... Осы күнде төмендеп
бара жатқан сияқты.
Н а р ш а . Сырым... Заманын бір кұрбымсың... Құдай кеш-
се, мен кештім.., кешпейтін не шарам бар. Бұ күнде қайғылы
дертті, жалғыз Қаракөз емес, мен де осының ауруынан
екіталайдың үстіндемін. Естіп те жатқан шығарсың, сен екеуің
өзге жаннан бөлек жаралып едің... ел ұқпады... біз де ұқпадық...
екеуіңдегі желік емес... дерт еді. Өмірің кызық емес, қайғы еді...
Қаракөздің сау күйінде өзі айтқан сөздерінен сезуші едім.
С ы р ы м . Рас айтасың, ол күнгі жүрісте мұқыл дүние
білмеген, әке-шеше білмеген сыр, қайғы екеуміздің ғана
ішімізде болушы еді. Жас күнімізде екеуміздің де бір аурудан
шешеміз өлді. Өлген анамызды іздеп, екеуміз оңаша жер болса,
ән қосып жылаушы едік. Сол күймен ересек болдық, ержеттік.
Бір күні Қаракөз қыстыгүні ауыл қыдырамын деп қатты суық
боранға кез болып, адасты, іздеген кісі таппады... Бір күн, бір
түн боран айықпады... Қаракөзден ел күдерін үзді. Әке-шешесі
іздеуден қалды. Сонда сол күндер, күні-түні тыным алмай мен
іздедім... Үсіндім... Таптым.., аман алып қалдым... өлім аузынан
алып келдім. Сол жолы мен Қаракөзді, Қаракөз мені тапты... Ол
жыл былтырғы өткен жылдың қысы еді... Бірақ өзімнің ешкімге
мойынсынбаған көңіліммен, бізді құдайдың өзі табыстырды...
біз ақыреттен табысып келдік дедім. Мен асылық істедім...
Ақырында ұшырадым... Ұшыраттым (Күрсініп тоқтайды.)
Н а р ш а . Сол Қаракөзді бір жағы сенің қайғың шатастыр-
са, бір жағы біздің шошытқанымыз, біздің қорлауымыз... кісен
мен ұрысымыз болды. Бұ күндегі Қаракөз мынау... (Күрсініп.)
Естіпсің. Сарғайған жүздей, сарылған қайғылы мен де тұлыпқа
мөңіреген сиырдай сол дерттің ұшығын ұстаған ауру болдым...
қор болдым... сен келсе, Қаракөз әлде айығар, әлде жазылар деп
едім... Екеуің бір-біріңе қайғы үстінде сүйеу болып едің. Өзіңді
танытып көр! Ескіні есіңе түсіріп көр!
Қ о й с а р ы . Иә, ескіні қозғап есіне салса бірдеме болар ма
еді?! Қарағым Сырым.., сен Құдайдан да, адамнан да жасырған
жоқсың ғой; өзіміздің сезбестігіміз болмаса, сен бойыңды
бұрын да тасалаған жоқ едің, енді бауырыңа тартып, ой салып
көр... (Сырым басын төмен салып, жылап отырады.)
А с а н (Сырымға). Сырым, шақырып көрсең қайтеді?
246
Т е к т і . Иә, шақырып, қасыңа алып көрсең, атыңды айтсаң..,
есі кіріп бірдеме дер ме еді, әлде?
Д у л а т . Есіл алмадай перизат... Жүзіне қарауға жан шыда-
майтын болған-ай!! Сырым, «Қаракөздің моласын көріп өлсем,
армансыз болам» деп едің, енді тірі көзін көріп отырсың ғой...
Бірдеме десеңші.
С ы р ы м (Күрсініп). Не дермін!!.. Қаракөз есінен шата-
сып, мен тентіреп құшнаш болам деп, бой сергек кісі болып,
тірі қалып өмір етемін деп ойлап па едім... Жаратқан ие, неге
ұшыраттың мені... Не қылдың? (Тоқтап отырып Қаракөзге
қарап.) Қалқам, Қаракөз мені танимысың? Мен қасыңа бара-
йын ба? Мен – Сырым!!! Ұмытқан жоқпысың?? (Жұрттың
бәрі үңіліп қарайды. Қасына келіп қолын ұстап.) Ән салсам
мені есіңе аламысың? Мені танып сөйлесемісің?
Қ а р а к ө з (Мағынасыздау). Иә-иә ән салшы... Мен сені
білем.
С ы р ы м . Сәулем... Көлеңкем. Қайғылы дертті қарлығашым
(Жылап.) Сен кеткен соң, менен өлең мен ән де кетіп еді... Өлең
айтсам жылау үшін айтушы едім... (Жылап ән салады. Әні
жоқтаған дауыс сияқты.)
Ә н :
Дариға, дәурен өтті, күнім бітті,
Оқ тиіп ұшырадым – қарғыс жетті.
Бұл күнде сор қамаған қаралы боп,
Көңілді қайғы басып зар еңіретті.
Лашын ем құйқылжыған – дерт күйзелтті,
Айырылдым ашық жардан күн сәулетті.
Семген гүл, өлген бұлбұл қайғысынан
Қайырылып қос қанатым, ажар кетті.
Қаракөз аңырып, өңі қатты, қашып, есі кеткендей болып қарап отырады.
Мен келдім зарға тойып, күнім, саған,
Бір ауыз сөзің бар ма айтар маған?
Жылайын, жырлайын да тілейін мен,
Көзімде жас қалмасын жыламаған.
Бұлбұлдай сайрауменен өлейін мен,
Қайғы өсіп айықпаса қара тұман.
Бір кезде сері болсам еркебұлан,
Бұл күнде қайғы оралды қара жылан.
(Қаракөз шошынады, үні әлсіреп, Сырымға төніп қадалады.)
Қ а р а к ө з . Иә... иә... осылай.... осылай болатын.
247
С ы р ы м (Қаракөздің қолын сүйіп):
Боялсын омырауым етек толып,
Қайғыдан мен де өртендім, міне, солып.
Тілеймін маған дағы сол күн келсін,
Тоғайда сондай қара түні болып.
Қ а р а к ө з (Қатты шошып айғайлап). А-а-а?.. тоғай... түн...
Сырым... Әне әжем... шақырады... шақырады... (Шалқасынан
сіресіп жығылады, Сырым шошып отырып қалады.)
Қ о й с а р ы . Өңі бұзылып кетті ғой... Қаракөз бейшараның
әлі құрыды ғой деймін. Енді қинамасақ та болатын ба еді. Не-
мене?
Н а р ш а ( Төсегінен басын көтеріп) . Құдай-ау, үзіліп бара-
ды ғой. (Жылап.) Бір ауыз жылы сөз... Бір ауыз ғана «кештім»
деген сөзді естімей қалғаным ба? Мен кім болдым? Не боп
қалдым? Шынымен-ақ бөтен жанның тойын тойлап қалғаным
ба? Жұртта қалған күшіктей құлазып жалғыздықтан өткенім
бе? Менен қашып бетін шоққа салған жанның қайғысын маған
арқалауға ғана жазғаның ба? (Талықсып жығылады. Қаракөз
үзіліп бара жатады; Қойсары иман айтып отырады.)
Т е к т і (Ақырын жылап отырып). Сорлы, сорың қалың
сор маңдай екенсің ғой... Маңайыңда жыламаған жан қалдыр-
мағаның не? Құдай, әлде осының қарғысына ұшырадым ба?
Қ о й с а р ы . Үзілді... Қаракөз қайтпас жолға сапар етті.
Бай құсқа құдайдың бұл уақытта жібергені де тілегін бергені
шығар. Енді бұл сорлыға не үміт, не өмір қалып еді.
С ы р ы м . (Үндемей түнеріп отырған қалпынан қозғалып
келіп Қаракөздің басын құшақтап) . Сәулем... Есіңнен айырыл-
ған күнде де тілеуің менде екен ғой.., өлуге мені күтіп отыр
екенсің ғой.., шыбын жаныңды қорлықпен осы жерге сүйреп
кел генде, басымда Сырым отыратын күнге жеткіз деп тілеген
екен сің ғой... Мен енді ақтайын тілеуіңді... өмірімде мен де бір
сен деген тілеумен өтейін... Дулат! Сен менің қару-сайманымды
ал да, елге қайт... Әуелгі Қарауылға қайт!.. Бар жолдасты тарат !..
Ме ні қуған барлық жау өлтіремін, өртеймін десе де бас тарт-
паймын. Іздегені мені Қаракөздің қабірінің басынан табады.
Енді Қаракөзде ешкімнің ортағы жоқ... Қаракөз менікі
(Еңіреп жылап үстіне жығылады.)
Шымылдық.
248
6-СУРЕТ
Кеш батқан. Бейуақ. Алыста батқан күннің қызыл шапағы көрінеді. Анда-
санда алыстан күн жарқылдайды, құлазыған ессіз дала, елсіз жерде жалғыз
мола – төрт құлақты бейіт. Бейіт сахнаның жартысын алып тұрады. Үш
қабырғасы көрінеді. Артқы қабырғада кішкене есік. Бейіттің ішінде жалғыз
қабір. Қаракөздің қабірі. Сахна ашылғанда, біраз жым-жырт. Артынан аз-
дан соң ақырын қоңыраулатып дауыс айтып біреу келе жатады. Дауыс әуелі
алысырақтан шығады. Мұңды, қайғылы, жоқтау әні.
Д а у ы с :
Жасымда шешемді алдың қуат берген,
Өмірде бір жетімдік – барым көрген.
Қуанышым, жансерігім, Қаракөзім,
Сүйенішім – оны алдың қасыма ерген.
Жаратқан, бірге алмадың сүйген жармен.
Жыладым, тентіредім, кеттім елден.
Қараңғы көрдей болды көрген күнім.
Тілерлік тілегім жоқ ендігіден.
Армандап күнім өтті қайғы, зармен.
Қалған жоқ, жанда қуат, бойда дәрмен.
Бейуақытта түн жамылып тілейтінім, –
Өлейін орын берші қара жерден.
І көрініс
Ән бітуге айналғанда бейіттің есігі ашылады, келген – Сырым.
С ы р ы м (Жүдеп, сарғайған, жалаң бас, есіктен қарап
бірталай тұрып). Қырық күн!!.. Қаралы қайғы мен жылаумен
қырық күн өтті. Әлдеқашан өлетін шығармын... Ит өмірден
кетермін деп едім; әлі күнге мен арсыз тірімін... Кімді күтем?
Нені медеу қылам? Не тілеймін?! (Бейіттің ішіне кіреді.)
Баяғы қабір әлі де меңіреу... Баяғыдай нық басып бітеуленіп
жатырсың, бір топырағың шашылған жоқ; бір жеріңе жік түсіп,
жалғызыңның бір тырнағын көрсеткен жоқсың, өткеніне жеті
күн толғанда түсімде көріп едім, «шыда, күт тапсыратын сөзім
бар» деп еді, ендігі бір белгі беретін күні бүгін шығар. Қырқы
толған күні бір рет ескермес пе екем? (Тым-тырыс.) Бейуақытта
бүгінгі күн бір белгіңді күтемін, жалғызым. Мен саған жазалы
едім. Ақ жүзіңе кір салып, алма бетінді суалтып едім; әлемге
жаманатты масқара қылдым; сені жолдан тайғызған мен бол-
дым. Мен – жүзіқара... Ағаң екенімді ұмыттым, суға кетіп бара
249
жатқанда сүйенетін туысқаның бола тұрып, су түбіне өзім
кетірдім. (Тым-тырыс.) Өтті дәурен, тарқады той... бітті ты-
ныс... қуаныштың, тойдың арты қайғы болды. Той үстіндегі
ән арты қаралы дауысқа айналды; тіршілік тозақ болды... Сен
көтере алмадың, көштің. Мен дүние толған лағынет, қарғыс,
жаманаттың ортасында жалғыз қалдым. Жазалы мен едім.., жа-
замды тарттым. Мен қимайтын не қалды?! Баяғы қызықтырған,
желіктірген дәуреннің барлығын талақ еткен жоқпын ба?
Астымда жалғыз ат та жоқ, үстімде лыпа қылар киім де жоқ, өлі
ме, тірі ме деп бір уақыт келіп халымды біліп, сұрайтын жан иесі
де жоқ. Мені дүниеде тірі жанның санынан шығарған. Сенің
тірі шағыңда бес күндік дәурен болса да көрікті болсын деп мен
барымды салғаным қайда? Сонда арттағы күнге қайтатын жол-
ды тастап па едім? Сенің басың дертке ұшырап, дүние толған
дұшпанның торына шырмалған күнде мен бірге дертті болмап
па едім? Ауру болса да көремін, қолымнан күтемін, қасыңда
өлемін дегенде, көп дұшпан тағы да дұшпандық етті. Мені
сенің қасына жолатпай, көруге кеңшілік етпеді. Оның үстіне,
әке болып, туысқан болып соңыма түсті, қуғынға ұшыратты.
Сонда сені жаралаған қылықтары үшін мен де жау болғаным
қайда, алысып, араздық жаулыққа шыдасқаным қайда? Оның
бәрін дұрыс іс демеймін, сен солардың кесірінен дертке
ұшыраған соң, мен сенің жолыңда өлуді мақсат қылмап па
едім? Пайда үшін, батырлық атағы үшін, мақтан үшін емес,
сені мен өзімнің жазықсыздығым үшін, бір сенің дертің үшін,
ол жүрістің бәрінде де есіннен тансаң да бір жерде сені көзің
тірі деген қуат, сену бар еді. Сен үзілген жерде денемнің
тірілігі болмаса, менің де күнім қараң болып, өмірім суалған
жоқ па еді? (Қабірді құшақтап жығылып.) Жалғызым, енді
мен қайтейін? Қайтейін... бірдеме десеңші. Жаралы болдым;
әлім бітті. Тұншықтым ғой. Бір күнде түсімде өлме дедің,
неге айттың? Мен сындым ғой... Міне, екі үзіліп, бүктетіліп
жатқан жатысым. Бүгін таңда бір нәрсе айтпасаң, осы қалыпта
қабіріңді құшақтап жатып аштан қатып өлемін... бар тілегім –
өлім... өшемін (Еңіреп жылап, қабірді құшақтап, жабысып
жатып қалады. Тым-тырыс. Аздан соң күн күркіреп, найзағай
шартылдайды, бейіттің есігі тарс етіп шалқасынан ашылып
қалады. Ақ кебінге оранған Қаракөздің аруағы есіктің сырты-
на келіп көрініп тұрады.)
250
ІІ көрініс
А р у а қ. Ей, Сырым, (Сырым шошығандай басын көтеріп,
аруаққа қарап қатып отырып қалады, аруақ баяғы сау, сұлу
Қаракөз пішінде) . Бүгін саған келгенде жалғыз-ақ сөз тапсы-
рамын. Сен еркексің. Ер бол да, екеуміздің басымызды ақта!
Сенің қолыңда соған жарайтын қуат бар. Сен – жалындаған
жанды сөздің иесісің, көңіліңді тоқтатып күйге түссең, сенің
аузыңнан өрттей сөз шыққалы тұр. Бұл күнде сен қуатыңды
буып, өзіңді-өзің тұншықтырып жүрсің. Енді сен бойыңды
жи, беліңді бекем буын!! Күрмелген тіліңді шеш, кеудеңе
құдай құйған өнерді өзен қылып ағыз! Елді жылат, егілт. Мені
де, өзіңді де ақта... Еркек болсаң, мені ойласаң, тапсыраты-
ным осы, сынған ер жамалады, сынып біткен көңіл қайғысын
сөзбен шаяды. Сен көреген боласың. Сен жақсы кәрі. Жақсы
болып жазыласың. Ескі ақынша оян да толған!! Сенің даусың
биік, қалың тоғайдың басын теңселткен қатты желдей аңқып
еседі. Сенің бетіңе тура қарайтын жау болмайды, дауыл менен
жауында жай ұшырған жапырақтай болып ұшады, жоғалады.
Өлі бойға жан бересің... шеш тіліңді... екеуміз тартқан күйікті
жыр қылып күңірентіп өт. (Кетіп бара жатып.) Оян... Серпіл..,
сөйле... сөйле..! (деп жоғалып кетеді. Аруақ жоғалып бара
жатқанда, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.)
ІІІ көрініс
С ы р ы м (Ұйқыдан оянғандай біраз ыңыранып отырып). Рас
па?! Күнім!! Рас па, жалғызым... (Көтеріліңкіреп) айтқан сөзің
ем болар ма?? Күздің суық қара түнінде ішімде күн туғандай
болғаны қалай?? Жаз исі шығып, қара тастай қатып-семген
көңілдің жібігені қалай? Бойым балқып иігендей, жүрегімнің
кайғысы қаралы жүзімнен ағарғандай... Діріл қағып елбіреген
домбыраның ішегіне ілінген күйдей болып ішімде қайғылы,
мұңлы күй оянғаны қалай?.. Қара түнде қара жыландай қайғы
оралып, қараңғы көрді тілегенімде, алды-артымда шам жанып,
басыма кеп сөз қатты. (Өлеңмен сөйлей бастайды):
Көк сөгіліп от төкті,
Жай отымен нұсқар ма?
Баратұғын пір бетті, сен жарық ең,
Мен – көлеңкең, құдірет қуып сорлы етті.
( Серпіліп түрегеліп.)
Құйыл сөзім... құйыл енді қысылмай,
Таудан аққан тас бұлақтың суындай.
Өрт қып ойнап, көбіктен де аспанда,
Ішін тартып аласұрған құйындай.
Жалынындай түндегі оттың жаланшы,
Жансыз жаным, ақсын қаным тыйылмай.
(Қабырға қарап.)
Қара түнде қабіріңнің басында
Ант етемін бұлт басқан айыма.
Оқ нөсері құйып тұрсын жолыма,
Уәдем осы – куә болшы, суық көр!
Енді өлмеймін тіпті қарап жайыма
Кепілім бол, кереметті қуанышым!!
Қару ұстап аттанамын жауыңа.
Менің қамшым оқ жыланнан өрілген,
Қолда найзам жай отымен үштелген.
Кесілгенше кесілгір тіл сөйлесін,
Құдіретім, қылығыма куә бол!!
Есеңгіреп, құлаңқырап, шалқайып барып бейіттің қабырғасына сүйеніп аз
тұрып қалады. Аз тым-тырыстан соң шығып кетеді.
Шымылдық.
251
|