БҮРКІТ АҢШЫЛЫҒЫНЫҢ СУРЕТТЕРІ
(Басылмаған романнан)
Аңшы өмірінде кімді болсын қызықтырып, қолға түспейтін
ерекше жері – алаңсыз бостандығы. Өзге дүниенің ащы-
тұщысын түгел ұмыттыратын жанды қызуы – аңшының
әңгімесі, құсы, тілегі мен қуанышы, томағалы батыры, қыран
серігі болады. Анда-санда алмағаны қажытпайды. Өйткені
алдыңғы күн қызыл түлкінің құйрығын бұлаңдатып, алдыңнан
көрсетіп тұрғандай болады.
Бір тасты қағып шығып, екіншіден томаға тартқанда, жыл-
пос қағушының алдындағы қорымға томағасы алынған жалаң
бас қыран белсеніп, кірпік қақпай қалады. Жымдай қатқан
жартастың жарық-жарығына от көзімен шаншылады. Сол кезде
аңшы да қиялмен еріксіз алдын ала шауып: «Қазір ана жарықтан
шығады, болмаса анау алаңнан, қағушының алдынан, бұлаңдап
жөнеледі», – деп, аш қыранмен бірге еріксіз жалақтайды. Ұзақ
күнді сол сияқты жанды үмітпен өткізіп, үйге келгенде бел
шешіп жайланғаны, ас ішіп тыныққаны, алдыңғы күнге үміт
артып, өткен күнгі көргенді айтып, ақын тіліндей шешен тілмен
әңгіме қылғаны – қызуы мол толық өмір екеніне дау жоқ. Оны-
мен салыстырғанда әншейін жүрген өмір шала-жансар, оты
жоқ, гүлі жоқ сұр өмір сияқтанады.
Аңшылықтың үміт қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы
минуты көп, мағыналы өмір. Аңшылықта кісіні ақын күйіне
жеткізетін сезім күйі көп. Бұл салқындап кеткен кәрі ақылдың
өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап
өткізген күндіз-түніндей ыстық сезім өмірі. Өйткені бір ми-
нуттың ішінде қуантатын да, жүдететін де күйлер кешеді.
Соның бәрін айтып жүргендіктен аңшының тілі шешен, қиялы
жүйрік. Бүркіттің ұшқанына, түлкінің құтылмақ болған айла-
152
сына, құсшының ебіне арналған талай шешен сөздері бар. Аң-
шылық өмірінен ілгері-соңғыдан қалған талай қызықты, жанды,
сұлу әңгімелері бар. Тауда жүрген аңшыда амалсыздан екі түрлі
мінез болады. Бұлар ішкі сезімінде құбылу көп болғандықтан
сахнаның артистеріне ұқсайды. Көргенінің бәрін не шапшаң
сөйлеп қуанып, не күйініп жіберетін күйге лек тік, сөйлегіштік,
қызулық болады. Бұндай аңшы азын-аулақ өтіріктен де аман
болмайды. Бұл болмаса екінші бір түр лі аңшыда көргені тіпті
көп болып, бәрін әңгіме қыла беру ді лайықсыз көрген, сезімінің
бәрін ішіне жиған, қуаныш-күйіні шін сыртына шығармайтын
тастай салқын сабырлылық болады.
Аңшылықтың қызығы мен өкініші сияқты жанды өмірінен
басқа биік шың таудың азын-аулақ қар басқан салқын пішінін
көріп жүргеннің өзіне де көңіл сезімі әлденеше өзгеріске түспей
отыра алмайды.
Қарлы таудың ішінде кейде кездесетін қара бұжыр қой
таспен меңіреуленіп, мәңгілік тыныштыққа қатқан құз-
қиялар көңіл күйін көп тербетеді. Бұлар кей жерде үлкен-
үлкен теңдерше сүйеніскен, әлдеқашанғы алыптың қолымен
қаланып қалған сияқты. Кей жерде ұзатылатын қыздың үйіне
жиылған сандықтай қатарланып қойылған. Кейбір уақытта
ұзақ жылдардың жел-боранымен тозған қатпарлы тастар
көрі молданың ескі құранының шетіндей жемтірленген. Кей-
де тіксиген қара жартас пен кеуделі биік таулар қара қошқыл
пішінімен ақшыл тартқан сам жақта, кеш мезгілінде қатал, суық
тағдырды еске түсіреді. Кей күні түс мезгілінде жарқыраған
ашық күнде тау басына шықсаң, ысқырып соғып тұрған жел да-
усын есітесің. Бұл кейде жынданғандай ұйытқып соғып, кейде
биіктің басына қарай төсін төсеп, екпіндеп түзу есіп, қысты-
гүнгі тау ішінің ұзақ жарындай жүректі жүз
2
толқынтып, шан-
шады.
Тау басында, бүркітшінің қолында, томағасы тартылған
қыран етектегі жарық тас
3
жырық қорымға тығылып жүрген
түлкінің түйіліп тұрған қараңғы тағдырындай көрінеді.
Осы сияқты Сыздық көрген жалпы суреттің ішінде ерекше
көрікті
4
болып есінде қалғаны да бар еді.
Бір күні бес-алты аңшы тау ішіндегі ауылдан атқа мінді.
Ерте шыққан бүркітшілер тас-тастың басына тарап, ұрымтал
тұрғыларды алып, қағушыларды етекке жіберіп, қашатын
153
түлкіні тосып отырды. Жана көтерілген күн сәулесінің астын-
да тұрған қызыл жартас. Бір жағы көлеңкеленіп, әжімді
кәрі жүзімен аңшылардың қарсы алдында тұр. Бөлек-бөлек
жарығымен түлкі жатарлық қорымы көп тас. Қатпарлы кәрі
пішінімен қалың сырлы сияқтанады. Жартас мұңлы. Кәрі
көңілдің қайғылы түріндей жүдеу – қайғылы. Күндер, жыл-
дар тоздырған беттері терең әжімді. Дүние қатқан, жым-жырт.
Өңкиген тік жартас. Таңертеңгі кезде-ақ қардың үстіне түскен
қаралы көлеңкесін көріп, айнадан жүзін көрген дәудей, кәрі
алыптай үңіліп, түксиіп қарап тұр. Етекте жатқан
5
қазандай
жұмыр тастар салақ қолмен тәртіпсіз үйілген теңдей бо-
лып бірінің үстіне бірі үйіліп жатыр. Кәрі аңшы Ақшегірдің
томағасын тартып, үндемей тасқа түйіліп
6
отыр еді. Бір
мезгілде алыстағы қағушының айғайы естілді. Ақшегір өлең
етіп, барлық үлкен денесі екі ғана отты шегір көз болғандай
болып, қызыл тасқа шаншылып қадалып қалды. Артынан аз
уақытта аңшының қолынан атып жөнелді. Сол кезде қызыл
тастың аңшыларға қараған қарсы бетінен
7
бір жарықтан түлкі
етекке қарай шұбатыла берді. Ақшегір аңшылардан бұрын
қабат тастың арасынан қылп еткен жанын көрген екен. Денесі
ыстық оттай қайнаған шыдамсыз қыран жай отындай жарқ етіп
аспанға шықты. Етекке түсе алмай асығып, қарбаласып қалған
түлкі ежелгі көкті жауын кең жерге шығып тоса алмай, қызыл
тастың қия бегіне құйрығын шаншып, керіп тұрып қалды.
Майданға шығып, қызықтырып тұрған жемін
8
көрген қыран
айналып, аспандап көтеріле берді. Аспандаған сайын жынын
шақырған қара бақсының қабағындай төңкеріліп, қайта-қайта
түйіліп, көтеріліп, күші мен ызасын жиып жүрді. Аяғында жел-
ге қарсы қасқарып, төсін төсеп, бір екпіндеп көтеріліп алып,
бетін бұра сала түлкіге қарай шаншылып жөнелді. Құсының
бар әдісін, бар ерке мінезін жаттап алған кәрі аңшы қасындағы
Сыздыққа: «Боздады енді, қолыңда өледі. Бұйырса, істікке
шанышқандай қылып-ақ алар. Шап!» – деді. Атын ойға тастап
жаяу отырған Сыздық биік тастың басынан құлай жүгірді.
Бұл кезде биіктен тасқабақтай түйіліп аққан Ақшегір қия
бетте сідігін атып, қаржыңдап тұрған ақ шуланға тас жағынан
келіп, сарт етіп түсіп, есін жиғанша екпінімен етекке қарай
қағып алып жөнелді. Аңшылар: «А құдайлап!» – бірінің арты-
нан бірі жығылып, бір тас, бір омбының арасында малтығып
9
келе жатқанда, Ақшегір түлкіні жазықтағы қалың қардың
үстіне әкеп салып, аямай бүктеп, мықтап басып алып еді. Қан
майданның еркесі ақ мартулы қыранның ашулы көзінде жай
отындай от ойнайды. Ертегінің жез тырнағындай сатырлаған
көк болат тұяқтары түлкінің өкпесінен жанын суырып алуға
асығып, кезек-кезек сығымдап қысады. Қалың қардың үстінде
алыса алмай қалған түлкі салмағынан жаншылып, қайрат
қылмай бос жатыр екен.
Аңшылар келіп түлкінің сирағынан ұстап, белін сынды-
рып, құсқа өлтіртіп, аздан соң айырып алды. Бұлар түлкіні
Ақшегірдің тұяғынан босатып алған кезде мұнда болып жатқан
уақиғадан хабарсыз жүрген қағушылар келді. Қағушылар
қызықтан кешігіп қалғанына өкініп, бұларды көре салып,
атын бұрын байлап келіп
10
, жанталасып: «Қалай алды, қалай
түсті?» – десіп сұрасып жатты. Қыранның майданын көрген
бүркітшілер де бір-ақ түрлі уақиғаны көрсе де, неше түрлі
қылып жан-жақтан айтысып еді.
Қыранның түлкіні көргенде аспандап шығып, қағынып келіп
түскені бір аңшыға биіктен сорғалағандай көрініпті, екіншісіне
шаншылғандай, тағы біріне боздағандай, кейбіреулеріне
ағылып еңірегендей көрініпті.
Мұхтар
155
ЕСКІЛІК КӨЛЕҢКЕСІНДЕ
I
Жаз ортасының жарық түні. Маңдайға таман көтеріліп кел-
ген ай мұңлы сәулесін мәңгілік сабырмен таратып тұр. Теңгедей
бұлты жоқ таза аспанда таласып жымыңдаған қызғылт, жасыл,
сарғыш түсті жұлдыздар тұңғиық аспанның елбіреп қараған от
көздеріндей. Түн аспаны сансыз жұлдыздай көздерімен сезімді
көңілге ым қаққандай болады. Жұлдызды аспанға анда-санда
айтылатын жер жырын, тіршілік ертегісін тыңдағысы келеді
1
.
Қоңыр сезімді сұлу аспан әсіресе Қаражалдың тоғайлы
өзегінен әңгіме күтіп, телміріп төнгендей. Қаражал жайлаудағы
елдің бір жақсы қонысы болатын. Арасынан бір созылып,
бір иіріліп аққап тоғайлы өзен жарып өтеді. Өзен жағасы көп
ауылдың жылда келіп қонатын қонысы еді.
Өзен түн тыныштығының ортасында қоңыр салқын лебіне
оранып, түс көргендей қалғиды
2
.
Бір мезгілде өлкенің орта кезіндегі бір тұмсық тастан асып,
төмен қарай құлдилап келе жатқан екі атты көрінді.
Бұлар қатар келе жатса да, араларында алдандырған әңгіме
жоқ. Аяңшыл аттың екпіні мен түн рақатына бойсұнып келе
жатқандай. Бұның бірі – аяңшыл ақжал шабдарға мінген жас
бозбала, екіншісі – шоқша сақалы бар, қылаң мінген жолда-
сы. Екі жігіт те жасыл киінген, ақжалдағы жігіт ақ көйлекті,
қара желеткелі болу керек. Қара ала болған омырауы көрінеді..
Сыртында қара барқыттан жаға салған жұқа сұр шапаны бар.
Екеуі де жұқа шапандарын желбегей салыпты. Өзек бойындағы
жақын ауылды бетіне алып келе жатқандай. Бұлар пысқырып
3
қалған аттарын шаужайлап, тізгінін жұлқа тартып, басын
төмен салғызбайды. Тасты жермен жүрмей, шалғынды жерді
бастырып, тықырын білдіргісі келмегендей болып сақтық
156
етеді
4
. Семіздікпен еріккен жарау аттары түн салқыны мен
тыныштығына қызғандай. Бастарын шұлғып, қамшы салдыр-
май ығысады
5
. Тақымнан шыққандай болып желігіп аяңдайды.
Бұлар жоғары ауылдан шығып, төменде өзек бойындағы Жақып
ауылын беттеп келе жатқан бозбалалар еді.
Шабдар мінген жігіт жартасты
6
биіктің көлеңкесінен шығып
айдың қызықтырған жарығын көргенде, тымағын бір құлағынан
басып, төмен сыпырып алып, айға қарап, кеудесін толтырып
күрсініп-күрсініп алды. Жарық айдың сәулесі бетіне түскенде,
ерекше ағарып жүдеген сұлу жігіттің пішіні анық көрінді. Ұзын
қара шашы тымақты сыпырып алғанда, салақтықтан шыққан
жарастықпен маңдайына бұйраланып түсіп тұр. Пісте мұрын
толық бетті ақ жігіт ай сәулесінің астында әрі оқыған, әрі сұлу
жүзімен шынымен-ақ ыстық сезім іздеген таулы даланың өзінше
бір геройы сияқты еді. Жол бойында бұл жігіт не күрсініп, не
бірер ауыз сөз сөйлегенде, өңі сұрланып, етіне тоңазыған діріл
кіргендей болатын
7
.
Бұл орта дәрежелі оқу бітіріп, биыл жаз елге келген Қабыш
деген жігіт еді. Қасындағы жігіт – Қабыш елде жүргенде ұдайы
қасында жүретін пысық жолдасы Жұматай.
Қабыш – Мойылды болысындағы тәуір оқыған жігіттердің
бірі болатын. Бұл ел маңайдағы өзге болыстардың ішінде көзі
қарақты азаматтары – оқығандары көп, «басты» дейтіні елдің
бірі еді. Оқығандардың ішінде Қабыш көзге толымды, көрнекті
деп саналатын. Биылғы жылы елге шығуда Қабыштың ішіне
жиған бір сыры бар-ды.
Ай астында қалқыған өзектің ішімен аяңшыл аттың екпініне
бой беріп келе жатқанда, Қабыштың денесі сергігендей болса
да, көңілде жатқан сенімсіздік, күптілік те бар
8
.
Жас жігіт алыстағы қалада жүргенде Жәмештің ұзын бой-
лы жіңішке денесі мен сұлу қара көзді қызыл жүзі есінен кет-
кен емес. Кішкене күннен балалық ұясынан алып шыққандай
ертегілі қиялы осы пішінге біржолата жабысып өскендей. Сол
нәзік сұлу пішін көп жылдық арманы, жасырын мұңы еді.
Әсіресе қалада алыста жүргенде, сұлу қыздың жүзі
сағымдана тартатын. Алыстан көксеген сезімі қар үстіне қан
тамғандай бусанған ыстық сезім еді. Бұл күйдің ерекше күшті
болатын себебі – Қабыш көп жылдай хат жазып, жауап ала
алмай, арманмен жүрген
9
. Былтырғы өткен күзде де Қабыш
157
қуанышпен қайтқан жоқ еді. Бірақ төрт-бес жылдан бергі көп
хат, көп сөзіне бір-екі ауыз жылы жауапты сонда ғана алған-
ды. Бір жылдық ұзақ сапарға бара жатқанда талып жығылған
көңілге
10
екі ауыз сөз дым әлсіз сүйеу болатынын Қабыш біліп
еді. Бірақ Жәмештен содан басқа жауап болмаған. Ол жауапты
да «көрерміз күнілгері» деп, Жұматайға ауызша ғана айтқан. Хат
жаза білсе де, сол азғана сөзді айтып хат жазуды Жәмеш өзінің
беріктігіне қиғаш істеп қалатындай болып, қағазбен айтпаған.
Бұл да Қабышқа істеген қаттылықтың бір белгісі-тін. Бірақ
алғашқы өз атына арналған жауапты естігенде, тіршілігінің
мағынасын сол күні тапқандай болып еді
11
. Содан кейін арада
бір қыс өтті. Жәмеш бұрын жастықпен өзінің даусыз бақытына
сенгендікпен паң болып тәкаппар болып, маңына үміт қылған
бозбаланы дарытпай келсе де, енді мұның алдыңғы өмірін ой-
лайтын мезгіл жетіп еді. Жұматай да, Қабыш та күнілгері өткен
сайын Жәмешке ой түсер, шырғаға келер деп үміт қылатын
12
.
Жәмешке биылғы өткен қыста ой түсуін түсті. Бірақ бұның
келешек өмірден өзіне таңдап алған орны ешбір жан күтпегендей
жат жұмыс болды. Жәмештің бүгінгі халі бұрынғыға қарағанда
көп өзгерген. Бұл күнде оның басы бос емес, ол қазір де күйеуі
келіп жатқан қалыңдық. Күйеуі Мойылдының ең басты адамы
13
;
әрі бай, әрі ертеден келе жатқан бір болыс елдің жуаны – Кенже-
хан. Биылғы жылдың жазына шейін Қабыш Жәмештің басын-
да қандай ой, не түрлі ниет барын білген жоқ-ты. Жазғытұрым
еліне келген жерде «Жәмешті Кенжехан алатын болды» де-
генде, өзін мазақ қылған сөзді естігендей болды. Басында
сене алмады. Бірақ Жәмештің Кенжеханға тиетіні рас еді. Рас
болғанда, ең ауыр жері – жас қыз елудегі шалға өз ықтиярымен
тимекші. Аға-жеңгесінің наразылығына қарамастан, достық
ойлайтын жақындарына ақылдаспастан, үлкен шешесі мен
әкесі айтқан сөз бойынша Кенжеханға ырзалығын өзі айтқан
14
,
соның тоқалы болуға бекінген.
Кенжехан бұрын да Жақып ауылының күйеуі еді. Бұның
осыдан бес жыл бұрын алған тоқалы – Қадиша осы Жақып
қажының үлкен қызы болатын.
Биылғы жыл жазға салым Қадиша қайтыс болғанда, ар-
тында бір еркек, бір әйел баласы қалған. Қадиша көзі тірісінде
Кенжеханның ерке тоқалы болған. Жуан ауылдың
15
барлық
ісін өз қолынан басқарған. Сондықтан өлерінде күйеуіне де,
158
төркініне де бір тілек айтыпты. Тілегі: «Менің төсегімді бөтен
кісінің басқанына ырза емеспін, артымда қалған жас балалар
да бар. Мен дейтін болса, менің төркінім Жәмешті менің орны-
ма берсін» деген. Апасының өлер алдында айтып кеткен сәлемі
бұл күнге шейін күйеуге тию әңгімесін анықтап ойлап алмай
жүрген Жәмешке кенеттен келіп еді
16
. Бірақ Жәмеш бұның
шешуін көпке созған жоқ. Алғаш ауылына Қадишаның өтерде
айтқан сөзімен Кенжеханның сұрата жіберген кісісі келгенде,
жас қыздың оқып жүрген ағасы Қасым
17
: «Бұл сөзді Жәмешке
айтудың қажеті жоқ, Жәмеш үшін мен жауап беремін. Алдыңғы
Қадишаның обалына қалғандарың да жетер. Кенжехан әулие
болса да Жәмеш әрі қатын үстіне, әрі шалға бармайды»
18
, – деп,
үй ішіне ұрыс салып, бермеу жағына ашық шығып еді. Бірақ
Жәмештің өзінің құлағына тиіп, өз жайын өзі ойлай бастағанда,
Қасым айтқандай өрескелдіктің ешбірін көрген жоқ. Қасымның
ара түсіп, артық сөз сөйлеп, Кенжеханның басын кеміткен
сөзінің бәріне намыстанып келіп: «Мен сол кісіге ырзамын», –
деген байлауын бір-ақ естірткен.
Сонымен аға-жеңге сияқты жеңіл-желпілердің айтқан
сөзінің бәрі бос қалып, Жәмеш Кенжеханның қалыңдығы деп
саналып еді
19
.
Қаражалға Жақып ауылы қонбай тұрып, құдалық жолында
істелетін шарттың бәрі орындалып болған. Енді осы қоныста
Жәмешті береміз деп ата-апасы хабар айтқан соң, Кенжехан
алып қайтқалы келіп жатқан.
Сол күйеуі келіп жатқан Жәмешті әлі де бұрынғыша сүйіп,
бұрынғыша сағынып қиял қылған Қабыш бүгін болымсыз бір
үмітпен іздеп келе жатыр.
Соңғы уақытта Қабыштың көңілінде қолына түспей алыс-
тап кеткен сұлуды арманмен сүюмен бірге, үлкен намыспен жек
көру де бар еді. Бір көңілде бір адамды әрі сүю, әрі жек көру
үнемі бола беретін күй емес. Қабыш дәл бүгінгі күйге шейін
Жәмештің мінезін түсіне алған жоқ. Жәмеш бұрын қол жетпес-
тей алыста сағымданып тұрған сүйгені болса, қазірде шешуі
қиын, туысы жат, дағдысы бөлек бір ауыр жұмбақ та болды.
Сүюі де бұрынғы қалпында күшті. Жәмеш өмір бойы ұсын-
са – қол жетпестей тәкаппар биік болып тұрып, сол тәкаппар
салқын күйінде Қабыштай талай жас жігітті арманда қылып
кетіп барады. Қабышта бір көрініп ұзап бара жатқан сұлуға
159
қадалып, жабысып қалған ықтиярсыздық бар. Сол хал көңілін
қара тас басқандай. Бұған қарсы шығарлық түзу ойға бұл
ауырлық жеңгізбейді
20
.
Жәмеш Мойылдының ішіндегі басқа қыздың бәрі нені ой-
лап, нені арман қылатынын көріп-біліп жүрсе де, солардың
үлгісін ұққысы келмеді. Ол қыздардың бәрінің арманы – оқыған
жігітке тию. Жас білімді жігіттерден сүйікті жар табу болса, сол
үшін ата-ананың батасын бұзып, алғалы жүрген күйеуден, ие
болып отырған мал-мүліктен – барлығынан безіп қашып жат-
са, сондағы іздегені – ылғи таза киініп, жақсы аталып жүрген
өздерімен басы тең, жасы да құрбы жігіттер болса
21
, Жәмеш
соның бәрінен аяғына бас ұрып келіп тұрған уақытта қашады.
Бұл ықтиярлы, еркін, ерке күйінде отырып, өзін-өзі қорла-
ғандай болып шалға бергізеді. Қатын үстіне тоқалдыққа бара-
ды. Барлық өмір, барлық мінезімен бүгінгі бар жастың тілек-
үміт, қиял деген таза нәрселерінің барлығын мазақ етеді.
Неге Жәмеш осындай болды? Не себепті осыған кәрі Кенже-
хан Қабыштан артық көрініп, ыстық болды?
Осы сияқты түйіндер Қабыштың қызғанып, құмарланып
сүйген көңіліне жуырда (шешілмейтін жұмбақ болған. Ол ыза
да болды. Сөйте жүріп, жабыса арман етуден де бой тарта ал-
майды
22
.
Сол күйімен жүргенде, бүгін таңертең баяғы ескі далба-
са лықпен Жақып аулына Жұматай барғанда, қыздың жең-
гесі Бибіш: «Бүгін кешке ауылдың сыртындағы тоғайдан
табылыңдар. Жолдарың болар, болмаса – оны ашып айта ал-
маймын, бірақ сол арада біздің баланы бір көріп қалуларыңа
болады. Ең болмаса Қабышты оңашада бір көріп, көңіліне бір
қо балжу түсіп кетсін, неғылса да келіп кетіңдер. Мен тоғай іші-
не ел жатқан соң, ертіп барамын», – деген. Бүгінгі түнде Қа-
быштарды Жақып ауылына қарай әкеле жатқан осы сөздер еді.
Өзектің бойын Жақып ауылы отырған оң жағамен құл ди лап
келе жатып
23
бір-екі қалтарыста қыз ауылының түндегі ноба йын
көргенде, Қабыштың көңілі ерекше қуаныш пен үлкен күдік
араласқандай болып ауырлап кетті. Қуаныш – бұл күнге шейін
бір ауыз жылы сөзбен бетпе-бет келіп сөйлеспеген тәкаппар
сүйгенін көру.
Күдігі – әлі де бойын бермей, түсін суыққа салып, будан
қашып жүрген сұлу қыз бүгінгі кеште бұны біржолата түңіл-
160
тіп, шалын мақтан етіп, бұған қыр көрсеге ме деген ескі
сенімсіздік
24
. Қалай да болса, Жәмеш жарық айлы түнде, оңаша
тоғайдың ішінде алғашқы рет Қабышпен көрісетін болса,
соның өзі де жас жігіттің бұл күнге шейін басынан атқармаған
рақаты болмақ. Жәмешке оңашада жолықпақ болып алғашқы
рет аттанып шығу – жас жігіттің өз өмірінде көп жылдан бері
қалмай келе жатқан арманы
25
.
Жол бойында бір үміт пен бір қауіп кезек жеңісіп келе
жатқандықтан, бір мезгілде Жұматайға қарап: «Япыр-ау,
Жұматай-ау, біз осы шынымен-ақ Жәмешке келеміз бе? Осы
Бибіштің алдаған, мазақтаған сөзі емес пе? Менің ақылыма
кешегі суық Жәмештің осылайша шұғыл өзгеруі мүмкін
емес сияқтанады. Мен Жәмешті біржолата жат әйел қылып
қойғандаймын. Сондықтан бүгінгі мінезі де баяғыдай жаттың
бірі сияқты. Осы да баяғыша бір жұбата салып, бір ойнай салған
сөз емес пе? Түн ішінде бізді көргісі келгені шын ба? Мына
тұрған ауыл әлі күнге бұрынғысындай суық, бұрынғысындай
дарытпайтын жат сияқты. Мені бірдеме етіп күдіксіз қылып
сендірші!» – деді
26
.
Жұматайға Қабыштың қазіргі күйі ұғымсыз емес еді.
Қабыш пен Жәмештің арасындағы сырдың бәрі түгелімен
Жұматайдың көз алдында бастан-аяқ белгілі болып өтіп келе
жатқандықтан, ол жолдасының ойында қандай толқын бол-
са да білетін. Оның үстіне, Жұматай ел жастарының арасын-
да көп жүріп, мінез-күйіне жетік болған жырынды, сезімді
жігіт болатын. Сондықтан Қабыштың сөзіне мұртынан күліп
жымиып: «Жәмеш бүгінге дейін сандалып адасудан айыққан
жоқ. Сені таңдамай, Кенжеханды алып сандырағаны рас
болса, бүгін бізге келетіні де рас. Мен білген қыз болса, бұл
бүгін пұшпағынан ілінеді. Жалғыз-ақ бұрын көріспегендігіңді
қылып төменшіктеме. Неғұрлым асқақтап, баса қимылдашы!
27
.
Ең болмаса бүгін осыны бір өкіндіріп кетеміз. Содан кейін оқ
тиген киіктей жаралы боп кете барсын. Бұл әлі күнге жастық
қызығы дегенді көрген жоқ. Өзінің теңі болған жас жігітпен
сүйісу дегеннің қаншалық қызық рақаты барын білмейді. Дақ
бүгін оңашада, түн ішінде сені көрген соң қыз екінші күйге
түседі. Осы сөзімді ұмытпа», – деді. Қабышты бұл сөз көтеріп,
сергіткендей болып:
161
– Қойшы-ей! Осылай болуға әбден қисынады. Осының тіпті
рас! – деді.
Жұматай өз біліміне сенген маман пішінмен:
– Менің таңертеңгі Бибіш сөзін естіген жерде ойлағаным
осы. Қазір көрерсің, осы сөзім рас болады. Әуелі десең
28
, сол
қыз осы күнде сені көргелі асығып отыр. Енді әңгімені қойып,
осы-арада атты қайда тастап, қай жерден тосатынымызды
29
болжап алайық, – деді.
Бұл сөздің тұсында жігіттер өзеннің сол жағына шығып,
ауылға көрінбейтін болып жіңішке тоғайдың тасасымен келе
жатыр еді.
Жұматайдың соңғы сөзінен соң екеуі де тоқтап, ағаштың
қара көлеңкесіне аттарымен жасырынып алып, селдір тоғайдың
арасынан ауылға қарап тұрып жерді болжады.
Түн әуелгісіндей тып-тыныш. Жұматайдың дәлелді сөздері
бұрынғы сенімсіздік жеңген көңілін азырақ орнықтырғандай
болса да, қазіргі жымдай қатқан сезім сағаты құмар жігіттің
көңілін қайта лүпілдетіп соққызып жіберді. Жарық айға ұзақ
тыныштықпен түн табынып тұрғанда, әлі де құрметпен
30
сүйген сұлуының жүзіне жас жігіттің қиялы да кінәлі сөздер
үшін кешірім сұрап, бас иіп табысып тұрғандай болды.
Ауылдың иті үрмейді. Күзетшінің де дыбысы жоқ. Қызарып
от та көрінбейді. Елдің ұйықтағаны рас. Қабыш өз көңілінің
балдыр күйін әдейі тереңдете сезінеді. Ендігі халді тіршілік
иесінің барлығы да әдейі тыныс алып, үндемей сабыр қылып
күткендей. Қабыштың көңіліне еріксіз діріл кірді. Жүрегі
лүпілдеп, буынынан сүлдер кетіп, Жұматайдың не бұйрығына
болса да көне бергендей
31
.
Жұматай жолдасы сияқтанып үздіккен жоқ. Оның ақылы
еш нәрсенің тұтқыны болған жоқ еді. Баяғыдай сау. Салқын
қырағы күйінде. Ол ауыл жаққа қадалып тыңдап, атты қай жер-
де тастап, өздері қай жерде отыратынын ойлап тұр. Бұлар қазір
ауылдың қасында. Байдың шеткі ақ үйлері тоғайдың арасы-
нан қарағанда жап-жақын болып көрініп тұр. Бұдан әрі атпен
жақындауға болмайды.
Сол күймен алғашқы тоқтаған орындарында біраз тұрған да,
Қабыш енді істейтін істің барлық ықтиярын сенімді жолдасы на
тапсырып, өзі бір ғана Жәмештің сұлу жүзін көз алдына әкеліп,
қара көздеріне қиялмен телміріп қадалып тұрғанда, тізгіні
11–1247
162
босап кеткен шабдар ат
32
тығылып тұрған қара көлеңкеден
шығып, ілгері жүріп кетті. Қабыш есін жиып, тізгінін жиғанша
ауылға көрінерлік алаңға еріксіз шығып қалды. Түннің жым-
жырттығына еріккен ат сулығын салдыратып шайнап, басын
төмен салып жіберіп, жер тартып, қатты пысқырып қалды
33
.
Қабыш жұлып алғандай сергіп кетіп, тізгінін жұлқып тар-
тып қалып, атын бастан қамшының сабымен салып қалды. Бұл
алғашқыға қосылған тағы бір епсіздік еді. Еркеленіп еріккен
семіз ат басына оқыс қамшы тигенде, маңындағы ағаш пен
ер-тұрманын салдыратып кейін қарай ортқып секіріп кетіп,
ішін тартып осқырып жіберді. Осының бәрі бірер-ақ секөнттің
ішінде болып
34
қалып еді. Жұматай Қабыштың аты ілгері
жүруге айналғанда-ақ жолдасының олақтығына шыдамсызда-
нып: «Өй, тарт!.. Баламысың, ауылдың қасында тұрғамыз жоқ
па?»... – дегенше, ақжал ат пысқырып, осқырып та қойды
35
.
Жасқанып секіргенде, аттың салмағымен сынған ағаштың сы-
тыры
36
да түн ортасында үлкен шудай болып естіліп қалды
37
.
Дәл осы секөнттің артынан ұйықтап жатқан ауылдың иттері
шу етіп үріп қоя берді. Иттер ауылда үргенімен қоймай, бұларға
таман жүгіріп келе жатқандай да болды. Ит даусымен күзетші
де оянып, сарылған дағдылы айғаймен
38
жым-жырт дүниені
жанғырықтырып айтақ салды. Иттер бұрынғыдан да екіленіп,
арсылдай жүгіріп келеді.
Бұл хал Қабышты қатты састырды. Енді ауыл оянып кетіп,
тысқа шығушылар да болуы мүмкін. Дабыр басылып, енді ел
ұйқыға кеткенше
39
жаздың қысқа таңы атып қалуға да болады.
Соны ойлап, басында Қабыш кейін кетіп қала тұруды қажет
көргендей болып еді, бірақ мұның ендігі қатесіне Жұматай
көнбейтін болды. Ол ақжал аттың шаужайынан ұстап алып,
бұрынғы қалың қара көлеңкенің ішінде Қабышты жасырып
қойып:
40
«Осы арада тапжылмай тұру керек. Саспа, иттер мына
тасадан көрмейді. Өзеннің бұл жағына өтпейді. Қазір басыла-
ды. Бірақ ендігәрі сақ бол!» – деп еді...
41
Қабыш үндемей бағынды. Ит басында шабалап
42
үрсе
де, өзеннің, жігіттер тұрған жағына жүгіріп шыққан жоқ.
Бұлардың тұсына көп ит келген де жоқ. Жалғыз-ақ өзгелерден
ұзап шыққан Жақып ауылының қара ала төбеті тұстарына та-
ман келіп, жаңа шыққан дыбысты іздеп тұрғандай болып, жым-
жырт түнді тындап-тыңдап алып үріп қояды. Күзетшінің айтағы
163
басында қатты үріккендей болып оқыстан шықса да, аздан соң
басылып қалды. Бірер айтағының аяғы өзіне-өзі: «Ештеңе жоқ,
жата бер!» – деген сияқты болып, иттерді шығарып салумен
ғана басылып қалды.
Сарылып, созып, әнге ұқсатып айтқан айтағы бір нәрсенің
барын сезген дауыс сияқты емес, көбінше «ұйқы келді-ау» де-
гендей
43
.
Қазірде жалғыз-ақ қара ала төбет тынышталып бола алған
жоқ. Бай ауылының қадірлейтін сақ маң төбеті «сақ» дегізген
атақ
44
үшін емес, ауыл қотанға иелік ынтасымен үргендей бо-
лады. Өзге тынышталса да, көпке шейін ол тынышталмай-
ды. Өзгеден гөрі өз міндетінің зорырақ екенін ол сезгендей.
«Жақыптың малы түгіл, адамы да менің міндетімде. Жат ой-
мен келгендерге біздің ауылда иен жатқан нәрсе жоқ», – демек
болғандай.
Қабышқа қара төбет Кенжехан мен Жақыптың әдейі
жас жігітке Жәмешті жуытпасқа арнап қойған аңдушысы
сияқтанды. Барлық осы ауылдағы Қабышқа арналған жаттық
пен қарсы көңіл қажымай үріп тұрған қара ала төбеттің дау-
сынан айқын білініп тұрғандай болды. Суық пішінді ашулы
төбет Жәмеш пен Қабыштың ортасындағы бөгет пен кедергінің
бір жерге жиылған тірі пішіні тәрізденеді
45
. Бір уақыт шыны-
мен осы төбеттен өтіп Жәмеш бүгін келсе, ондайлық өз ба-
сына келетін қатерге нәзік
46
денесімен шыдап қалған сұлуға
Қабыштың айтарлық кінәсі қалмайтын да сияқтанады. Бұл
жаңағы болған дырдудың үстінде Қабыш көңілінен жорытып
өткен үзік сезімдер еді
47
.
Аздан соң иттің үргені басылып кейін қайтқанда, Қабыш
Жұматайға қарап: «Осы ауылдың бар пішіні баяғы қалпында
қол жетпейтін биікте тұрғандай. Маған суық, жат сияқты.
Бүгінгі күн бір жылы шырай болатын шығар деп едім, мына
қара ала төбеттің үргені сол жатсынған қарсылықтың бірін
48
ай-
тып кеткен сияқтанады. Қалай ойлайсың?» – дегенде, Жұматай
жаңағы болған дырдуға титтей өзгермеген пішінмен тұрып
Қабыштың сөзіне күліп: «Қорқақсың!» – деді.
Аздан соң Қабыштың аты мен өз атын алып, әлгі тұрған
қалың қара көлеңкеге тізгіндерін қаңтарып бастарын мықтап
байлап болды да, сыбдырларын білдірмеске тырысып,
49
Қабышты қолынан жетектеп отырып, тоғайдың тасасымен
164
бұғып жүріп келіп, дәл қыз бен жеңгесі жататын Қасымның
отауының тұсына келді
50
. Бір топ ағаштың көлеңкесіне мықтап
бекініп, ауылға қадалып қарап отырып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |