Тақырып10.Жұмысшылармен есеп айырысу есебі. Дәріс 19 1.Есептік тұлғалармен есеп айырысу есебі.
2.Қызметкерлерге еңбек ақы төлеудің есебі.
Дәріс 20 1.Қызметкерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айрысудың құжаттық рәсімделуі.
2.Қолданбаған кезекті демалыстың есебі.
1.Есептік тұлғалармен есеп айырысу есебі. Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша мемлекеттік мекеменің дебиторлық және кредиторлық берешектері активтер мен міндеттемелерді
танудың өлшемдерін сақтаған кезде актив немес міндеттеме ретінде танылады.
Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»;
3240 «Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек».
1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу және корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, бюджеттік ақша қаражаты есебінен есеп айырысу жолымен жүргізілмейтін шығыстарды төлеуге оларға берілетін іссапар шығыстарына берілетін аванстар бойынша есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу ескеріледі.
Есеп беруге аванс осы мемлекеттiк мекемеде жұмыс iстейтін тұлғаларға ғана басшының ұйғарымы бойынша беріледі. Есептілікке сома берген кезде, бухгалтерлiк қызметтiң қызметкерлерi өткен аванстар бойынша есеп беруге жауапты тұлғаның берешегінің жоқ екендігі туралы белгi жасалады. Есептілікке берiлген ақша оларды беру кезінде көзделген мақсаттарға ғана жұмсала алады. Есептілікке жауапты тұлғалар жүргізілген шығыстарды растайтын құжаттарды қосу арқылы аванстық соманың жұмсалуы туралы есеп ұсынады. Аванстық есепке қоса берілген құжаттарді оларды есепте жазу тәртібімен есеп беретін тұлға нөмірлейді. Қызметкер іссапардан оралғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде, аванстық есеп беруге мiндеттi. Аванстың пайдаланылмаған қалдығын есеп беретін тұлға аванстық есепті тапсырғаннан кейін, үш жұмыс күннен кешіктірмей қайтаруы тиіс. Есеп беретін тұлғаға жаңа аванстар беру бұрын берілген авансты қайтарған кезде ғана жүргізіле алады.
Корпоративтік төлем карточкасы бойынша ағымдағы шоттан ақша қаражатын пайдалану туралы есеп беретін тұлғалар корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып жүргізілген төлемдердің растауы болып табылатын құжаттарды қоса бере отырып аванстық есепті ұсынады. Бухгалтерлiк қызметте аванстық есептер арифметикалық түрде тексеріледi, сондай-ақ құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен қаражаттың
мақсатқа сай жұмсалуы тексеріледі. Тексерілген аванстық есептерді мемлекеттік мекеменің басшысымен бекітеді.
Есеп беретін тұлғаларға берiлген сомаға 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шоты дебеттеледі және Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты мен олардың баламалары» кіші бөлімі шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. Аванстың жұмсалған сомасына және есепке берілген соманың қайтарылған қалдықтарына 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының